Қолдану көрсеткіштері
- паркинсонизм, Паркинсон ауруы
- фенотиазиндер секілді ОЖЖ препараттарына байланысты экстрапирамидалық бұзылулар.
- паркинсонизм, Паркинсон ауруы
- фенотиазиндер секілді ОЖЖ препараттарына байланысты экстрапирамидалық бұзылулар.
- тригексифенидилге немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық
- емделмеген несеп шығару іркілісі
- несеп шығарудың іркілуімен қуық безінің қатерсіз гипертрофиясы
- жабық бұрышты глаукома
- ас қорыту жолының обструкциясы
- ішек бітелісі
- өкпенің ісінуі
- тахиаритмия
- алкогольмен, психотроптық дәрілік препараттармен немесе апиындармен жедел улану
- жедел делирий мен мания
- психоз, деменция
- кешеуілдеген дискинезия (tardive dyskinesia) – патологиялық қозғалыстар –психозға қарсы дәрілік заттарды ұзақ қолданудан болатын жағымсыз әсерлер
- бүйрек пен бауырдың ауыр аурулары
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Тригексифенидилді егде жастағы және жүрек-қан тамырлары аурулары бар, бауыр мен бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге аса сақтықпен қолдану керек.
Келесі жағдайларда сақ болу қажет: өмірге қауіп төндіретін тахикардияға әкелуі мүмкін аурулар, қарттық ақыл-естің кемуі синдромы, миастения, қуықтың толық босатылуымен қуық асты безінің гипертрофиясы.
Паркинсон ауруына қарсы препараттар кешеуілдеген дискинезия симптомдарын азайтпайды, кейбір жағдайларда олар жағдайды тіпті нашарлатуы да мүмкін. Сондықтан, тек қатар жүретін Паркинсон ауруы болмаса, препаратты кешеуілдеген дискинезиясы бар пациенттерге қолдану кеңес етілмейді.
Тригексифенидилді теріс пайдалану жағдайлары, әсіресе психиатриялық ауруы бар пациенттерде (елестеулер мен эйфориялық әсерге байланысты) белгілі болды.
Дәрілік тәуелділіктің дамуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Емді кенеттен тоқтатуға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Дәрігерге немесе фармацевтке жақында қолданған, қолданылып жүрген немесе алдағы уақытта қолданылуы мүмкін барлық дәрілік препараттар туралы хабарлаңыз.
Кейбір дәрілік препараттар Циклодол Гриндекспен өзара әрекеттесуі мүмкін.
ОЖЖ депрессанттары
Каннабиноидтарды, барбитураттарды, апиындарды және алкогольді Циклодол Гриндекспен бірге қолданғанда осы заттардан болатын әсер күшейіп, солайша, теріс пайдалану потенциалы пайда болуы мүмкін. Қандағы концентрацияны және терапиялық әсерді төмендетіп, тригексифенидил метаболизмін күшейтетін болғандықтан алкогольді пайдаланбау керек.
Холинбөгейтін препараттар
Циклодол Гриндексті басқа холинбөгейтін препараттармен бір мезгілде қолдану олардың шеткері холинбөгейтін әсерін өзара күшейтуі мүмкін. Моноаминоксидаза тежегіштері және айқын холинбөгейтін белсенділігі бар трициклді антидепрессанттар осы препараттардың салдарлы холинбөгейтін белсенділігіне байланысты паркинсон ауруына қарсы препараттардың, соның ішінде тригексифенидилдің әсерін күшейтуі мүмкін. Өзара күшейтілген антимускариндік әсерлер асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықеттерінде ғана емес, сонымен қатар қуықта, ОЖЖ, көз және термореттеу функцияларында да байқалуы мүмкін екенін атап өту керек.
Келесі жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін: ауыздың құрғауы, бұлыңғыр көру, несеп шығару процесінің қиындауы, несеп шығарудың іркілуі және іш қату. Сондай ақ, өзара әрекеттесуге түсетін препаратқа байланысты қатты ұйқышылдық да дамуы мүмкін.
Жалпы алғанда, холинбөгейтін препараттарды трициклді антидепрессанттарды немесе моноаминоксидаза тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерге абайлап қолдану керек. Антидепрессанттарды қабылдаған пациенттерде тригексифенидилмен емдеу басында трихексифенидил дозасын азайту, сондай-ақ, тұрақты тексеруді жүргізіп отыру керек.
Нейролептиктер
Нейролептиктерді қолданудан туындаған дәрі-дәрмектік паркинсонизмді алдын-алу үшін Циклодол Гриндекс секілді холинбөгейтін препараттарды қолдану ұсынылмайды. Холинбөгейтін препараттар мен нейролептиктерді бір мезгілде қолданғанда кешеуілдеген дискинезияның (tardive dyskinesia) даму қаупі артуы мүмкін (Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары бөлімін қараңыз).
Леводопа
Циклодол Гриндексті бір уақытта леводопамен бірге қолданғанда бір уақытта қолдану дәрілік препараттан туындайтын еріксіз қозғалыстарды күшейтуі мүмкін болғандықтан, бір немесе екі препараттың әдеттегі дозасын азайту қажет болуы мүмкін.
Құрысуға қарсы препараттар
Циклодол Гриндекс секілді холинбөгейтін препараттармен емделудің бастапқы кезеңінде талапқа сай ерте бақыланатын эпилепсиямен ауыратын пациенттерде құрысулар өршуі мүмкін.
Парасимпатомиметиктер
Холинергиялық рецепторлардың тікелей агонистері және холинестераза тежегіштері секілділерді қоса, парасимпатомиметиктердің мускариндік әсерлері тригексифенидилдің антимускариндік әсерін антагониздеуі мүмкін.
Прокинетикалық препараттар
Тригексифенидилдің антимускариндік қасиеттері метоклопрамид, тегасерод және домперидон секілді прокинетиктерге асқазан-ішек жолының функциясына қатысты фармакодинамикалық түрде қарсы әсер ете алады.
Карбоангидраза тежегіштері
Ацетазоламид шығарылуды азайтып, антимускариндік препараттар әсерін күшейтуі мүмкін. Карбоангидраза тежегіштері бүйрек өзекшелерінде реабсорбция үшін қол жетімді болатын иондалмаған дәрілік зат мөлшерін арттыра отырып, несептің сілтіленуін арттырады. Карбоангидраза тежегіштерін Циклодол Гриндекспен бір мезгілде қолданғанда сақ болып, айқын антихолинергиялық жағымсыз реакциялардың пайда болуын қадағалау қажет. Өзара күшейтетін әсер арқасында топираматты (әлсіз карбоангидраза тежегіштері) Циклодол Гриндекспен қолдану олигогидрозға, гипертермияға және/немесе ыстық өтуге алып келуі мүмкін.
Магний гидроксиді
Магний гидроксиді тригексифенидилдің сіңуін тежейді. Бір мезгілде қолдануды болдырмай, өзара әрекеттесуді шектеу үшін қабылдау уақыты арасында кем дегенде 2 сағат алшақтықтың болуын қамтамасыз ету керек.
Мемантин
Ауыздың құрғауы, несеп шығару процесінің қиындауы немесе бұлыңғыр көру секілді тригексифенидилдің жағымсыз реакциялары мемантинді қолданғанда күшеюі мүмкін; Мемантинді Циклодол Гриндексімен бір мезгілде қолданғанда Циклодол Гриндекс дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Тағамдық өнімдер
Цитрус және жеміс шырындары секілді қышқыл тағамдарды тұтыну Циклодол Гриндекс дозасының әсерін төмендетуі мүмкін. Кофенің көп мөлшері мен Циклодол Гриндекс эйфориялық әсерге әкелуі мүмкін.
Басқа дәрілер
Антимускариндік жағымсыз реакциялардың ықтимал күшеюіне байланысты тригексифенидилді фенотиазиндермен, клозапинмен, антигистаминді препараттармен, дизопирамидпен, нефопаммен және амантадинмен бір мезгілде қолданғанда ерекше сақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Циклодол Гриндекс таблеткаларында сахароза бар. Осы препаратты сирек кездесетін туа біткен фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрген болсаңыз, жүкті болуым мүмкін деп ойласаңыз немесе жүкті болуды жоспарлап жүрсеңіз, осы препаратты қолданар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Тригексифенидилмен тератогендік және эмбриоуытты әлеуетті бағалау үшін жануарларға репродуктивті зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондай-ақ, тригексифенидилді анасы қолданған кезде шаранаға зияндық келуі немесе ұрпақ өрбіту қабілетіне әсер етуі белгісіз. Сондықтан жүктілік кезінде Циклодол Гриндексті ана үшін күтілетін пайда шарана үшін белгісіз қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек. Тригексифенидилдің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Көптеген дәрі-дәрмектер ана сүтімен бөлінетін болғандықтан, емізетін әйелдерге Циклодол Гриндексті қолданғанда абай болу керек. Басқа холинбөгейтін дәрілер секілді, Циклодол Гриндекс те лактацияны тежеуі мүмкін. Сондықтан Циклодол Гриндексті емшек сүтімен емізу кезінде ана үшін күтілетін пайда нәресте үшін ықтимал қауіптен асқан жағдайда ғана қолдану керек.
Дозалау режимі
Паркинсонизм
Доза жеке таңдалады. Бастапқы доза, әсіресе 60 жастан асқан пациенттерде төмен болып, содан кейін біртіндеп жоғарылауы керек.
Паркинсонизмнің алғашқы терапиясы кезінде бірінші күні 1 мг Циклодол Гриндексті қабылдауға болады. Дозаны тәулігіне 6-10 мг жеткізгенге дейін әр 3-5 күн сайын біртіндеп 2 мг-ға арттырады. Жалпы тәуліктік доза белгіленген оңтайлы деңгейге байланысты болады. Көптеген пациенттер тәулігіне 6-10 мг дозадан ең жоғары пайда көреді. Бұл доза күн ішінде 3 дозаға бөлініп, тамақтану кезінде қабылданса жақсы көтерімді болады. Кейбір пациенттерге, негізінен, постэнцефалиттік топтағыларға, тәулігіне 12-15 мг қажет болуы мүмкін. Жоғары дозаларды (тәулігіне> 10 мг) 4 бөлікке бөлуге болады: 3 дозаны тамақтану кезінде және төртіншісін ұйықтар алдында қабылдауға болады.
25 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.