daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Цетло Таблеткалары 5 Мг №10 | Evertogen Life Sciences Limited

Уральске қаласындағы Цетло Таблеткалары 5 Мг №10 | Evertogen Life Sciences Limited
Сипаттама:

Сопақша пішінді, тегіс беткейлі, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Левоцетиризин

Өндіруші:

Evertogen Life Sciences Limited

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабықтың құрамы: Опадрай ақ (03К58884): гипромеллоза 6сР, титанның қостотығы (Е 171), триацетин

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Цетло препараты ересектер және 6 жастан үлкен балаларда  аллергиялық ринит (тұрақты аллергиялық ринитті қоса) және есекжемді симптоматикалық емдеу үшін қолданылады

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттерінің кез келгеніне немесе пиперазин туындыларына  жоғары сезімталдық

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз)

- 6 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Сақтық шаралары

Егер бауыр мен бүйректің ауыр ауруы болса, қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек, өйткені препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Егер бүйректің ауыр ауруы (бүйрек жеткіліксіздігі) болса, Цетло препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігерге қаралу қажет, себебі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты препаратты неғұрлым сирек қолдану көрсетілуі мүмкін немесе оны қолдануға болмауы мүмкін. Бүйрек аурулары бар балаларда левоцетиризинді қолдану жөнінде деректер жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Левоцетиризинмен өзара әрекеттесуіне ешқандай зерттеулер (оның ішінде, CYP3A4 индукторымен ешқандай зерттеулер) орындалмаған; цетиризин рацемиялық қосылысымен (антипирин, жалған эфедрин, циметидин, кетоконазол, эритромицин, азитромицин, глипизидпен және диазепаммен) жүргізілген зерттеулер ешқандай клиникалық маңызды жағымсыз өзара әрекеттесулер болмағанын көріністеді. Теофиллинмен көп реттік дозасының (күніне бір рет 400 мг) зерттеуінде цетиризин клиренсінің (16%) аздап төмендеуі байқалды; ал теофиллин фармакокинетикасы цетиризинді қатарлас қабылдағанда өзгермеді.

Ритонавир (күніне екі рет 600 мг) және цетиризиннің (күніне 10 мг) көп реттік дозасының зерттеулерінде цетиризиннің әсер ету дәрежесі  40% артты, ал ритонавир  фармакокинетикасы сәл (-11%) өзгерді, бұл әріқарай цетиризин сіңуімен қатар жүрді.

Левоцетиризиннің сіңу дәрежесі, сіңу жылдамдығы төмендесе де, ас ішумен төмендемейді. Сезімтал пациенттерде цетиризин немесе левоцетиризинді және алкоголь немесе басқа ОЖЖ депрессанттарын бір мезгілде қабылдау орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін, цетиризин рацематының алкоголь әсерін күшейтпейтіні көрсетілсе де, зейіннің өте айқын төмендеуіне және жұмыс қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар және бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттер

Дозалау режимін түзету қажет.

Несеп іркілісіне бейімдейтін факторлары (мысалы, жұлын хордасының зақымдануы, қуық асты безінің гиперплазиясы) бар пациенттер ерекше сақтықпен қабылдау керек, өйткені левоцетиризин несеп іркілісінің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Левоцетиризин эпилепсиясы мен құрысулардың туындау қаупі бар пациенттерде сақтықпен қолданылу керек, өйткені оны қолдану ұстаманың күшеюіне әкелуі мүмкін.

Цетло препараты, басқа да аллергияға қарсы (антигистаминдік) препараттар сияқты, организмнің аллергиялық тері сынамаларына реакциясын азайтуы мүмкін, сондықтан оларды орындау алдында препаратты қабылдауда 3 және одан көп күн үзіліс жасау қажет.

Цетло препаратын қабылдауды тоқтатудан кейін, тіпті ол емдеуді бастар алдында болмаса да, қышыну пайда болуы мүмкін. Қышыну өз бетінше басылуы мүмкін, бірақ кейде ол өте күшті болуы мүмкін, ал ондай жағдайларда дәрігер Цетло препаратымен емдеуді жалғастыра алады. Емдеуді жаңғыртудан кейін симптомдар жоғалуы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар

Ұсынылатын тәуліктік доза 5 мг құрайды (1 қабықпен қапталған таблетка).

Ересектер, 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер

Ұсынылатын тәуліктік доза 5 мг құрайды (1 қабықпен қапталған таблетка).

Егде жастағы пациенттер

Айқындылығы орташа және ауыр дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерге дозаны түзету ұсынылады. (төменнен «Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерді» қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер

Дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты әркімге жеке белгіленуі тиіс. Келесі кестеге қараңыз және дозаны төменде көрсетілгендей түзетіңіз. Осы дозалау кестесін пайдалану үшін пациенттің креатинин клиренсін (КК) мл/мин бойынша бағалау талап етіледі. КК (мл/мин) келесі формуламен анықталған сарысу креатинині (мг/дл) бойынша бағалануы мүмкін:

КК = [140-жас (жыл)] х салмағы (кг) (х 0.85 әйелдер үшін)

72 х сарысу креатинині (мг/дл)

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету:

Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген балалар

Доза пациенттің бүйректік клиренсі мен оның дене салмағының есебімен әркімге жеке негізде түзетілуі тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Тек бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны реттеу ұсынылады (жоғарыдан «Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерді» қараңыз).

Енгізу әдісі мен жолы

Тамақпен немесе аш қарынға ішке қолданады, таблетканы шайнамай, аздаған мөлшерде су іше отырып, тұтастай жұту керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Тәуліктік дозаны бір қабылдауға қабылдау ұсынылады. Тамақтану Цетло препаратының тиімділігіне ерекше әсер етпейді. 

Емдеу ұзақтығы

Мезгіл-мезгіл болатын аллергиялық ринит (симптомдар аптасына төрт күннен жиі емес немесе жылына төрт аптадан аспайтын) ауру симптомдарына және оның анамнезіне сәйкес емдеу қажет, қабылдауды симптомдар басылған соң ғана тоқтатуға болады, ал симптомдар пайда болғанда ол қайта жаңғыртылуы мүмкін. Аллергендермен жанасу кезеңінде тұрақты аллергиялық ринит (симптомдар аптасына төрт күннен көп немесе төрт аптадан артық уақыт көрініс береді) жағдайында пациентке үздіксіз жүргізілетін ем ұсынуға болады. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түріндегі 5 мг левоцетиризинді 6 айлық емдеу кезеңімен клиникалық қолдану тәжірибесі бар. Созылмалы есекжем және созымалы аллергиялық ринитте бір жылға дейінгі ұзақтықпен цетиризин рацематын клиникалық қолдану тәжірибесі бар.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан алюминий фольгадан  жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЦетло таблеткалары 5 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube