Қолдану көрсеткіштері
Жүйелік қолдану
мидың ісігінен, нейрохирургиялық араласымдардан, мидың абсцессімен, бактериялық менингиттен туындаған мидың ісінуі;
әртүрлі жарақаттан болған шок/өкпенің жарақаттан кейінгі шок профилактикасы;
анафилаксиялық шок (эпинефринді алғашқы енгізгеннен кейін);
ауыр жедел демікпелік ұстама;
эритродермия, кәдімгі сулы бөртпе, жедел экзема сияқты жедел, ауыр тері ауруларын парентеральді бастапқы емдеу;
жүйелі қызыл жегі (атап айтқанда, висцеральді түрі) сияқты аутоиммунды ауруларды парентеральді бастапқы емдеу;
ағымы үдемелі ауыр белсенді ревматоидты артрит, мысалы, тез деструкциямен және/немесе буыннан тыс көріністермен қатар жүретін түрлері;
уытты жағдайлармен ауыр инфекциялық аурулар (мысалы, туберкулез,
сүзек қызбасы, бруцеллез) тек бір мезгілде инфекцияға қарсы ем
кезінде;
қатерлі ісіктерге арналған паллиативті ем;
антиэметикалық ем сызбасы шеңберінде операциядан кейінгі немесе цитостатиктерден туындаған құсудың профилактикасы және емдеу;
оксигенацияны қажет ететін 2019 жылғы коронавирустық ауруда (СОVID-19) ересектер мен жасөспірімдерде ( 12 жасқа толмаған және дене салмағы кемінде 40 кг) емдеу үшін қолданылады.
Жергілікті қолдану
буынішілік инъекциялар: буындардың созылмалы қабыну ауруларын жалпы емдеуден кейін бір немесе бірнеше буындардағы персистирлейтін қабыну, белсендірілген артроз, иық-жауырын периартритінің жедел түрлері;
инфильтрациялық ем (көрсетілімдер бойынша қатаң): бактериялық емес тендовагинит және бурсит, периартропатиялар, инсерциялық тендопатиялар;
офтальмология: инфекциялық емес кератоконьюнктивит, склерит (некроздалған склеритті қоспағанда), алдыңғы және интермедиарлық увеит кезінде субконъюнктивалық қолдану.