daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Бисептол Таблеткалары 480 Мг №20 | Adamed Pharma S.A.

Уральске қаласындағы Бисептол Таблеткалары 480 Мг №20 | Adamed Pharma S.A.
Сипаттама:

Ақтан сарғыштау реңді ақ түске дейінгі, дөңгелек пішінді, беткейі тегіс, бір жағында ойығы, «Bs» өрнегі бар, диаметрі 7.8-ден 8.3 мм дейінгі таблеткалар (120 мг дозасы үшін). Ақтан сарғыштау реңді ақ түске дейінгі, дөңгелек пішінді, беткейі тегіс, бір жағында ойығы, сызығы және сызығының үстінде «Bs» өрнегі бар, диаметрі 12.80-нен 13.40 мм дейінгі таблеткалар (480 мг дозасы үшін).

Өндіруші:

Adamed Pharma S.A.

Өндіруші ел:

Польша

Белсенді ингредиент:

сульфаметоксазол 100 мг, 400 мг, қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, поливинил спирті.

Белсенді заттың дозасы:

480 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Бисептол ересектерге, жасөспірімдерге және 6 жастан асқан балаларға арналған.

Бисептол дәрісімен емдеуді бастау туралы шешім қабылдардың алдында, бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек. Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу үшін:

– несеп шығару жолдарының инфекцияларында

Назар аударыңыз: несеп шығару жолдарының асқынуларсыз инфекцияларын алдымен, бактерияға қарсы бір препаратпен емдеп алу керек.

– жедел ортаңғы отитте

– созылмалы бронхиттің өршуінде

– Shigella таяқшалары туғызған асқазан-ішек инфекциясында

–микробиологиялық тұрғыдан расталған, Pneumocystis jirovecii туындаған пневмонияда, және иммунитеті әлсіреген пациенттердегі (мысалы, ЖИТС кезінде) осы микроорганизмді жұқтырудың профилактикасы үшін

– токсоплазмозда емі мен профилактикасы үшін

– нокардиозда

– саяхатшылар диареясында

–тырысқақта (сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыруға қосымша)

Қарсы көрсеткіштер

- препаратқа, оның компоненттеріне, ко-тримоксазол тобының препараттарына жоғары сезімталдық

- бауыр паренхимасының ауыр зақымданулары, гипербилирубинемия (балаларда)

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бұл жағдайда дәрілік заттың қан плазмасындағы концентрациясын анықтау мүмкін емес

- қан аурулары (аплазиялық анемия, В12 тапшылығымен анемия, агранулоцитоз, лейкопения)

- дофетилидпен бір мезгілде қабылдау

- глюкоза-6-фосфаттық дегидрогеназа жетіспеушілігі (гемолиз пайда болуы ықтимал)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- препаратты организмдегі фолий қышқылының тапшылығы кезінде, бронх демікпесі, қалқанша без аурулары кезінде сақтықпен тағайындайды

- фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобласттық анемияны емдеу үшін

Өзара әрекеттесуі

Дофетилид torsades de рointes қоса, QT аралығының ұзаруымен жүретін қарыншалық аритмияларға себеп болуы мүмкін, олар дофелитидтің қан плазмасындағы концентрациясымен тікелей байланысты.

Кейбір диуретиктерді (негізінен, тиазидтерді), бір мезгілде қабылдағанда, әсіресе, егде жастағы және қарт науқастарда тромбоцитопенияның даму қаупі жоғарылайды.

Бисептол антикоагулянттардың әсерін, дозасын модификациялау қажет болатындай дәрежеде күшейтуі мүмкін.

Бисептол фенитоиннің метаболизмін тежейді. Екі препаратты да қабылдап жүрген пациенттерде фенитоиннің жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы шамамен 39%-ға артады, ал фенитоиннің клиренсі шамамен 27%-ға төмендейді.

Бисептол метотрексатты ақуыздармен байланыстан ығыстырудың есебінен, оның сарысудағы бос фракциясының концентрациясын арттырады.

Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне ықпалы.

Триметоприм метотрексаттың сарысудағы концентрациясын энзиматикалық әдіспен анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, бірақ егер анықтау радиоиммунологиялық әдістермен жүргізілсе, оларға әсер етпейді.

Бисептол негізінен креатининге негізделген Яффе тестісінің нәтижелерін шамамен 10%-ға арттыруы мүмкін.

Бисептол бір мезгілде қабылданатын гипогликемиялық дәрілік препараттардың, сульфонилмочевина туындыларының әсерін күшейтуі, және сол себепті, гипогликемияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Бисептол егде жастағы кейбір пациенттерде дигоксинің плазмадағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.

Бисептол трициклдық антидепрессанттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Бүйрек трансплантациясынан кейінгі, Бисептолмен және циклоспоринмен емделген пациенттерде трансплантацияланған бүйрек функциясының транзиторлық бұзылулары, сарысудағы креатинин деңгейінің манифестацияланатын жоғарылауы байқалады, бұған триметопримнің әсері түрткі болуы ықтимал.

Бисептол пириметаминмен біріккенде мегалобласттық анемияны туғызуы мүмкін.

Сульфаниламидтер кейбір антитиреоидтық препараттармен, несеп айдайтын препараттармен (ацетазоламидпен және тиазидтермен), сондай-ақ, диабетке қарсы пероральді препараттармен химиялық тұрғыдан ұқсас, бұл айқаспалы аллергияға себеп болуы мүмкін.

- Кей жағдайларда зидовудинмен қатарлас емдеу, ко-тримоксазолға жағымсыз гематологиялық реакциялардың туындау қаупін арттыруы мүмкін. Егер қатарлас емдеу қажет болса, гематологиялық көрсеткіштерді мониторингілеу мүмкіндігін қарастыру керек.

-  Рифампицин мен ко-тримоксазолды бір мезгілде қолдану, шамамен бір аптадай мерзімнен соң триметопримнің плазмадан жартылай шығарылу кезеңінің қысқаруына алып келеді. Бұл клиникалық тұрғыдан маңызды болып саналмайды.

- Тиметоприм физиологиялық рН жағдайында катиондарды түзетін, сондай-ақ, ішінара организмнен бүйректің белсенді секрециясы жолымен шығарылатын (мысалы, прокаинамид, амантадин) дәрілік заттармен бір мезгілде енгізілгенде, аталған үдерісті бәсекелесе тежеуі мүмкін, ол препараттардың біреуінің немесе екеуінің де қан плазмасындағы концентрацияларының артуына алып келуі мүмкін.

- Триметопримді / сульфаметоксазолды 160 мг / 800 мг (котримоксазолды) енгізу, триметоприм компонентіне байланысты, ламивудин әсерінің 40 %-ға артуын туғызады. Ламивудин триметопримнің немесе сульфаметоксазолдың фармакокинетикасына әсер етпейді.

- Триметоприм репаглинидтің әсерін арттыруы мүмкін, ол гипогликемияға алып келуі мүмкін.

- Оральді контрацептивтер антибиотиктермен қатар тіркелген. Бұл әсерінің механизмі анық емес.  Антибиотиктермен емделіп жүрген әйелдер оральді контрацептивтерге қосымша бөгеттік әдісті уақытша пайдалануы немесе контрацепцияның басқа әдісін таңдауы тиіс.

-  Азатиоприн мен триметоприм-сульфаметоксазол арасындағы, гематологиялық бұзылуларға алып келетін өзара әрекеттесулер туралы қарама-қайшы клиникалық хабарлар бар.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 2 рет, 12 сағат сайын 240-480 мг. 6 жасқа толмаған балалар үшін суспензия түріндегі препараттар бар.

Ересектер және 12 жастан асқан балалар: тәулігіне 2 рет 480 мг. Тәуліктік дозасы 1920 мг (480 мг-ден 4 таблетка) аспауы тиіс.

Ерекше жағдайлардағы дозалары

6 жасқа дейінгі балаларға: аспирация қаупіне байланысты таблеткаларды пайдалану ұсынылмайды; 6 жасқа толмаған балалар үшін суспензия түріндегі препараттар бар.

Шығарылу түрі

20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 пішінді қаптаманы қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

250С- ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыБисептол таблеткалары 480 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube