Қолдану көрсеткіштері
Препарат кұрамындағы бетаметазон дипропионат синтетикалық фторланған кортикостероид болып табылады. Ол жергілікті әсер етеді және экзема мен дерматиттің барлық түрлерінде жылдам және тұрақты жауап береді, соның ішінде:
атопиялық экзема
фотодерматит
қызыл жайпақ теміреткі
қарапайым теміреткі
түйінді қышыма
дискоидты қызыл жегі
липоидты некробиоз
терінің шектелген микседемасы
эритродермия
Препарат сондай-ақ бас терісінің псориазында және жалпы орналасқан түйіндақ тәрізді псориазды қоспағанда аяқ пен қолдың созылмалы түйіндақ тәрізді псориазы кезінде тиімді.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- розацеа
- акне
- периоральді дерматит
- перианальді және генитальді қышыма
- туберкулез
- терінің көптеген вирустық инфекциялары, сондай-ақ, қарапайым герпес, вакциналды ауру және желшешек
- 1 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Препаратты жаялық дерматитінде, зеңдік немесе бактериялық тері инфекцияларында инфекцияға қарсы қатар жүретін қолайлы емсіз қолданбаған жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Арнайы ескертулер
Әсіресе зақымдалған терідегі үлкен аймақтарда ұзақ уақыт үздіксіз қолданғаннан кейін, иілу немесе окклюзия кезінде жергілікті және жүйелі уыттылық жиі байқалады. Балаларда немесе бет аймағында қолданған кезде курстарды 5 күнге дейін шектеу керек.
Барлық пациенттер жасына қарамастан ұзақ үздіксіз емнен аулақ болу керек.
Окклюзиялық таңғыштарды пайдалануға болмайды.
Жергілікті кортикостероидтар псориаз кезінде толеранттылық дамығаннан кейінгі қайталануды, жайылған пустулезді псориаз қаупін және терінің барьерлік функциясының бұзылуына байланысты жергілікті жүйелі уыттылықты қоса, бірқатар себептерге байланысты қауіпті болуы мүмкін. Пациентті мұқият бақылау маңызды.
Жалпы аспектілер
Жергілікті кортикостероидтардың жүйелі абсорбциясы емдеуді тоқтатқаннан кейін глюкокортикостероид жеткіліксіздігінің ықтималдығымен гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің (ГГБЖ) қайтымды бәсеңдеуін тудыруы мүмкін. Кейбір пациенттерде емдеу кезінде жергілікті кортикостероидтардың жүйелі абсорбциясына байланысты Кушинг синдромының көріністері де дамуы мүмкін. Үлкен беткейлі аймаққа қолданылатын күшті жергілікті стероидтың үлкен дозасын алатын пациенттерді ГГБЖ осі бәсеңдеуінің дәлеліне қатысты мезгіл-мезгіл тексеріп отыру керек. Егер бұл байқалса, препаратты тоқтатуға, оны қолдану жиілігін азайтуға немесе оны күшті әсер етпейтін кортикостероидпен алмастыруға тырысу керек.
ГГБЖ осінің функциясын қалпына келтіру әдетте препаратты тоқтатқаннан кейін тез және толығымен жүреді. Кейде қосымша жүйелі кортикостероидтарды қолдануды талап ететін стероидты тоқтатудың белгілері мен симптомдары пайда болуы мүмкін.
Бала жасындағы пациенттер дене салмағына қатысты тері беткейінің үлкендігіне байланысты баламалы дозалардың жүйелі уыттылығына анағұрлым сезімтал болуы мүмкін.
12 жасқа дейінгі балаларда медициналық бақылаусыз пайдалануға болмайды.
Тітіркену дамыған кезде емдеуді тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек.
Белодерм, сыртқа қолдануға арналған жақпамайын офтальмологияда қолдануға арналмаған.
Көрудің бұзылуы
Көрудің бұзылуы кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда байқалуы мүмкін. Егер пациентте анық көрмеу немесе басқа бұзылулар сияқты симптомдар байқалса, оны жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін белгіленген катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХ) сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтуға қабілетті ықтимал себептерді бағалау үшін офтальмологқа жіберу мүмкіндігін қарастыру керек.
Педиатрияда қолданылуы
12 жасқа дейінгі балаларда медициналық бақылаусыз пайдалануға болмайды.
Балалар жасындағы пациенттер тері беті ауданының дене салмағына қатынасының үлкендігіне байланысты үлкен абсорбциясына байланысты жергілікті кортикостероидтармен индукцияланған ГГБЖ осінің басылуына және ересек пациенттерге қарағанда кортикостероидтардың экзогендік әсеріне анағұрлым жоғары сезімталдықты көрсетуі мүмкін. Жергілікті кортикостероидтарды қабылдайтын балалар жасындағы пациенттерде ГГБЖ осінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы және бассүйекішілік гипертензия туралы хабарланды. Бала кезіндегі пациенттерде бүйрекүсті безінің супрессиясының көріністеріне дозаға тәуелді өсудің тежелуі, салмақтың өсуі, плазмадағы кортизолдың төмен деңгейі және AКТГ стимуляциясына жауап болмауы жатады. Бассүйекішілік гипертензияның көріністеріне еңбектің ісінуі, бас ауыруы және көру жүйкесі дискісінің екі жақты ісінуі жатады.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану
Жүктілік
Жүкті әйелдерде жергілікті кортикостероидтардың тератогендік потенциалын дұрыс және тиісінше бақыланатын зерттеулер жоқ. Сондықтан жергілікті стероидтарды потенциалды пайда шарана үшін потенциалды қауіптен басым болса ғана жүктілік кезінде қолдану керек.
Лактация кезеңі
Кортикостероидтарды жергілікті қолдану емшек сүтінде анықталатын мөлшерді алу үшін жеткілікті жүйелі абсорбцияға әкелетіні белгісіз. Жүйелі түрде енгізілетін кортикостероидтар ерте жастағы балаға зиянды әсер етуі екіталай мөлшердегі емшек сүтімен секрецияланады. Дегенмен, препараттың ана үшін маңыздылығын ескере отырып, препаратты тоқтату туралы шешім қабылдау керек. Жергілікті кортикостероидтарды емшек емізу алдында емшек терісіне қолдануға болмайды.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ.