Қолдану көрсеткіштері
Глаукоманың ашықбұрышты түрі бар пациенттердегі көзішілік қысымның жоғарылауы немесе ересек пациенттерде көзішілік қысымның төмендетілуі үшін монотерапия жеткіліксіз болғанда көзішілік гипертензияда.
Глаукоманың ашықбұрышты түрі бар пациенттердегі көзішілік қысымның жоғарылауы немесе ересек пациенттерде көзішілік қысымның төмендетілуі үшін монотерапия жеткіліксіз болғанда көзішілік гипертензияда.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- басқа бета-адреноблокаторларға жоғары сезімталдық
- сульфонамидтерге жоғары сезімталдық
- бронх демікпесін қоса, оның ішінде анамнездегі тыныс жолдарының реактивті аурулары
- ауыр дәрежелі өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА)
- синустық брадикардия, синустық түйін әлсіздігі синдромы, синоатриальді блокада, II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
- жүректің клиникалық айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок
- ауыр дәрежелі аллергиялық ринит
- гиперхлоремиялық ацидоз
- ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі
- жүктілік, лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Жүйелі әсерлері
Бринзоламид пен тимолол жүйелі сіңірілуге ұшырайды.
Жергілікті қолданғанда тимолол жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі тарапынан жағымсыз әсер, сондай-ақ жүйелік бета-адреноблокаторларға тән басқа жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін.
Сульфонамидтер туындыларының барлығына ортақ аса жоғары сезімталдық реакциялары Бринзопт Плюс препаратын қабылдағанда жүйелі сіңуі әсерінен дамуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы, жүрек жеткіліксіздігі) және артериялық гипотензиясы бар пациенттерде бета-адреноблокаторлармен ем қатаң бағалануы тиіс және басқа дәрілік заттармен емдеу мүмкіндігі қарастырылуы керек. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде аурудың өршуінің белгілерін және жағымсыз реакциялардың пайда болуын мұқият қадағалап отыру қажет.
Қозудың өту уақытына жағымсыз әсер ететіндігіне байланысты, атриовентрикулярлық I дәрежелі блокадасы бар пациенттерде бета-адреноблокаторларды пайдалану сақтықпен қолдану керек.
Қантамыр тарапынан бұзылулар
Шеткері қанайналымның айқын бұзылулары (Рейно ауруы немесе Рейно синдромының ауыр түрлері) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Гипертиреоз
Бета-адреноблокаторлар гипертиреоз симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Бұлшықет әлсіздігі
Бета-адреноблокаторлар миастения симптомдарына ұқсас (мысалы, птоз, диплопия және жалпы әлсіздік) бұлшықет әлсіздігінің белгілерін күшейтетіні белгілі.
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Бронх түйілуінен болатын өлімді қоса, бронх демікпесі бар пациенттерде бета-адреноблокаторларды жергілікті қолданудан кейін тыныс алу жүйесі тарапынан болатын реакциялар туралы хабарланды.
Бринзопт Плюс препаратын ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі ӨСОА бар пациенттерде сақтықпен және егер тек, ықтимал пайдасы болуы мүмкін қаупінен асып түсетін болса ғана қолдану керек.
Гипогликемия/қант диабеті
Бета-адреноблокаторларды кенеттен гипогликемияның дамуына бейім пациенттерде немесе тұрақсыз диабеті бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені бета-адреноблокаторлар жедел гипогликемияның симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Қышқыл-сілті теңгерімінің бұзылулары
Бринзопт Плюс препаратының құрамында бринзоламид – сульфонамид бар. Карбоангидраза тежегіштерін ішу арқылы қолданғанда қышқыл-сілті теңгерімі бұзылуы дамығаны сипатталған. Метаболизмдік ацидоздың дамуы қаупінің мүмкіндігіне байланысты, препаратты бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Күрделі жағымсыз реакциялардың немесе аса жоғары сезімталдықтың реакциялары пайда болған жағдайда, препаратты қолдануды тоқтату керек.
Зейін қою
Карбоангидразалар тежегіштерін ішу арқылы қабылдау зейін қоюды және (немесе) қимыл-қозғалыс үйлесімін қажет ететін жұмыстарды атқару қабілетіне әсер етуі мүмкін. Бринзопт Плюс препаратын қолданғанда бұл әсері жергілікті қолданғанда бринзоламид жүйелі қан ағынына өтуіне байланысты бақылануы мүмкін.
Анафилаксиялық реакциялар
Бета-адреноблокаторлар қабылдайтын, анамнезінде атопиясы немесе түрлі аллергендерге ауыр анафилаксиялық реакциясы бар пациенттер осы аллергендердің әсеріне күштірек реакция беруі мүмкін, анафилаксиялық реакцияны емдеуде адреналиннің әдеттегі дозаларына төзімді болуы мүмкін.
Көз тамырлары қабықтарының ажырауы
Сүзгілеу операцияларынан кейін көзішілік сұйықтық түзілуіне кедергі келтіретін дәрілік заттарды (мысалы, тимолол, ацетазоламид) қолданғанда көз тамырлары қабықтарының ажырау жағдайлары сипатталған.
Хирургиялық анестезия
Офтальмологиялық препараттардың құрамындағы бета-адреноблокаторлар
жүйелі бета-агонистердің, мысалы, адреналиннің әсерін бөгеуі мүмкін. Операциялық араласымды жүргізер алдында анестезиологты пациенттің тимололды қолданып жүргендігі туралы хабардар ету керек.
Қатарлас ем
Бринзопт Плюс препаратын осыған дейін жүйелік бета-адреноблокаторларды қолданып жүрген пациенттерде қолданғанда препараттардың бета-адреноблокаторлардың белгілі жүйелік әсеріне қатысты, сондай-ақ КІҚ төмендеуіне қатысты фармакологиялық әсерінің өзара болжамды күшеюін ескеру керек. Бұндай пациенттерді мұқият бақылау керек.
Жергілікті әсер ететін екі бета-адреноблокаторды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Бринзопт Плюс препараты мен пероральді карбоангидраза тежегішін қабылдайтын пациенттерде карбоангидраза тежелуі салдарынан туындайтын жүйелік әсерлердің күшеюінің ықтималдығы бар. Бринзопт Плюс препараты мен пероральді карбоангидраза тежегіштерін бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Көру мүшесі тарапынан әсерлер
Бринзопт Плюс препаратын жалған эксфолиативті немесе пигментті глаукомасы бар пациенттерді емдеуде қолдану тәжірибесі шектеулі. Бұл жағдайда пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту және көзішілік қысымды тұрақты бақылауды жүзеге асыру қажет.
Бринзопт Плюс препаратын жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде қолдану зерттелмеген, сондықтан ұсынылмайды.
Офтальмологиялық бета-блокаторлар көздің құрғауын туындатуы мүмкін. Мөлдір қабықтың аурулары бар пациенттерді сақтықпен емдеу керек.
Мөлдір қабықтың ақауы бар пациенттерде (әсіресе, эндотелий жасушаларының саны аз пациенттерде) бринзоламидтің мөлдір қабық эндотелийі функциясындағы әсері зерттелмеген. Жанаспалы линзаларды тағатын пациенттерде бринзоламидті қолданғанда мөлдір қабықтың жай-күйіне мұқият бақылау керек, өйткені карбоангидразалар тежегіштері мөлдір қабық гидратациясына әсер етуі мүмкін. Бұл мөлдір қабықтың декомпенсациясы мен ісінуіне әкелуі мүмкін, ал жанаспалы линзаларды тағу мөлдір қабық үшін осы қауіптің ықтималдығын арттыруы мүмкін. Қант диабеті немесе мөлдір қабық дистрофиясы бар пациенттер сияқты мөлдір қабықтарының ақауы бар пациенттерге мұқият бақылау жүргізу ұсынылады
Бензалконий хлориді
Бринзопт Плюс препаратының құрамына кіретін бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалардың түсін өзгертуі мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзаларға тиюін болдырмау керек. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларын алып тастауы және препарат қолданғаннан кейін оларды 15 минут өткеннен кейін ғана қайта тағуға болады.
Бензалконий хлориді препаратты жиі немесе ұзақ уақыт қолданғанда нүктелік кератопатияны және/немесе уытты ойық жаралы кератопатия туғызуы мүмкін, пациенттің жай-күйін мұқият бақылау керек.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бринзопт Плюс препаратын бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы, гиперхлоремиялық ацидоз
Бринзоламид + тимололдың бекітілген біріктірілімі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) бар пациенттерде немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде зерттелмеген. Бринзоламид және оның негізгі метаболиті көбіне бүйрек арқылы шығарылатындықтан Бринзопт Плюс препараты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарсы көрсетілімде.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Бринзопт Плюс препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Бринзопт Плюс препараты құрамында карбоангидраза тежегіші бринзоламид бар, оны жергілікті қолданғанда жүйелі сіңеді. Пероральді карбоангидраза тежегіштерін қолдану нәтижесінде қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылуының жағдайлары сипатталған. Бұндай бұзылулар мүмкіндігі Бринзопт Плюс препаратын қолданатын пациенттерде болатынын ескеру керек.
Бринзопт Плюс препаратын пероральді карбоангидраза тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені жүйелік жағымсыз реакциялар күшеюінің ықтималдығы бар.
Бринзоламид метаболизміне цитохром Р-450: CYP3A4 (негізінен), CYP2A6, CYP2B6, CYP2C8 және CYP2C9 изоферменттері жауапты.
CYP3A4 изоферментімен бринзоламид метаболизмі тежелуі мүмкіндігіне байланысты кетоконазол, итраконазол, клотримазол, ритонавир және тролеандомицин сияқты CYP3A4 изоферментін тежейтін препараттарды бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Алайда бринзоламид жинақталуының ықтималдығы аз, өйткені ол бүйрекпен шығарылады. Бринзоламид цитохрома Р-450 изоферменті тежегіштері емес.
CYP2D6 тежегіштерін (хинидин, флуоксетин, пароксетин) және тимололды бір мезгілде қолданғанда бета-адреноблокатордың жүйелік әсері күшеюі (жүрек жиырылу жиілігі азаюы, депрессия) дамуы мүмкін.
Анафилаксиялық реакцияларды емдеу үшін қолданылатын бета-адреноблокаторлар эпинефрин (адреналин) әсерін азайтуы мүмкін. Анамнезінде атопиясы немесе анафилаксиясы бар пациенттерде ерекше сақ болу керек.
Бета-адреноблокаторлар гипогликемиялық дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Кейде офтальмологиялық бета-адреноблокаторларды және адреналинді (эпинефрин) бір мезгілде қолданумен шартталған қарашықтың кеңеюі анықталған.
Бета-адреноблокаторларды, «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторларын, аритмияға қарсы препараттарды (оның ішінде амиодаронмен), жүрек гликозидтерімен, парасимпатомиметиктермен, гуанетидинмен бір мезгілде пероральді қолданумен бета-адреноблокаторлармен жергілікті офтальмологиялық қолданғанда артериялық гипотензияға және/немесе айқын брадикардияға әкелетін аддитивті әсерлердің ықтималдығы бар.
Клонидинді күрт тоқтату жағдайында бета-блокаторларды қабылдау кезінде гипертензиялық реакцияның даму ықтималдығы бар.
Клонидинмен бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Бринзопт Плюс препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректердің болмауына байланысты ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде бринзоламид және тимололды офтальмологиялық қолдануға қатысты нақты деректер жоқ немесе олар шектеулі.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүйелі енгізгеннен кейін бринзоламидтің репродуктивтік уыттылығын көрсетті. Егер айқын қажеттілік болмаса, Бринзопт Плюс препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүйелік әсерді азайту үшін «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімін қараңыз.
Эпидемиологиялық зерттеулер мальформативті әсерлерді анықтаған жоқ, бірақ бета-адреноблокаторларды пероральді енгізген кезде құрсақішілік дамудың іркілу қаупін көрсетеді. Сонымен қатар, бета-блокаданың белгілері мен симптомдары (мысалы, брадикардия, гипотензия, тыныс алудың бұзылуы және гипогликемия) жаңа туған нәрестеде бета-блокаторлар босанғанға дейін енгізілген кезде байқалды. Егер Бринзопт Плюс препараты босанғанға дейін қолданылса, жаңа туған нәрестені өмірінің алғашқы күндерінде мұқият бақылау керек.
Жергілікті офтальмологиялық қолданғанда бринзоламидтің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Бринзоламид пероральді қолданылғаннан кейін емшек сүтіне өтеді.
Бета-адреноблокаторлары емшек сүтімен бөлінеді. Алайда нәрестелерде бета-адренорецепторлардың блокадасының клиникалық симптомдары дамуын туындататындай тимололды офтальмологиялық қолданғанда емшек сүтінде жеткілікті мөлшерде болу ықтималдығы аз. Алайда емшектегі сәби үшін қаупін жоққа шығару мүмкін емес. Сәбиді емшекпен емізудің артықшылығы мен анасы үшін емнің пайдасын ескере отырып, емшекпен емізуді тоқтату немесе Бринзопт Плюс препаратын қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдау керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бринзопт Плюс препараты көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер етеді. Карбоангидраза тежегіштері зейін қоюды және/немесе қозғалыс үйлесімділігін талап ететін міндеттерді орындау қабілетін әлсіретуі мүмкін.
Егер пациентте препарат қолданудан кейін көрудің уақытша бұлыңғыр-лануы туындаса, көлік құралдарын басқаруына және ол қалпына келгенге дейін барынша зейін қою және реакция талап ететін қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Дозалау режимі
Егде жастағы пациенттерді қоса, ересектер
Бринзопт Плюс конъюнктивалық қапқа күніне 2 рет 1 тамшыдан зақымданған көзге (көздерге) бір уақытта тамызады.
Енгізу әдісі және жолы
Офтальмологиялық қолдануға арналған.
Құтыны пайдалану алдында шайқау керек.
Препаратты тамызғаннан кейін көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қапшығының проекциясы аумағына 2 минутқа саусақпен жеңіл басу керек – бұл препараттың жүйелік сіңуін азайтады.
Глаукомаға қарсы қандай да бір басқа препаратты Бринзопт Плюс препаратымен алмастырған жағдайда, алмастырылатын препаратты қолдануды тоқтату керек және келесі күні Бринзопт Плюс препаратын қолдануды бастап кету қажет.
Егер бір офтальмологиялық дәрілік препараттан артық қолданылып жатса, онда олар ең кемі 5 минут аралықпен жеке-дара қолданылуы тиіс. Көзге арналған жақпамайларды ең соңғы кезекте қолдану керек.
Құты-тамшылатқышты және оның құрамындағы заттың ластануын болдырмау үшін құты-тамшылатқыштың ұшын қандай да бір беткейге тигізіп алуға болмайды. Әр пайдаланудан кейін құтыны жауып қою керек.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.