Қолдану көрсеткіштері
- артериялық гипертензия
- жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)
- артериялық гипертензия
- жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)
- бисопрололға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бисопрололға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе в/і инотропты ем енгізуді талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы кезеңінде
- кардиогенді шок
- II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
(электрокардиостимуляторсыз)
- синусты түйін әлсіздігі синдромы
- синоатриальді блокада
- емдеу алдында ЖЖЖ минутына 60 соғудан аз симптоматикалық брадикардия
- симптоматикалық гипотензия (систолалық АҚ 100 мм с. б. төмен)
- ауыр бронх демікпесі және ауыр ӨСОА (өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы)
- шеткері артериялардың окклюзиялық ауруларының кеш сатылары немесе Рейно ауруы
- емделмеген феохромоцитома
- метаболизмдік ацидоз
- флоктафенинмен және султопридпен біріктірілімдер
- моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау (В типті МАО тежегіштерінен басқа)
- галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, галактоза-глюкоза мальабсорбциясы
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
Дозалау режимі
Емдеуді біртіндеп, азырақ дозадан бастау керек, содан кейін арттырады. Барлық жағдайларда доза пульстің жиілігін және емдік әсерін ескере отырып, әр адамға жеке таңдалуы керек.
Артериялық гипертензияны емдеу
Бисопролол-Тева препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды.
Артериялық гипертензияның жеңіл түрлерінде (диастолалық артериялық қысым 105 мм с.б. дейін), күніне бір рет 2,5 мг дозамен емдеу жеткілікті болуы мүмкін.
Қажет болса, дозаны күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыруға болады.
Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларға негізделуі және жүргізілуі тиіс.
Бисопролол-Тева препаратының ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.
Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)
Бисопролол-Тева препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды.
Қажет болса, дозаны күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыруға болады.
Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларға негізделуі және жүргізілуі тиіс.
Бисопролол-Тева препаратының ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі пациенттерге дозалау режимін түзету, әдетте, талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі < 20 мл/мин) және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге тәуліктік дозадан 10 мг асырмау ұсынылады.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Балалар мен жасөспірімдер
Бисопрололды педиатриялық практикада қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты оны балаларда қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды таңертең таңғы асқа дейін шайнамай, аз мөлшерде сұйықтықпен қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы шектелмейді және аурудың барысы мен ауырлығына байланысты.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Бисопролол-Тева препаратымен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде күрт тоқтатуға болмайды, өйткені бұл пациенттің денсаулық жағдайының күрт нашарлауына әкелуі мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозаны біртіндеп төмендету керек (мысалы, аптасына бір рет дозаны екі есе азайту).
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілер бисопрололдың бір реттік жоғары дозаларына өте сезімтал болуы мүмкін.
Симптомдары: брадикардия, артериялық гипотензия, бронхтың түйілуі, жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі және гипогликемия.
Емі: артық дозаланғанда бисопрололмен ем тоқтатылып, симптоматикалық ем басталуы тиіс. Шектеулі деректер бисопрололдың диализ арқылы өте нашар шығарылатындығын көрсетеді.
Брадикардия: Атропинді вена ішіне енгізу. Талапқа сай емес жауап алынғанда орципреналин немесе оң хронотроптық қасиеттері бар басқа да агенттер қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда электрокардиостимулятордың трансвеналық имплантациясы қажет болуы мүмкін.
Артериялық гипотензия: Вена ішіне инфузия және вазопрессорларды енгізу. Сондай-ақ вена ішіне глюкагон тиімді болуы мүмкін.
АВ-блокада (екінші немесе үшінші дәрежедегі): Пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс, сондай-ақ оларға орципреналин құю қажет. Қажет болған кезде өтпелі кардиостимуляторларды имплантациялаған жөн.
Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің жедел нашарлауы: Диуретиктерді, оң инотропты дәрілерді, сондай-ақ вазодилаторларды вена ішіне енгізу.
Бронхтың түйілуі: бронходилататорларды, мысалы, орципреналин, β2-симпатомиметиктер және/немесе эуфиллин енгізу.
Гипогликемия: глюкозаны вена ішіне енгізу.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.