Қолдану көрсеткіштері
Мынадай жағдайларда жергілікті немесе демеуші ем үшін:
- жедел созылу, байламдардың шамадан тыс ширығуы немесе аяқ-қолдардың соғылуы, мысалы, спорттық жарақаттар
- бұлшықет ревматизмі
- артроздар (ауырсынатын дегенеративті буын зақымданулары)
- буындардың және омыртқалардың қабынған ревматизмдік зақымданулары
- буынға таяу жатқан жұмсақ тіндердің ісінуі және/немесе қабынуы (мысалы, синовиальді қалта, сіңір, сіңірлік қабықтар, байламдар және буындық капсулалар), иықтың сіресіп қалуы, белдің ауыруы, люмбаго.