Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 176.100 мг немесе 352.200 мг дулоксетин микропеллеті (30 мг немесе 60 мг дулоксетинге баламалы),
дулоксетин микропеллеті құрамындағы қосымша заттар: бейтарап пеллеттер, кристалды қант, гидроксипропилметилцеллюлоза 603, гипромеллоза ацетаты сукцинат-LF (НРМС-AS-LF), тальк, триэтилцитрат, 25% аммиак ерітіндісі, Opadry white 02A28361 бояғыш заты (гипромеллоза, титанның қостотығы, тальк);
капсула корпусының және қақпақшасының құрамы: индиготин – FD&C Blue2 (Е 132), титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өлшемі №3, ақ түсті күңгірт корпусы және қара-көк түсті күңгірт қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар (30 мг дозасы үшін). Өлшемі №1, ақшыл-жасыл түсті күңгірт корпусы және қара-көк түсті күңгірт қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар (60 мг дозасы үшін). Капсуланың ішіндегісі – ақшыл-ақсары микропеллеттер.