daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Алеценза Капсулалары 150 Мг №224 | Экселла ГмбХ и Ко.КГ

Уральске қаласындағы Алеценза Капсулалары 150 Мг №224 | Экселла ГмбХ и Ко.КГ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Корпусы мен қақпағы ақ немесе сарғыштау-ақ түсті, өлшемі «1» қатты желатинді капсулалар, капсуланың кақпағында қара түсті сиямен жазылған «ALE» және корпусында «150 mg» таңбасы бар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ашық-сары түсті ұнтақ. Ұсақ түйіршіктердің болуына рұқсат етіледі.

Халықаралық атауы:

Алектиниб

Өндіруші:

Экселла ГмбХ и Ко.КГ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, натрий лаурилсульфаты, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты, капсуланың құрамы: каррагинан, калий хлориді, титанның қостотығы (Е171), карнауб балауызы, жүгері крахмалы, гипромеллоза, баспалық сия. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Корпусы мен қақпағы ақ немесе сарғыштау-ақ түсті, өлшемі «1» қатты желатинді капсулалар, капсуланың кақпағында қара түсті сиямен жазылған «ALE» және корпусында «150 mg» таңбасы бар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ашық-сары түсті ұнтақ. Ұсақ түйіршіктердің болуына рұқсат етіледі.

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Қаптамадағы саны:

224 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Алеценза® препараты монорежимде анапластикалық лимфома киназасының ісік экспрессиясымен (ALK-оң ӨҰЖЕО) өкпенің таралған ұсақ жасушалы емес обыры (ӨҰЖЕО) бар ересек пациенттерді емдеудің алғашқы желісінде қолданылады.

Алеценза® препараты монорежимде ALK-оң таралған ӨҰЖЕО бар, бұрын кризотинибпен ем қабылдаған ересек пациенттерді емдеу үшін қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

алектинибке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Егер төмендегілер болса, Алеценза® препаратын қолданар алдында дәрігерге айтыңыз:

Сізде бұрындары бір рет асқазанға немесе ішекке қатысты, тесіктердің түзілуімен (перфорация) кінәраттар болса, немесе егер Сізде құрсақ қуысының қабынуын туындататын аурулар (дивертикулит) болса, немесе егер Сізде құрсақ қуысында обыр таралса (метастаздар). Алеценза® препараты ішек жақтауында тесіктердің түзілуі қаупін арттыруы мүмкін.

Сіз галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты тұқым қуалайтын аурудан зардап шегіп жүрсеңіз.

Күмән пайда болған жағдайда, Алеценза® препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Егер Алеценза® препаратын қолданған кезде төмендегілер болса, Сіз дәрігерге хабарлағаныңыз жөн:

Сізде іштің немесе іш аймағының қатты ауыруы, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, жүрек айнуы, құсу, құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің ширығуы немесе іштің кебуі туындаса, өйткені бұл ішек жақтауында тесіктер түзілуінің симптомдары болуы мүмкін.

Алеценза® препараты жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін. Ондайлар туындаған жағдайда, Сіз бұл туралы тез арада дәрігерге хабарлауыңыз керек. Ондай реакцияларға жататындар:

бауырдың зақымдануы (гепатоуыттылық). Сіздің дәрігеріңіз емдеуді бастар алдында және емнің алғашқы 3 айында әр 2 апта сайын, содан кейін сирегірек, қан талдауларын тағайындайды. Бұл зерттеулер Алеценза® препаратын қабылдау кезінде бауырдың қандай-да бір кінәраттарының бар-жоқтығын анықтау үшін жүргізіледі. Келесі симптомдар туындаған жағдайда, тез арада дәрігерге хабарлаңыз: терінің немесе көздің ағының сарғаюы, іштің оң жақ бөлігінің ауыруы, несептің күңгірттенуі, терінің қышынуы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы немесе құсу, қатты қажу, қан кету немесе көгерулердің пайда болуына бейімділіктің жоғарылау.

тамыр соғысының баяулауы (брадикардия).

өкпенің қабынуы (пневмонит). Алеценза® препараты өкпенің ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін ісінуін (қабынуын) тудыруы мүмкін. Бұл ретте симптомдары өкпе обырының симптомдарымен ұқсас болуы мүмкін. Егер сізде тыныс тарылуы, ентігу, жөтел (құрғақ немесе қақырық бөлінуімен) немесе дене температурасының жоғарылауы сияқты симптомдар пайда болса немесе нашарлай түссе, тез арада дәрігерге хабарлаңыз.

бұлшықеттердің қатты ауыруы, бұлшықеттердің ауырсындыруы және әлсіздігі (миалгия). Алеценза® препаратымен емдеу кезінде Сіздің емдеуші дәрігеріңіз емнің бірінші айы ішінде кемінде 2 аптада бір рет, содан кейін қажеттілігіне қарай қан талдауын жүргізетін болады. Егер Сізде бұлшықет симптомдары, соның ішінде бұлшықеттердің түсініксіз немесе басылмайтын ауырулары, бұлшықеттердің ауырсындыруы немесе әлсіздік қайта пайда болса немесе күшейе түссе, тез арада емдеуші дәрігеріңізге айтыңыз.

эритроциттердің ыдырауының нормадан ауытқуы (гемолиздік анемия). Егер Сізде қатты қажу, әлсіздік немесе ентігу пайда бола, тез арада емдеуші дәрігеріңізге айтыңыз.

Алеценза® препаратын қабылдап жүрген кезіңізде осы симптомдарға назар аударыңыз. Толығырақ ақпаратты Сіз «Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімінен таба аласыз.

Күн сәулесінің әсеріне сезімталдық

Алеценза® препаратын қабылдау кезеңінде және оны қабылдау аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде тікелей түсетін күн сәулесінің астында ұзақ уақыт жүрмеңіз. Күнге күйіп қалмас үшін, Сізге күннен қорғау факторы (SPF) 50 немесе одан жоғары, күннен қорғайтын заттар мен ерінге арналған бальзамды пайдалану керек.

Зертханалық және аспаптық зерттеу деректері

Алеценза® препаратымен емдеу кезінде Сіздің емдеуші дәрігеріңіз емдеуді бастар алдында және емнің алғашқы 3 айында әр 2 апта сайын, содан кейін сирегірк қан талдауларын жүргізеді. Бұл зерттеулер Алеценза® препаратын қабылдау кезеңінде бауырда немесе бұлшықетте қандай-да бір кінәраттардың бар-жоқтығын анықтау үшін жүргізіледі.

Контрацепция - әйелдерге арналған ақпарат

Алеценза® препаратымен емделу кезінде Сіз бала көтермеуіңіз керек. Егер Сіз бала көтеруіңіз мүмкін болса, Сізге препаратты қабылдау кезеңінде және емдеу аяқталғаннан кейін кемінде 3 ай бойы контрацепцияның тиімділігі жоғары әдістерін қолдану керек. Сізге және Сіздің серіктесіңізге қолайлы контрацепция әдістері туралы емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Егер Сіз Алеценза® препаратын пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қабылдап жүрсеңіз, пероральді контрацептивтердің тиімділігі аздау болуы мүмкін.

Алеценза® препаратының құрамында лактоза бар

Алеценза® препаратының құрамында лактоза (қанттың бір түрі) бар. Егер Сіздің дәрігеріңіз Сізге кейбір қанттардың жақпайтынын айтса, онда бұл препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Алеценза® препаратының құрамында натрий бар

Бұл препараттың тәуліктік (1200 мг) дозасында 48 мг натрий (тамақ дайындау кезіндегі негізгі компонент/ас тұзы) бар, бұл ересек адам үшін күніне ұсынылатын натрийдің ең жоғары мөлшерінің 2.4%-ына сәйкес келеді.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттар және Алеценза® препараты

Өзіңіздің қандай-да бір басқа препараттарды қабылдап жүргеніңіз, жақын арада қабылдағаныңыз немесе қабылдауды бастауыңыз мүмкін екендігіңіз туралы емдеуші дәрігерге айтыңыз. Бұл рецептісіз босатылатын препараттар мен өсімдік тектес дәрілік препараттарға да қатысты. Алеценза® препараты кейбір дәрілік препараттардың әсер етуіне ықпалын тигізуі мүмкін. Кейбір дәрілік препараттар да Алеценза® препаратының әсер етуіне ықпалын тигізуі мүмкін.

Атап айтқанда, егер Сіз атап келтірілген дәрілік препараттардың, кез келгенін қабылдап жүрсеңіз емдеуші дәрігеріңізге айтыңыз:

дигоксин (жүрек кінәраттарын емдеуге арналған препарат)

дабигатран этексилаты (қан ұюының жоғарылауын емдеуге арналған препарат)

метотрексат (обырдың кейбір түрлерін немесе аутоиммундық ауруларды (мысалы, ревматоидтық артритті) емдеуге арналған препарат)

нилотиниб (обырдың белгілі бір типтерін емдеуге арналған препарат)

лапатиниб (омырау обырының белгілі бір типтерін емдеуге арналған препарат)

митоксантрон (обырдың белгілі бір типтерін немесе аутоиммундық ауруларды (мысалы, жайылған склерозды) емдеуге арналған препарат)

эверолимус (обырдың белгілі бір типтерін емдеуге немесе трансплантацияланған бүйректің, жүректің немесе бауырдың иммундық жүйеге қабылданбай ажырауының алдын алуға арналған препарат)

сиролимус (трансплантацияланған бүйректің, жүректің немесе бауырдың иммундық жүйеге қабылданбай ажырауының алдын алуға арналған препарат)

топотекан (обырдың белгілі бір типтерін емдеуге арналған препарат)

ЖИТС/АИТВ инфекцияларын емдеуге арналған препараттар (мысалы, ритонавир, саквинавир)

инфекцияларды емдеуге арналған препараттар. Оларға зеңдік инфекцияларды емдеуге арналған (кетоконазол, итраконазол, вориконазол, позаконазол сияқты, зеңге қарсы) препараттар және бактериялық инфекцияның белгілі бір типтерін емдеуге арналған препараттар (телитромицин сияқты антибиотиктер) жатады

шілтерленген шайқурай (депрессияны емдеуге арналған, өсімдік негізді дәрілік зат)

эпилепсия ұстамаларын немесе құрысуларды басуға арналған препараттар (фенитоин, карбамазепин немесе фенобарбитал сияқты, эпилепсияға қарсы препараттар)

туберкулезді емдеуге арналған препараттар (мысалы, рифампицин, рифабутин)

нефазодон (депрессияны емдеуге арналған препарат)

Пероральді контрацептивтер

Егер Сіз Алеценза® препаратын пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қабылдап жүрсеңіз, пероральді контрацептивтердің тиімділігі аздау болуы мүмкін.

Алеценза® препараты тамақпен және сусындармен бірге

Сіз Алеценза® препаратымен емделу кезінде грейпфрут шырынын, грейпфрутты немесе апельсиндердің ащы сұрыптарын пайдаланғанда сақтық танытуға тиіссіз, өйткені олар Алеценза® препаратының әсер етуіне ықпалын тигізуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Балалар мен жасөспірімдер

Балалар мен жасөспірімдерде Алеценза® препаратының қолданылуы зерттелмеген. Бұл препарат балаларда немесе 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Егер Сіз жүкті болсаңыз, Алеценза® препаратын қабылдамаңыз, өйткені ол Сіздің балаңызға зиянын тигізуі мүмкін.

Егер Сіз препаратпен емделу кезінде немесе препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейінгі 3 ай ішінде бала көтерсеңіз, бұл туралы тез арада Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Осы препаратпен емделу кезінде бала емізбеңіз. Алеценза® препаратының емшек сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз, сондықтан препаратты қабылдау кезеңінде емшек ему Сіздің балаңызға зиян келтіруі мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Алеценза® препаратын қабылдаған кезде көлік құралдарын немесе механизмдерді басқарғанда ерекше сақтық танытыңыз, өйткені Сізде көру кінәраттары, жүрек соғуының баяулауы немесе артериялық қысымның төмендеуі туындауы мүмкін, олар естен тануға немесе бас айналуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсынымдарына толықтай сәйкестікпен қабылдаңыз. Күмән туындаған жағдайда, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Дозалау режимі

Ұсынылатын дозасы күніне екі рет 4 капсуланы (600 мг) құрайды.

Бұл Сіздің күн сайын 8 капсула (1200 мг) қабылдайтындығыңызды білдіреді.

Егер Алеценза® препаратымен емдеуді бастағанға дейін Сіздің бауырыңызда күрделі кінәраттар болса:

Ұсынылатын дозасы күніне екі рет 3 капсуланы (450 мг) құрайды.

Бұл Сіздің күн сайын 6 капсула (900 мг) қабылдайтындығыңызды білдіреді.

Егер препаратпен емдеу кезінде Сіздің жағдайыңыз нашарласа, емдеуші дәрігер дозаны азайтып, осы препаратпен емдеуді қысқа мерзімге үзе тұруы немесе толықтай тоқтатуы мүмкін.

Енгізу әдісі мен жолы

Алеценза® препаратын капсуланы тұтастай жұтып, ішке қабылдайды. Капсуланы ашпаңыз және оның ішіндегісін ерітпеңіз.

Сіз Алеценза® препаратын ас ішумен бір мезгілде қабылдауға тиіссіз.

Егер Сіз Алеценза ® препаратын қабылдағаннан кейін құссаңыз

Препараттың қосымша дозасын қабылдау керек емес. Келесі дозасын әдеттегі уақытында қабылдаңыз.

Егер Сіз Алеценза ® препаратын керектісінен көп қабылдап қойсаңыз

Дереу емдеуші дәрігерге немесе ауруханаға жүгініңіз. Дәрілік препараттың қаптамасын және осы қосымша парақты өзіңізбен бірге ала барыңыз.

Емдеу ұзақтығы

Алеценза® препаратын Сіздің емдеуші дәрігеріңіз тағайындағандай ұзақтықта, күніне екі рет қабылдау маңызды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Дереу емдеуші дәрігерге немесе ауруханаға жүгініңіз. Дәрілік препараттың қаптамасын және осы қосымша парақты өзіңізбен бірге ала барыңыз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Егер препараттың келесі дозасын қабылдауға дейін 6 сағаттан көп уақыт қалса, өткізіп алған дозасын, Сіз ол туралы еске түсіргеннен кейін бірден қабылдаңыз.

Егер келесі дозасын қабылдауға дейін 6 сағаттан аз уақыт қалса, өткізіп алған дозаны қабылдамаңыз. Келесі дозасын әдеттегі уақытында қабылдаңыз.

Өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін екі дозасын қабылдамаңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Алеценза® препаратын қабылдауды емдеуші дәрігермен талқылап алмайынша тоқтатпаңыз. Алеценза® препаратын Сіздің емдеуші дәрігеріңіз тағайындағандай ұзақтықта, күніне екі рет қабылдау маңызды.

Препаратты қабылдау жөнінде сұрақтарыңыз болған жағдайда, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Препаратты қолдану жөнінде сұрақтарыңыз болған жағдайда, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Ламинацияланған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 8 капсуладан салынған.

7 пішінді қаптамадан картон қорапшаға салынған.

4 қорапшадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады. Алғашқы ашылуын бақылау мақсатында қорапшаға қорғағыш голографиялық жапсырма жабыстырылады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыалеценза капсулалары 150 мг №224 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube