daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Акриол Про Крем 2,5% 5 Г | Акрихин ХФК ОАО

Уральске қаласындағы Акриол Про Крем 2,5% 5 Г | Акрихин ХФК ОАО
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті масса. Әлсіз өзіне тән иісі болуына жол беріледі.

Өндіруші:

Акрихин ХФК ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: ПЭГ-54 гидрогенделген майсана майы, карбомер, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

2,5 %

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

белсенді заттар: лидокаин – 2,5 г, прилокаин – 2,5 г;

қосымша заттар: ПЭГ-54 гидрогенделген майсана майы, карбомер, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Қолдану көрсеткіштері

Акриол Про дәрілік препараты 18 жастан бастап ересектерде қолдануға көрсетілген:

инъекциялар (оның ішінде вакцинация кезінде), пункциялар және тамырларды катетерлеу және шағын косметологиялық шаралар мен эпиляцияны қоса, беткейлік хирургиялық араласулар кезіндегі терінің беткейлік анестезиясы

хирургиялық өңдеу кезінде (механикалық тазарту), мысалы, фибринді, іріңді және некрозды тіндерді алып тастау үшін аяқтың трофикалық ойық жараларының беткейлік анестезиясы

ауырсындыратын манипуляциялар жасау алдында және жергілікті анестетиктердің инъекциялары алдында ауыруды басу үшін жыныс мүшелерінің шырышты қабығының беткейлік анестезиясы

Акриол Про дәрілік препараты дене салмағы кемінде 3 кг мерзімі жетіп жаңа туған нәрестелерде қолдануға көрсетілген:

инъекциялар (оның ішінде вакцинация кезінде), пункциялар және тамырларды катетерлеу және беткейлік хирургиялық араласулар (оның

Қарсы көрсеткіштер

Лидокаин және/немесе прилокаин немесе амид типті жергілікті анестетиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Прилокаин жоғары дозаларда, әсіресе, метгемоглобинемия дамуын индукциялайтын дәрілік заттармен (мысалы, сульфонамидтер, нитрофурантоин, фенитоин, фенобарбитал) біріктірілімде метгемоглобин деңгейінің жоғарылауын туғызуы мүмкін. Осы препараттар тізімі шектелмейді.

Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын ауқымды дозаларда қолдану кезінде, уытты әсері аддитивті сипатта болатындықтан, басқа жергілікті анестетиктерді немесе құрылымы жағынан жергілікті анестетиктер тектес дәрілік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде қосымша жүйелі уыттылық қаупін ескеру керек.

Лидокаин/прилокаиннің аритмияға қарсы III класс препараттарымен өзара әрекеттесуін бағалау бойынша арнайы зерттеулер жүргізілмеген, бірақ препараттарды бірге қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалауға кеңес беріледі (арнайы сақтандырулар бөлімін де қараңыз).

Лидокаин клиренсін төмендететін препараттар (мысалы, циметидин немесе бета-адреноблокаторлар) ұзаққа созылатын уақыт кезеңі ішінде лидокаиннің қайталамалы жоғары дозаларын қолдану кезінде қан плазмасында уыттылығы зор концентрациялар тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Балаларда спецификалық өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілмеді. Өзара әрекеттесуі, ықтималды түрде, ересек пациенттердегі өзара әрекеттесуіне ұқсас болады.

Арнайы сақтандырулар

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық метгемоглобинемия бар пациенттер жүре пайда болған метгемоглобинемия дамуына аса сезімтал. Глюкоза-6- фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде метилен көгі метгемоглобинді қалпына келтіруде тиімсіз әрі өзі гемоглобинді тотықтыруға қабілетті, сондықтан метилен көгімен ем жүргізуге болмайды.

Препараттың сіңірілуі жөнінде деректердің жеткіліксіздігіне байланысты, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған Акриол Про препаратын ашық жараларға (аяқтың трофикалық ойық жараларын қоспағанда) жағуға кеңес берілмейді.

Жаңа қырған тері арқылы сіңуінің күшеюі мүмкін екендіктен, жағу орнын және аппликация уақытын ескере отырып, препаратты дозалау жөніндегі нұсқауларды ұстану маңызды (дозалау режимі бөлімін қараңыз).

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына, жыныс мүшелерінің терісіне немесе аяқтардың трофикалық ойық жараларының беткейіне жағу тек медициналық қызметкер арқылы немесе оның қадағалауымен жүзеге асуы тиіс.

Дозалау режимі

Ересектер мен жасөспірімдер

Көрсетілімдер немесе дозаларының және аппликациялау уақытының көрсетілуімен қолдану шаралары туралы толық ақпарат 1 және 2 кестелерде берілген. Осындай емшаралар кезінде препаратты талапқа сай

Артық дозалану

Симптомдары: Уыттану басқа жергілікті анестетиктерді қолдану кезіндегі сияқты болуы ықтимал, мысалы, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қозуы, ал ауыр жағдайларда ОЖЖ мен жүрек қызметінің бәсеңдеуі.

Сирек жағдайларда клиникалық мәнді метгемоглобинемия дамуы білінді. Прилокаин жоғары дозаларда метгемоглобин мөлшерінің артуын туындатуы мүмкін.

125 мг прилокаинді 5 сағат бойы беткейге жағу 3 айлық сәбиде орташа метгемоглобинемия дамуын туындатты. Лидокаинді 8,6-17,2 мг/кг дозада беткейлік жағу жаңа туған нәрестелерде күрделі уыттану тудырды.

Емдеу: Ауыр неврологиялық симптомдар (құрысулар, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі) симптоматикалық емдеуді, оның ішінде құрысуға қарсы препараттарды тағайындауды және қажет болса, өкпені жасанды желдетуді талап етеді. Метгемоглобинемия дамыған жағдайда метилтионин хлориді (метиленді көк) антидот болып табылады.

Препараттың баяу жүйелі сіңірілуіне орай, уыттануды емдеу басталған соң бірнеше сағат бойы пациенттерді қадағалауды қамтамасыз ету керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Сұрақтар болса, дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге хабарласыңыз.

Жанама әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

Ең көп жиі жағымсыз дәрілік реакциялар (ЖДР) жиі болып тіркелген препарат жағылған аумақтағы реакциялар (жағылған аумақтағы өткінші жергілікті реакциялар) болды.

Жағымсыз реакциялардың кестелік тізбесі

Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын қолданумен байланысты жағымсыз дәрілік реакциялардың (ЖДР) туындау жиілігі төмендегі кестеде ұсынылған. Кестеде клиникалық зерттеулер және/немесе тіркеуден кейінгі қолдану барысында тіркелген жағымсыз құбылыстар қамтылады. Жағымсыз реакциялар жиілігі MedDRA жүйе-ағза

Шығарылу түрі

5, 30 немесе 100 г алюминий сықпада. 5, 30 немесе 100 г-нан 1 сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада. Мұздатып қатыруға болмайды! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

5 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыакриол про крем 2,5% 5 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube