Қолдану көрсеткіштері
Созылмалы қан жоғалту аясында, жүктілік кезінде, емізу кезеңінде балалар мен ересектердегі темір тапшылығын және жасырын немесе клиникалық айқын темір тапшылығы анемиясын емдеу.
Созылмалы қан жоғалту аясында, жүктілік кезінде, емізу кезеңінде балалар мен ересектердегі темір тапшылығын және жасырын немесе клиникалық айқын темір тапшылығы анемиясын емдеу.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық,
- гемосидероз, гемохроматоз
- апластикалық анемия
- гемолитикалық анемия
- темірдің дұрыс утилизацияланбауы салдарынан туындаған анемия
- созылмалы панкреатит
- гемохроматоздан туындаған бауыр циррозы
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Сипатталмаған
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Темір тетрациклиндердің, бисфосфонаттардың, хинолонды инфекцияға қарсы агенттердің, пеницилламиннің, тироксиннің, леводоптардың, карбидоптардың, альфа-метилдоптардың сіңірілуін немесе биожетімділігін төмендетуі мүмкін. Ферлатум препаратын осы препараттардың кез келгенін қабылдағаннан кейін 2 сағат аралықпен қабылдау керек.
Темірдің сіңірілуі 200 мг астам аскорбин қышқылын бір мезгілде қолданғанда артуы немесе антацидтерді бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін. Хлорамфеникол темір препараттарымен емдеуге кешеуілдеген кері реакцияны тудыруы мүмкін.
Препаратты H2-гистаминдік рецепторлар блокаторларымен бір мезгілде қолданғанда фармакологиялық өзара әрекеттесу болмайды.
Көкөністер мен сүт, кофе және шай құрамында болатын темір бар кешенді түзгіштер (фосфаттар, фитаттар және оксалаттар секілді) темірдің сіңуін тежейді. Ферлатум препаратын осы өнімдердің немесе сусындардың кез келген түрін қабылдағаннан кейін 2 сағат аралықпен қабылдау керек
Арнайы ескертулер
Ферлатумды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Темір жетіспеушілігін немесе темір тапшылығы анемиясын тудыратын негізгі патологиялық жағдай болып табылатын кез-келген ауруды дұрыс анықтап, емдеу керек.
Препараттың құрамына сүт ақуыздары жақпайтын пациенттердің аллергиясын тудыруы мүмкін сүт ақуыздары кіретін болғандықтан, оны осы аталған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Көтерімділік немесе тәуелділік қаупі туралы арнайы ескертулер қажет емес. Тұрақты қан кету, меноррагия немесе жүктілік жағдайларын қоспағанда, емдеу ұзақтығы 6 айдан аспауы тиіс.
Кейбір ингредиенттер туралы маңызды ақпарат:
Препараттың бір дозалы құтысының құрамында:
- сорбит (E420) 1400 мг
Құрамында сорбит (немесе фруктоза) бар дәрілік заттарды бірге қабылдаудың аддитивті әсерін және тағаммен сорбитты (немесе фруктозаны) тәуліктік тұтынуды ескерген жөн. Пероральді қолдануға арналған дәрілік препараттардағы сорбиттің құрамы бір мезгілде тағайындалатын пероральді қолдануға арналған басқа дәрілік препараттардың биожетімділігіне әсер етуі мүмкін. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге бұл препаратты тағайындауға болмайды;
- натрий метилпарагидроксибензоаты тұзы және натрий пропилпарагидроксибензоаты тұзы баяу аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін;
- пропиленгликоль 61,1 мг: этанол секілді алкогольді дегидрогеназаны кез-келген субстратпен бірге тағайындау жаңа туған нәрестелерде айтарлықтай жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектер: күніне 1-2 контейнер (күніне 40-80 мг Fe3+баламалы), дәрігердің ұсыныстарына сәйкес, екі рет, дұрысы, тамақтану алдында қабылдау керек.
Балалар: контейнерден 1,5 мл/кг/күн (4 мг/кг/күн Fe3+ - ге баламалы) немесе дәрігердің ұсыныстарына сәйкес, екі рет, дұрысы, тамақтану алдында қабылдау керек.
Ең жоғары тәуліктік доза: препараттың клиникалық зерттеулері препаратты жоғарыда көрсетілген дозаларда қолдану арқылы жүргізіледі (ересектер: күніне 1600 мг; балалар: күніне 1,5 мл/кг/темір протеинсукцинилаты); препараттың неғұрлым жоғары дозаларының клиникалық тиімділігі мен көтерімділігі туралы деректер жоқ.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы: емдеу ағзадағы темірдің қалыпты қоры толық қалпына келгенге дейін жалғасуы тиіс (әдетте екі-үш ай).
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Темір тұздарының жоғары дозаларын қабылдағаннан кейін эпигастрийде ауырсыну жағдайы болып, көбінесе ұйқышылдықпен, бозарумен, цианозбен қатар жүретін жүрек айну, құсу, диарея және қанды құсу пайда болуы мүмкін, сонымен бірге, комаға дейінгі шок жағдайы орын алуы мүмкін. Ем құсықты келтіретін дәріні дереу қабылдаумен жүргізіледі, содан кейін, қажет болған жағдайда, асқазанды шаю секілді және басқа да қосымша шаралар қолданылады. Қажет болған кезде дезферриоксамин секілді темірмен кешенді қосылыстарды түзетін препараттар қабылдануы мүмкін.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиісті шаралар
Өте сирек, максималды доза қабылдағанда
- Асқазан-ішек бұзылыстары: іш қату, диарея, жүрек айнуы, эпигастрийдегі ауырсыну.
Осы құбылыстар дозаны төмендету немесе препаратты қолдануды тоқтату арқылы жойылады.
Құрамында темір бар заттар нәжісті қара түске немесе қою сұр түске бояуы мүмкін.
15 мл препарат ашуға арналған жолағы бар тартылатын полиэтилен қақпақтармен тығындалған, тығыздығы жоғары түссіз күңгірт полиэтилен құтыларға құйылады.
10 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден