Уральске қаласындағы Doxa-dura Таблеткалары 2 Мг №30 | Aurobindo Pharma Limited

Нет в наличии
Уральске қаласындағы Doxa-dura Таблеткалары 2 Мг №30 | Aurobindo Pharma Limited

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Докса-Дюра 2 мг таблеткалар Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, капсула тәрізді пішінді, бір жағында НО2 өрнегі және екінші жағында сындыру сызығы бар таблеткалар. Докса-Дюра 4 мг таблеткалар Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, ромб тәрізді пішінді, бір жағында НО3 өрнегі және екінші жағында сындыру сызығы бар таблеткалар.

Международное наименование:

Доксазозин

Производитель:

Aurobindo Pharma Limited

Страна производитель:

Индия

Действующее вещество:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликолаты (А типі), магний стеараты.

Дозировка активного вещества:

2 мг

Количество в упаковке:

30 шт

Инструкция

Показания к применению

- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясында (ҚБҚГ)

Докса-Дюра несеп шығарудың бұзылуларын және қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясымен байланысты клиникалық симптомдарды емдеуге арналған. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарда Докса-Дюраны артериялық гипертензия бар кезде де, артериялық қысым деңгейі қалыпты кезде де қолдануға болады.

- артериялық гипертензияда

Докса-Дюра артериялық гипертензияны емдеуге арналған және сонымен қатар, пациенттердің көпшілігінде препаратты артериялық қысымның деңгейін бақылау үшін монотерапия ретінде пайдалануға болады. Соның ішінде, егер монотерапия дәрісі ретінде Докса-Дюраны пайдаланып, артериялық қысымның қажетті бақылануына қол жеткізу мүмкін болмаса, препаратты гипертензияға қарсы басқа дәрілермен (тиазидтік диуретиктермен, β-адреноблокаторлармен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен) біріктіруге болады.

Противопоказания

- әсер етуші затқа, хиназолиндердің басқа түрлеріне (мысалы, празозинге, теразозинге) немесе «құрамы» бөлімде атап көрсетілген қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- анамнезінде ортостаздық гипотензиясы болған пациенттерде;

- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы және несеп шығару жолдарының жоғары бөліктерінде қатар жүретін іркіліс бар, несеп шығару жолдарының созылмалы инфекциясы немесе қуығында конкременттер бар пациенттерде;

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығының спецификалық формасы (Лапп лактазасы тапшылығы) немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;

- гипотензиясы бар пациенттерде (қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы сияқты көрсетіліміне ғана қатысты).

Қуығы толып қалған немесе бүйректің үдемелі жеткіліксіздігімен немесе онсыз жүретін ануриясы бар пациенттерге доксазозинмен монотерапияны қолдануға болмайды.

- лактация кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Қолдану үшін қажетті сақтық шаралары

Қосымша заттар

Препараттың құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығының спецификалық формасы (Лапп лактазасы тапшылығы) немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Доксазозиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары (98%). Адам қаны плазмасындағы in vitro зерттеулердің деректері, зерттелген препараттардың (дигоксиннің, фенитоиннің, варфариннің немесе индометациннің) қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына доксазозиннің әсер етпегендігін көрсетіп отыр.

Тиазидтік диуретиктермен, фуросемидпен, β-блокаторлармен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП), антибиотиктермен, пероральді гипогликемиялық дәрілермен, урикозуриялық препараттармен, немесе антикоагулянттармен ешқандай жағымсыз өзара дәрілік әрекеттесулері байқалмаған. Дегенмен, дәрілермен өзара әрекеттесулеріне ресми түрде зерттеулер жүргізілмеген.

Доксазозинді 5-ші типті фосфодиэстераза тежегішімен бір мезгілде қолдану кейбір пациенттерде симптоматикалық гипотензияның дамуына алып келуі мүмкін. Доксазозиннің босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрлеріне ешқандай зерттеу жүргізілген жоқ.

Доксазозин альфа-адренорецепторлардың басқа блокаторларының және гипертензияға қарсы басқа да дәрілердің гипотензиялық әсерін күшейтеді.

In vitro зерттеулер доксазозиннің P450 3A4 (CYP3A4) цитохромының субстраты екенін көрсетеді. Доксазозинді кларитромицин, индинавир, итраконазол, кетоконазол, нефазодон, нелфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин немесе вориконазол сияқты күшті CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Әдеттегі доксазозинді тиазидті диуретиктермен, фуросемидпен, бета-блокаторлармен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антибиотиктермен, пероральді гипогликемиялық препараттармен, урикозуриялық дәрілермен және антикоагулянттармен қолданудың клиникалық тәжірибесінде қандай да бір жағымсыз әсерлер анықталған жоқ. Алайда, дәрілердің/ дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы ресми зерттеулердің деректері жоқ.

22 дені сау еркек жынысты еріктілер қатыстырылған ашық рандомизацияланған плацебо бақыланатын зерттеуде төрт күндік пероральді циметидин режимінің (күніне екі рет 400 мг) бірінші күнінде 1 мг дозада доксазозиннің бір реттік дозасын енгізу доксазозиннің орташа AUC % - ұлғаюына және орташа Cmax пен доксазозиннің орташа жартылай шығарылу кезеңінің статистикалық маңызды өзгерістерінің болмауына әкелді. Циметидинмен доксазозиннің орташа AUC-нің 10% - ға артуы плацебомен алған доксазозині үшін орташа AUC-тен субъект аралық ауытқу шегінде (27%) болады.

Арнайы ескертулер

Докса-Дюрамен емдеуді сақтықпен бастау қажет

Доксазозиннің альфа-адренолокаторлық қасиеттеріне байланысты, пациенттерде бас айналуымен және әлсіздікпен немесе, сирек жағдайларда, әсіресе, емдеудің басында естен танумен (талмамен) көрініс беретін ортостаздық гипотензия дамуы мүмкін. Соған байланысты, жалпыға ортақ клиникалық тәжірибе, постуральді әсерлердің дамуы ықтималдығын азайту мақсатында, емдеудің басында артериялық қысымға мониторинг жүргізу болып табылады. Кез келген тиімді альфа-адреноблокатормен терапияны тағайындау кезінде пациентке постуральді гипотензия симптомдарынан қалай аулақ болу керектігін және олар дамыған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін мәлімдеу керек. Пациентке, доксазозинмен емдеудің басында бас айналуы немесе әлсіздік туындаған жағдайда, жарақат алу мүмкіндігі бар жағдайлардан сақтану қажеттілігі туралы ескерту керек.

Жүректің жедел патологиясы бар пациенттерде қолданылуы

Тамырды кеңейтетін және гипертензияға қарсы дәрілерді пайдаланғандағы сияқты, доксазозинді жүректің келесі жедел патологиялары бар пациенттерге тағайындаған кезде сақтық таныту қажет:

- аортаның немесе митральді клапандардың стенозы салдарынан өкпенің ісінуі;

- жүректің лықсытуының артуымен жүрек жеткіліксіздігі;

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы немесе перикард қуысында жалқық болуы салдарынан жүректің оң жақ бөлігінің жеткіліксіздігі;

- жүректің толтырылу қысымының төмендігімен, сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі.

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде қолданылуы

Доксазозин бауырда метаболизденеді, сондықтан препаратты бауыр функциясының бұзылу белгілері бар пациенттерде аса сақтықпен қолдану керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер және бауырдағы метаболизмге әсер ететін препараттардың (мысалы, циметидин) ықпалы туралы шектеулі деректер ғана бар. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препаратты клиникада қолдану тәжірибесі болмағандықтан, оны аталған пациенттерде пайдалану ұсынылмайды.

5-ші типті фосфодиэстераза тежегіштерімен қолданылуы

Доксазозинді 5-ші типті фосфодиэстераза тежегіштерімен (силденафил, тадалафил және варденафил сияқты) бір мезгілде қолдануды сақтықпен жүргізу керек, өйткені, препараттардың екі тобы да тамырды кеңейтетін әсерге және кейбір пациенттерде симптоматикалық гипотензия дамуына алып келуі мүмкін. Ортостаздық гипотензияның даму қаупін азайту үшін, 5 типті фосфодиэстераза тежегіштерімен емдеуді тек, альфа-адреноблокатормен емдеу аясында гемодинамика тұрақтанғаннан кейін ғана бастау ұсынылады. 5 типті фосфодиэстераза тежегішімен емдеуді барынша төмен дозада, доксазозинді қабылдауға қатысты 6 сағат аралықпен бастау ұсынылады. Доксазозиннің босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрлеріне ешқандай зерттеу жүргізілген жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы

Докса-Дюраның бүйрек функциясының бұзылуын күшейтетіні туралы деректер жоқ. Алайда дозаны енгізу және түзету өте сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Катарактаға қатысты хирургиялық араласым жүргізу жоспарланған пациенттерде қолданылуы

Тамсулозинмен ем қабылдап жүрген немесе бұрын ем қабылдаған кейбір пациенттерде катарактаға қатысты хирургиялық араласым кезінде интраоперациялық нұрлы қабықтың атония синдромы (қарашықтың тарылуы синдромының нұсқасы) байқалған. Сонымен қатар, α1-адренорецепторлардың басқа блокаторларын қолданғанда да, аталған құбылыстың дамығаны туралы жеке-дара хабарламалар келіп түскен; оның класқа тән сипатта болуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Интраоперациялық нұрлы қабықтың атония синдромы катарактаға қатысты операциялық араласым жүргізген кездегі емшаралар асқынулары жиілігінің артуына алып келуі мүмкін болғандықтан, операция басталғанға дейін хирург-офтальмологке α1-адренорецепторлар блокаторларының ағымдағы немесе жақын арада қолданылғаны туралы айту керек.

Доксазозиннің жартылай шығарылуының орташа соңғы кезеңі 22 сағатты құрайды. Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерде ол ұзартылуы мүмкін. Дозаны түзету жылдамдығын баяулату қажет болуы мүмкін.

Сол жақ қарыншалық жеткіліксіздігі бар кейбір пациенттерде энергиялық терапиямен байланысты сол жақ қарыншаның толтырылуының төмендеуі доксазозин енгізілгеннен кейінгі жүрек лықсытуының және жүйелік артериялық қысымның елеулі төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл әсерлерді емді тағайындау және қолданылатын дозаны үнемі түзету кезінде ескеру қажет.

Приапизм

Маркетингтен кейінгі кезеңде доксазозинді қоса, кейбір альфа-1 блокаторларды қабылдағанда, приапизм мен ұзаққа созылған эрекция құбылыстары туралы хабарланған. Егер приапизм бірден емделмесе, онда ол жыныс мүшесі тіндерінің зақымдануына және потенцияның тұрақты түрде жоғалуына алып келуі мүмкін, сондықтан, пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс.

Қуықасты безінің обыры

Қуықасты безінің обыры үшін ҚБҚГ-да болатын симптомдардың көпшілігі тән, және бұл екі ауру көбіне бірге кездеседі. Соған байланысты, Докса-Дюра препаратымен емдеуді бастағанға дейін, қуықасты безі обырының бар-жоқтығын анықтау керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде толыққанды және жақсы бақыланатын зерттеулер тәжірибесі болмағандықтан, Докса-Дюраны жүктілік мерзіміндегі артериялық гипертензия кезінде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Сәйкесінше, Докса-Дюраны қолдануға тек, егер дәрігердің пікірінше, күтілетін артықшылығы ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана рұқсат етіледі. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың тератогендік әсері байқалмағанымен, оны жануарларда аса жоғары дозаларда пайдаланғанда төлдерінің тірі қалуы көрсеткішінің төмендегені байқалған.

Доксазозиннің емшек сүтімен экскрециялануы өте төмен (1%-дан аз) болғаны көрсетілді, алайда, адамда деректері тым шектеулі. Жаңа туған нәресте немесе сәби үшін қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды, сәйкесінше, Докса-Дюраны тек, егер дәрігердің пікірінше, күтілетін артықшылығы ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілеті, әсіресе, емдеудің басында нашарлауы мүмкін.

Взаимодействие

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеудегі бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 1 мг (Докса-Дюраның 2 мг дозалы 1/2 таблеткасы) құрайды.

Нақты бір пациенттегі уродинамикасы мен симптоматикасына байланысты, әрі қарай дозасын 2 мг (Докса-Дюраның 2 мг дозалы 1 таблеткасы) дейін, әрі қарай 4 мг (Докса-Дюраның 4 мг дозалы 1 таблеткасы) дейін және ұсынылатын ең жоғарғы 8 мг дозасына дейін арттыруға болады. Дозасын біртіндеп арттырған кезде ұсынылатын аралығы 1-2 аптаны құрайды. Әдетте ұсынылатын дозасы тәулігіне 2-4 мг (Докса-Дюраның 2 мг 1 таблеткасын немесе Докса-Дюраның 4 мг 1 таблеткасын) құрайды.

Артериялық гипертензия кезінде бастапқы дозасы ортостаздық гипотензияның және/немесе естен танудың даму қаупін азайту мақсатында бір немесе екі апта бойы тәулігіне 1 мг (Докса-Дюраның 2 мг дозалы таблеткасының жартысы) құрайды. Қажет болған жағдайда, 1-2 аптадан соң препараттың дозасын тәулігіне 2 мг (Докса-Дюраның 2 мг дозалы 1 таблеткасы) дейін арттыруға болады. Тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда, артериялық қысымның мақсатты деңгейіне жетуіне қарай бағаланатын пациенттің емге реакциясын ескере отырып, тәуліктік дозасын біртіндеп арттыруға болады.

Анағұрлым жиі пайдаланылатын дозасы тәулігіне бір рет 2-4 мг құрайды (Докса-Дюраның 2 мг дозалы 1 таблеткасы немесе Докса-Дюраның 4 мг дозалы 1 таблеткасы). Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы тәулігіне 16 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қолданылуы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда доксазозиннің фармакокинетикасы өзгермейді, ал препараттың өзі бүйректің бұрыннан бар дисфункциясын нашарлатпайды, сондықтан, ондай науқастарда оны әдеттегі дозаларында қолданады. Доксазозин гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде қолданылуы

Бауыр бұзылулары бар пациенттерде және бауырдағы метаболизміне ықпал ететін дәрілік заттардың (мысалы, циметидин) әсері туралы тек шектеулі деректер бар. Доксазозин бауырда метаболизденеді, сәйкесінше, бауыр функциясы бұзылуының белгілері бар пациенттерде препаратты ерекше сақтықпен қолдану керек.

Балаларда қолданылуы

Докса-Дюраның балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы

Дозасын түзету қажет емес. Осы кластың басқа препараттары жағдайындағы сияқты, мүмкіндігінше ең аз дозаны сақтау және оны дәрігердің бақылауымен біртіндеп арттыру керек.

Енгізу әдісі және жолы

Доксазозинді ас ішуге байланыссыз, таңертең және кешке қабылдауға болады. Таблеткаларды тәулігіне бір рет, шайнамай, тұтастай жұтып, сумен немесе алкогольсіз сусынмен ішіп қабылдау керек.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдары: доксазозинмен артық дозалану артериялық гипотензияға алып келуі мүмкін.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату керек, кереуеттің бас жағын төмен түсіріңкіреп, пациентті шалқасынан жатқызу қажет. Гемодинамика көрсеткіштерін және организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын тұрақтандыруға бағытталған симптоматикалық ем жүргізу қажет. Доксазозиннің плазма ақуыздарымен байланысының жоғарылығын ескерсек, диализді қолдану тиімді болмайды.

Форма выпуска

10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ (поливинилхлорид/поливинилденхлорид) үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаDoxa-dura таблеткалары 2 мг №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube

Контакты

[email protected]