daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Декапептил Депо Шприц-ампула 3,75 Мг 1 Мл №1 | Ферринг ГмбХ

Сипаттама:

Ақтан ашық-сары түске дейінгі, иіссіз микрокапсулалар. Қалпына келтірілген суспензия көзге көрінетін механикалық қосылыстарсыз, біртекті болуы тиіс. Еріткіші - полисорбат 80 тән иісі бар түссіз, мөлдір сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Трипторелин

Өндіруші:

Ферринг ГмбХ

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

3,75 мг трипторелинге сәйкес, қосымша заттар: гликолий және сүт қышқылының полимері (1:1), пропиленгликоль дикарприлокапраты. Еріткіш: полисорбат 80, декстран 70, натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

3,75 мг 1 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Еркектерді емдеу үшін:

- қуықасты безінің гормонға тәуелді үдемелі немесе метастаздық обырын емдеу

Әйелдерді емдеу үшін:

- хирургиялық араласу кезінде қан кетуді және ауыруды азайту мақсатында, операция алдында миома өлшемін азайту

- эндометриозды симптоматикалық емдеу

- қосымша репродуктивті технология (ҚРТ) қолдану кезінде бақыланатын аналық бездер стимуляциясын өтіп жатқан әйелдерде лютеиндеуші гормонның (ЛГ) мезгілінен бұрын жоғарылауының профилактикасы және даун-регуляция

Балаларды емдеу үшін:

- балалардағы шығу тегі орталықтық, мезгілінен бұрын жыныстық жетілуді емдеуде (қыздар 9 жасқа дейін, ұлдар 10 жасқа дейін)

Қарсы көрсеткіштер

- трипторелинге, гликольді полимерге және сүт қышқылына, декстранға немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

- гонадотропин-рилизинг гормонға (ГнРГ) немесе ГнРГ кез келген аналогына жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- остеопороздың клиникалық көріністері немесе пайда болу қаупі

- гормонға тәуелсіз простата карциномасы немесе алдыңғы хирургиялық кастрация

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Декапептил Депо препаратымен емдеуді тек бедеулікті емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Трипторелинді гонадотропиндердің гипофиз секрециясына әсер ететін дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек, сондай-ақ пациенттің гормональді жағдайын бақылау ұсынылады.

Әдетте қолданылатын дәрілік препараттармен, оған қоса гистамин бөліп шығаратын препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.

Арнайы ескертулер

ГнРГ агонистерін қолдану сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Алдын ала деректер бисфосфонаттарды ГнРГ агонистімен бірге қолдану еркектердегі сүйектің минералды тығыздығының төмендеуіне тиімді қарсы тұруға көмектесетінін көрсетеді.

Остеопороздың пайда болуының қосымша қауіп факторлары бар пациенттерге ерекше сақ болу керек (мысалы, созылмалы алкоголизм, темекі шегу; антиконвульсанттар немесе кортикостероидтар сияқты сүйек минералды тығыздығын төмендететін препараттармен ұзақ мерзімді емдеу, остеопорозға генетикалық бейімділік, тамақтанудың бұзылуы).

Сирек жағдайларда ГнРГ агонистерімен емдеу гипофиздің бұрын анықталмаған гонадотропты жасушалық аденомасының болуын анықтай алады. Мұндай науқастарда кенеттен бас ауыруы, құсу, көру қабілетінің бұзылуы және офтальмоплегиямен сипатталатын гипофиздік апоплексия туындауы мүмкін.

Трипторелин сияқты ГнРГ агонистерімен емделіп жүрген пациенттерде депрессияның даму қаупі жоғары (бұл ауыр болуы мүмкін). Пациенттерге бұл туралы хабарлау керек және симптомдар пайда болған кезде дұрыс емдеу керек.

Еркектер

Біріншіден, трипторелин, басқа ГнРГ агонистері сияқты қан сарысуындағы тестостерон деңгейінің уақытша жоғарылауын тудырады. Осының салдарынан емдеудің алғашқы апталарында қуық асты безі обырының белгілері мен симптомдарының уақытша кейбір нашарлау жағдайлары орын алады. Емдеудің бастапқы фазасында қан сарысуындағы тестостерон деңгейінің бастапқы жоғарылауына және клиникалық симптомдардың нашарлауына қарсы тұру үшін тиісті антиандрогенді қосымша қабылдау ұсынылады.

Пациенттердің аздаған пайызы простата обырының белгілері мен симптомдарының уақытша нашарлауын (ісіктің клиникалық көріністерінің транзиторлы нашарлауы) және симптоматикалық түрде емделетін обырдан туындаған ауырудың уақытша жоғарылауын (метастаздық ауыру) сезінуі мүмкін.

Басқа ГнРГ агонистерін қолданғандағыдай, спинальді компрессияның немесе уретра бітелуінің жекелеген жағдайлары байқалды. Спинальді компрессия немесе бүйрек жеткіліксіздігі дамыған кезде осы асқынулардың стандартты емін қолдану керек, ал ерекше қажеттілік жағдайларында жедел орхиэктомия (хирургиялық кастрация) ұсынылады. Емдеудің алғашқы апталарында, әсіресе спинальді компрессия қаупіне байланысты метастаздық вертебральді зақымдануы бар пациенттерде және несеп шығару жолдары бітелген пациенттерде мұқият бақылау ұсынылады.

Хирургиялық кастрациядан кейін трипторелин қан сарысуындағы тестостерон деңгейінің одан әрі төмендеуіне әкелмейді.

Екі жақты орхиэктомияға немесе ГнРГ аналогтарын қолдануға байланысты андрогендердің ұзақ мерзімді депривациясы сүйек массасының тез жоғалуын тудырады, бұл остеопорозға және сүйектің сыну қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Одан өзге, эпидемиологиялық деректерге сәйкес, антиандрогенді терапия кезінде пациенттерде метаболизмдік өзгерістер (мысалы, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы) немесе жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жоғарылаған. Алайда, проспективті дәлелдер ГнРГ аналогтарын емдеу мен жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлімнің жоғарылауы арасындағы байланысты растамады. Зат алмасудың бұзылу немесе жүрек-қантамыр аурулары қаупі жоғары пациенттер емдеуді бастар алдында мұқият тексеруден өтуі тиіс және антиандрогендік терапия кезінде тиісті бақылауға алынуы керек.

Трипторелиннің емдік дозаларын қабылдау гипофизарлы-гонадты жүйенің бәсеңдеуін тудырады. Қалыпты жұмысы әдетте емдеу аяқталғаннан кейін қалпына келеді. Осылайша, ГнРГ аналогтарымен емдеу кезінде және аяқталғаннан кейін гипофизарлы-гонадты функцияның диагностикалық тесттері жалған бағдарлау болуы мүмкін.

Әйелдер

Декапептил Депоны дәл диагноздан кейін ғана тағайындауға болады (мысалы, лапароскопия). Трипоторелинді тағайындар алдында, пациенттің жүкті емес екеніне көз жеткізу керек. Декапептил Депомен емдеу кезінде етеккір тоқтайды, сондықтан тұрақты етеккір жалғаса берсе, пациент бұл туралы дәрігерге хабарлауы керек.

Сүйек тінінің минералды тығыздығының жоғалуы

Алты айлық емдеу курсында ГнРГ агонистерін қолдану сүйек минералды тығыздығының айына орта есеппен 1% төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сүйектің минералды тығыздығының әрбір 10% төмендеуі сыну қаупін екі немесе үш есе ұлғайтады. Осы себепті бүркемелеу терапиясын қолданбай емдеу ұзақтығы 6 айдан аспауы тиіс. Сүйек массасының қалпына келуі емдеуді тоқтатқаннан кейін 6-9 ай ішінде жүреді.

Қолда бар дәлелдер әйелдердің көпшілігінде емдеуді тоқтатқаннан кейін сүйек массасының қалпына келуі байқалады.

Ауыр остеопорозы бар немесе остеопороздың жоғары қауіп факторлары бар пациенттер туралы деректер жоқ (мысалы, созылмалы алкоголизм, темекі шегу, антиконвульсанттар немесе кортикостероидтар сияқты сүйек минералды тығыздығын төмендететін препараттармен ұзақ мерзімді емдеу, остеопорозға генетикалық бейімділік; тамақтанудың бұзылуы, мысалы, жүйке анорексиясы). Мұндай пациенттерде сүйек тінінің минералдық тығыздығының азаюы ауырлау жүретіндіктен, трипторелинмен емдеу туралы шешім әр адамға жекелей мұқият тексерілуден соң және егер емнің пайдасы қаупінен асып түскен жағдайда ғана қабылданады. Сүйек тінінің минералды тығыздығының жоғалуына қарсы қосымша шаралар қабылдау ұсынылады.

Жатыр миомасы және эндометриоз

Емдеу кезінде әрі қарай жатырлық қан кетуі болмауы тиіс (алғашқы айдан басқа), олай болмаса қан плазмасында эстрогендер деңгейін тексеру қажет. Егер бұл деңгей 50 пг/мл-ден төмен болса, ықтимал органикалық зақымдануларды іздеу керек. Емдеуді аяқтағаннан кейін аналық без функциясы қалпына келеді, мысалы, соңғы инъекциядан кейін етеккірлік қан кету 7-12 аптадан соң қайта басталады.

Емдеудің алғашқы аптасы ішінде гормональді емес контрацептивтер пайдалану керек, өйткені гонадотропиндердің алғашқы секрециясы овуляцияны көтермелеуі мүмкін. Сондай-ақ оларды соңғы инъекциядан кейін 4 аптадан бастап етеккір қалпына келгенше немесе контрацепцияның жаңа әдісін тағайындағанға дейін пайдалану керек.

Жатыр миомасын емдеу кезінде жатыр мен миома өлшемін мысалы, ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен ұдайы анықтап отыру керек. Жатыр өлшемінің миома тінінің қысқаруымен салыстырғанда, пропорциональді емес жылдам кішіреюі жекелеген жағдайларда қан кетуіне және сепсиске әкеледі.

Субмукозды миомасы бар пациенттерде ГнРГ аналогтарымен емдеуден кейін қан кету жағдайлары туралы хабарланған. Әдетте қан кету ем басталғаннан кейін 6-10 аптадан соң басталған.

ЛГ деңгейінің мезгілінен бұрын жоғарылауының профилактикасы

Қосымша репродуктивті технологияны қолдану көпұрықты жүктіліктің, жүктілік кезінде шарананың өлімі, жатырдан тыс жүктілікпен және шаранада туа біткен ақаулардың дамуының жоғары қаупімен байланысты. Мұндай қауіптілік аналық бездердің бақыланатын гиперстимуляциясы кезінде қосымша ем ретінде Декапептил Депо қабылдаған кезде де мүмкін болады. Аналық бездердің бақыланатын гиперстимуляциясы үшін Декапептил Депо қолдану аналық бездер гиперстимуляциясы синдромының (АГС) даму және аналық без кистасының пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.

Бейім пациенттердің шамалы санында ГнРГ аналогтары мен гонадотропиндер қолданудан туындаған овуляция стимуляциясы, әсіресе аналық бездер поликистозы синдромы жағдайында елеулі түрде жоғарылауы мүмкін.

Басқа да ГнРГ аналогтарымен емдеу кезіндегідей, трипторелинді гонадотропиндермен біріктіріп қолдануға байланысты АГС жағдайы жөнінде хабарланған.

Аналық без гиперстимуляциясы синдромы (АГС)

АГС – бұл ауырлығы әр түрлі деңгейде айқындалатын синдром. Ол аналық бездің айқын үлкеюін, қан сарысуында жыныстық стероидты гормондардың жоғары деңгейін және қантамыр өткізгіштігінің жоғарылауын қамтиды, бұл құрсақ, плевральді және сирек түрде – перикардиальді қуыстарда сұйықтықтың жиналуын туындатуы мүмкін.

АГС ауыр жағдайларында келесі симптомдар байқалуы мүмкін: іш ауыруы, іш кебуі, аналық бездің қатты үлкеюі, дене салмағының артуы, ентігу, олигурия, сондай-ақ жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты асқазан-ішек симптомдары. Клиникалық тексеріс айналымдағы қан көлемінің азаюын, қанның қоюлануын, электролиттер теңгерімінің бұзылуын, асцит, гемоперитонеум, плевральді жалқық, гидроторакс, жедел өкпе дистрессін және тромбоэмболиялық асқынуларды анықтауы мүмкін.

Гонадотропинмен емдеуге аналық бездің шамадан тыс реакциясы, егер овуляцияны көтермелеу үшін АХГ қолданылмаса, сирек АГС туғызады. Осылайша, АГС жағдайында АХГ қолдануды кейінге қалдырған жөн және пациент әйелге жыныстық қатынастан аулақ болу немесе контрацепцияның бөгеттік әдістерін ең болмағанда 4 күн пайдалану ұсынылады. АГС жылдам үдеуі мүмкін (24 сағаттан бірнеше күнге дейін) және ауыр күйге ауысуы мүмкін, сондықтан пациент әйелдерді АХГ қабылдағаннан кейін кем дегенде 4 апта қадағалау ұсынылады.

Егер жүктілік басталған болса, АГС ауырлау түрде жүруі және ұзағырақ уақытқа созылуы мүмкін. Бәрінен бұрын АГС эндокринотерапия аяқталғаннан кейін дамиды және ең жоғары ауырлық дәрежесіне емдеу аяқталғаннан кейін 7-10 күннен соң жетеді. Әдетте  АГС өздігінен етеккір басталысымен тоқтайды.

АГС ауыр дәрежесінде гонадотропиндермен емді тоқтатқан жөн, пациентті ауруханаға жатқызу және АГС қатысты арнайы емдеуді бастау қажет.

Синдром аналық без поликистозы бар пациенттерде жиі пайда болады. Гонадотропиндердің бір өзін қолданғандағыға қарағанда, АГС қаупі ГнРГ агонистерін гонадотропиндермен біріктіре қолдану кезінде жоғарылауы мүмкін.

Аналық без кистасы

Аналық бездер кистасы ГнРГ агонистерімен емдеудің бастапқы фазасында пайда болуы мүмкін. Әдетте олар симптомсыз өтеді және функциональді емес.

Педиатрияда қолдану

Декапептил Депо қолдану үшін биологиялық жас қыз балаларда 9 жасқа дейін, ұл балаларда 10 жасқа дейінді құрайды.

Емнің алғашқы айында қыз балаларда аналық бездің бастапқы стимуляциясы, кейіннен емдеуден туындайтын эстрогенді шығару қынаптық қан кетуге әкелуі мүмкін.

Емдеу тоқтағаннан кейін жыныстық жетілу белгілері дамиды.
Көптеген қыз балаларда етеккір емдеу аяқталғаннан кейін орташа алғанда бір жылдан соң басталады және әдетте жүйелі түрде болып келеді.

Шығу тегі орталықтық мезгілінен бұрын жыныстық жетілуді ГнРГ агонистерімен емдеу кезінде сүйек тінінің минаралдық тығыздығы төмендеуі мүмкін. Алайда емдеу тоқтағаннан кейін сүйек массасының қалпына келуі жүреді.

ГнРГ агонистерімен емдеу аяқталғаннан кейін ортан жілік басының эпифизеолизі дамуы мүмкін. ГнРГ агонистерімен емдеу кезінде эстрогендердің төмен концентрациясы эпифизарлық пластинканы әлсірететіні жайлы теория бар. Ем аяқталғаннан кейінгі өсудің жылдамдауы эпифизді жылжыту үшін қажетті кесу күшінің қысқаруына әкеледі.

Мидың үдемелі ісігі бар балаларды емдеудің алдында әр адамға жекелеген жағдайда пайдасы мен қауіптілігіне мұқият бағалау жүргізу керек.

Мезгілінен бұрын жыныстық жетілуді (жыныстық немесе бүйрекүсті бездерінің ісігі, гиперплазия) және гонадотропин-тәуелді емес мезгілінен бұрын жыныстық жетілуді (аталық бездің улануы, тұқым қуалайтын Лейдиг жасушаларының гиперплазиясы) ертерек жоққа шығару керек.

Ересектер мен балаларда аллергиялық және анафилаксиялық реакциялар жөнінде хабарланған. Бұған енгізу орнындағы реакциялар сияқты, жүйелі көріністер де жатады. Патогенезді анықтау мүмкін болмады. Балалар арасында үлкен жиіліктегі жағдайлар болды.

Көлік құралдарын немесе қауптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз әсерлерді ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде абай болу керек.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Препаратты қатаң түрде нұсқаулық бойынша, міндетті түрде тиісті маманның қадағалауымен емнің тиімділігін ұдайы бақылап отыру үшін қажетті жабдығы бар мекемеде қабылдау керек.

Балаларды емдеу эндокринологтың немесе генезі орталықтық мезгілінен бұрын жыныстық жетілуді емдеуде тәжірибесі бар педиатрдің қадағалауымен жүргізілуі тиіс.

Қуықасты безінің гормонға тәуелді карциномасы

3,75 мг трипторелинге сәйкес келетін бір шприцпен инъекция, төрт аптада бір рет жасалады. Тестостеронның деңгейін ұзақ уақытқа басу үшін 4-апталық емдеу курсын ұстану қажет. Декапептил Депомен емдеу әдетте ұзаққа созылады.

Жатыр миомасы және эндометриоз

3,75 мг трипторелинге сәйкес келетін бір шприцпен инъекция, төрт аптада бір рет жасалады. Емдеуді циклдің алғашқы 5 күнінде бастау керек. Емдеу ұзақтығы эндометриоздың бастапқы ауырлығына және оның клиникалық белгілерінің дамуына (функциональдық және анатомиялық), сондай-ақ емдеу кезінде ультрадыбыстық зондтаумен анықталатын жатыр миомасының үлкендігіне байланысты Әдетте ең жоғарғы нәтижеге 3-4 инъекциядан кейін қол жетеді.

Сүйектің тығыздығына әсер ету мүмкіндігіне байланысты Декапептил Депомен емдеу ұзақтығы бүркемелейтін емді қолданбағанда 6 айдан аспауы тиіс.

Қосымша репродуктивті технологияларды (ҚРТ) қолдану кезінде әйелдерде лютеиндеуші гормонның (ЛГ) мезгілінен аналық бездер стимуляциясын өтіп жатқан әйелдерде лютеиндеуші гормонның (ЛГ) мезгілінен бұрын жоғарылауының профилактикасы және даун-регуляция

Оралымның 2-ші немесе 3-ші күндері (фолликулярлық фаза) немесе оралымның 22-ші күні (лютеиндік фаза) бір инъекция.

Шығу тегі орталықтық мезгілінен бұрын жыныстық жетілуде (ЖЖМБ)

0, 14 және 28-ші күні 3,75 мг Декапептил Депо инъекциясы жасалады. Кейіннен 4 апта сайын бір инъекциядан жасалады. Тиімділігі жеткіліксіз болса инъекцияны әр 3 аптада бір жасауға болады. Егер қыз балаларда 12 жастан бастап және ұл балаларда 13 жастан бастап сүйек матурациясы жүрсе, емдеуді тоқтату керек.

Пациенттердің жекелеген топтары үшін ескертпе:

– егде жастағы адамдар үшін дозасын өзгертудің қажеті жоқ.

– қолда бар деректерге сәйкес, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын азайту немесе дәрінің енгізу аралықтарын ұзарту міндетті түрде емес

Енгізу жолы және тәсілі

Бір шприцтің ішіндегісі бір реттік дозаға - 3,75 мг трипторелинге сәйкес келеді, тері астына (іш, бөксе немесе сан аумағына) енгізеді немесе бұлшықет ішіне терең етіп, 28 күн сайын енгізеді. Препараттың енгізу орнын әр қолдану сайын ауыстырып отыру керек.

Келесі нұсқауларды орындау керек:

- ұнтағы бар шприцтен қалпақшасын шешіңіз;

- ішінен шығармай, дәнекер элементі бар қаптаманы ашыңыз;

- ұнтағы бар шприцті дәнекер элементке бұрап кіргізіңіз және оны қаптамадан шығарыңыз (1-сурет);

- еріткіші бар шприцті дәнекер элементтің бос шетіне бұрап кіргізіңіз және дәнекер элементпен шприцтердің тығыз жалғанғанына көз жеткізіңіз;

- еріткіші бар шприцтің поршенін басып, ұнтағы бар шприцке еріткішті

кіргізіңіз, сосын осы қимылдарды кері бағытты қайталаңыз (2-сурет);

- қоспаны екі шприцтің арасында абайлап, гомогенді сүт тәрізді суспензия

алынғанша араластырыңыз (3-сурет). Алғашқы 2-3 араластыруды

сұйықтық бір шприцтен екіншісіне толық ауысқанша жасамау керек.

Шығарылу түрі

3,75 мг белсенді зат бір реттік шыны шприц-ампулаға салынады.

1 мл еріткіштен бір реттік шыны шприц-ампулаға салынады.

Препараты бар 1 шприц-ампула, еріткіші бар 1 шприц-ампула, дәнекер элемент және инъекцияға арналған 2 ине пластикалық ұяшықты қаптамаға (пластик қақпағы бар немесе мөлдір үлбірмен жабылған ұяшықты қаптама) салынған.

1 ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде картон қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

1 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыдекапептил депо шприц-ампула 3,75 мг 1 мл №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube