Қолдану көрсеткіштері
Қиын бөлінетін қақырықпен жөтелмен (трахеит, бронхит, трахеобронхит) қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабыну ауруларын кешенді ем құрамында
Қиын бөлінетін қақырықпен жөтелмен (трахеит, бронхит, трахеобронхит) қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабыну ауруларын кешенді ем құрамында
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- асқыну кезеңіндегі асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- алкоголизм
- эпилепсия
- бауыр аурулары
- бассүйек-ми жарақаты, ми аурулары
- сахароза тапшылығы-изомальтаздар фруктозаға төзбеушілік, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жүктілік, бала емізу кезеңі
- 3 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Қант диабетімен ауыратын және құрамында көмірсуы төмен диетадағы адамдар препараттың бір шай қасығында шамамен 3.48 г сахароза (0.29 ХЕ) бір десерт қасығында - шамамен 6.96 г сахароза (0.58 ХЕ) бір ас қасықта - шамамен 10.44 г сахароза (0.87 ХЕ) бар екенін ескеруі қажет.
Препараттағы алкоголь мөлшері 8.5-тен 11.5% - ға дейін.
Препараттың бір реттік дозасында абсолюттік спирттің (этанолдың) ең жоғары құрамы:
балаларда
3 жастан 6 жасқа дейін-шамамен 0.23 г;
6 жастан 12 жасқа дейін-шамамен 0.45 г;
12 жастан 18 жасқа дейін-шамамен 0.91 г;
ересектерде-шамамен 1.36 г.
Препараттың тәуліктік дозасында абсолюттік спирттің (этанолдың) ең жоғары құрамы:
балаларда
3 жастан 6 жасқа дейін-шамамен 0.68 г;
6 жастан 12 жасқа дейін-шамамен 1.36 г;
12 жастан 18 жасқа дейін-шамамен 2.72 г;
ересектерде-шамамен 4.08 г.
Құрамында жөтелге қарсы дәрілік заттар бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл сұйылтылған қақырықты бөлуді қиындатады.
Арнайы ескертулер
Дозалау режимі
Шәрбатты күніне 3 рет ішке қабылдайды.
Ересектерге 1/2 стақан суға 1 десерт қасықтан қабылдайды.
Балалар.
12 жастан асқан – 1/4 стақан суға 1 шай қасықтан қабылдайды. 3-тен 12 жасқа дейін – ¼ стақан суға ½ шай қасықтан қабылдайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішуге арналған. Прапартты тамақтанғаннан кейін қабылдайды
Қолданар алдында шайқау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-7 күн.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет жағдайлар
Ұсынылғаннан асатын дозаларда ұзақ қолданғанда "бромизм" құбылыстары болуы мүмкін: ринит, жөтел, конъюнктивит, летаргия, есте сақтау қабілетінің әлсіреуі, апатия, тері бөртпесі; жүрек айну, құсу.
Емі: симтоматикалық
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.
100 мл препараттан мойны бұрандалы полиэтилен немесе әмбебап (алюминий) немесе пластмасса қақпақпен тығындалған шыны массадан жасалған құтыларда немесе мойны бұрандалы, тығыздығы жоғары бұралатын полиэтилен қақпақпен тығындалған, мөлдір емес күңгірт-қоңыр поливинилхлоридтен, полиэтилентерефталаттан жасалған сыйымдылығы 100 мл құтыларда немесе бұрандалы мойны бар, бұралатын қақпақшамен тығындалатын поливинилхлоридтен, полиэтилентерефталаттан жасалған сыйымдылығы 125 мл күңгірт-қызғылт құтыларда.
Құтыларға өзі желімденетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Екінші қаптамасы жоқ құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтарымен бірге тиісті мөлшерде орайтын қағаз бумасына немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынған.
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.