daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Аденурик Таблеткалары 120 Мг №28 | Менарини – Фон Хейден ГмбХ

Уральске қаласындағы Аденурик Таблеткалары 120 Мг №28 | Менарини – Фон Хейден ГмбХ
Сипаттама:

Капсула пішінді, бозғылт сарыдан сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жағында «120» таңбалануы (120 мг доза үшін) бар және екінші жағында таңбаланусыз таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Фебуксостат

Өндіруші:

Менарини – Фон Хейден ГмбХ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: ядр: лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH101), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH102), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, гидратталған коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған су (өндіру үдерісінде жойылады), қабығы: тазартылған су (өндіру үдерісінде жойылады), Opadry II сары, 85F42129: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е172). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Капсула пішінді, бозғылт сарыдан сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жағында «120» таңбалануы (120 мг доза үшін) бар және екінші жағында таңбаланусыз таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

120 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 120 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- урат кристалдарының шөгуімен қатар жүретін жағдайларда (оның ішінде қазіргі уақытта немесе анамнезінде тофустар және/немесе подагралық артрит болған кезде) созылмалы гиперурикемияны емдеуге арналған.

- қатерлі гематологиялық аурулар кезінде емдеу үшін химиотерапиялық препараттарды қабылдайтын, ісіктің ыдырау синдромының (ІЫС) даму қаупі жоғары және орташа ересек пациенттерде гиперурикемияның профилактикасы және емдеу үшін.

Аденурик 120 препараты ересектерде қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- галактоза жақпауымен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Жүрек-қантамыр аурулары

Созылмалы гиперурикемияны емдеу

Фебуксостатты емнің басқа қолайлы нұсқалары болмаған жағдайларды қоспағанда, негізгі жүрек-қан тамырлары ауруларында (мысалы, миокард инфарктісі, инсульт немесе тұрақсыз стенокардия) қолдану ұсынылмайды.

Ісіктің ыдырау синдромының (ІЫС) даму қаупі бар пациенттерде гиперурикемияның профилактикасы және емдеу

Қатерлі гематологиялық аурулар себебінен химиотерапиялық препараттар қабылдайтын, ісіктің ыдырау синдромының жоғары және орташа даму қаупі бар Аденурик тағайындалған пациенттер клиникалық қажеттілік туындаған жағдайда кардиологтың бақылауында болуы тиіс.

Аллергия/дәрілік препаратқа аса жоғары сезімталдық

Тіркеуден кейінгі кезеңде Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді және жедел анафилаксиялық реакцияны/шокты қоса, сирек күрделі аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар алынды. Көп жағдайда бұл реакциялар фебуксостатпен емдеудің бірінші айында пайда болады. Бұл пациенттердің бәрі емес, бірақ кейбіреулері бүйрек функциясының бұзылуы және/немесе аллопуринолға аса жоғары сезімталдықтың болуы туралы хабарлаған жоқ. Эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS-синдром) дәрілік реакцияны қоса, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары кейбір жағдайларда дене температурасының көтерілуімен, гематологиялық өзгерістермен, бүйректің немесе бауырдың қатысуымен байланысты болды.

Пациенттер белгілер мен симптомдар туралы хабардар болуы тиіс және аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциялары симптомдарына қатысты мұқият қадағалауда болуы тиіс (4.8 бөлімді қараңыз). Стивенс-Джонсон синдромын қоса, ауыр аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциялары туындаған жағдайда, фебуксостатпен емдеуді дереу тоқтату қажет, өйткені препаратты ерте тоқтату болжамды жақсартады. Пациентте Стивенс-Джонсон синдромын және жедел анафилактикалық реакцияны/шокты қоса алғанда, аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда, ол енді ешқашан фебуксостатты қабылдауды қайта бастамауы тиіс.

Жедел подагра ұстамалары (өршулер)

Фебуксостатпен емдеуді подаграның өршуі басылғаннан кейін ғана бастау керек. Препарат ураттардың тіндік деполарлан шығуымен бірге жүретін несеп қышқылы концентрациясының өзгеруі есебінен емдеудің басында подагра ұстамаларына түрткі болуы мүмкін. Фебуксостатпен емдеудің басында подагра ұстамаларының алдын алу үшін ҚҚСД немесе колхицинді кемінде 6 айға тағайындау ұсынылады.

Фебуксостатты қабылдау аясында ұстама дамыған кезде емдеу жалғасады. Бір мезгілде подагра өршуіне тиісті емдеу жекелей жүргізіледі. Фебуксостатты ұзақ уақыт қабылдаған кезде подагра ұстамаларының жиілігі мен ауырлығы төмендейді.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Меркаптопурин/азатиоприн

Фебуксостаттың әсер ету механизмін (ксантиноксидазаның тежелуі) ескере отырып, бірге тағайындау ұсынылмайды. КО фебуксостатпен тежелуі осы препараттардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауын тудыруы мүмкін, бұл олардың уытты әсеріне әкеледі. Адамдарда фебуксостаттың ксантиноксидазамен метаболизденетін препараттармен (теофиллинді қоспағанда) өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Фебуксостаттың цитоуытты химиотерапияға арналған басқа препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Ісіктің ыдырау синдромындағы тірек сынағы кезінде фебуксостат химиотерапияның әр түрлі режимдерімен, оның ішінде моноклональді антиденелер алатын пациенттерге тәулігіне 120 мг дозада тағайындалды. Алайда, бұл зерттеуде дәрілік препараттар немесе дәрілік препарат пен аурудың өзара әрекеттесулері зерттелмеді. Сондықтан кез бір мезгілде тағайындалған келген цитоуытты препаратпен ықтимал өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды

Росиглитазон/CYP2C8 субстраттары

In vitro жағдайында фебуксостат әлсіз CYP2C8 тежегіші болып табылады. Фебуксостатты тәулігіне бір рет 120 мг дозада және ішке қабылданатын росиглитазонды 4 мг бір реттік дозада бірге қабылдау росиглитазон мен оның метаболиті N-десметил-росиглитазонның фармакокинетикасына әсер етпеді, бұл фебуксостаттың in vivo жағдайында CYP2C8 ферментінің тежегіші болып табылмайтындығын растайды. Осылайша, фебуксостатты росиглитазонмен немесе басқа CYP2C8 субстраттарымен бірге енгізген кезде препараттар дозасын өзгерту қажеттілігі жоқ.

Теофиллин

Фебуксостатты тәулігіне бір рет 80 мг дозада теофиллиннің 400 мг бір реттік дозасымен бірге енгізу теофиллиннің фармакокинетикасы мен қауіпсіздігіне әсер етпеді. Сондықтан фебуксостатты 80 мг дозада теофиллинмен бірге қолдану ерекше сақтықты қажет етпейді. Фебуксостат үшін 120 мг дозада деректер жоқ.

Напроксен және глюкуронизацияның басқа тежегіштері

Фебуксостаттың метаболизмі уридиндифосфат-глюкуронилтрансфераза (УГТ) ферментінің белсенділігіне тәуелді. Глюкуронизация үдерісін бәсеңдететін дәрілік препараттар, мысалы, ҚҚСД және пробеницид, теориялық тұрғыдан фебуксостаттың шығарылуын өзгерте алады. Дені сау еріктілерде фебуксостат пен напроксенді бір мезгілде 250 мг дозада тәулігіне 2 рет қабылдаған кезде фебуксостат әсерінің күшеюі байқалды (Cmax 28%, AUC 41% және t1/2 26%).

Глюкуронизация индукторлары

УГТ күшті индукторлары метаболизмді күшейтуі және фебуксостаттың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Глюкуронизацияның күшті индукторларын алатын пациенттерде осындай біріктірілген емнің 1-2 аптасынан кейін сарысудағы несеп қышқылының концентрациясын бақылау ұсынылады. Глюкуронизация индукторын тоқтатқан кезде плазмадағы фебуксостат концентрациясының жоғарылауы мүмкін.

Колхицин/индометацин/гидрохлортиазид/варфарин

Фебуксостатты колхицинмен немесе индометацинмен бірге фебуксостаттың дозасын және онымен бірге қабылданатын препараттарды өзгертпей қабылдауға болады.

Сондай-ақ гидрохлортиазидпен бірге тағайындағанда фебуксостат дозасын өзгерту талап етілмейді.

Фебуксостатты варфаринмен бірге тағайындаған кезде соңғысының дозасын өзгерту талап етілмейді. Дені сау еріктілерде фебуксостатты (тәулігіне бір рет 80 мг немесе 120 мг) варфаринмен енгізу варфариннің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ. ХҚҚ және VII фактордың белсенділігі де фебуксостатпен бірге енгізуге байланысты болмады.

Дезипрамин/CYP2D6 субстраттары

In vitro деректері бойынша фебуксостат әлсіз тежегіші болып табылады. Аденурик препаратын тәулігіне 1 рер 120 мг дозада қабылдау аясында дезипраминнің AUC (CYP2D6 субстраты) 22%-ға ұлғаюы байқалды, бұл фебуксостаттың in vivo әлсіз тежегіш әсерін көрсетеді. Осылайша, фебуксостат пен CYP2D6 субстраттарын бірге қолданған кезде препараттардың дозасын өзгерту қажеттілігі жоқ.

Антацидтер

Құрамында магний гидроксиді немесе алюминий гидроксиді бар антацидтермен бірге қабылдаған кезде фебуксостат сіңірілуінің баяулауы (шамамен 1 сағатқа) және Cmax 32% төмендеуі байқалады, алайда AUC препарат айтарлықтай өзгермейді. Осылайша, фебуксостатты антацидтерді қабылдаумен біріктіруге болады.

Арнайы ескертулер

Ксантинтердің шөгуі

Ураттардың жедел түзілуі бар пациенттерде (мысалы, қатерлі ісіктерде немесе Леш-Нихан синдромында) сирек жағдайларда несептегі ксантиндердің абсолютті концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы, олардың несеп шығару жолында шөгуімен бірге жүруі мүмкін.

Фебуксостатты қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты ол Леш-Нихан синдромы бар пациенттерге қолданылмайды.

Меркаптопурин/азатиоприн

Фебуксостатты бір мезгілде меркаптопурин/азатиоприн алатын пациенттерге тағайындау ұсынылмайды, өйткені фебуксостатпен ксантиноксидазаны тежеу ауыр уытты әсер тудыруы мүмкін меркаптопурин/азатиоприн концентрациясының жоғарылауын туындатуы мүмкін. Адамдарда өзара әрекеттесу туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Егер дәрілік препараттарды біріктіріп қолданудан басқа амал болмаса, меркаптопурин/азатиоприн дозасын төмендету ұсынылады. Егеуқұйрықтардағы клиникаға дейінгі зерттеулерде алынған деректерді модельдеу және симуляциялық талдау негізінде фебуксостатпен бірге қолданған кезде ықтимал гематологиялық әсерлерді болдырмау үшін меркаптопурин/азатиоприн дозасы бұрын тағайындалған дозаның 20%-на дейін немесе одан төмен төмендеуі тиіс.

Пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс және меркаптопурин/азатиоприн дозасы емдеуге жауапты бағалау және ықтимал уытты әсерлердің дамуы негізінде артынша түзетілуі тиіс.

Ағзалар трансплантациясын бастан өткерген пациенттер

Ағзаларды трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде фебуксостатты қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан мұндай пациенттерге препарат ұсынылмайды.

Теофиллин

Фебуксостаттың 80 мг және теофиллиннің 400 мг бір реттік дозасын бір мезгілде қабылдаған кезде дені сау адамдарда қандай да бір фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалмады. 80 мг фебуксостатты теофиллинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге плазмадағы теофиллин концентрациясының жоғарылау қаупінсіз тағайындауға болады. Фебуксостат 120 мг үшін деректер жоқ.

Бауыр ауруы

Фебуксостат алған пациенттерде бауыр көрсеткіштерінің елеусіз өзгерістері (5,0%) байқалды. Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін фебуксостатпен емдеуді бастағанға дейін, содан кейін клиникалық бағалауға негізделе отырып, емдеу кезінде мезгіл-мезгіл тексеру ұсынылады.

Қалқанша без аурулары

Ашық зерттеулердің ұзақ мерзімді кеңейтілген фазаларында ұзақ уақыт бойы фебуксостат алған пациенттерде ТТГ (>5,5 мкХБ/мл) деңгейінің жоғарылауы (5,5%) байқалды. Сондықтан препаратты қалқанша без функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Лактоза

Осы препараттың құрамында лактоза бар. Препаратты галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы түріндегі сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қабылдамаған жөн.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Подагра

Аденурик препаратының ұсынылған дозасы тамақтануға қарамастан тәулігіне 1 рет ішке 80 мг құрайды. Егер сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы 2-4 апта емдегеннен кейін 6 мг/дл (357 мкмоль/л) асса, Аденурик препаратының дозасы тәулігіне 1 рет 120 мг-ға дейін жоғарылауы мүмкін.

Аденурик препаратының әсері жеткілікті түрде жылдам басталады, бұл 2 аптадан кейін несеп қышқылының сарысулық концентрациясын қайта анықтауға мүмкіндік береді. Емдеудің мақсаты несеп қышқылының концентрациясын азайту және оны 6 мг/дл (357 мкмоль/л) төмен деңгейде ұстау.

Подагра ұстамасының профилактика ұзақтығы кемінде 6 айды құрайды.

Ісіктің ыдырау синдромы

Аденурик 120 мг препаратының ұсынылған дозасы тамақ ішуге қарамастан тәулігіне 1 рет 120 мг құрайды.

Аденурик препаратын қабылдауды цитоуытты ем басталғанға дейін екі тәулік бұрын бастаған және кемінде 7 тәулік бойы жалғастырған жөн; алайда емдеу ұзақтығы химиотерапияның ұзақтығына, сондай-ақ клиникалық бағалауға байланысты 9 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын өзгерту керек емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Ауыр дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде тиімділігі мен қауіпсіздігі толық зерттелмеген.

Бүйрек функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған (Чайлд-Пью бойынша С класы) пациенттерде фебуксостаттың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Подагра: бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған кезде препараттың ұсынылған дозасы 80 мг құрайды. Бауыр функциясы орташа дәрежеде бұзылу кезіндегі препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі.

Ісіктің ыдырау синдромы: бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету керек емес.

Педиатриялық бейіндегі пациенттер

Аденурик 120 препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде анықталмаған. Деректер жоқ.

Енгізу жолы және тәсілі

Препаратты тамақ ішкенге дейін, тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Препараттың артық дозалануында симптоматикалық және демеуші ем қолданылады.

Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.

Шығарылу түрі

14 таблеткадан поливинилхлорид/Aclar үлбірден және алюминий фольгадан немесе поливинилхлорид/ полиэтилен/поливинилиденхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1, 2, 4 немесе 6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАденурик таблеткалары 120 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube