Қолдану көрсеткіштері
- ересектердегі депрессиялық бұзылыстарды емдеу
- ересектердегі невропатиялық ауырсынуды емдеу
- бастың созылмалы кернеп ауыруын профилактикалық емдеу
- ересектердегі депрессиялық бұзылыстарды емдеу
- ересектердегі невропатиялық ауырсынуды емдеу
- бастың созылмалы кернеп ауыруын профилактикалық емдеу
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жақын арада бастан өткерген миокард инфарктісі
- жүрек блокадасының кез келген деңгейі немесе жүрек ырғағының бұзылуы және коронарлық қанайналымның жеткіліксіздігі
- МАО (моноаминоксидаза) тежегіштерімен қатар жүретін емдеу
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- бауырдың ауыр аурулары
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Амитриптилин ТК қабылдар алдында өзіңіздің дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Жүрек аритмиясы және ауыр гипотензия жоғары дозаларды қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін. Олар әдеттегі дозаларды қабылдаған жүрек аурулары бар пациенттерде де пайда болуы мүмкін.
QT аралығының ұзаруы.
Маркетингтен кейінгі кезеңде QT аралығының ұзаруы және аритмия жағдайлары туралы хабарланды.Елеулі брадикардиясы бар пациенттерде, компенсацияланбаған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану ұсынылады.Электролиттік бұзылулар (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия) проаритмиялық қауіпті арттыратын жағдайлар екені белгілі.
Үш/тетрациклді антидепрессанттармен ем кезінде енгізілетін анестетиктер аритмия мен гипотония қаупін арттыруы мүмкін. Мүмкіндігінше, операциядан бірнеше күн бұрын осы препаратты қабылдауды тоқтатыңыз.Егер шұғыл операция жасалуы керек болса, анестезиолог пациенттің осындай ем қабылдап жатқандығы туралы хабардар болуы тиіс. Гипертиреозы бар пациенттерге немесе қалқанша безді емдеуге арналған препараттарды қабылдайтындарға амитриптилинді тағайындау кезінде өте сақ болу керек, өйткені жүрек аритмиясының пайда болу ықтималдығы бар. Егде жастағы пациенттер ортостатикалық гипотензияға әсіресе бейім.
Препаратты құрысу бұзылыстары, несептің іркілуі, қуықасты безінің гипертрофиясы, гипертиреоз, параноидальді симптоматикасы және бауырдың немесе жүрек-қантамыр жүйесінің асқынған аурулары, қалтқының стенозы және ішектің салданып бітелуі бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.Көздің алдыңғы камерасының сирек кездесетін ауруы және көз камерасының тар бұрышы бар пациенттердеқарашықтың кеңеюіне байланысты жедел глаукома ұстамалары пайда болуы мүмкін.
Суицид/суицидтік ойлар
Депрессия суицидтік ойлардың, дене мүшесін зақымдау мен суицидтің(өзін-өзі өлтірумен байланысты оқиғалар) жоғары қаупімен байланысты.Бұл қауіп елеулі ремиссия пайда болғанға дейін сақталады.Емдеудің алғашқы бірнеше апталарында немесе одан да көп кезеңінде жақсару болмауы мүмкін болғандықтан, жақсару болғанға дейін пациенттерді мұқият бақылау керек.Жалпы клиникалық тәжірибе, суицид қаупі жағдайдың жақсаруының алғашқы кезеңдерінде артуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Анамнезінде суицидпен байланысты оқиғалар болған пациенттер немесе емдеу басталғанға дейін суицидтік ойлардың елеулі дәрежесін көрсеткен пациенттер суицидтік ойлардың немесе өзін-өзі өлтіру әрекеттерінің жоғары қаупіне ұшырайды және емдеу кезінде мұқият бақылауда болуы тиіс.
Пациенттерді, әсіресе жоғары қауіп тобындағы пациенттерді мұқият бақылау, әсіресе емдеудің ерте кезеңдерінде және дозалары өзгергеннен кейін дәрілік еммен қатар жүруі тиіс.Пациенттерге (және пациенттерге күтім жасайтын адамдарға) кез-келген клиникалық нашарлауды, суицидтік мінез-құлықты немесе ойларды және әдеттен тыс мінез-құлықты бақылау қажеттілігі туралы ескертілуі керек, егер бұл симптомдар бар болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Маниакальді-депрессиялық адамдарда маниакальді фазаға өту орын алуы мүмкін; Пациент маниакальді фазаға өткен жағдайда амитриптилинді қабылдауды тоқтату керек.
Басқа психотропты препараттар үшін сипатталғандай, амитриптилин инсулин мен глюкозаға жауаптарды өзгерте алады, бұл диабеті бар пациенттерде диабетке қарсы емді түзетуді қажет етеді; бұдан бөлек, депрессиялық аурудың өзі пациенттердегі глюкоза теңгеріміне әсер етуі мүмкін.
Холинолитиктермен немесе нейролептикалық препараттармен бірге үшциклді антидепрессанттарды қабылдау кезінде,әсіресе ыстық ауа-райында гиперпирексия туралы хабарланды.
Ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін емді күрт тоқтату бас ауруы, дімкәстік, ұйқысыздық және ашушаңдық сияқты симптомдардытуындатуымүмкін.
Амитриптилин СКҚСТ қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек
Балалар
Өсуге, жетілуге, когнитивті және мінез-құлықтық дамуға қатысты балалар мен жасөспірімдер үшін ұзақ мерзімді қауіпсіздік деректері жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қарсы көрсетілген біріктірілімдер
МАО тежегіштері (селективті емес, сондай - ақ селективті A (моклобемид) және B (селегилин)) –«серотонин синдромының» қаупі.
Амитриптилин мен МАО тежегіштерін бір мезгілде тағайындау серотонин синдромын тудыруы мүмкін (симптомдардың үйлесуі, мүмкін, қозу, сананың шатасуы, тремор, миоклонус және гипертермияны қоса).Амитриптилинмен емдеуді қайтымсыз селективті емес МАО тежегіштерін тоқтатқаннан кейін 14 күн өткен соң және қайтымды моклобемидті тоқтатқаннан кейін кемінде бір күн өткен соң бастауға болады. МАО тежегіштерімен емдеуді амитриптилинді тоқтатқаннан кейін 14 күн өткен соң бастауға болады.
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
1 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.