daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Уральске қаласындағы Д-Вит Ламира 10000 ХБ Таблеткалар №30 | Квест Витаминз Мидл Ист Фзе

Уральске қаласындағы Д-Вит Ламира 10000 ХБ Таблеткалар №30 | Квест Витаминз Мидл Ист Фзе

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Қызылдау-қоңыр, дөңгелек, екі беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында “D5K” жазуы бар, өлшемі (±), қалыңдығы 5.0 мм аспайтын таблеткалар (5000 ХБ доза үшін). Қызылдау-қоңыр, дөңгелек, екі беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында “D10K” жазуы бар, өлшемі (±), қалыңдығы 5.1 мм аспайтын таблеткалар (10000 ХБ доза үшін).

Международное наименование:

Колекальциферол

Производитель:

Квест Витаминз Мидл Ист Фзе

Страна производитель:

Объединенные Арабские Эмираты

Действующее вещество:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза PH 102, гидратацияланған коллоидты кремнийдің қостотығы, сусыз дикальций фосфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, қабықтың құрамы: Сепифилм LP014 мөлдір: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, Сеписперс құрғақ 5047 қызыл: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, титанның қостотығы Е171, темірдің қызыл тотығы Е172. Таблеткада “D5K” және “D10K” жазбаларын жазу үшін қолданылатын сияның құрамы: шеллак негізіндегі жалтыр ~ 45% (20% этерификацияланған) этанолда (Е904), изопропил спирті, темірдің қара тотығы (Е172), н-бутил спирті, пропиленгликоль, амммоний гидроксиді

Дозировка активного вещества:

10000 МЕ

Лекарственная форма:

Үлбірлі қабықпен қапталған 5000 ХБ және 10000 ХБ таблеткалар

Количество в упаковке:

30 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

- ересектер мен жасөспірімдерде (12 жастан бастап) D дәруменінің тапшылығын емдеу

- қаупі жоғары пациенттерде және D дәруменіне қажеттілік жоғары жағдайларда D дәрумені тапшылығының профилактикасында

- D дәруменінің тапшылығы қаупі бар пациенттерде остеопорозға арналған арнайы терапияға қосымша ретінде, кальциймен бірге болғаны жақсырақ

Противопоказания

- D дәруменіне немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- D гипервитаминозы

- гиперфосфатемиямен бірге бүйректік остеодистрофия

- гиперкальциемия және/немесе гиперкальциурия

- несептас ауруы

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

Взаимодействие

Құрысуға қарсы препараттарды (мысалы, фенитоин), гидантоинды, примидонды немесе барбитураттарды (және бауыр ферменттерінің индукциясын туындыруы ықтимал басқа дәрілерді) бір мезгілде қолдану D дәруменінің әсерін метаболизмдік белсенділіктің жойылуы есебінен азайтуы мүмкін.

Глюкокортикоидтарды бір мезгілде қолдану D дәруменінің әсерін азайтуы мүмкін.

Жүйелі кортикостероидтар кальцийдің сіңуін бәсеңдетеді.

Кортикостероидтарды ұзақ қабылдау D дәруменінің әсерімен өтелуі мүмкін.

Құрамында дигиталис бар препараттармен, немесе басқа жүрек гликозидтерімен емдеген жағдайда D дәруменін бір мезгілде қолдану жүрек гликозидтерінің уыттылығы (аритмиялар) қаупін арттыруы мүмкін. Қатаң дәрігерлік бақылау, сондай-ақ қан сарысуындағы кальций концентрациясына және қажет болған жағдайда ЭКГ-ге мониторинг жүргізу керек.

Холестирамин сияқты ион алмастыратын шайырларды немесе парафин майы сияқты іш жүргізетін дәрілерді бір мезгілде қабылдау D дәруменінің асқазан-ішектік сіңуін азайтуы мүмкін.

Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен бірге экскрециялануын азайтады. D дәруменінің көп мөлшерін диуретиктермен бірге қабылдау организмде кальцийдің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Кальцийдің несеппен бірге шығарылуын төмендететін тиазидтік диуретиктермен бір мезгілде емдеген жағдайларда қан сарысуындағы кальций концентрациясына мониторинг ұсынылады.

Цитоуытты агент актиномицин және зеңге қарсы дәрі имидазол D дәруменімен өзара әрекеттескен кезде бүйрек ферменті 25-гидроксидәрумен Д-1-гидроксилазаның әсер етуімен D 25-гидроксидәруменінің D 1,25-дигидроксидәруменге айналуын тежейді. Құрамында кальций бар өнімдерді үлкен дозаларда пайдалану гиперкальциемия қаупін арттыруы мүмкін.

D гипервитаминозында гиперкальциемияны төмендету үшін фосфаттардың ерітінділерін, метастаздық кальциноз қаупі бар болғандықтан, пайдаланбаған жөн.

Құрамында магний бар өнімдерді (мысалы, антацидтерді) қабылдаудан аулақ болу керек, себебі бұл гипермагниемия қаупіне әкелуі мүмкін.

D дәрумені құрамында фосфор бар препараттардың сіңірілуін және гиперфосфатемияның пайда болу қаупін арттырады.

Кальцитонинді, этидронатты, галлий нитратын, памидронатты, D дәрумені бар пликамицинді бір мезгілде қолдану гиперкальциемияны емдеген кезде осы дәрілік заттардың әсерін антагониздеуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы пациенттер

Зерттеулер көрсеткендей, егде жастағы пациенттерде терінің D3 дәруменін синтездеу қабілетінің төмендеуіне, немесе күн сәулесін қабылдаудың азаюына, немесе бүйрек функциясының әлсіреуіне, немесе D дәруменінің адсорбциясының баяулауына байланысты D дәруменіне қажеттілік жоғарылауы мүмкін. Дозаны таңдау үшін қан плазмасындағы 25-гидроксихолекальциферол концентрациясына назар аудару керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр аурулары кезінде организмдегі D дәруменінің тапшылығы емдеу үшін неғұрлым жоғары дозаларды қолдануды қажет етеді. Дозаны таңдау үшін қан плазмасындағы 25-гидроксихолекальциферол концентрациясына назар аудару керек.

Педиатрияда қолдану

12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті және бала емізетін әйелдер үшін ұсынылатын күн сайынғы доза 400 ХБ құрайды, алайда өте жоғары доза (күніне 2000 ХБ дейін) D дәруменінің тапшылығы бар әйелдер үшін қажет. Жүктілік кезінде әйелдер емдеуші дәрігердің кеңестерін орындауы тиіс, өйткені қолдану қажеттілігі аурудың ауырлығына және клиникалық жауапқа байланысты болады. D дәрумені және оның метаболиттері емшек сүтіне экскрецияланады; алайда сәбилерде ана сүтіндегі D дәруменінің болуынан туындаған артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ. D дәруменін нәрестеге тағайындағанда дәрігер нәрестені қоректендіретін анасының қабылдайтын D дәруменінің қосымша дозасын ескергені жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Д-Вит Ламира 5000 ХБ автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Передозировка

D дәруменін шамадан тыс қабылдау гиперкальциемияның дамуына және онымен байланысты әсерлерге, соның ішінде гиперкальциурияға, эктопиялық кальцификацияға, бүйректің және жүрек-тамырларының зақымдануына әкеледі.

Симптомдар: анорексияны, әлсіздік, жүректің айнуын және құсуды, диареяны, полиурияны, тершеңдікті, бас ауыруды, шөлдеуді және бас айналуды, сүйектердің ауыруын, аритмияны, кей жағдайларда тіпті өлімге соқтыруы (ауыр гиперкальцемияда), бүйректің қайтымсыз зақымдалуын (персистентті гиперкальцемияда) туындатуы мүмкін. D дәруменінің жеке жақпаушылығы айтарлықтай өзгеріп отырады, әдетте, жаңа туған нәрестелер мен балалар оның уытты әсеріне сезімтал келеді.

Пациенттерді байқап-бақылау

Пациенттерді бақылауда келесі көрсеткіштер пайдалы болуы мүмкін (қажеттілік туындаған жағдайда науқастың жай-күйіне байланысты басқа сынамалардың көрсеткіштері талап етілуі мүмкін):

қандағы кальций концентрациясының немесе плазмадағы иондалған кальций деңгейі. Тар терапиялық диапазонның әсерінен емдеудің ерте сатысында бұл көрсеткіштерді кем дегенде аптасына 1 рет, одан соң - емдеу кезінде кезеңімен анықтау ұсынылады. Мүмкіндігінше, қандағы бос және байланысқан кальцийдің концентрациясын анықтаған жөн.

қан плазмасындағы алкалинді (сілтілі) фосфатаза деңгейі, қандағы фосфаттар концентрациясы, 24 сағаттық несептегі кальций концентрациясы, несептегі кальций мен креатининнің қатынасы. Бұл көрсеткіштерді терапия кезінде әр 1-3 айда анықтау ұсынылады.

қан плазмасындағы мочевина азоты мен плазмадағы мочевина. Емдеу дозасын қабылдау барысындағы пациенттерде кезеңмен анықтау ұсынылады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Егер Сіз Д-Вит Ламира дәрілік затын қабылдауды ұмытып кеткен болсаңыз, өткізіп қойған мөлшерін өтеу мақсатында екі еселенген дозада қабылдауға болмайды!

Тоқтату симптомдарының пайда болу қаупін көрсету

Емдеуші дәрігердің алдын ала кеңесінсіз дәрі қабылдауды тоқтатпаңыз!

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

D дәруменімен емді бастамас бұрын қандағы Д дәруменінің деңгейін бағалау керек, және де кальций мен фосфат деңгейін анықтап алған жөн.

Д дәруменінің дозасын таңдаған кезде оны басқа көздерден (тағамдық өнімдерден, ББҚ және күн сәулесінің әсерінен) қолдану мөлшерін ескеру қажет.

Д дәруменіне жеке сезімталдықтың өзгеруіне байланысты оның дозасын клиникалық тиімділігіне байланысты түзетуге болады. Егер Сізде күмән немесе сұрақтар туындаса, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.

Форма выпуска

Үлбірлі қабықпен қапталған 15 таблеткадан ПВХ/ПВДХ-алюминийден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады, 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Үлбірлі қабықпен қапталған 30 таблеткадан ПВХ/ПВДХ-алюминийден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады, 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

Ылғалдан қорғалған жерде, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаД-Вит Ламира 10000 ХБ таблеткалар №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
...loading

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube