daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Bolioff Капсулалар 200 Мг №20 | Минскинтеркапс УП

Уральске қаласындағы Bolioff Капсулалар 200 Мг №20 | Минскинтеркапс УП
Сипаттама:

Жұмсақ желатинді сопақша пішінді, мөлдір, қызыл түсті капсулалар. Капсула ішінде – түссізден ашық қызғылт түске дейінгі тұтқыр мөлдір сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Ибупрофен

Өндіруші:

Минскинтеркапс УП

Өндіруші ел:

Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: макрогол 600, тазартылған су*, калий гидроксиді** * – құрамына 50% калий гидроксиді ерітіндісі кіреді. ** – 50% калий гидроксиді ерітіндісі ретінде қолданылады. Дайын өнімнің құрамында болмайды, ибупрофен калий тұзының түзілуімен реакцияға түседі. Капсула қабығының құрамы: желатин, кристалданбайтын сорбитол ерітіндісі, тазартылған су, керемет қызыл Е-129. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Жұмсақ желатинді сопақша пішінді, мөлдір, қызыл түсті капсулалар. Капсула ішінде – түссізден ашық қызғылт түске дейінгі тұтқыр мөлдір сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

жеңіл немесе орташа айқын білінетін бас, тіс ауыруларын симптоматикалық емдеуде; ауырсынулы етеккірлер кезінде; тұмау және суық тию аурулары кезіндегі қызба жағдайларында

Қарсы көрсеткіштер

- ибупрофенге немесе препарат құрамына кіретін компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анамнезде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, мұрын немесе мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы

- айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз ішу салдарынан)

- белсенді фазадағы немесе анамнездегі АІЖ эрозиялы-ойық жаралы аурулары (соның ішінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) немесе ойық жарадан қан кету (ойық жаралы аурудың немесе ойық жарадан қан кетудің екі және одан көп расталған көрінісі)

- ҚҚСП қолдану түрткі болған анамнездегі АІЖ ойық жарасының тесілуі немесе қан кету

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді фазадағы бауыр ауруы

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин), расталған гиперкалиемия

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк Кардиологтар қауымдастығының жіктеуі, IV класс); аортокоронарлық шунттау жүргізуден кейінгі кезең

- гемофилия және қан ұюының басқа бұзылулары (соның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер

- фруктоза жақпаушылығы

- бассүйекішілік қан құйылулар

- жүктілік (III триместр)

-12 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Егер симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең аз уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны қолдансаңыз, жағымсыз әсерлері барынша азайтылуы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Ибупрофенді мына дәрілік заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек:

Ацетилсалицил қышқылы. Ибупрофенмен және ацетилсалицил қышқылымен жалпы бір мезгілде емдеу, дәрігер тағайындаған ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын қоспағанда (тәулігіне 75 мг аспайтын), жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін болғандықтан ұсынылмайды. Эксперименталды деректер біріктірілген ем жағдайында ибупрофен тромбоциттер агрегациясына ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларының әсерін бәсекелес бәсеңдетуі мүмкін екенін көрсетеді. Және осы деректердің клиникалық маңыздылығына қатысты белгісіздік болса да, ибупрофенді тұрақты, ұзақ қабылдау ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларының кардиопротективтік әсерін азайтуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Ибупрофенді уақыт аралатып қабылдау режимінде қабылдағанда клиникалық маңызды өзара әрекеттесуінің ықтималдығы аз.

Басқа ҚҚСД, әсіресе ЦОГ-2 селективті тежегіштері. ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса алғанда, екі және одан да көп ҚҚСД бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек, себебі бұл жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Ибупрофенді келесі дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданған кезде сақ болу қажет:

Кортикостероидтар. АІЖ ойық жарасы түзілуінің және асқазан-ішектен қан кету қаупі жоғарылайды.

Антигипертензиялық және несеп айдайтын препараттар. ҚҚСД тобындағы дәрілік препараттар осы топтағы препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусыздануы бар пациенттерде немесе бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде) АӨФ немесе АРА II тежегіштерін және ЦОГ тежегіш дәрілерді бір мезгілде тағайындау жедел бүйрек жеткіліксіздігінің (әдетте қайтымды) дамуын қоса, бүйрек функциясының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, әсіресе егде жастағы пациенттерде біріктірілген емді сақтықпен тағайындау қажет. Мұндай пациенттер жағдайында емдеу курсының басында, сондай-ақ мезгіл-мезгіл емдеу барысында бүйрек функциясының гидратациясы мен қатаң мониторингі көрсетілген. Бұл өзара әрекеттесулерді АӨФ немесе ААА II тежегіштерімен бір мезгілде коксиб қабылдайтын пациенттерде ескеру керек. Демек, жоғарыда көрсетілген дәрілердің біріктірілімін әсіресе қарт адамдарға сақтықпен тағайындау керек. Пациенттерде сусызданудың алдын алу, сондай – ақ осындай біріктірілімдегі ем басталғаннан кейін және әрі қарай мезгіл-мезгіл бүйрек функциясына мониторинг жүргізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Диуретиктер ҚҚСД нефро уытытлығының қаупін арттыруы мүмкін.

Антикоагулянттар. ҚҚСД варфарин сияқты қанның ұюын азайтатын дәрілік заттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянттарды және тромболизистік дәрілік заттарды (альтеплазамен, стрептокиназамен, урокиназамен) бір мезгілде тағайындағанда қан кетудің даму қаупі артады.

Серотонинді (СКҚСТ) кері қармаудың селективті тежегіштері және антитромбоцитарлық препараттар. Асқазан-ішек жолдарының қан кету қаупі артады.

Жүрек гликозидтері. ҚҚСД бір мезгілде қабылдаған кезде жүрек жеткіліксіздігін ауырлатуы, шумақтық сүзіліс жылдамдығының төмендеуін тудыруы және қан плазмасындағы гликозидтердің концентрациясын арттыруы мүмкін.

Литий. ҚҚСД қан плазмасындағы литий концентрациясының жоғарылауын потенциалды тудыруы мүмкін деген деректер бар.

Метотрексат. ҚҚСД қан плазмасындағы метотрексат концентрациясының жоғарылауын потенциалды тудыруы мүмкін деген деректер бар.

Циклоспорин. Нефроуыттылығының қаупі жоғары.

Мифепристон. Мифепристонды қабылдағаннан кейін 8-12 күн ішінде ҚҚСД қолдануға болмайды, өйткені ҚҚСД мифепристонның әсерін төмендетуі мүмкін.

Такролимус. ҚҚСД мен такролимусты бір мезгілде қабылдағанда нефроуыттылық қаупі жоғарылауы мүмкін.

Зидовудин. ҚҚСД және зидовудинді бір мезгілде қолдану гепатоуыттылықтың артуына әкелуі мүмкін. Зидовудинмен және ибупрофенмен бірге ем алған гемофилиясы бар АИТВ-оң пациенттерде гемартроздың және гематоманың пайда болу қаупі жоғары екендігі туралы деректер бар.

Хинолондар тобындағы антибиотиктер. Жануарларға арналған зерттеулер ҚҚСД хинолондар тобының антибиотиктеріне байланысты құрысу қаупін арттыратынын дәлелдеді. ҚҚСД және хинолондарды бірге қабылдайтын пациенттер құрысу дамуының жоғары қаупіне бейім.

Циклоспорин және алтын препараттары. Ибупрофеннің бүйректегі простагландин синтезіне әсерін күшейтеді, бұл нефроуыттылық қаупін арттырады. Ибупрофен циклоспориннің плазмалық концентрациясын және оның гепатоуыттылық әсерлерінің даму ықтималдығын арттырады.

Пероральді диабетке қарсы дәрілер. Ибупрофен пероральді гипогликемиялық дәрілік заттардың, сульфонилмочевина туындыларының мен инсулин әсерін күшейтеді, бұл гипогликемия қаупін арттыруы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Егде пациенттер

Сақтықпен тағайындайды, өйткені оларда ҚҚСД-ға жағымсыз реакциялар, негізінен асқазан-ішек қан кетулері және тесілулер жиі байқалады, олар жағдайдың күрт нашарлауына әкелуі мүмкін.

Тыныс алу жүйесі

Бронх демікпесі және бронх түйілуінің пайда болу қаупіне байланысты басқа да аллергиялық аурулары бар пациенттерде препаратты қолданған кезде сақ болған жөн. Ибупрофенді бронх демікпесінің, мұрынның қайталанатын полипозының және мұрын маңы қойнауларының және ацетилсалицил қышқылының немесе басқа да ҚҚСД (соның ішінде анамнезінде) көтере алмайтындығы толық немесе толық емес біріккен кезде қолдануға болмайды

Басқа ҚҚСД

Ибупрофен және ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса алғанда, басқа да ҚҚСД бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Жүйелі қызыл жегі, сондай-ақ дәнекер тіннің аралас аурулары асептикалық менингит қаупін арттырады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде препаратты сақтықпен қолданады, себебі бүйрек функциясы нашарлауы мүмкін. Сусыздануы бар балалар мен жасөспірімдерде бүйрек жетіспеушілігінің даму қаупі бар.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препаратты бауыр функциясының бұзылуында сақтықпен қолданады.

Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлері

Дәрілік затты жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы бар, қан ұюы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындайды.

Клиникалық зерттеулердің нәтижелері ибупрофенді, әсіресе жоғары дозада (тәулігіне 2400 мг) қолдану артериялық тромбоздық асқынулар қаупінің шамалы артуымен (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) байланысты болуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Жалпы алғанда, эпидемиологиялық зерттеулер нәтижелері ибупрофенді төмен дозадарда (мысалы, тәулігіне 1200 мг кем) қолдану артериялық тромбоэмболиялық асқынулардың жоғары даму қаупімен байланысты екенін көрсетпейді.

Нашар бақыланатын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-III класс), жүректің диагностикаланған ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық жеткіліксіздігі бар пациенттерге ибупрофенді қауіпті

мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек, бұл ретте оны жоғары дозада (тәулігіне 2400 мг) тағайындаудан аулақ болу керек.

Кардиоваскулярлық асқынулардың қауіп факторлары бар (мысалы, артериялық гипертензиясы, гиперлипидемиясы, қант диабеті, шылым шегетін) пациенттерге ибупрофенмен ұзақ емдеуді тағайындау алдында, әсіресе, егер жоғары дозада (тәулігіне 2400 мг) ибупрофенді қолдану талап етілсе, қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалау қажет болады.

Асқазан-ішек жолы

Кейбір жағдайларда өліммен аяқталған асқазан-ішек жолынан қан кету, ойылып жаралану немесе тесілу барлық ҚҚСД-ны қолданғаннан кейін емдеудің әрбір кезеңінде асқазан-ішек жолынан қан кетудің ізашар симптомдарымен немесе эпизодтарымен немесе онсыз (спецификалық емес ойық жаралы колитті, Крон ауруын қоса алғанда) болған.

Асқазан-ішек жолынан қан кету, ойылып жаралану немесе тесілу қаупі ҚҚСД дозасының ұлғаюымен, анамнезінде ойылып жаралануы бар, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған пациенттерде және егде жастағы адамдарда артады. Бұл пациенттерді емдеуді ең аз қолжетімді дозадан бастаған жөн. Анамнезінде асқазан-ішек жолдарының аурулары бар пациенттерге, әсіресе егде адамдарға, олар дәрігерге асқазан-ішек жолына байланысты барлық типтік емес симптомдар туралы (әсіресе қан кету туралы), бәрінен бұрын емнің бастапқы кезеңінде хабарлауы тиістігін мәлімдеу керек. Дәрілік затты бір мезгілде қолданатын, кортикостероидтар немесе варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштері немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты антиагреганттар сияқты асқазан-ішек бұзылулары немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін басқа препараттарды қолданатын пациенттерде қолданған кезде сақ болу керек. Асқазан-ішек жолынан қан кету немесе ойылып жаралану пайда болған жағдайда дәрілік затты қабылдауды дереу тоқтату керек.

Терінің ауыр реакциясы
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттарды қолданғанда, олардың кейбіреулері өліммен аяқталатын ауыр тері реакцияларының дамуы сирек кездеседі, оның ішінде эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз жағдайлары. Емнің алғашқы кезеңінде пациенттерге үлкен қауіп төнеді, реакциялардың көпшілігі препаратты қабылдағаннан кейін бірінші айда пайда болады.
Құрамында ибупрофен бар препараттарды қолданумен жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) дамуы туралы хабарланды. Терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары, мысалы, терінің бөртпелері, шырышты қабықтардың зақымдануы немесе кез-келген аса жоғары сезімталдық белгілері пайда болса, БОЛИOFF қабылдауды тоқтатыңыз.

Жасырын инфекциялардың белгілерін бүркемелеу

БОЛИOFF инфекциялық аурудың маңызды белгілерін бүркемелеуі мүмкін, бұл тиісті емдеуді бастауды кешіктіреді және сол арқылы аурудың ағымын қиындатады. Нашарлау ауруханадан тыс бактериялық пневмония аясында және желшешектің бактериялық асқынуында байқалды. Дене температурасын төмендету немесе ауырсынуды жеңілдету үшін инфекциялық ауруға БОЛИOFF препаратын тағайындаған жағдайда инфекциялық аурудың мониторингін қамтамасыз ету ұсынылады. Амбулаториялық кезеңде, егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, пациент дәрігерге қаралуы керек.

Жүктілік кезінде немесе лактацияда

Циклооксигеназа/простагландин синтезін тежейтін препараттар әйелдерде фертильділік бұзылысын тудырып, овуляцияға әсер етуі мүмкіндігі туралы шектеулі деректер бар. Бұл әсер уақытша және ем аяқталғаннан кейін тоқтайды.

Простагландин синтезін тежеу жүктілік және/немесе эмбрион/шарананың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулер деректері түсік тастау қаупінің жоғарылауы, жүктіліктің ерте кезеңінде простагландин синтезінің тежегіштерін қолдану кезінде жүрек ақаулары мен гастрошизистің дамуы туралы айтады. Қауіптің артуы дозаны жоғарылатуға және емдеу ұзақтығын тудыруға түрткі деп саналады. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препаратты қабылдау ұрықтың имплантацияға дейінгі және одан кейінгі өлім қаупін, сондай-ақ эмбриофеталдық өлімді арттыруға себеп болғаны анықталды. Сонымен қатар, жүрек-қантамыр жүйесінің даму ақауларын қоса алғанда, түрлі ақаулардың даму жағдайлары тіркелген.

Препаратты I және II триместр кезінде қолдану қажет емес, бірақ сақтықпен қолдануға болады. Егер ибупрофенді жүктілікті жоспарлайтын әйел немесе жүктіліктің I және II триместріндегі әйел қолданса, онда ең аз тиімді доза және емдеудің қысқа мерзімдері таңдалуы тиіс.

Жүктілік кезінде ҚҚСД-ні 20 апта немесе одан кейін пайдаланудан аулақ болу ұсынылады, өйткені олар ұрық айналасындағы сұйықтықтың төмен мөлшеріне әкелуі мүмкін.

Жүктіліктің үшінші триместрінде қолдану кезінде простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері мынадай әсер көрсетуі мүмкін:

Шаранаға:

- жүрек-өкпе уыттылығы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуы және өкпе гипертензиясының дамуымен),

- олигогидрамнион дамуымен бүйрек жеткіліксіздігіне дейін өршуі мүмкін бүйрек функциясының бұзылуы;

Жүктіліктің соңында анасына және жаңа туған нәрестеге:

қан кету уақытының ұлғаю мүмкіндігі, тіпті өте төмен дозаларды қолданғанда да пайда болуы мүмкін антиагрегаттық әсер,

босану актісінің кідіруіне немесе ұзаққа созылуына алып келетін жатырдың жиырылуын бәсеңдету.

Жоғарыда көрсетілген әсерлерге байланысты ІІІ триместр кезінде ибупрофенді қолдануға болмайды.

Жүргізілген аз ғана зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес ҚҚСД емшек сүтіне өте төмен концентрацияларда енуі мүмкін.

Ибупрофеннің емшектегі балаларға зиянды әсері туралы әлі күнге дейін хабарлардың жоқтығына байланысты, ауырсыну мен қызбаны емдеуде қолданылатын дозаларда ибупрофенмен қысқа мерзімді емдеу кезінде, баланы емізуді тоқтату қажет емес.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ибупрофенді қабылдау кезінде бас айналуын, ұйқышылдықты, мәңгіру немесе көрудің бұзылуын байқаған пациенттерге автокөлік жүргізуден немесе механизмдерді басқарудан аулақ болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Қажеттілігіне қарай күніне 3 рет 1-2 капсуладан қабылдау керек.

Енгізу әдісі және жолы

Тамақтанғаннан кейін, аз мөлшердегі суды іше отырып, ішке қабылдау керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Препаратты қабылдау аралығы ең кемі 4 сағатты құрауы тиіс.

24 сағат ішінде 6 капсуладан артық қабылдауға болмайды.

Емдеу ұзақтығы

Препарат қысқа мерзімді қолдануға арналған.

Симптомдарды жеңілдетуге қажетті ең аз уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны пайдалану керек.

Егер ересектерге препаратты 10 күннен аса қабылдау қажет болса (балалар мен 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге – 3 күннен аса) немесе егер симптомдары сақталса немесе күшейсе, емдеуді тоқтату және дәрігерге жүгіну керек.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Балаларда дене салмағына 400 мг/кг-ден асатын дозаны қабылдағаннан кейін артық дозалану симптомдары дамуы мүмкін. Ересектер үшін мұндай симптомдарды тудыруы мүмкін доза дәл анықталмаған. Артық дозалану кезінде жартылай шығарылу кезеңі - 1,5-3 сағат.

Симптомдары: жүрек айну, құсу, эпигастрийдегі ауыру, сирек іш өтуі, құлақтағы шуыл, бас ауыру және асқазан-ішектен қан кету.

Ауырлығы басым жағдайларда ОЖЖ тарапынан болатын көріністер: ұйқышылдық, сирек – қозу, құрысулар, бағдардан жаңылу, кома.

Ауыр улану жағдайында метаболизмдік ацидоз дамиды, протромбиндік уақыт артуы мүмкін, бұл қан ұюы факторының айналымдағы әсерінің араласуына байланысты болуы мүмкін. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бауырдың зақымдануы дамуы мүмкін. Бронх демікпесі бар пациенттерде осы ауру өршуі мүмкін.

Емі: симптоматикалық, міндетті түрде тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, ЭКГ мониторингін және тіршілік әрекетінің негізгі көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып, пациенттің жағдайын қалыпты күйге келтіргенге дейін. Ибупрофеннің потенциалды уытты дозасын қабылдағаннан кейін 1 сағат ішінде белсендірілген көмірді пероральді қабылдау немесе асқазанды шаю ұсынылады. Егер ибупрофен сіңіріліп кеткен болса, ибупрофеннің қышқылды туындысын бүйрекпен шығару мақсатында сілтілі сусын ішуді тағайындауға болады, жеделдетілген диурез. Жиі немесе ұзаққа созылған құрысуларды в/і диазепам немесе лоразепам енгізумен басу керек. Бронх демікпесі нашарлағанда бронходилататорлар қолдану ұсынылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін айқындау үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін ұсынымдар

Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.

Шығарылу түрі

ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыBolioff капсулалар 200 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube