Қолдану көрсеткіштері
- тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін
- жәндіктер шаққанда
- хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкийжәне И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін
- тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін
- жәндіктер шаққанда
- хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкийжәне И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы
- жергілікті қолданған кезде тері аурулары: дерматиттер, дерматоздар, экзема
- 3 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Жергілікті қолданғанда аммиак ерітіндісін тек зақымданбаған теріге ғана жағуға болады.
Көзге түсуден аулақ болыңыз. Көздің шырышты қабығы кездейсоқ зақымданған жағдайда-көзді бірнеше рет сумен (10 мин үзіліспен 15 мин ішінде) немесе бор қышқылының 3 % ерітіндісімен жуу қажет. Майлар мен жақпамайлар қолданылмайды. Мұрын мен жұтқыншақтың зақымдалуымен 0,5% лимон қышқылының ерітіндісі немесе табиғи шырындар қолданылады. Ішке қабылдаған жағдайда-су, жеміс шырынын, сүт, 0,5 % лимон қышқылының ерітіндісін немесе 1 % сірке қышқылының ерітіндісін асқазанның ішіндегісі толық бейтараптандырылғанға дейін ішу керек. Балалар әсіресе аммиактың әсеріне сезімтал, сондықтан өнімді осы жас санатында қолданған кезде абай болу керек, 3 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Анықталмаған
Дозалау режимі
Тыныс алуды қоздыру үшін: мақта немесе дәке тампонды препаратқа малып, мұрын саңылауларына 0,5-1 секундқа абайлап жақындатады. Хирургиялық практикада қолды жууға арналған ерітінді дайындау үшін 25 мл препаратты 5 литр қайнаған жылы суда сұйылтады. Жәндіктер шаққан кезде – дымқыл дәке басу түрінде.
10 мл, 20 мл, 50 мл, 90 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы полиэтилен қақпақпен немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен немесе әмбебап (алюминий) қақпақпен тығындалған бұрандалы мойны бар шыныдан жасалған құтыда немесе полимерлі қақпақ-тамшылатқышпен тығындалған полимерлі құтыда.
Құтыларға өзі жабысатын заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге орама қағазынан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған жәшікке салады.
Жарықтан қорғалған жерде, тығыз жабылған ыдыста 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден