daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Доксициклин-ТК Капсулалары 100 Мг №10 | ТК Фарм Актобе

Сипаттама:

Цилиндр пішінді, №3 өлшемді, корпусы және қақпағы қызғылт түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – сары түсті ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Доксициклин

Өндіруші:

ТК Фарм Актобе

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты Капсуланың құрамы: қақпағы – қан қызыл (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), желатин; корпусы - қан қызыл (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - доксициклин, (доксициклин хиклаты түрінде)- 100 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты

Капсуланың құрамы: қақпағы – қан қызыл (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), желатин; корпусы - қан қызыл (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

Қарсы көрсеткіштер

доксициклинге, тетрациклиндердер тобының кез келген препаратына немесе қосымша заттарлың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

бауыр функциясының ауыр бұзылулары

тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

қалқанша без патологиясы бар пациенттер

жүктілік және лактация кезеңі

12 жасқа дейінгі балаларға (тіс жарып шығу фазасының аяқталуына дейін, кальций ортофосфат кешендерінің түзілуі салдарынан, тістер түсінің қайтымсыз өзгеруі және тіс эмалі ақауларының білінуі, сондай-ақ сүйектер өсуінің баяулауы болуы мүмкін)

жасөспірімдер мендене салмағы 50 кг жетпейтін ересектерге қолдану

Сақтық шаралары

Дәрінің шайылуы және өңештің тітіркену немесе ойық жаралану қаупін төмендету үшін жеткілікті су мөлшерімен іше отырып, тұрған немесе отырған қалыпта қабылдау (дозадан кейін кемінде 30 минут тік тұрған күйде қалу) керек. Асқазан тітіркенуі білінсе, Доксициклин-ТК тамақпен немесе сүтпен қабылдау ұсынылады. Тамақ немесе сүт ішу Доксициклиннің сіңуіне қандай да бір елеулі әсерін көрсетпейді.

Ұсынылған дозадан асыру жағымсыз әсерлерінің даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Симптомдар жоғалып, қызба басылған соң тағы, кем дегенде, 24-48 сағат бойы емдеу жалғасуы тиіс.

Стрептококкты инфекцияны емдеу кезінде ревматизм қызбасы немесе гломерулонефрит сияқты асқынуларды болдырмау үшін препаратты қолдану ұзақтығы 10 күннен кем болмауы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Доксициклиннің асқазан-ішек жолынан сіңуі құрамында алюминий, кальций, магний бар антацидтерді және құрамына осы катиондар кіретін басқа препараттарды; ішке қабылданатын мырыш препараттарын, темір тұздарын немесе висмут препараттарын бір мезгілде қолдану кезінде бұзылуы мүмкін. Доксициклинді аталған препараттармен қолданулар барынша ұзақ уақыт аралығымен бөлінуі тиіс.

Бактериостатикалық препараттар пенициллиннің бактерицидтік әсерін төмендетуі мүмкін, сондықтан доксициклин мен пенициллинді бір мезгілде қолданбау керек.

Доксициклин мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытының ұзаруы туралы хабарламалар бар. Тетрациклиндер қан плазмасында протромбин белсенділігін төмендетеді, сондықтан бір мезгілде қолданылатын антикоагулянттар дозаларын азайту қажет болуы мүмкін.

Доксициклиннің жартылай шығарылу кезеңі барбитураттарды, карбамазепин немесе фенитоинді бір мезгілде қолданғанда қысқаруы мүмкін, осыған орай, доксициклиннің тәуліктік дозасын арттыру мүмкіндігін қарау керек.

Алкоголь доксициклиннің жартылай шығарылу кезеңінің қысқаруына әкелуі мүмкін.

Тетрациклиндер мен пероральді қабылданатын контрацептивтерді бір мезгілде қолдану кезінде жоспардан тыс жүкті болып қалу және құйылған қан кету жағдайлары хабарланды.

Доксициклин қан плазмасында циклоспорин концентрациясын арттыруы мүмкін. Аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда тиісті мониторинг өткізу қажет.

Доксициклин метоксифлуранмен бір мезгілде қолданудың өліммен аяқталатын бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетіні туралы хабарламалар бар.

Доксициклин сияқты, изотретиноин бассүйекішілік қысым көтерілуін (жалған ми туморын) туындату мүмкіндігі белгілі болғандықтан, изотретиноин мен басқа ретиноидтар және доксициклин бір мезгілде қолданылмау керек.

Зертханалық тестілер өткізу кезіндегі өзара әрекеттесулері. Доксициклинмен емдеу кезінде несептегі катехоламиндер деңгейін флуоресценттік әдіспен анықтағанда жалған оң нәтижелер туындауы мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану. Доксициклин бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе гепатоуыттылығы зор дәрілік заттар қабылдап жүрген тұлғаларда сақтықпен қолданылу керек.

Доксициклинді қоса, тетрациклиндерді пероральді немесе парентеральді қолданумен байланысты бауыр функциясының бұзылулары туралы сирек хабарламалар бар.

Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану. Бүйрек функциясы қалыпты тұлғаларда доксициклиннің бүйрек арқылы шығарылуы 72 сағат ішінде қабылданған дозаның 40% шамасын құрайды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен) тұлғаларда бүйрек арқылы шығарылуы 72 сағат ішінде 1-5% едәуір азаюы мүмкін. Зерттеулерде бүйрек функциясы қалыпты және бұзылған тұлғаларда доксициклиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің елеулі айырмашылығы анықталмады. Гемодиализ препараттың қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңіне әсер етпейді. Тетрациклиндердің анаболикаға қарсы әсері қандағы мочевина деңгейінің көбеюіне әкелуі мүмкін. Зерттеулерде доксициклин бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолданылғанда анаболикаға қарсы әсері көрініс бермеді.

Күрделі тері реакциялары. Доксициклин қабылдаған пациенттерде уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пішінді эритема, эксфолиативтік дерматит және эозинофилиямен әрі жүйелі көріністерімен бірге дәрілік бөртпе (DRESS-синдром) сияқты күрделі тері реакцияларының дамуы туралы хабарламалар бар. Күрделі тері реакциясы дамыған жағдайда доксициклинді тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.

Фотосенсибилизация. Доксициклинді қоса, тетрациклиндер қабылдаған кейбір тұлғаларда күнге шалынған күйіктері айқын көрініс беретін фотосенсибилизация реакциялары болды. Доксициклинмен емделу кезінде пациенттер, фотоуытты реакциялардың туындау қаупіне орай, ашық аспан астында 4-5 күнге қыздырынудан немесе ультракүлгін сәулелерден сақтану керек. Тері эритемасы пайда болғанда доксициклинмен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.

Бактериялардың шектен тыс көбеюі. Антибиотиктер қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің, оның ішінде Candida тектес зеңдердің шектен тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Төзімді микроорганизмдер пайда болғанда антибиотикті тоқтату және тиісті ем тағайындау қажет.

Жалған жарғақшалы колит. Доксициклинді қоса, барлық дерлік бактерияға қарсы заттарды қолданғанда жалған жарғақшалы колиттің дамуы туралы хабарламалар келіп түсті. Асқыну ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқыды. Доксициклинмен емді тоқтатуға қатысты шешім қабылдау, ал қажет болса тиісті ем (спецификалық антибиотиктер және химиотерапиялық дәрілер қабылдау) жүргізу керек.

Бактерияға қарсы препараттармен емдеу жуан ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл Clostridium difficile қоса, сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсіміне әкеледі. Барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қолданғанда Clostridium difficile туындатқан диарея жағдайлары тіркелген. Бактерияға қарсы препараттармен емделіп жүрген пациенттер емдеу курсы аяқталғаннан кейін екі ай бойы Clostridium difficile туындатқан диареяның даму қаупімен байланысты мұқият қадағалануы тиіс.

Эзофагит. Доксициклинді қоса, тетрациклиндерді капсула және таблетка түрлерінде қабылдаған пациенттерде эзофагит және өңештің ойық жараларының жағдайлары сипатталды. Осы пациенттердің көпшілігі препаратты тура ұйықтар алдында немесе сұйықтықтың жеткіліксіз мөлшерімен қабылдаған.

Қатерсіз бассүйекішілік гипертензия. Тетрациклиндерді қолданғанда сәбилердің еңбегі дүмпиіп кеткен жағдайлар болды. Қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (pseudotumor cerebri), доксициклинді қоса, тетрациклиндер қолданумен астасады. Қатерсіз бассүйекішілік гипертензия, әдетте, өтпелі сипатта болады, алайда, доксициклинді қоса, тетрациклиндер қолдану кезінде қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (pseudotumor cerebri) салдарынан болатын тұрақты көрмей қалу жағдайлары хабарланды. Препаратты қабылдау аясында көру бұзылулары пайда болғанда шұғыл офтальмологиялық тексеру өткізу қажет. Бассүйекішілік қысым препаратты тоқтатудан кейін бірнеше апта бойы жоғары күйде қалуы мүмкін екендіктен, пациентті осы жағдайы толық қалыпқа түскенше мұқият қадағалау керек. Изотретиноиннің де бассүйекішілік қысымның көтерілуін (pseudotumor cerebri) туындатуы мүмкін екендіктен, изотретиноин мен басқа ретиноидтарды және доксициклинді бір мезгілде қолданбау керек.

Порфирия. Тетрациклиндер қабылдаған пациенттерде порфирия жағдайлары жөнінде сирек хабарламалар бар.

Венериялық аурулар. Қатарлас мерез күмән тудыратын венерологиялық ауруларды емдеу кезінде, қараңғы өрістегі микроскопияны қоса, тиісті диагностикалық шаралар және басқа талдаулар пайдаланылуы тиіс. Осындай жағдайларда кемінде төрт ай бойы ай сайын серологиялық тестілер өткізілуі тиіс.

Бета-гемолиздік стрептококк туғызған инфекциялар. А тобына жататын β-гемолиздік стрептококк туғызған инфекцияларды емдеу кемінде 10 күн жалғасуы тиіс.

Гравис миастениясы. Тетрациклиндер әлсіз нейробұлшықет блокадасын туындатуы мүмкін, сондықтан гравис миастениясы бар пациенттерде доксициклинді сақтықпен қолдану қажет.

Жүйелі қызыл жегі. Тетрациклиндер жүйелі қызыл жегінің өршуін туғызуы мүмкін.

Метоксифлуран. Доксициклинді метоксифлуранмен бір мезгілде қолдану өліммен аяқталатын бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетіні туралы хабарламалар бар болғандықтан, тетрациклиндер мен метоксифлуранды абайлап қолдану керек.

Яриш-Герксгеймер реакциясы. Патогенді спирохеттерден туындаған инфекциялық аурулары бар кейбір пациенттерде доксициклинді қолданудан кейін тез арада Яриш-Герксгеймер реакциясы дамуы мүмкін. Осы реакцияның туындауы атап көрсетілген инфекциялық ауруларды антибиотикпен емдеу салдарынан болады, әрі бұл реакция көріністері, әдетте, өздігінен жоғалады.

Педиатрияда қолдану

12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімді (тіс жарып шығу фазасының аяқталуына дейін, кальций ортофосфат кешендерінің түзілуі салдарынан, тістер түсінің қайтымсыз өзгеруі және тіс эмалі ақауларының білінуі, сондай-ақ сүйектер өсуінің баяулауы болуы мүмкін).

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Жарияланған деректерге қарағанда, доксициклин емшек сүтіне бөлінеді. Емшек сүтіндегі доксициклин деңгейлері, емшек сүтімен емізілетін нәрестеге әсері немесе сүт өндірісіне әсері туралы мәліметтер жоқ. Жағымсыз реакциялардың ықтималдығы бар болғандықтан, мысалы тістің түсінің өзгеруіне және сүйектің өсуіне әсерлері, емделушілерге емшек емізуі препаратымен емдеу кезінде және соңғы дозадан кейін 5 күн ішінде қарсы көрсетілімді.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттің препаратқа жеке реакциясы анықталғанша доксициклинмен емдеу кезіндегі көрмей қалуды, анық көрмеуді, бас айналуын ескере отырып, автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер

Ересектердегі жедел инфекцияларды емдеу кезінде әдеттегі Доксициклин дозасы 1-ші күні 200 мг (тәулігіне бір рет немесе екі қабылдауға), келесі күндері тәулігіне 100 мг құрайды.

Ауырлау инфекцияларда бүкіл емдеу курсы бойына күнделікті 200 мг тағайындалады.

12 жастан асқан балалар

Дене салмағы 45 кг төмен, ауыр немесе өміріне қауіп төндіретін инфекциялары бар (мысалы, таулы қыраттың теңбіл қызбасы) балаларға доксициклин 12 сағат сайын 2.2 мг/кг дозада тағайындалады. Дене салмағы 45 кг артық балаларда доксициклин ересектер үшін әдеттегі дозада қолданылады. Ауырлығы төмен инфекцияларда (дене салмағы 45 кг төмен) ұсынылған доза алғашқы тәуліктер ішінде 4.4 мг/кг құрайды (екі қабылдаумен), сосын демеуші доза 2.2 мг/кг (бір рет немесе екі қабылдаумен). Дене салмағы 45 кг артық балаларда доксициклин ересектер үшін әдеттегі дозада қолданылады.

Кейбір инфекцияларда арнайы дозалау жөніндегі нұсқаулар

Жыныстық жолмен берілетін аурулар: келесі инфекцияларды емдеуде 7 күн бойы күніне екі рет 100 мг: асқынбаған гонококктық инфекциялар (ерлердегі аноректальді инфекцияларды қоспағанда); Chlamydia trachomatis туғызған асқынбаған уретралық, эндоцервикальді немесе ректальді инфекция; Ureaplasma urealyticum туғызған гонококктық емес уретрит.

Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhea туғызған жедел орхоэпидидимит – 10 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг.

Алғашқы және салдарлы мерез: пенициллинге аллергиядан зардап шегіп жүрген пациенттерде (жүкті әйелдерді қоспағанда) екі апта бойы тәулігіне екі рет ішу арқылы 200 мг доксициклинмен емдеу пенициллинмен емнің баламасы бола алады.

Эпидемиялық қайтымды сүзекте және қайтымды кене сүзегінде: аурудың ауырлық дәрежесіне қарай бір рет 100 мг немесе 200 мг.

Хлорохинге төзімді P. falciparum штаммдары туғызған безгек: кем дегенде 7 күн бойы тәулігіне 200 мг. Инфекцияның ауыр болу ықтималдығын ескеріп, ұсынылатын дозалары түрлі аймақтарда ерекшеленетін жылдам әсер ететін шизонтоцидтік дәрілік зат, мысалы, хинин тағайындалу керек.

Безгек профилактикасы: ересектер мен 18 жастан асқан балалар үшін тәулігіне 100 мг. Профилактиканы безгек жайлаған аудандарға жол жүрерден 1-2 күн бұрын бастауға болады. Препаратты безгек жайлаған аудандарда болған бүкіл уақыт бойына және аталған аймақтарға барып келген соң 4 апта бойы күнделікті қабылдау керек. Аймаққа байланысты төзімділігі және қажетті химиялық профилактика туралы ақпарат қолданыстағы нұсқауларда немесе Безгекті зерттеу жөніндегі анықтамалық зертхана мәліметтерінде мазмұндалады, олар туралы деректерді Британ ұлттық формулярынан (БҰФ) табуға болады.

Кене шағудан болатын тропикалық бөртпе сүзек (цуцугамуши қызбасы) профилактикасы: бір рет 200 мг ішке қабылдау.

Ересектердегі саяхатшылар диареясының алдын алу: сапардың бірінші күні 200 мг (бір рет немесе әр 12 сағат сайын 100 мг), одан кейін осы ауданда болған бүкіл уақыт бойы күнделікті тәулігіне 100 мг. Дәрілік затты 21 күннен артық профилактикалық қолдану деректері жоқ.

Лептоспироз профилактикасы: тиісті ауданда болған бүкіл уақыт бойы аптасына бір рет 200 мг және сапар аяқталған соң 200 мг. Дәрілік затты 21 күннен артық профилактикалық қолдану деректері жоқ.

Балаларда қолдану

Доксициклин 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға қарсы көрсетілімді. Басқа тетрациклиндермен болған жағдайдағы сияқты, доксициклин кез келген сүйік тінінде тұрақты кальций кешендерін түзеді. Тетрациклиндерді әр 6 сағат сайын 25 мг/кг дозада пероральді алған шала туған нәрестелерде кіші жіліншік сүйегінің баяу өсуі байқалды. Осы реакция препаратты тоқтатудан кейін қайтымды болды.

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде абайлап қолдану керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану

Доксициклинді әдетте ұсынылған дозаларда қолданудың бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер организмінде антибиотиктің жинақталуына әкелмейтінін айғақтайтын деректер бар.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді, ішке қабылдау

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Артық дозалану

Доксициклин хиклатымен артық дозалануға қатысты клиникалық симптомдар жүрек айну, анорексия және диарея болып табылады.

Асқазан-ішек жолының деконтаминациясынан кейін мониторинг өткізу қажет, ал гипотензия жағдайында су теңгерімін сақтау қажет болуы мүмкін. Артық дозалану жағдайында диализ ұсынылмайды, себебі ол сарысулық жартылай шығарылу кезеңін өзгертпейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Қажет болған жағдайда медициналық қызметкерге кеңес алуға болады.

Жанама әсерлері

Жағымсыз реакциялар жиілігін белгілеу пациенттерде келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 - <1/10); жиі емес (≥1/1000 - <1/100); сирек (≥1/10000 - <1/1000); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін болмайды).

Жиі

анафилаксиялық реакциялар, оның ішінде ангионевроздық ісіну, жүйелі қызыл жегінің өршуі, перикардит, аса жоғары сезімталдық, сарысу құю ауруы, Шенлейн-Генох пурпурасы, гипотензия, ентігу, тахикардия, шеткері ісіну, есекжем

бас ауыру

жүрек айну, құсу

фотосенсибилизация реакциялары, бөртпе, оның ішінде макулопапулалық және эритемалық бөртпе

Жиі емес

қынаптық инфекция

диспепсия (қыжыл/гастрит)

Сирек

кандидозды инфекция

гемолиздік анемия, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия

эозинофилиямен және жүйелі көріністерімен бірге дәрілік бөртпе (DRESS- синдром), Яриш-Герксгеймер реакциясы

микропрепараттарда қалқанша без тінінің қоңыр-қара түске боялуы

порфирия, тәбет төмендеуі

үрейлену, қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (жалған ми туморы), (симптомдар көрудің бұлыңғырлануын, скотома мен диплопияны қамтиды; үнемі көрмей қалу жағдайлары хабарланды), бала еңбегінің дүмпиіп кетуі

құлақтағы шуыл/шыңыл

бетке қан тебу және дененің жоғарғы жартысын қан кернеуі

панкреатит, жалған жарғақшалы колит, Clostridium difficile туғызған колит, өңештің ойық жаралары, эзофагит, энтероколит, аногениталий аумағындағы қабыну үдерісі (Candida тектес зеңдердің шектен тыс көбеюімен), дисфагия, абдоминальді ауыру, диарея, глоссит, стоматит

бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, гепатоуыттылық, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы

уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пішінді эритема, эксфолиативтік дерматит, фотоонихолизис, терінің гиперпигментациясы

артралгия, миалгия

қанда мочевина концентрациясының жоғарылауы

Белгісіз

тетрациклиндер, әдетте, ұзақ уақыт қолданудан кейін тістердің түс өзгерісін және эмаль гипоплазиясын туғызуы мүмкін

Шығарылу түрі

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірінен және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картон қорапшаға салынған.

Тұтынушының келісімімен пішінді ұяшықты қаптамаларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен қорапшаға салмай топтық ыдысқа қаптауға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС

ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467.

тел.: 8 (7132) 21-72-15

Электронды поштасы:

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС

ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467.

тел.: 8 (7132) 21-72-15

Электронды поштасы:

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДоксициклин-ТК капсулалары 100 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube