Құрамы
Бір ТТЖ құрамында
белсенді заттар: 6 мг норэлгестромин және 0,6 мг этинилэстрадиол
(әрбір ТТЖ 24 сағат ішінде 203 мкг норэлгестромин және 33,9 мкг этинилэстрадиол бөліп шығарады),
қосымша заттар: полиизобутилен мен полибутеннің адгезивті қоспасы, лауриллактат, кросповидон В типі, полиэстерден жасалған тоқыма емес материал, демеуші үлбір, алынатын қорғаныш үлбір.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Бұрыштары дөңгеленген, түссіз желімді қабаты және мөлдір қорғаныш үлбірі бар, күңгірт сарғыш астары бар шаршы пішініндегі трансдермальді терапиялық жүйе.