daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Auroxetil Таблеткалары 250 Мг №10 | Aurobindo Pharma Limited

Уральске қаласындағы Auroxetil Таблеткалары 250 Мг №10 | Aurobindo Pharma Limited
Сипаттама:

Бір жағында «А33» өрнегі бар және екінші жағы тегіс капсула түріндегі ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (250 мг доза үшін). Бір жағында «А34» өрнегі бар және екінші жағы тегіс капсула түріндегі ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (500 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Цефуроксим

Өндіруші:

Aurobindo Pharma Limited

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремний, гидрогенделген өсімдік майы.

Белсенді заттың дозасы:

250 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар 250 мг, 500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 300.00 мг цефуроксим аксетилі (250 мг цефуроксимге баламалы) немесе 600.00 мг цефуроксим аксетилі (500 мг цефуроксимге баламалы)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремний, гидрогенделген өсімдік майы.

Қолдану көрсеткіштері

Препаратқа сезімтал микроорганизмдер тудыратын инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу:

- жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит

- жедел бактериялық синусит

- жедел ортаңғы отит

- созылмалы бронхиттің өршуі

- цистит

- пиелонефрит

- терінің және жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары

Лайм ауруының ерте сатылары

Бактерияға қарсы заттарды дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды қарастыру қажет.

Қарсы көрсеткіштер

- цефалоспориндер тобының антибиотиктеріне, пенициллиндер мен карбапенемдерге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар (250 мг доза үшін)

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (ерекшелік – 12 жастан асқан балаларда Лайм ауруын емдеу) (500 мг доза үшін)

Сақтықпен:

- жүктіліктің бірінші триместрі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Ауроксетил пенициллиндерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге, әсіресе, пенициллиндер анафилактоидты реакциялар тудыратын пациенттерді емдеуде сақтықпен тағайындалады.

Ауроксетил препараты тағайындалмауы керек:

- егер сізде бұрын соңды цефуроксимдермен немесе кез келген басқа цефалоспориндік антибиотиктермен емдегеннен кейін терінің қатты бөртпесі немесе терінің қабыршақтануы, ауызда күлдіреуіктер және/немесе ойықжаралар пайда болса.

Ауроксетилмен ерекше сақ болыңыз:

Терінің ауыр реакциялары, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен дәрілік реакция және цефуроксиммен емдеумен байланысты жүйелі симптомдар (DRESS) туралы хабарланды. Егер сіз «Ықтимал жағымсыз әсерлер» бөлімінде сипатталған осы ауыр тері реакцияларына байланысты қандай да бір симптомдарды байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Цефуроксиммен ұзақ уақыт емдеу оған сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін.

Антибиотиктерді, соның ішінде Ауроксетил препаратын қолдану аясында диарея пайда болған кезде жалған жарғақшалы колиттің даму мүмкіндігін есте ұстаған жөн.

Қазіргі уақытта Ауроксетил препаратының эмбриоуыттылық немесе тератогендік белсенділігі туралы деректер жоқ. Лайм ауруын Ауроксетил препаратымен емдеу кезінде Яриш-Герсгеймер реакциясы байқалды. Бұл реакция Ауроксетил препаратының аурудың қоздырғышына – Borrelia burgdorferi спирохетіне бактерицидтік әсерінің тікелей салдары болып табылады және емдеудің жиі және әдетте өздігінен өтетін салдары болып табылады. Пациенттерге бұл симптомдар осы ауру кезінде антибиотиктерді қолданудың әдеттегі салдары болып табылатыны туралы хабарлау керек.

Ауроксетилмен емдеу кезінде несепте глюкозаның бар-жоғы анықталатын Бенедикт реакциясы жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейін анықтау үшін глюкозооксидаза немесе гексокиназа әдістерін қолдану ұсынылады.

Препарат құрамында препараттың бір реттік дозасында (бір таблеткаға) 1 ммольден аз (23 мг-нан кем) натрий бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ; тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындағанда сақтық таныту керек.  

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік кезінде, сондай-ақ лактация кезеңінде қолдану ана үшін емнің болжамды пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайларда мүмкін болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналу сияқты ықтимал жағымсыз әсерлерді ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде абай болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен балалар ≥40 кг

Балалар <40 кг

Артық дозалану

Симптомдары: қозумен, құрысулармен көрініс беретін ОЖЖ тарапынан болатын бұзылулар.

Шұғыл емшаралар: симптоматикалық емі, Ауроксетил гемодиализ және перитонеальдық диализ кезінде шығарылады.

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Жанама әсерлері

Цефуроксимге жағымсыз реакциялар әдетте өтпелі және жеңіл ағымды болады. (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Жиі

- Candida тектес төзімді микроорганизмдер өсуінің күшеюі

- эозинофилия

- бас ауыруы

- бас айналу

- диарея

- жүрек айнуы

- іштің ауыруы

- бауыр ферменттері деңгейінің уақытша жоғарылауы

Жиі емес

- Кумбстың оң реакциясы

- тромбоцитопения

- лейкопения (кейде күрт айқындалатын)

- құсу

- тері бөртпесі

Белгісіз

- Clostridium difficile күшейтілген өсуі

- гемолиздік анемия

- дәрілік қызба

- сарысу құю ауруы

- анафилаксия

- Яриш-Герксхаймер реакциясы

Ықтимал жағымсыз әсерлер

Сізге назар аудару қажет жағдайлар (реакциялар).

Ауроксетил препаратымен ем алатын адамдардың аз бөлігінде аллергиялық реакция немесе терінің әлеуетті ауыр реакциясы туындайды. Бұл реакциялардың симптомдарына мыналар жатады:

- таралған бөртпе, дененің жоғары температурасы және лимфа түйіндерінің ұлғаюы (DRESS синдромы немесе дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық синдромы).

- аллергиялық реакциялар аясында кеудедегі ауырсыну, бұл аллергиядан туындаған миокард инфарктісінің симптомы болуы мүмкін (Коунис синдромы)

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыAuroxetil таблеткалары 250 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube