daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Диазолин Таблеткалары 100 Мг №10 | Фармак ПАО

Уральске қаласындағы Диазолин Таблеткалары 100 Мг №10 | Фармак ПАО
Сипаттама:

Жалпақ беттікпен сызығы және ойығы бар ақ немесе ақ дерлік түсті дөңгелек пішінді таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Мебгидролин

Өндіруші:

Фармак ПАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон, сахароза, кальций стеараты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Жалпақ беттікпен сызығы және ойығы бар ақ немесе ақ дерлік түсті дөңгелек пішінді таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

маусымдық және аллергиялық риниттің профилактикасында және емдеуде

поллинозда

есекжемде

тағамдық және дәрілік аллергияда

терінің қышуымен бірге жүретін дерматоздар (экзема, нейродермит)

Қарсы көрсеткіштер

мебгидролинге және/немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

асқыну кезеңінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

ас қорыту жолдарының қабыну аурулары

пилоростеноз

қуық асты безінің гиперплазиясы

жабық бұрышты глаукома

эпилепсия

жүрек ырғағының бұзылуы (ваголитикалық әсерге ие бола отырып, AV-өткізгіштігін   жақсарта алады және қарыншалық аритмияның дамуына ықпал етеді)

жүктілік және лактация кезеңі

6 жасқа дейінгі балалар

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Диазолинді бауыр және/немесе бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен тағайындайды (доза түзетілуі және қабылдау арасындағы аралықтардың ұзаруы мүмкін).

Диазолин препаратымен емдеу кезінде алкоголь ішімдіктерін және құрамында этанол бар дәрілерді қолдануға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Диазолин ұйықтатқыш, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесінің қызметін тежейтін басқа да препараттардың, сондай-ақ алкогольдің әсерін күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан галактозаға жақпаушылықтың сирек тұқым қуалайтын түрлері бар, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Егер Сізде кейбір қанттардың жақпаушылығы анықталған болса бұл препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерден кеңес алыңыз.

Педиатрияда қолдану

6 жастан асқан балаларға препаратты колдануға болады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда автокөлікті басқаруға және зейін қоюды қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Өзара әрекеттесуі

Диазолин ұйықтатқыш, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесінің қызметін тежейтін басқа да препараттардың, сондай-ақ алкогольдің әсерін күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан галактозаға жақпаушылықтың сирек тұқым қуалайтын түрлері бар, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Егер Сізде кейбір қанттардың жақпаушылығы анықталған болса бұл препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерден кеңес алыңыз.

Педиатрияда қолдану

6 жастан асқан балаларға препаратты колдануға болады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда автокөлікті басқаруға және зейін қоюды қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға - тәулігіне 1-2 рет 100-200 мг-ден.

Ересектерге арналған ең жоғары дозалар: бір реттік - 300 мг, тәуліктік - 600 мг.

6-12 жастағы балаларға - тәулігіне 1-3 рет 50 мг-ден.

Енгізу әдісі мен жолы

Диазолинді тамақтан кейін ішке тағайындайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын дәрігер аурудың сипатына, клиникалық әсеріне және препараттың жағымдылығына қарай белгілейді.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Препаратпен артық дозаланған кезде тиісті бөлімде айтылған жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі жоғарылайды. Бұл жағдайда препаратты тоқтатады, қажет болғанда жалпы уытсыздандыру шаралары (асқазанды шаю, қарқындатылған диурез), симптоматикалық ем жүргізіледі.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан түссіз немесе жарықтан қорғайтын түрлі-түсті поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДиазолин таблеткалары 100 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube