daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Аваналав 50 Мг Таблетка №1 | АО «КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД»

Сипаттама:

Ақшыл-сары түсті, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар. Ақ түсті дерлік теңбілдері болуы мүмкін.

Халықаралық атауы:

Аванафил

Өндіруші:

АО «КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД»

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннит (Е 421), фумар қышқылы, гидроксипропилцеллюлоза, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, кальций карбонаты, магний стеараты, темірдің сары тотығы (Е 172).

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 50 мг, 100 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересек еркектерде эректильді дисфункцияны емдеу үшін.

Аваналав препаратының тиімділігін қамтамасыз ету үшін сексуалды стимуляция қажет.

Қарсы көрсеткіштер

Әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық.

Органикалық нитраттардың кез келген түрін немесе азот тотығының донорларын (мысалы, амилнитрат) бір мезгілде қабылдау («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Аванафилді қоса, ФДЭ5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен қатар қолдануға болмайды, өйткені бұл симптомдық артериялық гипотензияның дамуына потенциалды түрде әкелуі мүмкін («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Аваналав препаратын тағайындамас бұрын, дәрігерлер жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде жүрек функциясының сексуалды белсенділігінің потенциалды қаупін саралауы тиіс.

Аванафилді пациенттердің мынадай санаттарына қолдануға болмайды:

соңғы 6 ай ішінде миокард инфарктісін, инсультті немесе өмір үшін қауіпті аритмияны басынан кешірген пациенттерге;

тыныш күйде артериялық гипотензиясы (артериялық қысымы <90/50 мм с.б.) немесе артериялық гипертензиясы бар (артериялық қысымы >170/100 мм с.б.) пациенттерге;

тұрақсыз стенокардиясы, сексуалды белсенділік кезінде стенокардиясы немесе жүрек функциясының 2 немесе одан жоғары класқа жататын іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге (кардиологтардың Нью-Йорк ассоциациясының жіктемесі бойынша).

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд–Пью жіктемесі бойынша С класс).

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин).

Генезі артериялық емес көру жүйкесінің ишемиялық нейропатиясы (NAION) салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл жағдай мұның алдында ФДЭ5 тежегіштерін қолданумен байланысының бар болғанына байланысты емес («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Торқабықтың тұқым қуалайтын дегенеративтік ауруы.

Кетоконазол, ритонавир, атазанавир, кларитромицин, индинавир, итраконазол, нефазодон, нелфинавир, саквинавир және телитромицин сияқты CYP3A4 күшті тежегіштерін бір мезгілде қабылдау («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі», «Арнайы ескертулер» және «Қолдану жөніндегі нұсқауларі» бөлімдерін қараңыз).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Аванафилмен потенциалды фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Жүйелік артериялық қысымды төмендететін дәрілік заттар.

Вазодилататор сияқты, аванафил жүйелік артериялық қысымды төмендетуі мүмкін. Егер Аваналав препаратын жүйелік артериялық қысымды төмендететін басқа дәрілік затпен біріктіріп қолданса, аддитивтік әсерлер симптоматикалық артериялық гипотензияға (мысалы, бас айналуға, сандырақтау сезіміне, синкопеге немесе синкопеге ұқсас жағдайға) әкелуі мүмкін. Клиникалық зерттеулер барысында артериялық гипотензия дамыған ешқандай жағдайлар байқалған жоқ, алайда бас айналудың жекелеген көріністері білінгені туралы ақпарат бар («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз). Осы зерттеулер кезінде плацебо тобында синкопенің бір көрінісі және 100 мг доза аванафилді қабылдаған топта да синкопенің бір көрінісі тіркелді.

Сол жақ қарыншаның шығатын жолының обструкциясы (мысалы, аортальді клапан стенозы, идиопатиялық гипертрофиялық субаортальді стенозы бар) пациенттер және артериялық қысымды вегетативтік бақылаудың ауыр бұзылулары бар пациенттер вазодилататорлардың әсеріне, соның ішінде аванафилге аса сезімтал болуы мүмкін.

Альфа-блокаторлар. Екі кезеңді айқаспалы бір зерттеуде дені сау ерікті адамдарда препараттың доксазозинмен және тамсулозинмен гемодинамикалық өзара әрекеттесулерінің зерттелгені туралы ақпарат бар. Доксазозинмен тұрақты ем қабылдаған пациенттерде (плацебода түзетілген) түрегеліп тұрған кездегі және шалқадан жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, сәйкесінше, 2,5 мм с.б. және 6,0 мм с.б. құрады. Жалпы алғанда, зерттеуге 24 қатысушының 7-уінде аванафилді қабылдағаннан кейін осы көрсеткіштердің бастапқы мәндерден потенциалды клиникалық маңызды болған деңгейге төмендегені байқалды («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Тамсулозинмен тұрақты ем қабылдаған пациенттерде түрегеліп тұрған кездегі және шалқадан жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, сәйкесінше, 3,6 мм с.б. және 3,1 мм с.б. құрады., және 24 қатысушының 5-уінде аванафилді қабылдағаннан кейін осы көрсеткіштердің бастапқы мәндерден потенциалды клиникалық маңызды болған деңгейге төмендеуінің байқалғаны белгілі («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Зерттеуге қатысушы топтың ешқайсысында артериялық қысымның төмендеуімен байланысты синкопе немесе басқа да ауыр жағымсыз құбылыстар туралы мәлімдемелер болған жоқ.

Альфа-блокаторлардан басқа гипертензияға қарсы өзге де препараттар. Артериялық қысымды төмендетуге қатысты гипертензияға қарсы жекелеген дәрілік заттардың (амлодипинді және эналаприлді) әсерлерін потенциялауға аванафилдің ықпалына баға беру үшін клиникалық зерттеулердің жүргізілгені белгілі. Зерттеу нәтижелері аванафилді бір мезгілде қолданғанда шалқадан жатқан кездегі артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі, эналаприлді қолданған топтағы плацебомен салыстырғанда, 2/3 мм с.б. және амлодипинді қолданған топта 1/-1мм с.б. құрайтынын көрсетті.

Шалқадан жатқан кездегі диастолалық артериялық қысымның плацебомен салыстырғандағы статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылығы эналаприлді және аванафилді біріктіріп қолданған топта байқалды, мұндайда артериялық қысымның төмендеу деңгейі аванафилдің дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң бастапқы мәндеріне оралды. Екі топта да артериялық гипотензияның симптомдарынсыз артериялық қысымның төмендегені білінген және ол басталғаннан кейін 1 сағаттан соң жойылған бір-бір пациенттен болды. Аванафил амлодипиннің фармакокинетикасына ешқандай ықпалын тигізген жоқ, алайда амлодипин аванафилдің ең жоғары және жалпы экспозициясын, сәйкесінше, 28%-ға және 60%-ға арттырды.

Алкоголь. Алкогольді аванафилмен біріктіріп қолдану симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады. Препараттың дозасын бір рет қолданған дені сау ерікті адамдарға жүргізілген айқаспалы бір зерттеуде диастолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, тек аванафилді (3,2 мм с.б.-ға) немесе тек алкогольді (5,0 мм с.б-ға) қабылдағаннан кейінгіге қарағанда, статистикалық тұрғыдан едәуір көп болғаны туралы ақпарат бар («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа да дәрілер. Аванафилді ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа дәрілермен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Аванафилге басқа заттардың ықпалы

Аванафил CYP3A4 субстраты болып табылады және осы ферментпен метаболизденеді. CYP3A4-ті тежейтін дәрілік заттардың аванафилдің AUC мәнін арттыруы мүмкін екендігі зерттеулерден белгілі.

CYP3A4 орташа тежегіші болып табылатын эритромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг) аванафилдің Cmax және AUC мәндерін оны 200 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін, сәйкесінше, шамамен 2 есеге және 3 есеге арттырды және аванафилдің жартылай шығарылу кезеңін шамамен 8 сағатқа ұзартты. CYP3A4 басқа орташа тежегіштері (мысалы, ампренавир, апрепитант, дилтиазем, флуконазол, фосампренавир және верапамил) осыған ұқсас әсерлерге себепші болады деп күтіледі. Осыған байланысты CYP3A4 орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттер үшін аванафилдің ұсынылған ең жоғары дозасы әрбір 48 сағат сайын 100 мг құрайды («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Нақты препараттармен өзара әрекеттесулері зерттелмесе де, CYP3A4 басқа тежегіштері, соның ішінде грейпфрут шырыны аванафилдің AUC мәнін арттыруы мүмкін. Пациенттерге грейфрут шырынын аванафилді қабылдаудан 24 сағат бұрын пайдалану керектігін алдын ала ескерту керек.

CYP3A4 субстраты. Амлодипин (тәулігіне 5 мг) аванафилдің Cmax және AUC мәндерін, оны 200 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін, сәйкесінше, шамамен 28%-ға және 60%-ға арттырды. AUC осы өзгерістері клиникалық тұрғыдан маңызды деп бағаланбайды. Аванафилді бір реттік қабылдау қан плазмасында амлодипиннің деңгейіне ықпалын тигізген жоқ.

Аванафилдің ривароксабанмен және апиксабанмен (екеуі де – CYP3A4 субстраттары) өзара әрекеттесулері арнайы зерттелмесе де, мұндай өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Р450 цитохромы ферменттерінің индукторлары. CYP ферменттерінің индукторларының, әсіресе CYP3A4 индукторларының (мысалы, бозентан, карбамазепин, эфавиренц, фенобарбитал және рифампицин) аванафилдің фармакокинетикасына және тиімділігіне потенциалды әсері зерттелген жоқ. Аванафилді және CYP ферменттерінің индукторларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл аванафилдің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Аванафилдің басқа дәрілік заттарға ықпалы

Р450 цитохромы ферменттерінің тежелуі. Аванафилдің (адам бауырының микросомаларында) CYP1A1/2, 2A6, 2B6 және 2E1 ферменттері арқылы дәрілік өзара әрекеттесулердің аздаған потенциалын көрсеткені іn vitro зерттеулерден белгілі. Бұдан басқа, аванафилдің (M4, M16 және M27) метаболиттері де CYP 1A1/2, 2A6, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 ферменттерін өте аз тежейтінін көрсетті. Осы деректерді ескерер болсақ, аванафилдің осы ферменттермен метаболизденетін басқа дәрілік заттарға елеулі ықпалы көрініс береді деп күтілмейді.

Іn vitro зерттеулерден алынған деректерден аванафилдің CYP 2C19, 2C8/9, 2D6 және 3A4 ферменттерімен потенциалды өзара әрекеттесулері байқалса да, омепразолды, розиглитазонды және дезипраминді қолданып әрі қарай жүргізілген зерттеулерде CYP 2C19, 2C8/9 2D6 ферменттерімен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер білінген жоқ.

Р450 цитохромы ферменттерінің индукциясы. Іn vitro зерттеулерде адамның алғашқы гепатоциттерінде жасалған CYP1A2, CYP2B6 және CYP3A4 ферменттерінің аванафилмен индукциялану потенциалына берілген бағада осы ферменттердің клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда индукциялануының ешқандай потенциалын байқаған жоқ.

Тасымалдаушылар. Іn vitro зерттеу нәтижелері P-гликопротеин (P-gp) субстраты ретінде және ішекте есептік концентрациялардан төмен концентрациялардағы субстрат ретінде дигоксинмен бірге P-gp тежегіші ретінде аванафилдің әсер етуінің орташа потенциалын көрсетті. Аванафил потенциалының P-gp арқылы басқа дәрілік заттардың тасымалдауына ықпал етуі белгісіз.

Іn vitro зерттеулердің нәтижелері бойынша аванафил клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда қолданған кезде BCRP тежегішінен (сүт бездерінің обырына резистентті ақуыз) басым болуы мүмкін. Клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда аванафил OATP1B1, OATP1B3, OCT1, OCT2, OAT1, OAT3 және BSEP тасымалдаушы ақуыздарының тежегіші болып табылмайды.

Аванафилдің басқа тасымалдаушыларға ықпалы әзір белгісіз.

Арнайы ескертулер

Дәрі-дәрмектік емді тағайындамас бұрын, медициналық анамнезді жинау және эректильді дисфункцияны диагностикалау және оның ықтимал бірінші себептерін анықтау үшін жалпы медициналық тексеру жүргізу қажет.

Приапизм. Егер эрекция 4 сағатқа және одан ұзаққа созылса (приапизм), пациенттерге медициналық жәрдем алуға дереу бару қажеттілігі туралы нұсқау беру керек. Егер приапизм жағдайында тиісті шұғыл ем тағайындамаса, жыныс мүшесі тінінің зақымдануы туындауы және потенциядан қайтымсыз айырылуы мүмкін. Аванафилді жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) пациенттерге және приапизмнің дамуына әкелуі мүмкін аурулары (мысалы, орақ-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкоз сияқты) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Қанның ұюына ықпалы. Адамның тромбоциттерін in vitro зерттеулер тромбоциттердің агрегациясына ФДЭ5 тежегіштерінің өздігінен өзі ықпалын тигізбейтіндігін көрсетеді, алайда супратерапиялық дозаларда олар натрий нитропруссидінің азот тотығы донорының агрегацияға қарсы әсерін потенциялайды. Адамдарда ФДЭ5 тежегіштері қанның ұю уақытына монотерапияда да, ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданғанда да ықпалын тигізбейді.

Аванафилдің қанның ұю функциясының бұзылулары бар немесе асқазанның белсенді пептикалық ойық жарасы бар пациенттерге қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты аванафилді мұндай пациенттерге тек пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін ғана тағайындау керек.

Естудің нашарлауы немесе кенеттен жоғалуы. Пациенттерге есту кенеттен нашарлаған немесе жоғалған жағдайда ФДЭ5 тежегіштерін, соның ішінде аванафилді қабылдауды тоқтату және дереу медициналық жәрдем алу қажеттілігі туралы айту керек. Құлақтың шуылдауымен және шыңылдауымен және бас айналумен қатар жүруі мүмкін құбылыстар ФДЭ5 тежегіштерін қабылдау уақытымен байланысты ретінде мәлімделді. Осы құбылыстар және ФДЭ5 тежегіштерін қолдану немесе басқа да факторлар арасында тікелей байланыстың бар-жоқтығын анықтау мүмкін емес.

Альфа-блокаторларды бір мезгілде қолдану. Альфа-блокаторларды және аванафилді бір мезгілде қолдану кейбір пациенттерде аддитивті вазодилатациялаушы әсерлер арқылы симптоматикалық артериялық гипотензияға әкелуі мүмкін («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Келесіге назар аудару қажет:

Аваналав препаратымен емдеуді бастамас бұрын, альфа-блокаторлармен емделіп жүрген пациенттің жағдайы тұрақтандырылуы тиіс. Альфа-блокатормен монотерапия аясында гемодинамикалық тұрақсыздықты көрсететін пациенттерде аванафилді бір мезгілде қолданғанда симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупінің жоғарылағаны байқалады.

Альфа-блокаторлармен емдеген кезде жағдайы тұрақты болып табылатын пациенттер үшін аванафилмен емдеуді өте төмен 50 мг дозадан бастау керек.

Аваналав препаратының оңтайландырылған дозасын қабылдап жүрген пациенттер үшін альфа-блокатормен емдеуді өте төмен дозадан бастау керек. Аванафилді қабылдау аясында альфа-блокатор дозасын біртіндеп арттыру артериялық қысымның қосымша төмендеуімен қоса жүруі мүмкін.

Аванафилді және альфа-блокаторларды біріктіріп қолданудың қауіпсіздігіне басқа да факторлар, соның ішінде айналымдағы қан көлемінің төмендеуі және гипертензияға қарсы басқа да дәрілік заттарды қолдану ықпалын тигізуі мүмкін.

Эректильді дисфункцияны емдеу үшін басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану. Эректильді дисфункцияны емдеу үшін аванафилді ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе басқа препараттармен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ. Пациенттерді Аваналав препаратын осындай дәрілік заттармен біріктіріп қолданудан сақтандыру керек.

Алкогольді бір мезгілде қолдану. Алкогольді аванафилмен біріктіріп қолдану симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Пациенттерге аванафил мен алкогольді бір мезгілде қолдану артериялық гипотензияның, бас айналудың немесе синкопенің даму ықтималдылығын арттыратынын алдын ала ескерту керек. Дәрігерлер сондай-ақ пациентке постуральді гипотензия симптомдары туындаған жағдайда не істеу керектігі туралы нұсқау беруі тиіс.

Препараттың әсері зерттелмеген популяциялар. Жұлынның зақымдануы немесе басқа да неврологиялық бұзылыстар себепші болған эректильді дисфункциясы бар пациенттерде, және бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде аванафилдің әсері зерттелген жоқ.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға (18 жасқа дейінгі) қолданбайды.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік. Аваналав дәрілік заты әйелдерге қолдануға арналмаған. Жүкті әйелдерге аванафилді қолдану жөнінде деректер жоқ. Хайуандарға жүргізілген зерттеу нәтижелері жүктілік барысына, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе ұрпағының постнатальді дамуына қандай да болсын тікелей немесе жанама зиянды ықпалы бар екендігін көрсетпейді.

Емшек емізу кезеңі. Емшек емізу кезеңінде аванафилді қолдану туралы деректер жоқ.

Фертильділік. Аванафилді 200 мг дозада бір реттік пероральді түрде қабылдағаннан кейін дені сау ерікті адамдарда сперматозоидтардың қозғалғыштығына немесе морфологиясына ешқандай ықпалы байқалған жоқ. Дені сау ересек еркектерде және жеңіл эректильді дисфункциясы бар ересек еркектерде қазіргі таңда сперматогенезге қатысты деректер жоқ.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне Аваналав дәрілік затының аздаған ықпалы бар. Аванафилді клиникалық зерттеулер барысында бас айналу және көрудің бұзылулары туралы мәлімделген ақпарат бар, сондықтан пациенттер автомобильді басқармас немесе механизмдермен жұмыс жасамас бұрын Аваналав дәрілік затына қандай реакция беретіндігін білуі тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Аваналав препаратын тағайындамас бұрын, дәрігерлер жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде жүрек функциясының сексуалды белсенділігінің потенциалды қаупін саралауы тиіс.

Аванафилді пациенттердің мынадай санаттарына қолдануға болмайды:

соңғы 6 ай ішінде миокард инфарктісін, инсультті немесе өмір үшін қауіпті аритмияны басынан кешірген пациенттерге;

тыныш күйде артериялық гипотензиясы (артериялық қысымы <90/50 мм с.б.) немесе артериялық гипертензиясы бар (артериялық қысымы >170/100 мм с.б.) пациенттерге;

тұрақсыз стенокардиясы, сексуалды белсенділік кезінде стенокардиясы немесе жүрек функциясының 2 немесе одан жоғары класқа жататын іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге (кардиологтардың Нью-Йорк ассоциациясының жіктемесі бойынша).

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд–Пью жіктемесі бойынша С класс).

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин).

Генезі артериялық емес көру жүйкесінің ишемиялық нейропатиясы (NAION) салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл жағдай мұның алдында ФДЭ5 тежегіштерін қолданумен байланысының бар болғанына байланысты емес («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Торқабықтың тұқым қуалайтын дегенеративтік ауруы.

Аванафилмен потенциалды фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Нитраттар. Дені сау ерікті адамдарда нитраттар, плацебомен салыстырғанда, гипотензиялық әсерді күшейтетіні белгілі. Бұл азот тотығының/цГМФ механизміне нитраттардың және аванафилдің бірігіп әсер етуімен жүзеге асады деп саналады. Осыған байланысты органикалық нитраттардың кез келген түрлерін немесе азот тотығының донорларын (мысалы, амилнитрит) қабылдап жүрген пациенттерге аванафилді тағайындауға болмайды. Соңғы 12 сағат ішінде аванафилді қабылдаған пациентте, жағдайы өмір үшін қауіпті болған кезде медициналық тұрғыдан негізделген нитраттарды тағайындағанда, артериялық қысымның маңызды және потенциалды түрде қауіпті төмендеу ықтималдылығы артады. Тіпті мұндай жағдайларда нитраттарды тек мұқият медициналық бақылай отырып және гемодинамикасына тиісінше мониторинг жасай отырып, қолдану керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Жүйелік артериялық қысымды төмендететін дәрілік заттар.

Вазодилататор сияқты, аванафил жүйелік артериялық қысымды төмендетуі мүмкін. Егер Аваналав препаратын жүйелік артериялық қысымды төмендететін басқа дәрілік затпен біріктіріп қолданса, аддитивтік әсерлер симптоматикалық артериялық гипотензияға (мысалы, бас айналуға, сандырақтау сезіміне, синкопеге немесе синкопеге ұқсас жағдайға) әкелуі мүмкін. Клиникалық зерттеулер барысында артериялық гипотензия дамыған ешқандай жағдайлар байқалған жоқ, алайда бас айналудың жекелеген көріністері білінгені туралы ақпарат бар («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз). Осы зерттеулер кезінде плацебо тобында синкопенің бір көрінісі және 100 мг доза аванафилді қабылдаған топта да синкопенің бір көрінісі тіркелді.

Сол жақ қарыншаның шығатын жолының обструкциясы (мысалы, аортальді клапан стенозы, идиопатиялық гипертрофиялық субаортальді стенозы бар) пациенттер және артериялық қысымды вегетативтік бақылаудың ауыр бұзылулары бар пациенттер вазодилататорлардың әсеріне, соның ішінде аванафилге аса сезімтал болуы мүмкін.

Альфа-блокаторлар. Екі кезеңді айқаспалы бір зерттеуде дені сау ерікті адамдарда препараттың доксазозинмен және тамсулозинмен гемодинамикалық өзара әрекеттесулерінің зерттелгені туралы ақпарат бар. Доксазозинмен тұрақты ем қабылдаған пациенттерде (плацебода түзетілген) түрегеліп тұрған кездегі және шалқадан жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, сәйкесінше, 2,5 мм с.б. және 6,0 мм с.б. құрады. Жалпы алғанда, зерттеуге 24 қатысушының 7-уінде аванафилді қабылдағаннан кейін осы көрсеткіштердің бастапқы мәндерден потенциалды клиникалық маңызды болған деңгейге төмендегені байқалды («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Тамсулозинмен тұрақты ем қабылдаған пациенттерде түрегеліп тұрған кездегі және шалқадан жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, сәйкесінше, 3,6 мм с.б. және 3,1 мм с.б. құрады., және 24 қатысушының 5-уінде аванафилді қабылдағаннан кейін осы көрсеткіштердің бастапқы мәндерден потенциалды клиникалық маңызды болған деңгейге төмендеуінің байқалғаны белгілі («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Зерттеуге қатысушы топтың ешқайсысында артериялық қысымның төмендеуімен байланысты синкопе немесе басқа да ауыр жағымсыз құбылыстар туралы мәлімдемелер болған жоқ.

Альфа-блокаторлардан басқа гипертензияға қарсы өзге де препараттар. Артериялық қысымды төмендетуге қатысты гипертензияға қарсы жекелеген дәрілік заттардың (амлодипинді және эналаприлді) әсерлерін потенциялауға аванафилдің ықпалына баға беру үшін клиникалық зерттеулердің жүргізілгені белгілі. Зерттеу нәтижелері аванафилді бір мезгілде қолданғанда шалқадан жатқан кездегі артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі, эналаприлді қолданған топтағы плацебомен салыстырғанда, 2/3 мм с.б. және амлодипинді қолданған топта 1/-1мм с.б. құрайтынын көрсетті.

Шалқадан жатқан кездегі диастолалық артериялық қысымның плацебомен салыстырғандағы статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылығы эналаприлді және аванафилді біріктіріп қолданған топта байқалды, мұндайда артериялық қысымның төмендеу деңгейі аванафилдің дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң бастапқы мәндеріне оралды. Екі топта да артериялық гипотензияның симптомдарынсыз артериялық қысымның төмендегені білінген және ол басталғаннан кейін 1 сағаттан соң жойылған бір-бір пациенттен болды. Аванафил амлодипиннің фармакокинетикасына ешқандай ықпалын тигізген жоқ, алайда амлодипин аванафилдің ең жоғары және жалпы экспозициясын, сәйкесінше, 28%-ға және 60%-ға арттырды.

Алкоголь. Алкогольді аванафилмен біріктіріп қолдану симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады. Препараттың дозасын бір рет қолданған дені сау ерікті адамдарға жүргізілген айқаспалы бір зерттеуде диастолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, тек аванафилді (3,2 мм с.б.-ға) немесе тек алкогольді (5,0 мм с.б-ға) қабылдағаннан кейінгіге қарағанда, статистикалық тұрғыдан едәуір көп болғаны туралы ақпарат бар («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа да дәрілер. Аванафилді ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа дәрілермен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Аванафилге басқа заттардың ықпалы

Аванафил CYP3A4 субстраты болып табылады және осы ферментпен метаболизденеді. CYP3A4-ті тежейтін дәрілік заттардың аванафилдің AUC мәнін арттыруы мүмкін екендігі зерттеулерден белгілі.

CYP3A4 тежегіштері. CYP3A4 селективті және өте күшті тежегіші болып табылатын кетоконазол (тәулігіне 400 мг) аванафилдің Cmax және AUC мәндерін оны 50 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін, сәйкесінше, шамамен 3 есеге және 14 есеге арттырды және аванафилдің жартылай шығарылу кезеңін шамамен 9 сағатқа ұзартты. CYP3A4 өте күшті тежегіші болып табылатын ритонавир (тәулігіне 2 рет 600 мг) сондай-ақ CYP2C9-ды тежейді, аванафилдің Cmax және AUC мәндерін оны 50 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін, сәйкесінше, шамамен 2 есеге және 13 есеге арттырды және аванафилдің жартылай шығарылу кезеңін шамамен 9 сағатқа ұзартты. CYP3A4 басқа күшті тежегіштері (мысалы, итраконазол, вориконазол, кларитромицин, нефазодон, саквинавир, нелфинавир, индинавир, атазанавир және телитромицин) осыған ұқсас әсерлерге себепші болады деп күтіледі. Сондықтан аванафилді CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Арнайы ескертулер» және «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).

CYP3A4 орташа тежегіші болып табылатын эритромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг) аванафилдің Cmax және AUC мәндерін оны 200 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін, сәйкесінше, шамамен 2 есеге және 3 есеге арттырды және аванафилдің жартылай шығарылу кезеңін шамамен 8 сағатқа ұзартты. CYP3A4 басқа орташа тежегіштері (мысалы, ампренавир, апрепитант, дилтиазем, флуконазол, фосампренавир және верапамил) осыған ұқсас әсерлерге себепші болады деп күтіледі. Осыған байланысты CYP3A4 орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттер үшін аванафилдің ұсынылған ең жоғары дозасы әрбір 48 сағат сайын 100 мг құрайды («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Нақты препараттармен өзара әрекеттесулері зерттелмесе де, CYP3A4 басқа тежегіштері, соның ішінде грейпфрут шырыны аванафилдің AUC мәнін арттыруы мүмкін. Пациенттерге грейфрут шырынын аванафилді қабылдаудан 24 сағат бұрын пайдалану керектігін алдын ала ескерту керек.

CYP3A4 субстраты. Амлодипин (тәулігіне 5 мг) аванафилдің Cmax және AUC мәндерін, оны 200 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін, сәйкесінше, шамамен 28%-ға және 60%-ға арттырды. AUC осы өзгерістері клиникалық тұрғыдан маңызды деп бағаланбайды. Аванафилді бір реттік қабылдау қан плазмасында амлодипиннің деңгейіне ықпалын тигізген жоқ.

Аванафилдің ривароксабанмен және апиксабанмен (екеуі де – CYP3A4 субстраттары) өзара әрекеттесулері арнайы зерттелмесе де, мұндай өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Р450 цитохромы ферменттерінің индукторлары. CYP ферменттерінің индукторларының, әсіресе CYP3A4 индукторларының (мысалы, бозентан, карбамазепин, эфавиренц, фенобарбитал және рифампицин) аванафилдің фармакокинетикасына және тиімділігіне потенциалды әсері зерттелген жоқ. Аванафилді және CYP ферменттерінің индукторларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл аванафилдің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Аванафилдің басқа дәрілік заттарға ықпалы

Р450 цитохромы ферменттерінің тежелуі. Аванафилдің (адам бауырының микросомаларында) CYP1A1/2, 2A6, 2B6 және 2E1 ферменттері арқылы дәрілік өзара әрекеттесулердің аздаған потенциалын көрсеткені іn vitro зерттеулерден белгілі. Бұдан басқа, аванафилдің (M4, M16 және M27) метаболиттері де CYP 1A1/2, 2A6, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 ферменттерін өте аз тежейтінін көрсетті. Осы деректерді ескерер болсақ, аванафилдің осы ферменттермен метаболизденетін басқа дәрілік заттарға елеулі ықпалы көрініс береді деп күтілмейді.

Іn vitro зерттеулерден алынған деректерден аванафилдің CYP 2C19, 2C8/9, 2D6 және 3A4 ферменттерімен потенциалды өзара әрекеттесулері байқалса да, омепразолды, розиглитазонды және дезипраминді қолданып әрі қарай жүргізілген зерттеулерде CYP 2C19, 2C8/9 2D6 ферменттерімен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер білінген жоқ.

Р450 цитохромы ферменттерінің индукциясы. Іn vitro зерттеулерде адамның алғашқы гепатоциттерінде жасалған CYP1A2, CYP2B6 және CYP3A4 ферменттерінің аванафилмен индукциялану потенциалына берілген бағада осы ферменттердің клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда индукциялануының ешқандай потенциалын байқаған жоқ.

Тасымалдаушылар. Іn vitro зерттеу нәтижелері P-гликопротеин (P-gp) субстраты ретінде және ішекте есептік концентрациялардан төмен концентрациялардағы субстрат ретінде дигоксинмен бірге P-gp тежегіші ретінде аванафилдің әсер етуінің орташа потенциалын көрсетті. Аванафил потенциалының P-gp арқылы басқа дәрілік заттардың тасымалдауына ықпал етуі белгісіз.

Іn vitro зерттеулердің нәтижелері бойынша аванафил клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда қолданған кезде BCRP тежегішінен (сүт бездерінің обырына резистентті ақуыз) басым болуы мүмкін. Клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда аванафил OATP1B1, OATP1B3, OCT1, OCT2, OAT1, OAT3 және BSEP тасымалдаушы ақуыздарының тежегіші болып табылмайды.

Аванафилдің басқа тасымалдаушыларға ықпалы әзір белгісіз.

Риоцигуат. Клиникаға дейінгі зерттеулерде ФДЭ5 тежегіштерін риоцигуатпен біріктіріп қолданғанда жүйелік артериялық қысымның төмендеуінің аддитивтік әсерін көрсеткені туралы ақпарат бар. Клиникалық зерттеулерде ФДЭ5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерлерін риоцигуаттың күшейтетіндігі көрсетілді. Зерттелетін популяцияларда мұндай біріктірілімді қолданудың жағымды клиникалық әсерінің пайдасына дәлелді деректер алынған жоқ. Риоцигуатты және ФДЭ5 тежегіштері, соның ішінде аванафилді қатар қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Арнайы ескертулер

Дәрі-дәрмектік емді тағайындамас бұрын, медициналық анамнезді жинау және эректильді дисфункцияны диагностикалау және оның ықтимал бірінші себептерін анықтау үшін жалпы медициналық тексеру жүргізу қажет.

Приапизм. Егер эрекция 4 сағатқа және одан ұзаққа созылса (приапизм), пациенттерге медициналық жәрдем алуға дереу бару қажеттілігі туралы нұсқау беру керек. Егер приапизм жағдайында тиісті шұғыл ем тағайындамаса, жыныс мүшесі тінінің зақымдануы туындауы және потенциядан қайтымсыз айырылуы мүмкін. Аванафилді жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) пациенттерге және приапизмнің дамуына әкелуі мүмкін аурулары (мысалы, орақ-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкоз сияқты) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Көрудің бұзылуы. ФДЭ5 басқа тежегіштерін қолданумен байланысты көрудің бұзылулары және генезі артериялық емес көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясының даму жағдайлары туралы мәлімделді. Пациентке көру кенеттен нашарлаған жағдайда Аваналав препаратын қолдануды тоқтату және дәрігерге дереу қаралу қажеттігі туралы айту керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Қанның ұюына ықпалы. Адамның тромбоциттерін in vitro зерттеулер тромбоциттердің агрегациясына ФДЭ5 тежегіштерінің өздігінен өзі ықпалын тигізбейтіндігін көрсетеді, алайда супратерапиялық дозаларда олар натрий нитропруссидінің азот тотығы донорының агрегацияға қарсы әсерін потенциялайды. Адамдарда ФДЭ5 тежегіштері қанның ұю уақытына монотерапияда да, ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданғанда да ықпалын тигізбейді.

Аванафилдің қанның ұю функциясының бұзылулары бар немесе асқазанның белсенді пептикалық ойық жарасы бар пациенттерге қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты аванафилді мұндай пациенттерге тек пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін ғана тағайындау керек.

Аванафилдің қанның ұю функциясының бұзылулары бар немесе асқазанның белсенді пептикалық ойық жарасы бар пациенттерге қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты аванафилді мұндай пациенттерге тек пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін ғана тағайындау керек.

Естудің нашарлауы немесе кенеттен жоғалуы. Пациенттерге есту кенеттен нашарлаған немесе жоғалған жағдайда ФДЭ5 тежегіштерін, соның ішінде аванафилді қабылдауды тоқтату және дереу медициналық жәрдем алу қажеттілігі туралы айту керек. Құлақтың шуылдауымен және шыңылдауымен және бас айналумен қатар жүруі мүмкін құбылыстар ФДЭ5 тежегіштерін қабылдау уақытымен байланысты ретінде мәлімделді. Осы құбылыстар және ФДЭ5 тежегіштерін қолдану немесе басқа да факторлар арасында тікелей байланыстың бар-жоқтығын анықтау мүмкін емес.

Аваналав препаратымен емдеуді бастамас бұрын, альфа-блокаторлармен емделіп жүрген пациенттің жағдайы тұрақтандырылуы тиіс. Альфа-блокатормен монотерапия аясында гемодинамикалық тұрақсыздықты көрсететін пациенттерде аванафилді бір мезгілде қолданғанда симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупінің жоғарылағаны байқалады.

Альфа-блокаторлармен емдеген кезде жағдайы тұрақты болып табылатын пациенттер үшін аванафилмен емдеуді өте төмен 50 мг дозадан бастау керек.

Аваналав препаратының оңтайландырылған дозасын қабылдап жүрген пациенттер үшін альфа-блокатормен емдеуді өте төмен дозадан бастау керек. Аванафилді қабылдау аясында альфа-блокатор дозасын біртіндеп арттыру артериялық қысымның қосымша төмендеуімен қоса жүруі мүмкін.

Аванафилді және альфа-блокаторларды біріктіріп қолданудың қауіпсіздігіне басқа да факторлар, соның ішінде айналымдағы қан көлемінің төмендеуі және гипертензияға қарсы басқа да дәрілік заттарды қолдану ықпалын тигізуі мүмкін.

Эректильді дисфункцияны емдеу үшін басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану. Эректильді дисфункцияны емдеу үшін аванафилді ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе басқа препараттармен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ. Пациенттерді Аваналав препаратын осындай дәрілік заттармен біріктіріп қолданудан сақтандыру керек.

Препараттың әсері зерттелмеген популяциялар. Жұлынның зақымдануы немесе басқа да неврологиялық бұзылыстар себепші болған эректильді дисфункциясы бар пациенттерде, және бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде аванафилдің әсері зерттелген жоқ.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға (18 жасқа дейінгі) қолданбайды.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік. Аваналав дәрілік заты әйелдерге қолдануға арналмаған. Жүкті әйелдерге аванафилді қолдану жөнінде деректер жоқ. Хайуандарға жүргізілген зерттеу нәтижелері жүктілік барысына, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе ұрпағының постнатальді дамуына қандай да болсын тікелей немесе жанама зиянды ықпалы бар екендігін көрсетпейді.

Емшек емізу кезеңі. Емшек емізу кезеңінде аванафилді қолдану туралы деректер жоқ.

Фертильділік. Аванафилді 200 мг дозада бір реттік пероральді түрде қабылдағаннан кейін дені сау ерікті адамдарда сперматозоидтардың қозғалғыштығына немесе морфологиясына ешқандай ықпалы байқалған жоқ. Дені сау ересек еркектерде және жеңіл эректильді дисфункциясы бар ересек еркектерде қазіргі таңда сперматогенезге қатысты деректер жоқ.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне Аваналав дәрілік затының аздаған ықпалы бар. Аванафилді клиникалық зерттеулер барысында бас айналу және көрудің бұзылулары туралы мәлімделген ақпарат бар, сондықтан пациенттер автомобильді басқармас немесе механизмдермен жұмыс жасамас бұрын Аваналав дәрілік затына қандай реакция беретіндігін білуі тиіс.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Аванафилмен потенциалды фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Нитраттар. Дені сау ерікті адамдарда нитраттар, плацебомен салыстырғанда, гипотензиялық әсерді күшейтетіні белгілі. Бұл азот тотығының/цГМФ механизміне нитраттардың және аванафилдің бірігіп әсер етуімен жүзеге асады деп саналады. Осыған байланысты органикалық нитраттардың кез келген түрлерін немесе азот тотығының донорларын (мысалы, амилнитрит) қабылдап жүрген пациенттерге аванафилді тағайындауға болмайды. Соңғы 12 сағат ішінде аванафилді қабылдаған пациентте, жағдайы өмір үшін қауіпті болған кезде медициналық тұрғыдан негізделген нитраттарды тағайындағанда, артериялық қысымның маңызды және потенциалды түрде қауіпті төмендеу ықтималдылығы артады. Тіпті мұндай жағдайларда нитраттарды тек мұқият медициналық бақылай отырып және гемодинамикасына тиісінше мониторинг жасай отырып, қолдану керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Жүйелік артериялық қысымды төмендететін дәрілік заттар.

Вазодилататор сияқты, аванафил жүйелік артериялық қысымды төмендетуі мүмкін. Егер Аваналав препаратын жүйелік артериялық қысымды төмендететін басқа дәрілік затпен біріктіріп қолданса, аддитивтік әсерлер симптоматикалық артериялық гипотензияға (мысалы, бас айналуға, сандырақтау сезіміне, синкопеге немесе синкопеге ұқсас жағдайға) әкелуі мүмкін. Клиникалық зерттеулер барысында артериялық гипотензия дамыған ешқандай жағдайлар байқалған жоқ, алайда бас айналудың жекелеген көріністері білінгені туралы ақпарат бар («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз). Осы зерттеулер кезінде плацебо тобында синкопенің бір көрінісі және 100 мг доза аванафилді қабылдаған топта да синкопенің бір көрінісі тіркелді.

Сол жақ қарыншаның шығатын жолының обструкциясы (мысалы, аортальді клапан стенозы, идиопатиялық гипертрофиялық субаортальді стенозы бар) пациенттер және артериялық қысымды вегетативтік бақылаудың ауыр бұзылулары бар пациенттер вазодилататорлардың әсеріне, соның ішінде аванафилге аса сезімтал болуы мүмкін.

Альфа-блокаторлар. Екі кезеңді айқаспалы бір зерттеуде дені сау ерікті адамдарда препараттың доксазозинмен және тамсулозинмен гемодинамикалық өзара әрекеттесулерінің зерттелгені туралы ақпарат бар. Доксазозинмен тұрақты ем қабылдаған пациенттерде (плацебода түзетілген) түрегеліп тұрған кездегі және шалқадан жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, сәйкесінше, 2,5 мм с.б. және 6,0 мм с.б. құрады. Жалпы алғанда, зерттеуге 24 қатысушының 7-уінде аванафилді қабылдағаннан кейін осы көрсеткіштердің бастапқы мәндерден потенциалды клиникалық маңызды болған деңгейге төмендегені байқалды («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Тамсулозинмен тұрақты ем қабылдаған пациенттерде түрегеліп тұрған кездегі және шалқадан жатқан кездегі систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, сәйкесінше, 3,6 мм с.б. және 3,1 мм с.б. құрады., және 24 қатысушының 5-уінде аванафилді қабылдағаннан кейін осы көрсеткіштердің бастапқы мәндерден потенциалды клиникалық маңызды болған деңгейге төмендеуінің байқалғаны белгілі («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Зерттеуге қатысушы топтың ешқайсысында артериялық қысымның төмендеуімен байланысты синкопе немесе басқа да ауыр жағымсыз құбылыстар туралы мәлімдемелер болған жоқ.

Альфа-блокаторлардан басқа гипертензияға қарсы өзге де препараттар. Артериялық қысымды төмендетуге қатысты гипертензияға қарсы жекелеген дәрілік заттардың (амлодипинді және эналаприлді) әсерлерін потенциялауға аванафилдің ықпалына баға беру үшін клиникалық зерттеулердің жүргізілгені белгілі. Зерттеу нәтижелері аванафилді бір мезгілде қолданғанда шалқадан жатқан кездегі артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі, эналаприлді қолданған топтағы плацебомен салыстырғанда, 2/3 мм с.б. және амлодипинді қолданған топта 1/-1мм с.б. құрайтынын көрсетті.

Шалқадан жатқан кездегі диастолалық артериялық қысымның плацебомен салыстырғандағы статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылығы эналаприлді және аванафилді біріктіріп қолданған топта байқалды, мұндайда артериялық қысымның төмендеу деңгейі аванафилдің дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң бастапқы мәндеріне оралды. Екі топта да артериялық гипотензияның симптомдарынсыз артериялық қысымның төмендегені білінген және ол басталғаннан кейін 1 сағаттан соң жойылған бір-бір пациенттен болды. Аванафил амлодипиннің фармакокинетикасына ешқандай ықпалын тигізген жоқ, алайда амлодипин аванафилдің ең жоғары және жалпы экспозициясын, сәйкесінше, 28%-ға және 60%-ға арттырды.

Алкоголь. Алкогольді аванафилмен біріктіріп қолдану симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады. Препараттың дозасын бір рет қолданған дені сау ерікті адамдарға жүргізілген айқаспалы бір зерттеуде диастолалық артериялық қысымның орташа ең жоғары төмендеуі аванафилді қабылдағаннан кейін, тек аванафилді (3,2 мм с.б.-ға) немесе тек алкогольді (5,0 мм с.б-ға) қабылдағаннан кейінгіге қарағанда, статистикалық тұрғыдан едәуір көп болғаны туралы ақпарат бар («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа да дәрілер. Аванафилді ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа дәрілермен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Аванафилге басқа заттардың ықпалы

Аванафил CYP3A4 субстраты болып табылады және осы ферментпен метаболизденеді. CYP3A4-ті тежейтін дәрілік заттардың аванафилдің AUC мәнін арттыруы мүмкін екендігі зерттеулерден белгілі.

Нақты препараттармен өзара әрекеттесулері зерттелмесе де, CYP3A4 басқа тежегіштері, соның ішінде грейпфрут шырыны аванафилдің AUC мәнін арттыруы мүмкін. Пациенттерге грейфрут шырынын аванафилді қабылдаудан 24 сағат бұрын пайдалану керектігін алдын ала ескерту керек.

CYP3A4 субстраты. Амлодипин (тәулігіне 5 мг) аванафилдің Cmax және AUC мәндерін, оны 200 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін, сәйкесінше, шамамен 28%-ға және 60%-ға арттырды. AUC осы өзгерістері клиникалық тұрғыдан маңызды деп бағаланбайды. Аванафилді бір реттік қабылдау қан плазмасында амлодипиннің деңгейіне ықпалын тигізген жоқ.

Аванафилдің ривароксабанмен және апиксабанмен (екеуі де – CYP3A4 субстраттары) өзара әрекеттесулері арнайы зерттелмесе де, мұндай өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Р450 цитохромы ферменттерінің индукторлары. CYP ферменттерінің индукторларының, әсіресе CYP3A4 индукторларының (мысалы, бозентан, карбамазепин, эфавиренц, фенобарбитал және рифампицин) аванафилдің фармакокинетикасына және тиімділігіне потенциалды әсері зерттелген жоқ. Аванафилді және CYP ферменттерінің индукторларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл аванафилдің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Аванафилдің басқа дәрілік заттарға ықпалы

Р450 цитохромы ферменттерінің тежелуі. Аванафилдің (адам бауырының микросомаларында) CYP1A1/2, 2A6, 2B6 және 2E1 ферменттері арқылы дәрілік өзара әрекеттесулердің аздаған потенциалын көрсеткені іn vitro зерттеулерден белгілі. Бұдан басқа, аванафилдің (M4, M16 және M27) метаболиттері де CYP 1A1/2, 2A6, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 ферменттерін өте аз тежейтінін көрсетті. Осы деректерді ескерер болсақ, аванафилдің осы ферменттермен метаболизденетін басқа дәрілік заттарға елеулі ықпалы көрініс береді деп күтілмейді.

Іn vitro зерттеулерден алынған деректерден аванафилдің CYP 2C19, 2C8/9, 2D6 және 3A4 ферменттерімен потенциалды өзара әрекеттесулері байқалса да, омепразолды, розиглитазонды және дезипраминді қолданып әрі қарай жүргізілген зерттеулерде CYP 2C19, 2C8/9 2D6 ферменттерімен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер білінген жоқ.

Р450 цитохромы ферменттерінің индукциясы. Іn vitro зерттеулерде адамның алғашқы гепатоциттерінде жасалған CYP1A2, CYP2B6 және CYP3A4 ферменттерінің аванафилмен индукциялану потенциалына берілген бағада осы ферменттердің клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда индукциялануының ешқандай потенциалын байқаған жоқ.

Тасымалдаушылар. Іn vitro зерттеу нәтижелері P-гликопротеин (P-gp) субстраты ретінде және ішекте есептік концентрациялардан төмен концентрациялардағы субстрат ретінде дигоксинмен бірге P-gp тежегіші ретінде аванафилдің әсер етуінің орташа потенциалын көрсетті. Аванафил потенциалының P-gp арқылы басқа дәрілік заттардың тасымалдауына ықпал етуі белгісіз.

Іn vitro зерттеулердің нәтижелері бойынша аванафил клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда қолданған кезде BCRP тежегішінен (сүт бездерінің обырына резистентті ақуыз) басым болуы мүмкін. Клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда аванафил OATP1B1, OATP1B3, OCT1, OCT2, OAT1, OAT3 және BSEP тасымалдаушы ақуыздарының тежегіші болып табылмайды.

Аванафилдің басқа тасымалдаушыларға ықпалы әзір белгісіз.

Риоцигуат. Клиникаға дейінгі зерттеулерде ФДЭ5 тежегіштерін риоцигуатпен біріктіріп қолданғанда жүйелік артериялық қысымның төмендеуінің аддитивтік әсерін көрсеткені туралы ақпарат бар. Клиникалық зерттеулерде ФДЭ5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерлерін риоцигуаттың күшейтетіндігі көрсетілді. Зерттелетін популяцияларда мұндай біріктірілімді қолданудың жағымды клиникалық әсерінің пайдасына дәлелді деректер алынған жоқ. Риоцигуатты және ФДЭ5 тежегіштері, соның ішінде аванафилді қатар қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Арнайы ескертулер

Дәрі-дәрмектік емді тағайындамас бұрын, медициналық анамнезді жинау және эректильді дисфункцияны диагностикалау және оның ықтимал бірінші себептерін анықтау үшін жалпы медициналық тексеру жүргізу қажет.

Жүрек-қантамырлық функция. Эректильді дисфункцияға байланысты кез келген емді бастар алдында дәрігер өз пациенттерінің жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайына баға беруі тиіс, өйткені сексуалды белсенділік жүрек функциясы үшін белгілі бір қауіпке себепші болады («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Аванафилдің вазодилататорлық қасиеттері бар, ол артериялық қысымның жеңіл уақытша төмендеуіне әкеледі («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз) және нитраттардың гипотензиялық әсерін потенциялайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Сол жақ қарыншаның шығатын жолының обструкциясы бар, мысалы, аорта клапанының стенозы немесе идиопатиялық гипертрофиялық субаорталық стенозы бар пациенттер вазодилататорлардың әсеріне, соның ішінде ФДЭ5 тежегіштеріне сезімтал болуы мүмкін.

Приапизм. Егер эрекция 4 сағатқа және одан ұзаққа созылса (приапизм), пациенттерге медициналық жәрдем алуға дереу бару қажеттілігі туралы нұсқау беру керек. Егер приапизм жағдайында тиісті шұғыл ем тағайындамаса, жыныс мүшесі тінінің зақымдануы туындауы және потенциядан қайтымсыз айырылуы мүмкін. Аванафилді жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) пациенттерге және приапизмнің дамуына әкелуі мүмкін аурулары (мысалы, орақ-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкоз сияқты) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Көрудің бұзылуы. ФДЭ5 басқа тежегіштерін қолданумен байланысты көрудің бұзылулары және генезі артериялық емес көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясының даму жағдайлары туралы мәлімделді. Пациентке көру кенеттен нашарлаған жағдайда Аваналав препаратын қолдануды тоқтату және дәрігерге дереу қаралу қажеттігі туралы айту керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Қанның ұюына ықпалы. Адамның тромбоциттерін in vitro зерттеулер тромбоциттердің агрегациясына ФДЭ5 тежегіштерінің өздігінен өзі ықпалын тигізбейтіндігін көрсетеді, алайда супратерапиялық дозаларда олар натрий нитропруссидінің азот тотығы донорының агрегацияға қарсы әсерін потенциялайды. Адамдарда ФДЭ5 тежегіштері қанның ұю уақытына монотерапияда да, ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданғанда да ықпалын тигізбейді.

Аванафилдің қанның ұю функциясының бұзылулары бар немесе асқазанның белсенді пептикалық ойық жарасы бар пациенттерге қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты аванафилді мұндай пациенттерге тек пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін ғана тағайындау керек.

Аванафилдің қанның ұю функциясының бұзылулары бар немесе асқазанның белсенді пептикалық ойық жарасы бар пациенттерге қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты аванафилді мұндай пациенттерге тек пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін ғана тағайындау керек.

Естудің нашарлауы немесе кенеттен жоғалуы. Пациенттерге есту кенеттен нашарлаған немесе жоғалған жағдайда ФДЭ5 тежегіштерін, соның ішінде аванафилді қабылдауды тоқтату және дереу медициналық жәрдем алу қажеттілігі туралы айту керек. Құлақтың шуылдауымен және шыңылдауымен және бас айналумен қатар жүруі мүмкін құбылыстар ФДЭ5 тежегіштерін қабылдау уақытымен байланысты ретінде мәлімделді. Осы құбылыстар және ФДЭ5 тежегіштерін қолдану немесе басқа да факторлар арасында тікелей байланыстың бар-жоқтығын анықтау мүмкін емес.

Альфа-блокаторларды бір мезгілде қолдану. Альфа-блокаторларды және аванафилді бір мезгілде қолдану кейбір пациенттерде аддитивті вазодилатациялаушы әсерлер арқылы симптоматикалық артериялық гипотензияға әкелуі мүмкін («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Келесіге назар аудару қажет:

Аваналав препаратымен емдеуді бастамас бұрын, альфа-блокаторлармен емделіп жүрген пациенттің жағдайы тұрақтандырылуы тиіс. Альфа-блокатормен монотерапия аясында гемодинамикалық тұрақсыздықты көрсететін пациенттерде аванафилді бір мезгілде қолданғанда симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупінің жоғарылағаны байқалады.

Альфа-блокаторлармен емдеген кезде жағдайы тұрақты болып табылатын пациенттер үшін аванафилмен емдеуді өте төмен 50 мг дозадан бастау керек.

Аваналав препаратының оңтайландырылған дозасын қабылдап жүрген пациенттер үшін альфа-блокатормен емдеуді өте төмен дозадан бастау керек. Аванафилді қабылдау аясында альфа-блокатор дозасын біртіндеп арттыру артериялық қысымның қосымша төмендеуімен қоса жүруі мүмкін.

Аванафилді және альфа-блокаторларды біріктіріп қолданудың қауіпсіздігіне басқа да факторлар, соның ішінде айналымдағы қан көлемінің төмендеуі және гипертензияға қарсы басқа да дәрілік заттарды қолдану ықпалын тигізуі мүмкін.

Эректильді дисфункцияны емдеу үшін басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану. Эректильді дисфункцияны емдеу үшін аванафилді ФДЭ5 басқа тежегіштерімен немесе басқа препараттармен біріктіріп қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ. Пациенттерді Аваналав препаратын осындай дәрілік заттармен біріктіріп қолданудан сақтандыру керек.

Алкогольді бір мезгілде қолдану. Алкогольді аванафилмен біріктіріп қолдану симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Пациенттерге аванафил мен алкогольді бір мезгілде қолдану артериялық гипотензияның, бас айналудың немесе синкопенің даму ықтималдылығын арттыратынын алдын ала ескерту керек. Дәрігерлер сондай-ақ пациентке постуральді гипотензия симптомдары туындаған жағдайда не істеу керектігі туралы нұсқау беруі тиіс.

Препараттың әсері зерттелмеген популяциялар. Жұлынның зақымдануы немесе басқа да неврологиялық бұзылыстар себепші болған эректильді дисфункциясы бар пациенттерде, және бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде аванафилдің әсері зерттелген жоқ.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға (18 жасқа дейінгі) қолданбайды.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік. Аваналав дәрілік заты әйелдерге қолдануға арналмаған. Жүкті әйелдерге аванафилді қолдану жөнінде деректер жоқ. Хайуандарға жүргізілген зерттеу нәтижелері жүктілік барысына, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе ұрпағының постнатальді дамуына қандай да болсын тікелей немесе жанама зиянды ықпалы бар екендігін көрсетпейді.

Емшек емізу кезеңі. Емшек емізу кезеңінде аванафилді қолдану туралы деректер жоқ.

Фертильділік. Аванафилді 200 мг дозада бір реттік пероральді түрде қабылдағаннан кейін дені сау ерікті адамдарда сперматозоидтардың қозғалғыштығына немесе морфологиясына ешқандай ықпалы байқалған жоқ. Дені сау ересек еркектерде және жеңіл эректильді дисфункциясы бар ересек еркектерде қазіргі таңда сперматогенезге қатысты деректер жоқ.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне Аваналав дәрілік затының аздаған ықпалы бар. Аванафилді клиникалық зерттеулер барысында бас айналу және көрудің бұзылулары туралы мәлімделген ақпарат бар, сондықтан пациенттер автомобильді басқармас немесе механизмдермен жұмыс жасамас бұрын Аваналав дәрілік затына қандай реакция беретіндігін білуі тиіс.

Шығарылу түрі

Түссіз мөлдір ПВдХ қабаты (немесе Aclar® қабаты) бар үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 1 немесе 4 таблеткадан.

Пішінді 1 қаптама медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАваналав 50 мг таблетка №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube