Қолдану көрсеткіштері
Дексамед инъекцияға арналған ерітіндісі, глюкокортикоидтарды пероральді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, аурудың ауыр түрлерінде, сондай-ақ пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдайларда қолданылады:
- жедел аллергиялық жағдайлар (ДЗ және тағам өнімдерін қабылдауға Квинке ісінуі, аллергиялық және анафилактоидты реакциялар, бронх демікпесі, демікпелік статус, сарысу құю ауруы, көмейдің ісінуі, аллергиялық ринит, дерматиттің жанаспалы және басқа түрлері), экзема, псориаз
- токсидермия
- милиарлы туберкулёз және эндоуытты шок, туберкулезде сарысу құю ауруы, туберкулезді менингит (сәйкес химиотерапиямен кешенде)
- Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит
- мидың ісінуі (жарақаттан кейінгі, бастапқы ісіктің немесе миға метастаздары салдарынан, краниотомия салдарынан)
- әртүрлі генездегі шок (геморрагиялық, жарақаттық, хирургиялық, сепсистік) кешенді ем құрамында
- аспирациялық пневмония
- ревматоидты артрит, коллагеноздар,
- нефроздық синдром
- лимфолейкоз, гемолиздік анемия, лейкемия, миеломды ауру
- ревматоидты артрит, дәнекер тіндердің диффузялық аурулары
- буындардың ауыр қабыну және дегенеративті аурулары, миозит
Жергілікті қолдану ( қысқа мерзімдік немесе қосымша ем ретінде)
Дексаметазонды буынішілік енгізу немесе жұмсақ тіндерге енгізу үшін көрсетілімдер:
- ревматоидты артрит, остеоартрит, синовит, бурсит, подагралық артрит, эпикондилит, фиброз, тендовагинит
- шорбуынданған спондилит (стандартты емге емдік жауап болмаған жағдайда)
Зақымдану ошағына инъекциялар:
- келоидтар
- теміреткінің гипертрофиялық, қабыну және инфильтрацияланған ошақтары, псориаз, сақина тәріздес гранулёмалар, склероздайтын фолликулит, дискоидты қызыл жегі, тері саркоидозы
- ошақталған алопеция