daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Бисопролол Таблеткалары 5 Мг №30 | СООО «Лекфарм»

Уральске қаласындағы Бисопролол Таблеткалары 5 Мг №30 | СООО «Лекфарм»
Сипаттама:

Екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған, дөңгелек таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Бисопролол

Өндіруші:

СООО «Лекфарм»

Өндіруші ел:

Беларусь

Белсенді ингредиент:

10.0 мг бисопролол фумараты (10 мг дозасы үшін), қосымша заттар: магний стеараты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, кросповидон (А типі), жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, қабықтың құрамы: Сары үлбірлі қабық (поливинил спирті, полиэтиленгликоль, тальк, титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), темірдің сары тотығы (Е 172), қызғылт-сары сары S (Е 110)).

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- артериялық гипертензияда

- жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия)

Қарсы көрсеткіштер

бисопрололға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне инотропты ем жүргізуді талап ететін жүрек функциясы жеткіліксіздігінің декомпенсация эпизодтары

кардиогенді шок

II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (кардиостимуляторсыз)

синус түйінінің әлсіздік синдромы

синоатриялық блокада

симптоматикалық брадикардия

симптоматикалық артериялық гипотензия

бронхтың ауыр демікпесі

шеткері артерия ауруының ауыр түрі немесе Рейн синдромының ауыр түрі

емделмеген феохромоцитома

метаболизмдік ацидоз

Өзара әрекеттесуі

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Верапамил және аз дәрежеде дилтиазем түріндегі кальций антагонистерін бисопрололмен бір мезгілде қолданғанда миокардтың жиырылу қабілетіне және атриовентрикулярлық өткізгіштікке теріс әсер етуі мүмкін. Β-адреноблокаторларды қабылдайтын пациенттерге верапамилді вена ішіне енгізу айқын артериялық гипотензияны және атриовентрикулярлық блокаданы туындатуы мүмкін.

Орталыққа әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілер (клонидин, метилдопа, моксонидин, рилменидин сияқты) орталық симпатикалық тонустың төмендеуі салдарынан жүрек функциясының жеткіліксіздігі ағымын нашарлатуы мүмкін (жүректің жиырылу жиілігінің және жүрек шығарымының төмендеуі, вазодилатация). Қабылдауды күрт тоқтату, әсіресе β-адреноблокаторларды тоқтатар алдында артериялық гипертензияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Сақтықпен қолдануды талап ететін біріктірілімдер

Дигидропиридин қатарындағы кальций антагонистері (мысалы, фелодипин және амлодипин) бисопрололмен бір мезгілде қолданғанда артериялық гипотензияның даму қаупін арттыруы мүмкін. ЖФСЖ бар пациенттерде жүректің сорғы функциясының нашарлауын болдырмауға болмайды.

I кластағы аритмияға қарсы дәрілер (мысалы, хинидин, дизопирамид; лидокаин, фенитоин; флекаинид, пропафенон) бисопролмен бір мезгілде қолданғанда атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсерін потенциялауы және теріс инотропты әсерін күшейтуі мүмкін.

ІІІ кластағы аритмияға қарсы дәрілер (мысалы, амиодарон) атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсер етуі мүмкін.

жергілікті қолдануға арналған β-адреноблокаторлар (мысалы, глаукоманы емдеуге арналған көзге тамызатын дәрі) бисопрололдың жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін.

Парасимпатомиметиктер бисопрололмен бір мезгілде қолданғанда атриовентрикулярлық өткізу уақытын арттыруы мүмкін, бұл брадикардияның даму қаупін арттырады.

Бисопролол мен инсулинді және пероральді қабылданатын диабетке қарсы дәрілерді бір мезгілде қолданғанда гипогликемиялық әсері күшейеді. β-адренорецепторлардың блокадасы гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін.

Жалпы анестезия жүргізу үшін бисопролол мен дәрілерді бір мезгілде қолдану рефлекстік тахикардияның әлсіреуін туындатуы және гипотензия қаупін арттыруы мүмкін.

Жүрек гликозидтерін бисопрололмен бір мезгілде қабылдау жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуін туындатуы, атриовентрикулярлық өткізу уақытын арттыруы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) бисопрололдың гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.

β-симпатомиметиктердің (мысалы, изопреналин, добутамин) бисопрололмен біріктірілімі екі дәрілік зат әсерінің төмендеуін туындатуы мүмкін.

Бисопрололдың β- және α-адренорецепторларға әсер ететін симпатомиметиктермен (мысалы, норепинефрин, адреналин) үйлесуі артериялық қысымның жоғарылауын және ауыспалы ақсақтықтың күшеюін туындататын α-адренорецепторлармен жанамаласқан тамыр тарылтатын әсерлердің көрінуіне жағдай жасауы мүмкін. Мұндай өзара әрекеттесулер селективті емес β-адреноблокаторларды қолданғанда неғұрлым ықтимал.

Бисопрололды гипертензияға қарсы дәрілермен, сондай-ақ ықтимал гипотензиялық әсері бар басқа дәрілермен (мысалы, трициклді антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазиндер) бір мезгілде пайдалану гипотензияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Нақтылауды талап ететін біріктірілімдер

Мефлохин бисопрололмен бір мезгілде қолданғанда брадикардияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері (МАО-В тежегіштерін қоспағанда) β-адреноблокаторлардың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін, бірақ гипертензиялық криздің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Бисопрололмен емдеуді, әсіресе ЖИА бар пациенттерде кенеттен (егер бұған айқын көрсетілімдер болмаса) тоқтатуға болмайды, өйткені бұл пациенттің жай-күйін уақытша нашарлатуы мүмкін. Бисопрололмен емдеудің алғашқы кезеңдерінде және оны тоқтатқан кезде пациенттерді тұрақты бақылау қажет.

Бисопрололды келесі аурулармен және жағдайлармен бірге байқалатын ЖФСЖ бар пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ:

инсулинге тәуелді қант диабеті (I түрі);

бүйрек функциясының ауыр бұзылулары;

бауыр функциясының ауыр бұзылулары;

ретсрикциялы кардиомиопатия;

жүректің туа біткен ақаулары;

жүрек қақпақшаларының гемодинамикалық маңызды органикалық зақымдануы;

соңғы 3 айдағы миокард инфарктісі.

Препаратты келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек:

бронхоспазм (бронх демікпесі, тыныс алу жолдарының обструкциялық аурулары);

қандағы глюкоза концентрациясының айтарлықтай ауытқуымен көрінетін қант диабеті; гипогликемия симптомдары жасырынуы мүмкін;

қатаң ораза ұстау;

десенсибилизациялайтын ем жүргізу. Басқа β-блокаторлар сияқты, бисопролол аллергендерге сезімталдықты да, анафилаксиялық реакциялардың ауырлығын да арттыруы мүмкін. Адреналинмен емдеу әрдайым күтілетін емдік әсерге әкелмейді;

I дәрежелі атривентрикулярлық блокада;

Принцметал стенокардиясы. Коронарлық спазм жағдайлары байқалды. Жоғары β1-селективтілігіне қарамастан, бисопрололды Принцметал стенокардиясы бар пациенттерге тағайындағанда стенокардия эпизодтарының туындау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды;

шеткері артериялардың аурулары. Симптомдардың күшеюі, әсіресе емнің басында туындауы мүмкін;

жалпы анестезия. Наркоздағы пациенттерге β-адреноблокаторларды қолдану индукция және интубация кезеңінде, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде аритмия және миокард ишемиясы жағдайларының санын азайтады. Қазіргі уақытта периоперациялық кезеңде β-блокаторлармен демеуші емді жалғастыру ұсынылады. Анестезиолог брадикардияға, рефлекстік тахикардияның әлсіреуіне және қан жоғалтудың орнын толтыруға рефлекстік қабілеттіліктің төмендеуін туындатуы мүмкін басқа дәрілік заттармен потенциалды өзара әрекеттесу себебінен β-блокаторлармен жүргізілетін ем туралы хабардар болуы керек. Егер хирургиялық операция алдында β-блокатормен емді тоқтату қажет болса, мұны біртіндеп тоқтатып, жалпы анестезия жүргізгенге дейін шамамен 48 сағат бұрын аяқтау керек.

Бисопрололды верапамил немесе дилтиазем типті кальций антагонистерімен, І кластағы аритмияға қарсы препараттармен және орталыққа әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілермен біріктіру әдетте ұсынылмайды.

Кардиоселективті (β1) β-адреноблокаторлар селективті емес β-адреноблокаторлармен салыстырғанда өкпе функциясына шамалы әсер етуі мүмкін екеніне қарамастан, оларды кез келген басқа β-адреноблокаторлар сияқты қолданудан, егер бұл жерде айқын клиникалық қажеттілік болмаса, тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларымен ауыратын пациенттерге қолданудан сақ болу керек. Мұндай қажеттілік болған кезде бисопрололды сақтықпен қолдану керек. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларымен ауыратын пациенттерді бисопрололмен емдеуді ең төменгі ықтимал дозасынан бастау керек, бұл ретте пациенттерді жаңа симптомдардың (мысалы, ентігу, дене жүктемесі жақпаушылығы, жөтел) туындауына мұқият бақылау керек. Бронх демікпесімен немесе осындай симптомдар туындатуы мүмкін өкпенің басқа созылмалы обструкцилық ауруларымен ауырғанда бронходилатациялайтын дәрілерді бір мезгілде қолдану көрсетілген. Бронх демікпесі бар пациенттерде тыныс алу жолдары резистенттілігінің мезгіл-мезгіл жоғарылауы мүмкін, бұл β2-адреномиметиктердің неғұрлым жоғары дозасын талап етуі мүмкін.

Псориазы бар пациенттерге (оның ішінде анамнезінде) пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін β-адреноблокаторларды (мысалы, бисопролол) қолдану керек.

Феохромоцитомасы бар пациенттерге бисопролол α-рецепторлардың блокадасын қамтамасыз еткеннен кейін ғана тағайындалуы мүмкін.

Тиреотоксикоз симптомдары бисопрололды қабылдау аясында жасырынуы мүмкін.

Дәрілік затты қолдану допинг-бақылаудан өту кезінде оң нәтиже алуға себеп болуы мүмкін. Препаратты допинг ретінде пайдалану денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар

Бисопрололды балаларға қолдану тәжірибесі болмағандықтан, оны 18 жасқа толмаған пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бисопрололдың жүктілікке және/немесе ұрыққа/жаңа туған нәрестеге зиянды әсер етуі мүмкін фармакологиялық әсері бар. Жалпы, β-адренорецепторлардың блокаторлары плацентадағы қанағымды төмендетеді, бұл өсудің тежелуін, құрсақтағы шетінеуді, түсік тастауды немесе мезгілінен ерте бұрын босануды туындатуы мүмкін. Жағымсыз реакциялар (мысалы, гипогликемия және брадикардия) ұрықта және жаңа туған нәрестеде дамуы мүмкін. Егер β-адреноблокатормен емдеу қажет болған жағдайда, бұл β1-адренорецепторлардың селективті блокаторы болғаны жөн.

Бисопрололды, егер айқын клиникалық қажеттілік болмаса, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Егер бисопрололмен емдеу қажет деп бағаланса, жатыр-плаценталық қанағымды бақылау, сондай-ақ ұрықтың өсуі мен дамуын бақылау керек. Жүктілікке және/немесе ұрыққа қатысты жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда емдеудің баламалы әдістерін қарастырған жөн. Жаңа туған нәрестені босанғаннан кейін мұқият тексеру керек. Өмірдің алғашқы үш күнінде брадикардия және гипогликемия симптомдары туындауы мүмкін

Бисопрололдың емшек сүтіне бөлінетіні туралы деректер жоқ. Сондықтан бисопрололды әйелдерге бала емізу кезеңінде қабылдау ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бисопролол ЖИА бар пациенттерге жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес автокөлікті басқару қабілетіне әсер етпейді. Алайда, жеке реакциялар салдарынан автокөлікті басқару немесе машиналармен және механизмдермен жұмыс істеу қабілеті бұзылуы мүмкін. Бұған емдеудің басында, дозаны өзгерткеннен кейін, сондай-ақ алкогольді бір мезгілде қолданғанда ерекше назар аудару керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Емдеуді біртіндеп, аз дозалардан бастау керек, содан кейін оларды арттырады. Барлық жағдайларда доза пульстің жиілігін және емдік әсерін ескере отырып, жеке таңдалуы керек.

Артериялық гипертензияны емдеу

Бисопрололдың ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды.

Гипертонияның жеңіл түрлерінде (диастолалық артериялық қысым 105 мм сын.бағ. дейін) күніне бір рет 2.5 мг дозамен ем жеткілікті болуы мүмкін.

Қажеттілігіне қарай, дозаны күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады.

Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларда негізделуі және жүргізілуі тиіс.

Препараттың ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.

Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)

Бисопрололдың ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды.

Қажеттілігіне қарай, дозаны күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады.

Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларда негізделуі және жүргізілуі тиіс.

Препараттың ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблеткаларды аз мөлшерде сұйықтықпен, таңертең таңғы асқа дейін, таңғы ас кезінде немесе одан кейін шайнамай қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы шектелмеген және аурудың ағымы мен ауырлығына

байланысты

Препаратпен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан пациенттерде күрт тоқтатуға болмайды, өйткені бұл пациенттің денсаулығын күрт нашарлатуы мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозаны біртіндеп төмендету керек (мысалы, аптасына бір рет дозаны екі есе азайту).

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр немесе бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа ауырлықтағы бұзылулары бар пациенттерге дозалау режимін түзету, әдетте, талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер (креатинин клиренсі < 20 мл/мин) және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды.

Диализдегі пациенттерде бисопрололды қолданудың шектеулі тәжірибесі бар, ол дозалау режимін түзету қажеттілігін меңзамейді.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету қажет емес.

Балалар мен жасөспірімдер:

Бисопрололды педиатриялық практикада қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты оны балаларда қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Егер Сіз препараттың таблеткаларын ұсынылғаннан көп қабылдаған болсаңыз, дереу дәрігерге хабарлаңыз. Сіздің дәрігеріңіз қандай шаралар қабылдау керектігін шешеді.

Симптомдары:

Артық дозаланғанда (7.5 мг орнына 15 мг тәуліктік дозаны қабылдаған жағдайда) үшінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокаданың, брадикардияның және бас айналудың дамитыны туралы хабарланды. Жалпы алғанда, бисопрололмен артық дозаланудың неғұрлым жиі кездесетін симптомдары брадикардия, артериялық гипотензия, бронхоспазм, жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі және гипогликемия болып табылады.

Осы уақытқа дейін брадикардия және/немесе гипотензия дамуымен байқалатын артериялық гипертензиясы және/немесе ЖИА бар пациенттерде бисопрололмен артық дозаланудың бірнеше жағдайлары (ең жоғары: 2000 мг) тіркелді. Барлық пациенттер жазылды.

Бисопрололдың жоғары дозасын бір рет қабылдауға сезімталдық жекелеген пациенттер арасында айтарлықтай ауытқиды және жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер өте сезімтал болуы мүмкін. Осыған байланысты, осы пациенттерді емдеуді «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде келтірілген схема бойынша дозаны біртіндеп арттырудан бастау міндетті.

Емі:

Артық дозалану жағдайында бисопрололмен емдеуді тоқтату және демеуші және симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Шектеулі деректер бисопрололдың диализбен шығарылуы қиын екенін көрсетеді. Күтілетін фармакологиялық әсер және басқа β-блокаторлар үшін ұсынымдар негізінде мынадай жалпы шараларды клиникалық негізделген деп бағалау керек.

Брадикардия кезінде: атропинді вена ішіне енгізу. Егер әсері жеткіліксіз болса, изопреналинді немесе оң хронотропты әсері бар дәріні сақтықпен енгізуге болады. Кейде жасанды ырғақ жүргізушісін уақытша қою қажет болуы мүмкін.

Гипотензия кезінде: плазманы алмастыратын ерітінділер мен вазопрессорлық препараттарды вена ішіне енгізу, глюкагонды вена ішіне енгізу де оң әсер етуі мүмкін.

II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада кезінде: пациенттер тұрақты бақылауда болуы керек, изопреналинді инфузиялық енгізуді тағайындау керек. Қажет болған жағдайда – кардиостимуляторды орнату.

ЖФСЖ ағымының өршуі кезінде: диуретиктерді, инотропты препараттарды, сондай-ақ вазодилататорларды вена ішіне енгізу.

Бронхоспазм кезінде: изопреналин, β2 - адреномиметиктер және/немесе аминофиллин сияқты бронходилататорларды тағайындау.

Гипогликемия кезінде: глюкозаны вена ішіне енгізу.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбаған дозаны толтыру үшін еселенген дозаны қабылдамаңыз. Келесі күні таңертең әдеттегі дозаны қабылдаңыз.

Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

Бисопрололды дәрігердің кеңесінсіз ешқашан тоқтатпаңыз. Әйтпесе, Сіздің жағдайыңыз айтарлықтай нашарлауы мүмкін.

Препаратпен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан пациенттерде күрт тоқтатуға болмайды, өйткені бұл пациенттің денсаулығын күрт нашарлатуы мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозаны біртіндеп төмендету керек (мысалы, аптасына бір рет дозаны екі есе азайту).

Егер Сізде препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

10 немесе 15 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

10 таблеткалық екі, үш немесе бес пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 15 таблеткалық екі пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыБисопролол таблеткалары 5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube