Қолдану көрсеткіштері
- 18 жастан бастап және одан асқан адамдарда аллергиялық ринитпен байланысты симптомдарды жеңілдету
- 18 жастан бастап және одан асқан адамдарда есекжеммен байланысты симптомдарды жеңілдету.
- 18 жастан бастап және одан асқан адамдарда аллергиялық ринитпен байланысты симптомдарды жеңілдету
- 18 жастан бастап және одан асқан адамдарда есекжеммен байланысты симптомдарды жеңілдету.
- әсер етуші затқа, кез келген қосымша затқа немесе лоратадинге жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігінің немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының кінәраттары бар пациенттерге
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Бүйрек функциясы ауыр түрде бұзылған кезде Дезлоратадин-ТК препаратын сақтықпен қолдану керек.
Дезлоратадинді қазіргі уақытта құрысулары бар немесе отбасылық анамнезінде құрысулары бар пациенттерде сақтықпен тағайындау керек. Кішкене балалар дезлоратадинмен емдеу кезінде құрысу ұстамаларының дамуына анағұрлым сезімтал болуы мүмкін. Дәрігер емдеу кезінде ұстамасы бар пациенттерде дезлоратадинді қолдануды тоқтату қажеттілігі туралы мәселені қарауы тиіс.
Сирек туқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығымен кінараттары, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорциясы бар пациенттергебұл препаратты қабылдауға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Дезлоратадинді (таблетканы) эритромицинмен немесе кетоконазолмен бір мезгілде қолданғанда клиникалық зерттеулерде клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Балалар
Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересек пациенттердің қатысуымен жүргізілді.
Клиникалық фармакологиялық зерттеуде алкогольмен бір мезгілде қабылданатын Дезлоратадин-ТК таблеткалары алкогольдің зиянды әсерін күшейткен жоқ. Алайда, көтере алмаушылық және алкогольмен улану жағдайлары постмаркетингтік қолдану кезінде тіркелді. Сондықтан препаратты алкогольмен бірге қолданған кезде сақтықпен қолдану ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезеңі
Жүкті әйелдерге қатысты қолда бар деректердің үлкен саны (жүктіліктің 1000-нан астам нәтижесі) мальформациясының болмауына немесе дезлоратадиннің фетальді/неонатальді уыттылығының жоқтығын көрсетеді. Сақтық шарасы ретінде Дезлоратадин-ТК препаратын жүктілік кезінде қолданудан аулақ болған жөн.
Дезлоратадин препаратпен емделген әйелдердің емшек сүтін еметін жаңа туған нәрестелердің/сәбилердің организмінде анықталды. Дезлоратадиннің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге әсері белгісіз. Бала емізуді тоқтату туралы немесе Дезлоратадин-ТК препаратымен емді уақытша тоқтату/тоқтату туралы шешім бала үшін бала емізудің пайдасы мен ана үшін емнің артықшылықтары ескеріле отырып қабылдануы тиіс.
Фертильділігі
Ерлер мен әйелдердің фертильділігі туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Клиникалық зерттеулерде автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде препараттың пациенттің реакция жылдамдығына әсері байқалмаған (немесе елеусіз). Алайда пациенттерге адамдардың көпшілігінде ұйқышылдық болмайтындығы туралы хабарлау керек; дегенмен, барлық дәрілік заттарға жеке реакциялардың әртүрлілігін ескере отырып, пациенттің осы препаратқа реакциясы анықталғанға дейін зейін қоюды талап ететін белсенділіктен (мысалы, автокөлікті немесе механизмдерді басқару) аулақ болу ұсынылады.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.