daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Цифран Инфузияға Арналған Ерітінді 200 Мг 100 Мл | Sun Pharmaceutical Industries Ltd

Уральске қаласындағы Цифран Инфузияға Арналған Ерітінді 200 Мг 100 Мл | Sun Pharmaceutical Industries Ltd
Сипаттама:

Түссізден бозаң-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Ципрофлоксацин

Өндіруші:

Sun Pharmaceutical Industries Ltd

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: динатрий эдетаты, сүт қышқылы, натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Түссізден бозаң-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

200мг/100мл

Дәрілік түрі:

Инфузияға арналған ерітінді, 200 мг/100 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру керек.

Ересектер

- грамтеріс бактериялардан туындаған төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында

- өкпенің обструктивті созылмалы ауруының өршуінде

- муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекцияларында немесе бронхоэктазияда

- пневмонияда

- созылмалы іріңді ортаңғы отитте

- созылмалы синуситтің жедел өршуінде, әсіресе егер грамтеріс бактериялардан туындаған болса

- несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, простатит, аднексит, эндометритті қоса)

- жыныс ағзаларының және кіші жамбас ағзаларының инфекцияларында (Neisseria gonorrhoeae сезімталдығына байланысты жағдайларын қоса, созда, жұмсақ шанкр, простатит, аднексит, сальпингит, оофорит, эндометрит, тубулярлық абсцесс, пельвиоперитонит, хламидиоз)

- құрсақ қуысының инфекцияларында: АІЖ, өт жолдарының бактериялық инфекциялары, перитонит, құрсақішілік абсцесс, сальмонеллез, іш сүзегі, кампилобактериоз, иерсиниоз, шигеллез, тырысқақ

- тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары, инфекция жұқтырған ойықжара, жаралар, күйіктерде (іріңдеген атерома, абцесс, фурункул)

- қатерлі сыртқы отитте

- сүйек пен буын инфекцияларында: остеомиелит, сепсистік артрит, сепсис

- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (жанасудан кейінгі профилактика және емдік ем)

Ципрофлоксацин бактериялық инфекциялардан туындағаны болжанған қызбасы бар нейтропениялық пациенттерді емдеуде қолданылуы мүмкін.

Балалық және жасөспірімдік жас

- Pseudomonas aeruginosa туындаған муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекцияларында

- несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында және пиелонефритте

- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (жанасудан кейінгі профилактика және емдік ем)

Ципрофлоксацин сондай-ақ қажет саналған кезде балалар мен жасөспірімдердегі ауыр инфекцияларды емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Емдеуді тек қана балалар мен жасөспірімдердегі муковисцидозды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бастауы тиіс.

Қарсы көрсеткіштер

- ципрофлоксацинге немесе хинолондар тобының басқа препараттарына немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- тизанидинмен бір мезгілде қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі

- жалғанжарғақшалы колит

- бүйрек (КК<30 мл/мин) немесе бауырдың айқын жеткіліксіздігі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Ауыр инфекциялар және грамоң және анаэробты патогендердің аралас инфекциялары

Ципрофлоксацинмен монотерапия ауыр инфекцияларды және грамоң немесе анаэробты қоздырғыштар себебінен болатын инфекцияларды емдеуге жарамайды. Ондай жағдайларда ципрофлоксацин бактерияға қарсы басқа тиісті дәрілермен бірге енгізілуі тиіс.

Стрептококкты инфекциялар (пневмококкты түрлерін қоса)

Ципрофлоксацин, тиімділігінің жеткіліксіздігіне орай, стрептококкты инфекцияларды емдеуге ұсынылмайды.

Жыныс ағзаларының инфекциялары

Орхоэпидидимит және жамбастың қабыну ауруларын фторхинолонға төзімді гонококктар туындатуы мүмкін.

Орхоэпидидимит пен кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларына ципрофлоксацинді эмпирикалық тұрғыда тек бактерияға қарсы сәйкес келетін басқа препаратпен біріктірілімде қарастыру керек. Егер 3 күн емделуден соң клиникалық жақсаруға қол жетпесе, емдеу қайта қаралуы тиіс.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары

Несеп шығару жолдарының инфекцияларына қатысатын ең көп таралған патоген - ішек таяқшасының фторхинолондарға төзімділігі барлық елдерде өзгешеленеді. Кеңес берушілерге ішек таяқшасының фторхинолондарға төзімділігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.

Интраабдоминальді инфекциялар

Операциядан кейінгі интраабдоминальді инфекцияларды емдеуде ципрофлоксацин тиімділігі туралы деректер шектеулі.

Саяхатшылар диареясы

Ципрофлоксацинді таңдағанда сапарлап барған елдерде сәйкесті патогендердің ципрофлоксацинге төзімділігі туралы ақпаратты ескеру керек.

Сүйектер мен буындар инфекциялары

Микробиологиялық зерттеулер нәтижелеріне қарай, ципрофлоксацинді микробқа қарсы басқа агенттермен біріктіріп пайдалану керек.

Ципрофлоксацин балалар мен жасөспірімдерде қолданылғанда нұсқаулықты ұстану керек.

Ципрофлоксацинмен емдеуді балалар мен жасөспірімдерде муковисцидоз және/немесе ауыр инфекцияларды емдеу тәжірибесі мол дәрігерлер жүргізу керек.

Цифранмен емдеу, буындармен және/немесе қоршаған тіндермен байланысты жағымсыз әсерлер болуы мүмкін екендіктен, пайда/қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана басталу керек.

Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары

Клиникалық сынақтарға 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қосылды. 1-ден 5 жасқа дейінгі балаларды емдеу тәжірибесі өте шектеулі.

Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит

Басқа емдеу әдістері пайдаланылмаса, несеп шығару жолдарының инфекцияларын ципрофлоксацинмен емдеу қарастырылу керек және микробиологиялық зерттеулер нәтижелеріне негізделуі тиіс.

Клиникалық сынақтарға 1-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қосылды.

Басқа спецификалық ауыр инфекциялар

Ресми нұсқаулыққа сәйкес немесе басқа емдеу әдістерін пайдалану мүмкін болмағанда пайдасы мен қаупін мұқият бағалаудан кейін, немесе әдеттегі емнен бас тартудан соң және микробиологиялық зерттеулер нәтижелері ципрофлоксацин қолдануды ақтаған кездегі басқа ауыр инфекциялар.

Жоғарыда көрсетілгендерден ерекшеленетін нақты бір ауыр инфекциялар үшін ципрофлоксацин қолдану клиникалық сынақтарда бағаланбаған және клиникалық тәжірибе шектеулі. Демек, осы инфекциялармен науқастарды емдеуде сақтық таныту керек.

Жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық шок пен анафилактоидты реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық және аллергиялық реакциялар бір рет қабылдаудан кейін туындауы және өмірге қауіпті болуы мүмкін. Осындай реакция білінгенде ципрофлоксацинді тоқтатып, талапқа сай медициналық емді бастау керек.

Сүйек-буын жүйесі

Ципрофлоксацинді, әдетте, жарақаттары мен анамнезінде сіңір аурулары бар пациенттерде қолдануға болмайды. Дегенмен де, өте сирек жағдайларда, қоздырғыштың микробиологиялық зерттеуінен және «қауіп/пайда» теңгерімін бағалаудан соң ципрофлоксацинді, әсіресе, микробиологиялық деректер ципрофлоксацин қолдануды ақтайтын стандартты емнен бас тартқан жағдайда осы пациенттерге кейбір ауыр инфекцияларды емдеу үшін тағайындауға болады.

Ципрофлоксацинмен емделу кезінде және енгізуден кейін алғашқы 48 сағат ішінде тендинит пен сіңірлердің (әсіресе, ахилл сіңірінің) кейде екі жақты үзілуі туындауы мүмкін. Ципрофлоксацинмен емді тоқтатудан кейін тіпті бірнеше ай бойы сіңірлердің қабынуы мен үзілуі болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде немесе бір мезгілде кортикостероидтар қабылдаған пациенттерде тендинопатия қаупі артуы мүмкін.

Тендиниттің кез келген симптомында (мысалы, ауырсынулы домбығу, қабыну), ципрофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек. Сақтық шарасын және тыныштық күйін қадағалау керек.

Ципрофлоксацин миастениясы бар пациенттерде абайлап пайдаланылу керек.

Көру қабілетінің бұзылуы

Егер көру қабілетінің кез келген нашарлауы білінсе, дереу окулистке көріну керек.

Жарыққа сезімталдық

Ципрофлоксацин қабылдайтын пациенттерге емделу кезінде тіке түсетін күн сәулесінің әсерінен немесе ауқымды немесе УК-сәулеленуден сақтануға кеңес беру керек.

Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ)

Ципрофлоксациннің, басқа да хинолондар сияқты, құрысуларды туындататыны немесе құрысу шегін төмендететіні белгілі. Эпилепсиялық статус жағдайлары байқалған. Ципрофлоксацин ОЖЖ бұзылулары бар науқастарда абайлап пайдалану керек. Психикалық реакциялар тіпті ципрофлоксацинді алғаш қабылдаудан кейін де туындауы мүмкін. Сирек жағдайларда, депрессия немесе психоз суицидтік ойлардың, суицид әрекеттерінің немесе суицидтің туындауына дейін үдеуі мүмкін. Осындай жағдайлар пайда болғанда ципрофлоксацин тоқтатылу керек.

Ципрофлоксацин қабылдайтын пациенттерде полинейропатия жағдайлары (ауыру, ашыту, сенсорлы бұзылыстар немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты неврологиялық симптомдар негізінде, жеке немесе біріктіріліп) тіркелген. Ауыру, ашыту, шаншу, ұю және/немесе әлсіреуді қоса, нейропатия симптомдарын сезінетін пациенттерде ципрофлоксацин қайтымсыз жай-күйдің дамуынан сақтану мақсатында тоқтатылу керек.

Жүрек аурулары

QT аралығының ұзаруымен белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде, ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондар пайдаланылғанда сақ болу керек, мысалы:

- QT аралығының ұзару синдромы

- QT аралығын ұзартуы белгілі препараттарды (мысалы, IA ​​және III класс антиаритмиялық, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) бір мезгілде қолдану

- гипокалиемия, гипомагниемия

- жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия)

Егде жастағы пациенттер және әйелдер осы препараттарға сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан осы қауымдарда, ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондар пайдаланылғанда сақтық шарасын қадағалау керек.

Гипогликемия

Басқа хинолондар жағдайындағы сияқты, қант диабетімен науқастарда, негізінен егде жастағы адамдарда гипогликемия жиірек туындайды. Қант диабеті бар пациенттердің бәрінде қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг қажет.

Асқазан-ішек жолы

Емделу кезінде немесе одан кейін (соның ішінде емдеуден кейін бірнеше аптадан соң) ауыр және тұрақты диареяның туындауы шұғыл емдеуді талап ететін антибиотикпен астасқан колитті (өліммен аяқталу мүмкіндігімен өмірге қатерлі) көрсетуі мүмкін. Ондай жағдайларда ципрофлоксацинді дереу тоқтатып, тиісті емді бастау керек. Осы жағдайда перистальтикаға қарсы препараттар қарсы көрсетілімді.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі

Ципрофлоксацин қолданумен байланысты кристаллурия хабарланды.

Ципрофлоксацинмен емделу кезеңінде кристаллурияның дамуынан сақтану үшін несептің сілтіленуінен сақтану керек. Қалыпты диурезді қадағалау үшін жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуді де (диурезді бақылаумен) қамтамасыз ету қажет.

Гепатобилиарлы жүйе

Ципрофлоксацинмен ем кезінде бауыр некрозы мен бауыр жеткіліксіздігінің өмірге қатерлі жағдайлары тіркелген. Бауыр ауруларының қандай да бір белгілері және симптомдары туындаған жағдайда (мысалы, анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну) емдеуді тоқтату керек.

Глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназа

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар науқастарда ципрофлоксацинмен емделу кезінде гемолиздену реакциялары тіркелді. Осы пациенттерде егер ықтималды пайдасы болжамды қауіптен басым болатын жағдайда ғана ципрофлоксацинді қолдану керек. Бұл жағдайда гемолиздің туындау мүмкіндігін бақылап отыру керек.

Төзімділік

Ципрофлоксацинмен емдеу курсы кезінде және одан кейін кейбір бактериялар ципрофлоксацинге төзімділігін көріністейді, сондықтан емдеу ұзаққа созылып кеткенде және ауруханаішілік инфекцияларды және/немесе стафилококктар туғызған инфекцияларды емдеуде ципрофлоксацинге төзімді бактериялар үшін таңдау қаупі ерекше болуы мүмкін.

P450 цитохромы

Ципрофлоксацин CYP1A2-ні тежеп, осылайша, сарысудағы концентрацияның артуын туындатуы мүмкін. Осылайша, бұл заттарды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттер артық дозаланудың клиникалық белгілерін қадағалауы тиіс, сондай-ақ қан сарысуында концентрацияны (мысалы, теофиллиннің) анықтау керек. Ципрофлоксацин мен тизанидинді бірге енгізу қарсы көрсетілімді.

Метотрексат

Ципрофлоксацинді метотрексатпен қатарлас қолдану ұсынылмайды.

Натрий хлориді

Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, нефроздық синдром және т.б. бар пациенттерде натрий хлориді мөлшерін бақылау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ципрофлоксацинді, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзаруын туындатуға қабілетті препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс дәрілері, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдайтын пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Пробенецид ципрофлоксациннің бүйректік секрециясын бөгейді. Пробенецид пен ципрофлоксацинді бірге енгізу сарысуда ципрофлоксацин концентрациясын арттырады.

Тизанидин

Метотрексат

Метотрексаттың тубулярлы тасымалдануы ципрофлоксацинді қатарлас енгізумен бөгелуі мүмкін, оның қан плазмасында метотрексат деңгейін жоғарылату және метотрексатпен астасқан уытты реакциялар қауіптерін арттыру ықтималдығы зор.

Теофиллин

Бір мезгілде ципрофлоксацин мен теофиллин енгізу сарысуда теофиллин концентрациясын қолайсыз арттыруы мүмкін. Бұл теофиллин индукциялаған жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Біріктіру керек болғанда сарысуда теофиллин концентрациясы тексеріліп, қажеттілігіне қарай, теофиллин дозасы азайтылуы тиіс.

Басқа ксантин туындылары

Бір мезгілде ципрофлоксацин мен кофеин немесе пентоксифиллин қолданылғанда да осы ксантин туындыларының сарысудағы концентрациясын бақылау қажет.

Фенитоин

Бір мезгілде ципрофлоксацин мен фенитоин енгізу фенитоиннің сарысулық деңгей өлшемдерін арттыруы немесе азайтуы мүмкін. Осылайша, осы препараттар деңгейлеріне мониторинг өткізу ұсынылады.

Циклоспорин

Ципрофлоксацинді циклоспоринмен бір мезгілде тағайындау циклоспорин нефроуыттылығын арттырады. Сарысуда теофиллин мен циклоспорин концентрацияларына мониторинг өткізу (аптасына екі рет) ұсынылады.

К дәрумені антагонистері

Ципрофлоксацинді К дәрумені антагонистерімен бір мезгілде енгізу антикоагулянтты әсерлерін арттыруы мүмкін. Қауіп инфекция қоздырғышына, пациенттің жасына және жалпы жай-күйіне қарай өзгеруі мүмкін, демек ципрофлоксациннің ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) артуына қаншалықты ықпал ететінін бағалау қиын. Ципрофлоксацинді К дәрумені антагонисімен (мысалы, варфарин, аценокумарол немесе фенпрокумон) бірге енгізу кезінде және одан кейін ХҚҚ бақылануы тиіс.

Дулоксетин

Дулоксетинді флувоксамин сияқты CYP450 1А2 изоферментінің күшті тежегіштерімен қабылдайтын пациенттерде дулоксетин AUC және Cmax артуына алып келуі мүмкін. Ципрофлоксацинмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы клиникалық деректер болмаса да, осындай әсерлерді бір мезгілде енгізгенде күтуге болады.

Ропинирол

Ропиниролды CYP450 1A2 изоферменттерінің орташа тежегіші – ципрофлоксацинмен қолдану ропинирол Cmax және AUC, тиісінше, 60% және 84% артуына алып келеді. Ропиниролды ципрофлоксацинмен бірге енгізу кезінде және одан кейін қолданғанда жағымсыз әсерлеріне мониторинг өткізу ұсынылады.

Лидокаин

Лидокаинді CYP450 1A2 изоферменттерінің орташа тежегіші – ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолдану венаішілік лидокаин клиренсін 22% азайтады. Лидокаинмен емдеуді науқастар жақсы көтерсе де, бір мезгілде енгізілгенде ципрофлоксацинмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі жағымсыз әсерлердің туындауына әкелуі мүмкін.

Клозапин

Клозапинмен 250 мг ципрофлоксацинді 7 күн бойы бір мезгілде енгізуден кейін қан сарысуында клозапин мен N-десметилклозапин концентрациясы, тиісінше, 29% және 31% жоғарылады. Ципрофлоксацинмен бірге енгізу кезінде және одан кейін клиникалық қадағалау мен дозаны тиісінше түзету ұсынылады.

Силденафил

Бір мезгілде 50 мг силденафилді 500 мг ципрофлоксацинмен ішу арқылы қабылдаудан кейін силденафил Cmax және AUC шамамен екі есе ұлғайған, сондықтан, қаупі мен пайдасын ескеріп, ципрофлоксацинді силденафилмен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.

Золпидема

Ципрофлоксацинді бірге енгізу қандағы золпидемнің деңгейін арттыруы мүмкін, бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.

Арнайы ескертулер

Фторхинолонды антибиотиктерді, әсіресе егде адамдарда, бүйрек аурулары бар пациенттерде; жүйелі кортикостероидтармен ем алатын пациенттерде; ағзалар трансплантациясынан кейінгі пациенттерде аса сақтықпен пайдалану керек. Бұл науқастарда фторхинолонды және хинолонды антибиотиктермен емдеу нәтижесінде туындауы ықтимал сіңір зақымдануының қаупі жоғары.

Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондарды қолданғаннан кейін, әсіресе егде пациенттерде аневризма және қолқа қатпарлануының даму қаупі туралы хабарланған, әсіресе егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін қолқа және митралды клапанның регургитациясы. Кейде жарылуымен асқынған (оның ішінде өліммен аяқталған) аневризма мен қолқаның қатпарлану, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдау кезінде жүрек клапандарының кез келгенінің регургитация / жеткіліксіздік жағдайлары тіркелген.

Демек, фторхинолондарды пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризмаға немесе жүрек клапандарының туа біткен ақауына қатысты отбасылық ауыр анамнезі бар пациенттерде, аневризмасы және / немесе қолқаның қатпарлануы немесе анамнезінде жүрек клапандарының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ, аневризмада және қолқаның қатпарлануы кезінде екі жағдайда да басқа қауіп факторлары немесе алдын ала болжанатын жағдайлары болған кезде, сондай-ақ, жүрек клапандарының регургитациясы / жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данло синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тінінің бұзылуы), сондай-ақ, аневризма және қолқаның қатпарлануы кезінде (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қан тамырлары аурулары), сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы / жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, инфекциялық эндокардит) басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана пайдалану керек. Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аневризма және қолқаның қатпарлану, сондай-ақ жыртылу қаупінің артуы мүмкін.

Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы кезінде пациенттерге шұғыл көмек алу үшін дереу дәрігерге бару ұсынылады.

Пациенттерге қатты ентігу, алғаш рет кенеттен пайда болған жүректің жиі соғуы, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқтың ісінуі дамыған кезде дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек.

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірім жаста қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Препаратты қабылдау қарсы көрсетілімде.

Ципрофлоксацин организмнен ана сүтімен де шығарылады. Ықтималды қаупіне орай, емшекпен қоректену кезінде ципрофлоксацинді пайдалануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Цифранның автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне болымсыз әсері болады. Әдеттегі дозаларда, әсіресе, емдеудің басында, дозаны арттырғанда және қатарлас алкоголь тұтынғанда реакция шапшаңдығына ықпал етуі мүмкін. Пациенттерге олардың автокөлік басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетінің емдеу уақытында шектеулі болу мүмкіндігі ескертілуі тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Тизанидин гипотензиялық және тыныштандыру әсерінің күшеюіне байланысты ципрофлоксацинмен бірге енгізілмеуі тиіс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозалануы инфекция ауырлығы мен орналасуын, ципрофлоксацинге сезімталдықты, қоздырғышты анықтауды, пациенттің бүйрек функциясын және дене салмағын ескерумен анықталады.

Енгізу жолы және әдісі

Цифранмен венаішілік ем басталған соң дәрігердің шешімімен емдеуді ішу арқылы емге ауыстыруға болады.

Инфузияға арналған Цифран ерітіндісін пайдаланар алдында қарап тексеру керек.

Ципрофлоксацин венаішілік инфузия арқылы енгізілу керек. Балалар үшін инфузия ұзақтығы 60 минутты құрайды.

Ересек пациенттерде инфузия уақыты 400 мг Цифран ерітіндісі үшін 60 минут және 200 мг Цифран ерітіндісі үшін 30 минутқа созылады. Баяу инфузия жайсыздықты жоюға және венаның тітіркену қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына және клиникалық симптомдарға байланысты.

Кейбір бактериялардан (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter немесе Staphylococci) туындаған инфекцияларды емдеу үшін ципрофлоксациннің едәуір жоғары дозалары және бактерияға қарсы басқа сәйкесті дәрілерді бірге енгізу қажет болуы мүмкін.

Кейбір инфекцияларды (мысалы, жамбас мүшелерінің қабыну аурулары, интраабдоминальді инфекция, нейтропениясы бар науқастардағы инфекциялар және сүйектер мен буындардың инфекциялары) емдеу патогенді микроорганизмдерге байланысты бактерияға қарсы басқа сәйкесті дәрілермен бірге енгізуді талап етуі мүмкін.

Ересектер

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге доза креатинин клиренсіне, инфекция ауырлығына сәйкес таңдалады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге ұсынылатын бастапқы және демеуші дозалары:

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Балаларда бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы

Бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы бар балаларда дозалануы зерттелмеген.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, бас ауыру және бас айналу, ал одан ауыр жағдайларда сананың шатасуы, тремор, елестеулер және құрысулар, кристаллурия, гематурия, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі.

Емі: симптоматикалық, сұйықтықтың жеткілікті түсуін және несептің қышқылдануын (кристалданудан сақтану үшін) қамтамасыз ету. Арнайы антидоты жоқ. Гемодиализ уыттану кезінде клиникалық әсер көрсетпейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Қолданар алында міндетті түрде емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Емдеуші дәрігерге қандай бір басқа препараттар қабылдап жүргеніңізді, аз уақыт бұрын қабылдағаныңызды немесе қабылдауды бастайтыныңызды хабарлаңыз.

Шығарылу түрі

100 мл-ден ақ flip-off қалпақшалары бар резеңке тығындармен тығындалған пластик құтыларда (FFS) немесе шыны құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЦифран инфузияға арналған ерітінді 200 мг 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube