Қолдану көрсеткіштері
Шырыштың түзілуі және шығарылуы бұзылуымен қатар жүретін жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емі.

- әсер етуші заттарға немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Тері реакциялары
Бромгексинді қолданумен байланысты – мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС)/ уытты эпидермальді некролиз (УЭН) және жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП) сияқты ауыр тері реакциялары туралы хабарламалар бар. Тері бөртпесінің үдеу симптомдары немесе белгілері (кейде күлдіреуікпен немесе шырышты қабық зақымдануларымен) болғанда бромгексинмен емдеуді дереу тоқтату және дәрігер кеңесіне жүгіну керек.
Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы
Егер сіз асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасымен зардап шегетін (немесе бұрын зардап шексеңіз) болсаңыз, Бромгексин 4 Берлин-Хеми препаратын қабылдауға болмайды, өйткені бромгексин асқазан-ішек жолы шырышты қабығының бөгегіш функциясына әсер етуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Бромгексин 4 Берлин-Хеми жөтелге қарсы препараттармен біріктіріп қолданған кезде жөтел рефлексінің әлсіреуіне байланысты секреттің жинақталу қаупі бар, сондықтан бұндай біріктірілімдегі препараттарды тағайындау көрсеткіштерін ерекше мұқият тексеру керек.
Асқазан-ішек жолдарының тітіркену симптомдарын туындататын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда, АІЖ шырышты қабығын тітіркендіретін әсері күшеюі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Өкпе және тыныс алу жолдары
Бромгексин 4 Берлин-Хеми препаратын бронх моториканың бұзылуы және шырыш секрециясының күшеюі (мыс., алғашқы цилиарлы дискинезия [кірпікшелер дискинезиясы] сияқты сирек кездесетін ауруда) бар пациенттерге қолданғанда секреттің жинақталуы мүмкіндігіне байланысты сақтық шараларын сақтау қажет.
Бауыр және бүйрек тарапынан бұзылулар
Бауыр функциясының бұзылуы кезінде немесе күрделі бүйрек ауруларында ерекше сақтық шараларын сақтау керек (Бромгексин 4 Берлин-Хемиді төмен дозада немесе ұзақ аралықпен қабылдау керек).
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде бауырда түзілетін бромгексин метаболиттері жинақталуы мүмкін.
Әсіресе ұзақ уақыт емделген кезде бауыр функциясы көрсеткіштерін мезгіл-мезгіл бақылап тұру ұсынылады.
Педиатриялық бейіндегі пациенттер
Бромгексин 4 Берлин-Хеми 2 жастан асқан балаларға және дәрігердің бақылауымен қолдану рұқсат етіледі.
Бензой қышқылы, мальтитол
Бұл дәрілік заттың бір өлшегіш қасығында 5 мг бензой қышқылы бар. Бензой қышқылы 4 аптаға дейінгі жаңа туған нәрестелерде сарғаюды (тері мен көздің сарғаюы) ушықтыруы мүмкін. Альбумин қосылыстарымен ығысқаннан кейін қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы жаңа туған нәрестелерде сарғаюды ушықтыруы мүмкін, ол ядролық сарғаюға (ми тінінде конъюгацияланбаған билирубин шөгінділері) айналуы мүмкін.
Бұл дәрілік препараттың құрамында мальтитол бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге бұл дәрілік затты қабылдауға болмайды. Мальтитол жеңіл іш жүргізетін әсер көрсетуі мүмкін. Мальтитолдың энергетикалық құндылығы 2,3 ккал/г құрайды.
Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік
Қазіргі уақытта бромгексинді жүктілік кезінде қолдану тәжірибесі болмаған; демек Бромгексин 4 Берлин-Хеми препаратын жүкті әйелдерге пайда/қауіп арақатынасы дәрігермен мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдануға жол беріледі; жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу
Әсер етуші зат ана сүтімен бөлінетіндіктен, лактация кезінде Бромгексин 4 Берлин-Хеми препаратын қолдануға жол берілмейді.
Фертильділік
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде бромгексиннің фертильділікке зиянды әсері анықталған жоқ.
Көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықтимал әсер ету туралы ақпарат
Бромгексин 4 Берлин-Хеми препараты көлік құралын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер көрсетеді.

60 мл бұралатын пластмасса немесе алюминий қақпағы бар қоңыр түсті шыны құтыда.
1 құтыдан өлшегіш қасығы мен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 1721₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Уральске:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
3188₸
1467₸
1721₸