daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Атенолол Таблеткалары 50 Мг №50 | Меркле ГмбХ

Қоймада жоқ
Уральске қаласындағы Атенолол Таблеткалары 50 Мг №50 | Меркле ГмбХ
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (25 мг доза үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы және ойып түсірілген «М 006» деген жазуы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (50 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Атенолол

Өндіруші:

Меркле ГмбХ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар - микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, магний карбонаты, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, желатин, қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), глицерин.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Атенолол-Тева 25 мг:

- функционалдық кардиоваскулярлық бұзылуларда (гиперкинетикалық кардиальді синдром, артериялық қысым реттелуінің функционалдық бұзылулары)

Атенолол-Тева 50 мг:

- артериялық гипертензия

- стенокардия

- жүрек ырғағының бұзылуы: синустық тахикардия, қарыншаүстілік тахиаритмия профилактикасы, жыпылықтайтын тахиаритмия, жүрекшенің дірілдеуі

Қарсы көрсеткіштер

- атенололға, басқа бета-адреноблокаторларға немесе басқа қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- жедел жүрек жеткіліксіздігі

- кардиогенді шок

- II және III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада

- синустық түйіннің әлсіздік синдромы

- синоатриялық блокада

- синустық брадикардия (емдеуді бастар алдындағы тамырдың минутына 50-ден аз соғуы)

- артериялық гипотония (систола қысымы сын. бағ. 90 мм аз)

- метаболизмдік ацидоз

- бронх демікпесі

- емделмеген феохромоцитома

- шеткері қан айналымы бұзылуының кешеуілдеген сатылары

- моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау (МАО-В тежегіштері бұған қосылмайды)

- верапамил және дилтиазем, немесе басқа антиаритмитиктер сияқты, кальций өзекшелерінің блокаторларын (мысалы, дизопирамид) бір мезгілде вена ішіне енгізу. Қарқынды емдеу бөлімдеріндегі науқастар бұған қосылмайды.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Препаратты күтпеген жерден тоқтату немесе емдеудегі үзілістер стенокардия мен артериялық гипертензияның өршуімен жүректің ишемиясын тудыруы немесе тіпті миокард инфарктісін тудыруы мүмкін. Сондықтан препаратты тоқтату және дозаны төмендету баяу, сатылы түрде жүргізілуі тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Атенолол-Тева 25 мг, 50 мг мыналармен бір мезгілде қолданылғанда:

- гипертензияға қарсы дәрілер, диуретиктер, вазодилататорлар, үшциклді антидепресанттар, барбитураттар, фенотиазиндермен атенололдың гипотензиялық әсерін күшейте алады;

- аритмияға қарсы дәрілермен – атенололдың гипотензиялық әсері жоғарылайды;

- кальций өзекшелерінің блокаторлары (верапамил және дилтиазем түрі) немесе басқа антиаритмиктермен (мысалы, дизопирамид) артериялық гипотензия, брадикардия және жүрек ырғағының басқа бұзылулары, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал (пациенттер мониторингтеуден өтуге тиіс). Кальций антагонистері атенолол қабылдауды тоқтатқаннан кейін 48 сағаттан соң тағайындалуға тиіс;

- кальций өзекшелерінің блокаторларымен (нифедипин түрі) гипотензиялық әсердің күшеюінен басқа, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал;

- жүрек гликозидтері, резерпин, альфа-метилдоп, гуанфацин және клонидинмен жүрек өткізгіштігінің кейінге шегерілуі нәтижесінде айқын брадикардия пайда болуы мүмкін;

- 1 класты аритмияға қарсы дәрілер (дизопирамид) және амиодаронмен - антриовентрикулярлық өткізгіштік уақытының ұзаруы және теріс инотропты әсердің дамуы ықтимал;

- клонидинмен – клонидинді атенололмен емдеу қысқартылғаннан кейін бірнеше күннен соң ғана тоқтатуға болады.

- ішу арқылы қабылданатын қант төмендеткіштер немесе инсулинмен атенололдың гипотензиялық әсері жоғарылайды; бұл орайда гипогликемия белгілері (әсіресе тахикардия мен тремор) бүркемеленуі немесе жоғалуы мүмкін. Сондықтан қандағы қантты ұдайы жүргізу қажет;

- норэпинефрин және эпинефринмен артериялық қысымның көтерілуі мүмкін;

- индометацин, ибупрофенмен атенололдың гипотензиялық әсері төмендейді;

- есірткілік дәрілер және анестетиктермен гипотензиялық әсер күшейеді; бұл орайда екі заттың да аддитивті, теріс инотропты әсері көрініс береді;

- шеткері миорелаксанттармен (мысалы, суксаметоний, тубокурарин) жүйке-бұлшықет блокадасының күшеюі білінеді. Сондықтан наркозбен қатар жүргізілетін операция алдында анестезиолог науқастың атенололды қабылдайтынынан хабардар болуы тиіс;

- эуфиллин және теофиллинмен емдік тиімді әсерлерін бірге бәсеңдетуге болады

- лидокаинмен оның шығарылуы азаяды және лидокаиннің уыттану әсерінің қаупі артады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Атенолол-Тева препаратының дозасын және емдеу ұзақтығын, емдік нәтижеге жетуге қарай, емдеуші дәрігер әркімге жеке белгілейді.

Функционалдық кардиоваскулярлық бұзылулар (гиперкинетикалық кардиальді синдром, артериялық қысым реттелуінің функционалдық бұзылулары)

Атенолол-Тева 25 мг 1 таблеткадан немесе Атенолол-Тева 50 мг ½ таблеткадан тәулігіне 1 рет.

Созылмалы тұрақты және тұрақсыз стенокардия

Тәулігіне 1 рет 50-100 мг атенолол (Атенолол-Тева 50 мг 1-2 таблеткасы).

Артериялық гипертензия

Емдеуді, әдетте, 50 мг атенололды бір рет қолданудан бастайды (Атенолол-Тева 50 мг 1 таблеткасы). Қажет болса, күндізгі дозаны бір аптадан соң 100 мг дейін көбейтеді (Атенолол-Тева 50 мг 2 таблеткасы).

Суправентрикулярлық (қарыншаүстілік) және вентрикулярлық {қарыншалық) аритмиялар

Атенолол 50 мг-ден тәулігіне 1-2 рет тағайындалады (Атенолол-Тева 50 мг 1-2 таблеткадан).

Атенолол-Тева 50 мг қабылдау жүректің жиырылу саны төмендеген және/немесе артериялық қысым немесе басқа асқынулар пайда болған жағдайда дереу тоқтатылуы тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылулары

Креатинин клиренсі (КК) минутына 10-30 мл құрайды, атенолол дозасын ұсынылуынан екі есе азайтуға болады. Егер КК минутына 10 мл-ден аз құраса, атенолол дозасын ұсынылуының ¼ бөлігіне дейін азайтуға болады.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны азайту бүйрек функциясы жеткіліксіздігімен байланысты.

Балалар

Осы препаратты балаларда қолдану тәжірибесі жоқ.

Атенолол-Тева тамақтану алдында жеткілікті сұйықтық мөлшерімен (мысалы, сумен) іше отырып, шайнамастан, ішке қабылданады.

Препаратты күтпеген жерден тоқтату немесе емдеудегі үзілістер стенокардия мен артериялық гипертензияның өршуімен жүрек ишемиясын туғызуы немесе тіпті миокард инфарктісіне түрткі болуы мүмкін. Сондықтан препаратты тоқтату және дозаны төмендету сатылы түрде баяу жүзеге асуы тиіс.

Енгізу әдісі және жолы

Ішуге арналған таблеткалар, сумен іше отырып.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Уральск қаласындағы «Атенолол таблеткалары 50 мг №50» бағасының өзгеру диаграммасы

03006009001200150018-0223-0228-0205-0310-0315-0320-03
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАтенолол таблеткалары 50 мг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube