Қолдану көрсеткіштері
- артриттерде: ревматоидтық артритте, остеоартритте, шорбуынданатын спондилоартритте, жедел подаграда
- бұлшықет-қаңқа жүйесінің периартрит сияқты жедел бұзылыстарында (мысалы, иықтың қарысып қалуында), тендинитте, теносиновитте, бурситте
- жарақат нәтижесінде туындаған басқа ауырсыну жағдайларында (сынуларды, созылуларды, шығып кетулерді қоса), ортопедиялық, стоматологиялық және басқа шағын операцияларда; бел ауыруында.
Диклофенак-Тева 50 мг және 100 мг суппозиторийлері балаларда қолданылмайды.