daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Ципронатин Таблеткалары 750 Мг №14 | Atabay Ilac Fabrikasi A.S.

Уральске қаласындағы Ципронатин Таблеткалары 750 Мг №14 | Atabay Ilac Fabrikasi A.S.
Сипаттама:

Ұзынша пішінді, екі жағында сындыру сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (500 мг доза үшін). Ұзынша пішінді, екі жағы тегіс, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (750 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Ципрофлоксацин

Өндіруші:

Atabay Ilac Fabrikasi A.S.

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

Егер пациенттің ауруының ауырлығы немесе басқа себептер (мысалы, егер пациент энтеральді қоректендіріліп жүрсе) ципрофлоксациннің қабықпен қапталған таблеткаларын қабылдауға мүмкіндік бермесе, ципрофлоксациннің венаішілік дәрілік түрімен емделуге көшу ұсынылады. Вена ішіне енгізгеннен кейін препараттың таблетка түрімен емделуді жалғастыруға болады. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Препаратты 12 г дозада қабылдау уыттылығының жеңіл симптомдарына алып келетіні хабарланды. 16 г шамадан тыс артық дозалану бүйректің жедел жеткіліксіздігімен қатар жүреді. Артық дозалануы кезіндегі симптомдары бас айналуын, треморды, бас ауыруын, шаршауды, құрысуларды, елестеулерді, сананың шатасуын, абдоминальді жайсыздықты, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігін, сондай-ақ, кристаллурия мен гематурияны қамтиды. Бүйректің қайтымды уыттылығы туралы хабарланды. Әдеттегі шұғыл шаралардан бөлек, несептегі pH қоса, бүйрек функциясын бақылау ұсынылады, және шұғыл жағдайлардағы, медициналық көміртегін қолдану сияқты сақтық шаларын қоспағанда, қажет болған жағдайда, кристаллурияның алдын алу үшін несепті қышқылдандыру керек. Пациенттерге жеткілікті гидратация қажет. Құрамында кальций немесе магний бар антацидтер, артық дозаланған кезде ципрофлоксациннің сіңуін төмендетуі мүмкін. Гемодиализ немесе перитонеальді диализ арқылы ципрофлоксациннің тек аздаған мөлшері (< 10%) шығарылады. Артық дозаланған жағдайда, симптоматикалық ем жүргізу керек. QT аралығының ұзаруы мүмкіндігіне байланысты, ЭКГ мониторингін жүргізу қажет. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар Препараттың өткізіп алған қабылдануының орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қабылдамау керек. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Белсенді заттың дозасы:

750 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг, 750 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ауыр жағымсыз реакциялардың дамуы қаупіне байланысты, емдеудің баламалы нұсқалары болған жағдайда, ципронатинді қоса, фторхинолондарды, созылмалы бронхиттің өршуі мен несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекцияларында қолданбау керек. Қоздырғыштың сезімталдығы микробиологиялық зерттеулер арқылы расталуы тиіс.

Препаратты аталған көрсетілімдер кезінде тек, емдеудің басқа баламалы әдістері тиімсіз болған жағдайда ғана қолдану керек.

Қарсы көрсеткіштер

- ципрофлоксацинге, хинолондық қатардың басқа препараттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тизанидинді бір мезгілде қолдану

Өзара әрекеттесуі

Басқа препараттардың ципрофлоксацинге ықпалы

QT аралығын ұзартатын препараттар

Басқа фторхинолондар сияқты, Ципрофлоксацинді, QT аралығын ұзартатын препараттарды (мысалы, IA және III класты антиаритмиктер, трициклдық антидепрессанттар, макролидтер, антипсихотиктер) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Хелаттайтын кешеннің түзілуі

Ципрофлоксацин (пероральді) мен мультивалентті құрамында катион бар дәрілерді және минералды қоспаларды (мысалы, кальций, магний, алюминий, железо), полимерлік фосфат- байланыстыратын препараттарды (мысалы, севеламер немесе лантан карбонаты), сукральфатты немесе құрамында магний, алюминий немесе кальций бар антацидтер мен жоғары буферлі дәрілерді (диданозин таблеткалары) бір мезгілде қолдану, ципрофлоксациннің сіңуін төмендетеді. Сәйкесінше, ципрофлоксацинді, не препаратты қолданудың алдында 1-2 сағат бұрын немесе, қолданғаннан кейін кемінде 4 сағаттан соң қабылдау керек. Бұл шектеу Н2 рецепторының блокаторлары класына жататын антацидтерге қатысты емес.

Тамақ және сүт өнімдері

Диеталық кальций тамақтың бір бөлігі ретінде, сіңуіне болар-болмас әсер етеді. Алайда, ципрофлоксациннің сіңуі төмендеуі мүмкіндігіне байланысты,тек сүт өнімдерін немесе минералдарға бай сусындарды (сүт, йогурт, кальциймен байытылған апельсин шырыны) ципрофлоксацинмен бірге қабылдамау керек.

Пробенецид

Пробенецид ципрофлоксациннің бүйрек арқылы бөлініп шығуына кедергі келтіреді. Қан сарысуындағы пробенецид пен ципрофлоксацинді бірге қолдану ципрофлоксацин концентрациясын жоғарылатады.

Метоклопрамид

Метоклопрамид ципрофлоксациннің (пероральді) сіңуін жеделдетеді және плазмадағы ең жоғарғы концентрацияларына қысқарақ мерзімдерде жетуін туғызады. Алайда, ципрофлоксациннің биожетімділігіне ықпалы байқалмады.

Омепразол

Ципрофлоксаци мен құрамында омепразол бар дәрілік препараттарды бірге қабылдау, ципрофлоксациннің қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациялары (Cmax) мен қисық астындағы ауданының (AUC) аздап төмендеуіне алып келеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Дозасы пациенттің ауруына, ауырлық дәрежесіне, инфекцияның орнығуына, қоздырғышының ципрофлоксацинге сезімталдығына, бүйрек функциясына, ал балалар мен жасөспірімдерде - дене салмағына байланысты анықталады.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, клиникалық ағымына және қоздырғышының түріне тәуелді.

Белгілі бір бактериялардан (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter немесе Staphylococci) туындаған инфекцияларды емдегенде, ципрофлоксациннің жоғарырақ дозалары және бактерияға қарсы басқа дәрілермен бірге қолдану қажет болуы мүмкін.

Сонымен қатар, кейбір инфекцияларды (мысалы, кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларын, құрсақішілік инфекцияларды, нейтропениясы және сүйектер мен буындардың инфекциялары бар пациенттердегі инфекцияларды) емдеу, қоздырғышының түріне байланысты, бактерияға қарсы басқа қатарлас дәрілермен бірге қолдануды қажет етуі мүмкін.

Артық дозалану

Препаратты 12 г дозада қабылдау уыттылығының жеңіл симптомдарына алып келетіні хабарланды. 16 г шамадан тыс артық дозалану бүйректің жедел жеткіліксіздігімен қатар жүреді.

Артық дозалануы кезіндегі симптомдары бас айналуын, треморды, бас ауыруын, шаршауды, құрысуларды, елестеулерді, сананың шатасуын, абдоминальді жайсыздықты, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігін, сондай-ақ, кристаллурия мен гематурияны қамтиды. Бүйректің қайтымды уыттылығы туралы хабарланды.

Әдеттегі шұғыл шаралардан бөлек, несептегі pH қоса, бүйрек функциясын бақылау ұсынылады, және шұғыл жағдайлардағы, медициналық көміртегін қолдану сияқты сақтық шаларын қоспағанда, қажет болған жағдайда, кристаллурияның алдын алу үшін несепті қышқылдандыру керек. Пациенттерге жеткілікті гидратация қажет. Құрамында кальций немесе магний бар антацидтер, артық дозаланған кезде ципрофлоксациннің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Гемодиализ немесе перитонеальді диализ арқылы ципрофлоксациннің тек аздаған мөлшері (< 10%) шығарылады.

Артық дозаланған жағдайда, симптоматикалық ем жүргізу керек. QT аралығының ұзаруы мүмкіндігіне байланысты, ЭКГ мониторингін жүргізу қажет.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар

Препараттың өткізіп алған қабылдануының орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қабылдамау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан алюминий фольга мен поливинилхлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЦипронатин таблеткалары 750 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube