Қолдану көрсеткіштері
Ампициллинге сезімтал патогендер тудырған инфекцияларды емдеу:
ЛОР-ағзалар инфекциясы;
төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары;
бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары;
жыныстық инфекциялар;
өт қабы мен өт жолдарының инфекциясы;
асқазан-ішек жолының инфекциялары;
тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы;
көз инфекциясы;
листериоз;
менингит, эндокардит, сепсис және остеомиелит, әсіресе ампициллинге сезімтал Haemophilus influenzae , энтеробактериялар мен листериялар тудырғандары, қажет жағдайда басқа қолайлы антибиотикпен біріктірілімде.
Ампициллинді қолдану кезінде микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану бойынша жалпы қабылданған ұсыныстарды ескеру қажет.