Қолдану көрсеткіштері
Бисептол 480 төменде келтірілген, ко-тримоксазолға сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық ауруларды емдеу үшін қолданылады:
Несеп шығару жолдарының асқынбаған ауыр инфекцияларында. Несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекцияларының бастапқы көріністерін, инфузияға арналған ерітінді түріндегі ко-тримоксазол сияқты біріктірілген препаратты емес, бактерияға қарсы тиімді монопрепаратты қолданып емдеу ұсынылады.
Pneumocystis jirovecii (ағылш. Pneumocystis jirovecii pneumonitis– PJP) туғызған пневмонияны емдеу және профилактикасы үшін
Токсоплазмозды емдеу және профилактикасы үшін.
Нокардиозды емдеу.
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат түріндегі ко-тримоксазолды қолдану үшін көрсетілімдер негізінен, пероральді түрі үшін көрсетілімдері сияқты.
Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру керек .