Қолдану көрсеткіштері
Бөлінуі қиын қақырықтың пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары:
- жедел және созылмалы бронхит
- ларингит, синусит, трахеит
- тұмау
- бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде).
Бөлінуі қиын қақырықтың пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары:
- жедел және созылмалы бронхит
- ларингит, синусит, трахеит
- тұмау
- бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде).
- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- белсенді пептидтік ойық жарасы
- Lapp лактаза ферменті тапшылығы
- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- 12 жасқа дейінгі балалар, муковисцидозы бар 6 жасқа дейінгі балалар
- фенилкетонурия
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Муколитикалық әсер
Ацетилцистеин цистеин аминқышқылының туындысы болып табылады.
Ацетилцистеин шырышты және шырышты-іріңді секретке (қақырыққа) қарқынды муколитикалық - сұйылтқыш әсер етеді, ол қақырық пен басқа да секреттердің шыны тәрізді және іріңді компонентінің құрамына тұтқырлық беретін мукопротеиндік кешендерді және нуклеин қышқылдарын деполимеризациялайды.
Осы механизмдер арқылы қақырық тұтқырлығын азайтады, оның бөлінісін жақсартады және жөтелді жеңілдетеді.
Ацетилцистеин, оның реактивті сульфгидрил тобының (SH тобы) химиялық радикалдарды байланыстыру қабілеті арқасында және оларды осыған байланысты бейтараптандыратындықтан антиоксидантты әсерге иеленген.
Қорғаныс әсері
Ацетилцистеинді профилактикалық мақсатта қолданғанда созылмалы бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және муковисцидозге шалдыққан пациенттерге қорғаныс әсерін тигізеді, бактериялардың өршу жиілігін және ауырлығын төмендетеді.
Антиоксидантты әсер
Ацетилцистеиннің антиоксидантты қасиеттері оның реактивті SH-топтарына негізделген, ол солармен химиялық радикалдар түзеді және залалсыздандырады, осылайша уытсыздандырғыш әсер етеді.
Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, ацетилцистеин мен оның метаболиттері бос радикалдардан қорғауға екі тәсілмен қолайлы әсер етеді:
- Бірінші – бұл радикалдарды тікелей қармау мүмкіндігі, яғни бос радикалдармен NAC-тың ферментативті емес реакциясы.
- Екінші - глутатион ізашарының рөлімен байланысты тікелей емес антиоксидантты әсері (GSH (глутатион) синтезіне қажетті цистеин көзі).
Ацетилцистеин глутатионның күшейтілген синтезіне ықпал етеді, бұл әртүрлі зиянды заттардың уытсыздандырылуына байланысты маңызды болып табылады. Бұл оның антидот ретіндегі әрекетін, мысалы, парацетамолмен уланғанда қолданылуын түсіндіреді.
Қабынуға қарсы әсері/әр түрлі вирустық инфекциялар кезінде қабыну көріністерін басу
GSH (глутатион) қорының сарқылуы көбінесе тотығу стрессі мен қабынуды тудырады. Ацетилцистеин жасушалардың бұзылған тотығу-тотықсыздану статусын қалыпқа келтіруге қабілетті, демек жасушалардың тотығу-тотықсыздану өзгерістеріне сезімтал дабыл беру жолдары мен транскрипциясына әсер етуі мүмкін.
Бактериялық биоүлбіріне әсері
Іn vitro зерттеулер көрсеткендей, N-ацетилцистеин бактериялық биоүлбірлердің түзілуін тежеуге және қазіргі уақытта қалыптасқан биоүлбірлерді жоюға қабілетті.
Асқыну жиілігіне әсері
Ацетилцистеинді ұзақ уақыт қолдану (3 айдан астам) созылмалы бронхитпен ауыратын пациенттерде асқыну жиілігін азайтуы мүмкін
Ацетилцистеинді қолдану кезінде бронх демікпесі бар пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Бронх түйілуі туындағанда ацетилцистеин қабылдауды тоқтату қажет және тиісті емдеуді бастау керек.
Ацетилцистеинді бронх демікпесі бар, анамнезінде асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерге, әсіресе асқазанға жағымсыз әсерлері белгілі препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге қолданған кезде сақ болу керек.
Ацетилцистеин қолданған кезде өте сирек жағдайларда терінің ауыр аллергиялық реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы) туындауы байқалған. Терінің аллергиялық реакциялары туындаған жағдайда пациент ацетилцистеин қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Гистамин жақпаушылығы бар пациенттер ацетилцистеинді қысқа курстармен қабылдауы керек, өйткені гистаминнің өзінің метаболизміне ықпал етумен жақпаушылық симптомдары (мысалы, бас ауыру, мұрынның бітелуі, қышыну) туындауы мүмкін.
Ацетилцистеиннің секретолитикалық әсері сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдаумен демеледі.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ацетилцистеин мен жөтелге қарсы препараттарды бір мезгілде қолдану жөтел рефлексінің басылуына байланысты бронх түйілуінің және тыныс алу жолдарының инфекциясының даму қаупімен қақырықтың жиналуын арттыруы мүмкін. Сондықтан осы нұсқасын біріктірілген емде қабылдамаған жөн.
Белсендірілген көмір
Интоксикация кезінде белсендірілген көмірді бір мезгілде қолданған жағдайда ацетилцистеинді ішу арқылы қабылдау әсері төмендеуі мүмкін.
Антибиотиктер
Ацетилцистеиннің әсерінен антибиотиктердің белсенділігін жоғалту туралы есеп осы күнге дейін қарастырылатын заттар тікелей араластырылған зертханалық жағдайда сынақтарға ғана қатысты. Әйтсе де, қауіпсіздік тарапынан антибиотиктерді пероральді қабылдау жеке және қабылдау арасы 2 сағатқа тең ең төмен аралықпен іске асырылуы тиіс.
Нитроглицерин
Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір мезгілде қабылдау нитроглицериннің вазодилатациялық әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір уақытта қолдану күрделі гипотензияны туындатады және ықтимал бас ауыруының дамуымен самай артериясының уақытша дилатациясына әкеледі.
Карбамазепин
Ацетилцистеин мен карбамазепинді бір мезгілде қолдану карбамазепиннің субтерапиялық концентрациясына әкелуі мүмкін.
АЦЦ® 600 препаратының дайындалған ерітіндісінде басқа препараттарды ерітуге болмайды.
Арнайы ескертулер
Күкірт иісінің болуы АЦЦ® 600 препаратының өзгеруін көрсетпейді, ол тек ацетилцистеиннің белсенді затының болуына байланысты.
Ацетилцистеин қолдану, әсіресе емдеудің басында бронхта қақырықтың сұйылуына және бір мезгілде оның көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер пациент қақырықты шығара алмайтын болса, қақырық іркілуін болдырмас үшін: постуральді дренаж немесе аспирация қолданылады.
Жүктілік
Препаратты қабылдаған жүкті әйелдердің шектеулі санына қатысты қолда бар деректер жүктілікке, шаранаға немесе баланың денсаулығына қандай да бір жағымсыз әсерді анықтамайды. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке және шаранаға, сондай-ақ эмбрионалды және туғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін анықтамады.
Кез келген жағдайда препаратты жүктілік кезінде қолданған кезде тиісті сақтық шараларын сақтау керек.
Емшек сүтіне енуі туралы ақпарат жоқ.
Балаларда қолдану
АЦЦ® 600 дәрілік заты, 600 мг-ден көпіршитін таблеткаларды 12 жасқа дейінгі балаларда (муковисцидозы бар балаларда - 6 жасқа дейінгі) қолдануға болмайды.
Қосымша заттар
Бір көпіршитін таблетканың құрамында әрбір көпіршитін таблетка үшін 6,04 ммоль (138,8 мг) натрий бар, ол ДСҰ ересек адам үшін 2 г натрийдің тәуліктік дозасының 6,9% -на баламалы. Натрий құрамы төмен диета (тұзы аз диета) ұстанып жүрген пациенттерге АЦЦ® 600 препаратын тағайындағанда осыны ескерген жөн.
АЦЦ® 600 препаратының құрамында маннитол бар, сондықтан орташа іш жүргізетін әсер етуі мүмкін.
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар, Lapp лактаза ферменті тапшылығы бар, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге құрамында сусыз лактоза болуына байланысты АЦЦ 600 препаратын қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді

Дозалау режимі
Жедел аурулардағы стандартты доза.
12 жастан асқан балалар және ересектер: күніне 1 рет 1 таблеткадан.
Емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін құрайды.
Арнайы дозалау схемалары
Ұзақ мерзімді емдеу: күніне 600 мг, емдеудің барынша қөп ұзақтығы - 3 айдан 6 айға дейін.
Муковисцидоз: 6 жастан асқан балалар үшін күніне 1 рет 1 таблеткадан.
Қолдану тәсілі
Ерітіндіні дайындау:
Көпіршитін таблеткаларды (600 мг) бір стақан суда алдын ала ерітеді, ішке қабылдайды.
Тағамның әсері:
Тамақ өнімдерінің препараттың сіңірілуіне әсері белгісіз, сондықтан ацетилцистеинді қабылдауға қатысты ұсыныстар тамақ ішуге байланысты (дейін немесе кейін) жоқ.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Ішке қабылдауға арналған ацетилцистеиннің дәрілік түрімен артық дозалану жағдайлары туралы деректер жоқ.
Күніне 11,2 г дозада ацетилцистеинді 3 ай бойы препаратты қабылдау кезінде күрделі жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ. Ацетилцистеинің дене салмағына 500 мг/кг дейінгі пероральді дозасы улану белгілерінсіз көтерімді болып табылады.
Артық дозалану жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты асқазан-ішек симптомдарымен білінуі мүмкін. Артық дозалану кезінде емдік іс-шаралар – симптоматикалық емдеу.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну ұсынылды
1 көпіршитін таблеткадан полиэтилен-алюминий-қағаздан жасалған үш қабатты фольгадан жасалған пакетке салынады.
10 немесе 20 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден