daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Дексаметазон Ампуласы 4 Мг/мл 2 Мл №5 | РУП «Белмедпрепараты»

Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе ашық сары түсті ерітінді.

Халықаралық атауы:

Дексаметазон

Өндіруші:

РУП «Белмедпрепараты»

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: глицерин, динатрий фосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе ашық сары түсті ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

4 мг/мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді 4 мг/мл

Қаптамадағы саны:

5 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

генезі әртүрлі шокта;

мидың ісінуінде (ми ісіктері, бассүйек-ми жарақаты, нейрохирургиялық операциялар, миға қан құйылу, менингит, энцефалит, сәулелік зақымданулар кезінде);

бронх демікпесінде, демікпелік статуста, ауыр аллергиялық реакцияларда (Квинке ісінуі, бронх түйілуі, дерматоз, дәрілік заттарға жедел анафилаксиялық реакция, сарысу мен антибиотиктерді енгізу), пирогенді реакцияларда;

жедел гемолитикалық анемияда, тромбоцитопенияда, жедел лимфобластты лейкозда, агранулоцитозда, ауыр инфекциялық ауруларда (антибиотиктермен біріктірілімде);

бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксіздігінде;

балалардағы жедел стенозды ларинготрахеитте;

иық-жауырын периартритінде, эпикондилитте, бурситте, тендовагинитте, остеохондрозда, әртүрлі этиологиядағы артритте, остеоартрозда;

ревматизмдік ауруларда, коллагеноздарда.

Қарсы көрсеткіштер

дексаметазонға немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық;

жедел вирустық, бактериялық немесе жүйелі зеңдік инфекциялар (егер тиісті ем қолданылмаса);

Кушинг синдромы;

тірі вакцинамен вакцинациялау;

қан ұюының ауыр бұзылуларына шалдыққан пациенттерге бұлшықет ішіне енгізуге болмайды;

жергілікті енгізу бактериемияда, жүйелі зеңдік инфекцияларында, тұрақсыз буындары бар пациенттерде, қолдану орнындағы инфекцияларда, оның ішінде соз немесе туберкулез салдарынан сепсистік артрит кезінде қарсы көрсетілімді.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Кортикоидтармен парентеральді емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары сирек байқалуы мүмкін, сондықтан аллергиялық реакциялар мүмкіндігін ескере отырып, дексаметазонмен емдеуді бастар алдында тиісті шаралар қабылдау қажет (әсіресе анамнезінде қандай да бір басқа дәрілік заттарға аллергиялық реакциялары бар пациенттерде).

Дексаметазонмен ұзақ уақыт емделетін пациенттерде емдеуді тоқтатқан кезде (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, конъюнктиваның қызаруы, бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық немесе ашушаңдық, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, құсу, дене салмағының азаюы, әлсіздік, жиі – конвульсиялар) тоқтату синдромы (сондай-ақ бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің көрінетін белгілері жоқ) байқалуы мүмкін. Сондықтан дексаметазон дозасын біртіндеп азайту керек. Емдеуді кенеттен тоқтату өлімге әкелуі мүмкін.

Егер пациент ем бойы ауыр стресс жағдайында болса (жарақатқа, операцияға немесе ауыр ауруға байланысты), дексаметазон дозасын арттыру қажет, ал егер бұл емді тоқтату кезінде орын алса, гидрокортизон немесе кортизон қолдану қажет.

Ұзақ уақыт бойы дексаметазон енгізген және емді тоқтатқаннан кейін ауыр күйзеліске ұшыраған пациенттерге дексаметазонды қолдануды қалпына келтіру қажет, өйткені ол туындатқан бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі емді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай бойы созылуы мүмкін.

Дексаметазонмен немесе табиғи глюкокортикоидтармен емдеу қолданыстағы немесе жаңа инфекцияның симптомдарын, сондай-ақ ішек тесілу симптомдарын жасыруы мүмкін. Дексаметазон жүйелі зеңдік инфекцияны, латентті амебиазды және өкпе туберкулезін ушықтыруы мүмкін.

Белсенді түрдегі өкпе туберкулезіне шалдыққан пациенттер дексаметазонды (туберкулезге қарсы препараттармен бірге) тек жедел немесе диссеминацияланған өкпе туберкулезі кезінде ғана алуы тиіс. Дексаметазонмен емделетін өкпе туберкулезінің белсенді емес түрі бар пациенттер немесе туберкулинге жауап беретін пациенттер химиялық профилактикалық заттарды алуы тиіс.

Сақтық және медициналық бақылау остеопорозы бар, артериялық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі, туберкулез, глаукома, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, белсенді асқазан жарасы, жақында болған ішек анастомозы, ойық жаралы колит және эпилепсиясы бар пациенттерге ұсынылады. Миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы апталарда пациенттер, тромбоэмболия, ауыр миастения, гипотиреоз, психоз немесе психоневрозбен ауыратын пациенттер, сондай-ақ егде жастағы пациенттер ерекше күтімді қажет етеді.

Емдеу кезінде қант диабетінің өршуі немесе латентті фазадан қант диабетінің клиникалық көріністеулеріне ауысу байқалуы мүмкін.

Ұзақ емдеу кезінде қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау керек.

Дексаметазонмен емдеу кезінде тірі вакцинамен вакцинациялауға болмайды. Белсенді емес вирустық немесе бактериялық вакцинамен вакцинациялау антиденелердің күтілетін синтезіне әкелмейді және күтілетін қорғаныш әсері жоқ. Дексаметазон әдетте вакцинациядан 8 апта бұрын тағайындалмайды және вакцинациядан кейін 2 аптадан ерте қолданыла бастайды.

Ұзақ уақыт бойы дексаметазонның жоғары дозаларымен емделетін және ешқашан қызылшамен ауырмаған пациенттер жұқтырған адамдармен жанасудан аулақ болу керек; кездейсоқ байланыста болған кезде иммуноглобулинмен профилактикалық емдеу ұсынылады.

Операциядан кейін немесе сүйек сынғаннан кейін қалпына келетін пациенттерге сақ болу керек, өйткені дексаметазон жараларды емдеуді және сүйек тінінің түзілуін баяулатуы мүмкін.

Бауыр циррозы немесе гипотиреозы бар пациенттерде глюкокортикоидтардың әсері күшейеді.

Ауыр психикалық реакциялар кортикостероидтарды жүйелі қолданумен қатар жүруі мүмкін. Әдетте симптомдар емдеу басталғаннан бірнеше күн немесе аптадан кейін пайда болады. Жоғары дозаларды қолданғанда осы симптомдардың даму қаупі артады. Реакциялардың көпшілігі дозаны азайтқанда немесе препаратты тоқтатқанда өтеді. Психикалық күйдегі өзгерістерді, әсіресе депрессиялық көңіл-күйді, суицидтік ойлар мен ниеттерді бақылау және уақытында анықтау қажет. Аффективті бұзылулары бар пациенттерде, сондай-ақ жақын туыстарында кортикостероидтарды ерекше сақтықпен қолдану керек. Жағымсыз әсерлердің пайда болуын барынша қысқа мерзім ішінде ең төменгі тиімді дозаларды қолдану немесе таңертең препараттың қажетті тәуліктік дозасын 1 рет қолдану арқылы болдырмауға болады.

Дексаметазонды буын ішінде қолдану жүйелік әсерлерге әкелуі мүмкін.

Жиі қолдану шеміршектің зақымдануын немесе сүйек некрозына әкелуі мүмкін.

Буын ішіне енгізер алдында синовиальді сұйықтықты буыннан жойып, оны зерттеу (инфекцияның бар болуына тексеру) керек. Инфекция жұқтырған буындарға кортикоидтарды енгізуден аулақ болу керек. Егер инъекциядан кейін инфекция пайда болса, тиісті антибиотиктермен емді бастау керек.

Пациенттерге қабыну емделгенге дейін зардап шеккен буындарға физикалық күш түсіруден аулақ болу керектігі туралы хабарлау керек.

Препаратты тұрақсыз буындарға енгізуден аулақ болу керек.

Кортикоидтар терінің аллергиялық сынақтарының нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.

Балаларда дексаметазонмен ұзақ емдеу кезінде өсу мен даму динамикасын мұқият бақылау қажет.

Шала туылған нәрестелерге Дексаметазонды енгізу кезінде жүректің қызметі мен құрылымын бақылау қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дексаметазон мен қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды бір мезгілде қолдану асқазан-ішектен қан кету және ойық жаралардың пайда болу қаупін арттырады.

Дексаметазонның тиімділігі CYP3A4 ферментін белсендіретін (мысалы, фенитоин, фенобарбитон, карбамазепин, примидон, рифабутин, рифампицин) немесе глюкокортикоидтардың (эфедрин және аминоглутетимид) клиренсін арттыратын препараттарды бір мезгілде тағайындағанда төмендейді.

Дексаметазон мен жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесу дексаметазонның бәсеңдету тестін бұрмалауы мүмкін, мұны тест нәтижелерін бағалау кезінде ескеру қажет.

Дексаметазон миастения кезінде қолданылатын антихолинэстераза дәрілерінің емдік әсерін азайтады.

Дексаметазонды және кетоконазол, антибиотиктер-макролидтер сияқты ферменттік белсенділікті CYP3A4 тежейтін препараттарды бірге қолдану сарысу мен қан плазмасында дексаметазон концентрациясының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Дексаметазон CYP3A4 қалыпты индукторы болып табылады. Индинавир, эритромицин сияқты CYP3A4 метаболизденетін препараттармен бірге қолдану қан сарысуындағы концентрациялардың төмендеуін туындататын олардың клиренсін арттыруы мүмкін.

Кетоконазол бүйрекүсті бездерімен глюкокортикоидтар синтезін бәсеңдетуі мүмкін, осылайша дексаметазон концентрациясының төмендеуі салдарынан бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

Дексаметазон қант диабетін, артериялық гипертензияны, кумариндік антикоагулянттарды, празиквантелді және натрийуретиктерді емдеуге арналған препараттардың емдік әсерін азайтады (сондықтан осы дәрілік заттардың дозасын арттыру керек); гепарин, альбендазол және калийуретиктердің белсенділігін арттырады (қажет болған жағдайда бұл препараттардың дозасын азайту керек).

Дексаметазон кумариндік антикоагулянттардың әсерін өзгерте алады, сондықтан препараттардың осы біріктірілімін қолданған кезде протромбиндік уақытты жиі тексеру керек.

Дексаметазонды және басқа глюкокортикоидтардың немесе β2-адренорецепторлар агонистерінің жоғары дозаларын бір мезгілде қолдану гипокалиемия қаупін арттырады. Гипокалиемиямен ауыратын пациенттерде жүрек гликозидтері ырғақтың бұзылуына көбірек ықпал етеді және жоғары уыттылыққа ие.

Антацидтер асқазанда дексаметазонның сіңуін азайтады. Дексаметазонның тамақпен және алкогольмен бір мезгілде қабылдау кезіндегі әсері зерттелмеген, алайда құрамында натрий мөлшері жоғары тамақпен бір мезгілде дәрілерді қолдану ұсынылмайды. Шылым шегу дексаметазонның фармакокинетикасына әсер етпейді.

Глюкокортикоидтар салицилаттардың бүйрек клиренсін күшейтеді, сондықтан кейде қан сарысуында салицилаттардың емдік концентрациясын алу қиынға соғады. Кортикостероид дозасын біртіндеп төмендететін пациенттерге сақ болу керек, өйткені бұл ретте қан сарысуындағы салицилат концентрациясының жоғарылауы және уыттану байқалуы мүмкін.

Егер пероральді контрацептивтерді параллельді қолданса, глюкокортикоидтардың жартылай шығарылу кезеңі ұлғаюы мүмкін, бұл олардың биологиялық әсерін күшейтеді және жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін.

Босану кезінде ритодрин мен дексаметазонды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді, өйткені бұл өкпенің ісінуіне әкелуі мүмкін. Осындай жағдайдың дамуына байланысты босанған әйелдің өлімі туралы хабарланды.

Дексаметазон мен талидомидті бір мезгілде қолдану уытты эпидермальді некролизді туындатуы мүмкін.

Емдік артықшылықтары бар өзара әрекеттесу түрлері: дексаметазон мен метоклопрамидті, дифенгидрамидті, прохлорперазинді немесе 5-НТ3 рецепторларының антагонистерін (серотонин немесе 5-гидрокситриптамин рецепторлары, ондансетрон немесе гранисетрон сияқты 3 тип) цисплатинмен, циклофосфамидпен, метотрексатпен, фторурацилмен химиотерапиядан туындаған жүрек айнуы мен құсудың алдын алу үшін тиімді.

Үйлесімсіздігі.

Препаратты мыналардан басқа препараттармен араластыруға болмайды: 0,9% натрий хлориді ерітіндісі немесе 5% глюкоза ерітіндісі.

Дексаметазонды хлорпромазинмен, дифенгидраминмен, доксапраммен, доксорубицинмен, даунорубицинмен, идарубицинмен, гидроморфонмен, ондансетронмен, прохлорперазинмен, калий нитратымен және ванкомицинмен араластырған кезде тұнба пайда болады.

Шамамен 16% дексаметазон 2,5% глюкоза ерітіндісінде және 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде амикацинмен ериді.

Лоразепам сияқты кейбір дәрілік заттарды пластик пакеттердегі емес, шыны құтылардағы дексаметазонмен араластыру керек (лоразепам концентрациясы бөлме температурасында поливинилхлоридті пакеттерде 3-4 сағат ішінде 90% - дан төмен мәнге дейін төмендейді).

Метапаминол сияқты кейбір дәрілік заттарда «баяу дамитын үйлесімсіздік» бар, ол дексаметазонмен араласқан кезде бір тәулік ішінде дамиды.

Гликопиролаты бар дексаметазон: соңғы ерітіндінің рН мәні 6,4-ке тең, бұл тұрақтылық шеңберінен тыс орналасады.

Арнайы ескертулер

Белсенді түрдегі өкпе туберкулезіне шалдыққан пациенттер дексаметазонды (туберкулезге қарсы препараттармен бірге) тек жедел немесе диссеминацияланған өкпе туберкулезі кезінде ғана алуы тиіс.

Дексаметазонмен емделетін өкпе туберкулезінің белсенді емес түрі бар пациенттер немесе туберкулинге жауап беретін пациенттер химиялық профилактикалық заттарды алуы тиіс.

Сақтық және медициналық бақылау остеопорозы бар, артериялық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі, туберкулез, глаукома, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, белсенді асқазан жарасы, жақында болған ішек анастомозы, ойық жаралы колит және эпилепсиясы бар пациенттерге ұсынылады. Миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы апталарда пациенттер, тромбоэмболия, ауыр миастения, гипотиреоз, психоз немесе психоневрозбен ауыратын пациенттер, сондай-ақ егде жастағы пациенттер ерекше күтімді қажет етеді.

Емдеу кезінде қант диабетінің өршуі немесе латентті фазадан қант диабетінің клиникалық көріністеулеріне ауысу байқалуы мүмкін.

Ұзақ емдеу кезінде қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау керек.

Бауыр циррозы немесе гипотиреозы бар пациенттерде глюкокортикоидтардың әсері күшейеді.

Қосымша заттарға қатысты айрықша сақтандырулар. 1 мл препараттың құрамында 0,6284 ммоль (14,45 мг) натрий бар.

Педиатрияда қолдану

Балаларға туғаннан бастап өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Балаларда артық дозалануды болдырмау үшін дозаны есептеу дене беткейінің ауданына қарай жүргізіледі. Дексаметазонмен емдеу кезінде балалардың өсуі мен дамуын мұқият бақылау қажет.

Шала туылған нәрестелерде кортикостероидтарды, дексаметазонды қоса алғанда, жүйелі қолданудан кейін гипертрофиялық кардиомиопатия туралы хабарланды. Тіркелген жағдайлардың көпшілігінде бұл жағымсыз реакция емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болды. Шала туылған нәрестелерде дексаметазонды жүйелі қолданғаннан кейін жүрек қызметі мен құрылымын диагностикалық бағалау және бақылау қажет.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Шаранаға және жаңа туған нәрестеге зиянды әсерін жоққа шығаруға болмайды. Препарат баланың құрсақішілік дамуын тежейді. Дексаметазонды жүкті әйелдерге ана үшін күтілетін пайда шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жекелеген шұғыл жағдайларда ғана тағайындауға болады. Преэклампсия кезінде ерекше сақтық таныту ұсынылады. Жүктілік кезінде глюкокортикоидтармен емдеу жөніндегі жалпы ұсынымдарға сәйкес негізгі ауруды бақылау үшін ең төмен тиімді доза қолданылуы тиіс. Жүктілік кезінде глюкокортикоидтар тағайындалған аналардан туылған балаларды бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігіне мұқият тексеру керек.

Зерттеулер мерзімінен бұрын босану қаупі бар әйелдерде кортикостероидтарды, дексаметазонды қоса алғанда, қысқа мерзімді пренатальды қолданғаннан кейін неонатальды гипогликемия қаупінің жоғарылауын көрсетті.

Глюкокортикоидтар плацента арқылы өтіп, шаранада жоғары концентрацияға жетеді. Дексаметазон плацентада белсенді метаболизденбейді, мысалы, преднизонға қарағанда, осыған сүйене отырып, шарананың қан сарысуында дексаметазонның жоғары концентрациясы байқалуы мүмкін. Кейбір мәліметтерге сәйкес, глюкокортикоидтардың фармакологиялық дозалары плацента жеткіліксіздігі, олигогидрамнион, шарана дамуының кешеуілдеуі немесе оның жатырішілік өлімі, шаранадағы лейкоциттер (нейтрофилдер) санының артуы және бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі қаупін арттыруы мүмкін. Глюкокортикостероидтардың тератогендік әсерін растайтын дәлелдер жоқ.

Жүктілік кезінде глюкокортикостероидтарды қабылдаған әйелдерге босану кезінде глюкокортикостероидтардың қосымша дозаларын қолдану ұсынылады. Ұзақ босану немесе кесарь тілігін жоспарлау жағдайында әр 8 сағат сайын 100 мг гидрокортизонды вена ішіне енгізу ұсынылады.

Емшек сүтінде глюкокортикоидтардың аз мөлшері кездеседі, сондықтан дексаметазонмен емделген аналарға, әсіресе физиологиялық нормалардан (шамамен 1 мг) артық қабылдаған кезде емшек сүтімен емізу ұсынылмайды. Бұл баланың бой өсуінің баяулауына және эндогендік кортикостероидтардың секрециясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сезімтал пациенттерде препаратты қолдану кезінде жағымсыз реакциялар (бас айналу, сананың шатасуы және т.б.) туындауы мүмкін екенін ескере отырып, препаратты қолдану кезеңінде автокөлікті басқарудан және зейін қоюды талап ететін басқа да жұмыстарды орындаудан бас тартқан жөн.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 4 мг/мл.

1 мл немесе 2 мл бейтарап шыны ампулада.

5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампула скарификаторымен бірге картон қорапшаға салынған.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампула скарификаторымен бірге картон қорапқа салынған.

Сындыру сақинасы бар ампулаларды пайдаланған кезде ампулаларды ампула скарификаторынсыз орауға рұқсат етіледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыдексаметазон ампуласы 4 мг/мл 2 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube