Қолдану көрсеткіштері
Препарат кешенді антигистаминдік ем құрамында қолданылады
- аллергиялық реакцияларды емдеуде: есекжем, пішен қызбасы, ангионевроздық ісіну, сарысу құю ауруы, жанаспалы дерматит, мультиформалы экссудативті эритема, экзема, терінің қышынуы, геморрагиялық васкулит (капиллярлық токсикоз), вазомоторлық ринит, респираторлық аллергоз, жедел иридоциклит
- аллергиялық көз ауруларында (конъюнктивит)
- дәрілік заттарды (антибиотиктер, ферменттер) қабылдаудан жағымсыз әсерлері болуын бәсеңдету мақсатында, қан немесе қанды алмастыратын сұйықтық құйғанда аллергиялық асқынулардың профилактикасы және емдеу
- ұйқысыздықта, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрі ретінде