daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Феварин Таблеткалары 100 Мг №15 | Mylan Laboratories SAS

Уральске қаласындағы Феварин Таблеткалары 100 Мг №15 | Mylan Laboratories SAS
Сипаттама:

Сопақша пішінді, екі беті дөңес беткейлі, бір жағындағы сызығының екі жағында «313» өрнегі бар ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Таблеткаларды тең жарты бөліктерге бөлуге болады.

Халықаралық атауы:

Флувоксамин

Өндіруші:

Mylan Laboratories SAS

Өндіруші ел:

Франция

Белсенді ингредиент:

- тизанидинмен және моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау. Флувоксаминмен емдеуді қайтымсыз МАО тежегішін қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 2 апта өткен соң барып немесе қайтымды МАО тежегіштерін (моклобемид, линезолид) қабылдауды тоқтатқаннан кейін келесі күні бастауға болады. Феварин® препаратын қабылдауды кез келген МАО тежегішімен емдеу басталуынан кемінде 1 апта бұрын тоқтату керек - пимозидпен және рамелтеонмен бір мезгілде қабылдау

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Қаптамадағы саны:

15 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ауқымды депрессиялық көріністе

- обсессиялық-компульсиялық бұзылыстарда (ОКБ)

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- тизанидинмен және моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау. Флувоксаминмен емдеуді қайтымсыз МАО тежегішін қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 2 апта өткен соң барып немесе қайтымды МАО тежегіштерін (моклобемид, линезолид) қабылдауды тоқтатқаннан кейін келесі күні бастауға болады. Феварин® препаратын қабылдауды кез келген МАО тежегішімен емдеу басталуынан кемінде 1 апта бұрын тоқтату керек

- пимозидпен және рамелтеонмен бір мезгілде қабылдау

Өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидаза тежегіштері

Феварин® препаратын серотониндік синдром қаупі себебіне орай, линезолидті қоса, моноаминооксидаза тежегіштерімен біріктіріп қолдануға болмайды.

Флувоксаминнің өзге дәрілік заттардың тотығу метаболизміне ықпал етуі

Флувоксамин Р450 цитохромының изоэнзимдерімен (CYP) метаболизденетін дәрілік заттар метаболизмін бәсеңдетеді. Флувоксамин CYP1А2 және CYP2С19, әрі аз дәрежеде CYP2С9, CYP2D6 мен CYP3А4 күшті тежегіші болып табылады. Осы изоферменттермен едәуір дәрежеде метаболизденетін препараттар флувоксаминмен бір мезгілде тағайындалған жағдайда белсенді зат/метаболит плазмада жоғары/төмен (мысалы, Клопидогрель сияқты ізашар дәрі жағдайында концентрацияларда болады. Осы препараттарды флувоксаминмен біріктіру қажет болғанда жоғарғы тиімді дозасына қарағанда ең азымен ем бастайды немесе түзетеді. Емдеу үдерісінде бір мезгілде тағайындалатын дәрілік преапраттардың плазмадағы концентрациясы, емдік жауабы және жағымсыз әсерлері қадағаланады, ал қажет болса, препараттардың дозаларын азайтады/ұлғайтады. Бұл, әсіресе, емдік диапазоны тар препараттар үшін маңызды.

Рамелтеон

Күніне 16 мг рамелтеонның бір реттік дозасын және дереу босап шығатын флувоксамин малеаты таблеткаларын параллель тағайындағанға дейін дереу босап шығатын таблеткалар түріндегі флувоксамин малеаты 3 күн бойы күніне 2 рет 100 мг дозада қабылдау тек рамелтеон тағайындалғандағымен салыстырғанда рамелтеонның AUC көрсеткіші шамамен 190 есе ұлғайған және С макс шамамен 70 есе артқан.

Емдік диапазоны тар препараттар

Флувоксамин және емдік диапазоны тар препараттарды (такрин, теофиллин, метадон, мексилетин, фенитоин, карбамазепин және циклоспорин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда пациенттер мұқият бақылануы тиіс, өйткені бұл препараттар флувоксаминмен тежелетін тек немесе цитохром изоферменттерінің біріктірілімімен метаболизмге ұшырайды. Қажет болғанда бұл препараттардың дозасын түзету ұсынылады. Пимозидтің тар емдік диапазонына және оның QT аралығын ұзартатын белгілі қабілетіне байланысты пимозид пен флувоксаминді бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Трициклды антидепрессанттар және нейролептиктер

Флувоксаминді бір мезгілде қолданғанда Р450 1А2 цитохромы арқылы едәуір дәрежеде метаболизденетін трициклді антидепрессанттардың (кломипрамин, имипрамин, амитриптилин) және нейролептиктердің (клозапин, оланзапин, кветиапин) бұрынғы тұрақты деңгейлерінің жоғарылауы байқалды. Осыған орай, флувоксаминмен ем бастағанда бұл препараттардың дозаларын азайтуды ұсынуға болады.

Бензодиазепиндер

Флувоксаминмен триазолам, мидазолам, алпразолам және диазепам сияқты тотығу метаболизміне ұшырайтын бензодиазепиндерді бір мезгілде тағайындағанда олардың плазмадағы концентрациялары жоғарылауы мүмкін. Флувоксамин қабылдау кезінде бұл бензодиазепиндердің дозаларын азайту керек.

Плазмадағы концентрация жоғарылайтын жағдайлар

Флувоксаминмен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы ропинирол концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл артық дозалану қаупін арттырады. Мұндай кезде бақылау жасап, немесе қажет болған жағдайда, флувоксаминмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін ропиринол дозаларын азайту ұсынылады.

Флувоксаминмен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы пропранолол концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл пропранолол дозасын азайтуды талап етеді.

Флувоксаминді варфаринмен біріктіріп қолданғанда қан плазмасындағы варфарин концентрациясының едәуір жоғарылауы және протромбин уақытының ұзаруы байқалған.

Жағымсыз әсерінің күшею жағдайлары

Флувоксамин мен тиоридазин бір мезгілде қабылданғанда кардиоуыттылықтың бірлі-жарым жағдайлары жөнінде хабарланған.

Флувоксамин қабылдау кезінде плазмадағы кофеин деңгейі көтерілуі мүмкін. Осылайша, құрамында кофеин бар сусындарды көп мөлшерде ішетін пациенттер тремор, жүрек қағу, жүрек айну, мазасыздық, ұйқысыздық сияқты кофеиннің жайсыз әсерлері байқалса флувоксамин қабылдау кезеңінде оларды тұтынуды азайту керек.

Терфенадин, астемизол, цисаприд, силденафил: «Айрықша нұсқауларды» қараңыз.

Глюкуронизациялану

Флувоксамин плазмадағы дигоксин концентрациясына ықпалын тигізбейді.

Бүйрекпен бөлінуі

Флувоксамин плазмадағы атенолол концентрациясын өзгертпейді.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

Флувоксаминнің серотонинергиялық әсерлері серотонинергиялық әсері бар басқа препараттармен (триптандар, трамадол, бупренорфин, бупренорфин/налоксон, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, шайқурай шөбі препараттары) біріктірген кезде күшеюі мүмкін және өмірге қауіп төндіретін жай-күйге әкелуі мүмкін.

Флувоксамин фармакотерапия нашар даритын ауыр науқастарды емдеу үшін литий препараттарымен біріктіріліп қолданылды. Литийдің (әрі, мүмкін, триптофан да) флувоксаминнің серотонинергиялық әсерлерін күшейтетінін ескеру керек. Сондықтан мұндай біріктірілім фармакотерапияға төзімді ауыр депрессиясы бар пациенттерде сақтықпен қолданады.

Ішуге арналған антикоагулянттар мен Флувоксаминді бір мезгілде қабылдағанда қан кетулердің даму қаупі артуы мүмкін. Мұндай пациенттерді мұқият бақылау керек.

Басқа психотропты препараттарды қолданған кездегі сияқты, флувоксамин қабылдағанда емдеу кезінде алкоголь тұтынудан тартыну қажеттігі жайында пациенттер хабардар болулары тиіс.

Серотонин синдромының туындау қаупіне байланысты флувоксамин линезолидті қоса, моноаминооксидаза тежегіштерімен қолданбаған жөн.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік

Туғанға дейін бір ай бұрын ССРИҚ / ССРИҚ әсерін қолданғаннан кейін босанғаннан кейінгі қан кетудің жоғары қаупі (2 еседен кем) бар.

Флувоксаминді әйелдің клиникалық жағдайы флувоксаминмен емдеуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Емшек емізу

Флувоксамин аздаған мөлшерде емшек сүтіне өтеді. Осыған байланысты, препаратты балаға емшек емізетін әйелдерге тағайындамаған жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флувоксамин тәулігіне 150 мг дейінгі дозада автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді. Алайда флувоксаминмен емдеу кезінде ұйқышылдық туралы хабарланған, сондықтан емдеуге дербес реакцияны түпкілікті анықтауға дейін сақтық таныту ұсынылады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Депрессиялар

Ересектер

Ұсынылатын старттық доза кешкілік бір реттік 50 немесе 100 мг құрайды. Дозаны тиімді дозаға жеткенше біртіндеп арттыру ұсынылады. Әдетте тиімді тәуліктік доза 100 мг құрайды, бірақ пациенттің емге деген жеке реакциясына қарай түзетілуі мүмкін. Тәуліктік дозаны 300 мг-ге дейін жеткізуге болады. 150 мг-ден артық тәуліктік дозаларды бірнеше қабылдауға бөлу керек (тәулігіне 2-3 рет).

ДДҰ нұсқауларына сай, антидепрессанттармен емделуді депрессиялық көріністен шыққаннан кейін, кем дегенде, 6 ай бойы жалғастырады.

Депрессия қайталануының алдын алу үшін Феварин® препаратын күн сайын, күніне бір рет 100 мг дозада қабылдау ұсынылады.

Балалар мен жасөспірімдер

Феварин® үлкен депрессиялық синдромды емдеу үшін балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін ұсынылмайды. Феварин® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі осы популяцида үлкен депрессиялық синдромды емдеу үшін көрсетілмеген.

Обсессиялық-компульсиялық бұзылыстар (ОКБ)

Ересектер

Ұсынылатын бастапқы доза 3-4 күн бойы күніне 50 мг құрайды. Тиімді тәуліктік дозасы, әдетте, 100-ден 300 мг дейін құрайды. Дозаны 300 мг-ден аспауы тиіс тиімді тәуліктік дозасына жеткенше біртіндеп арттыру керек.

Дозаны дұрысы кешкілік тәулігіне бір рет 150 мг-ге дейін қабылдауға болады. 150 мг-ден артық тәуліктік дозаларды 2 немесе 3 қабылдауға бөлу ұсынылады.

Емге жақсы жауап берілгенде емдеуді жеке таңдалған дозада жалғастыруға болады. Егер емдеудің 10 аптасы өткенде жақсаруға қол жеткізілмесе, флувоксаминмен емдеу мәселесін қайта қарау керек. Қазіргі уақытта флувоксаминмен емдеу ұзақтығына қатысты деректер болмаса да, ОКБ созылмалы ауру екенін назарға алып, емдік жауабы жақсы пациенттерде емдеуді 10 аптадан көбірек жалғастыру мақсатқа сай. Дозаны препараттың ең аз дозасында да емдеу тиімділігі сақталатындай таңдалады. Емдеуді жалғастыру мәселесін шешу үшін науқас ахуалын мезгіл-мезгіл бағалап отыру қажет. Кейбір клиницисттердің пікірі бойынша, дәрі-дәрмекпен емдеу тиімділігі оң болған науқастарда мінез-құлықтық психотерапияны қатар жүргізген жөн.

8 жастан асқан балалар және жасөспірімдер

8 жастан асқан балалар және жасөспірімдерге арналған бастапқы доза тәулігіне 25 мг құрайды, дұрысы ұйқы алдында. Дозаны әрбір 4-7 күнде тиімді тәуліктік дозаға жеткенше 25 мг-нан жоғарылату керек. Әдетте тиімді дозасы тәулігіне 50-ден 200 мг дейінді құрайды, балалардағы ең жоғары дозасы тәулігіне 200 мг аспауы тиіс. 50 мг асатын тәуліктік дозаны 2 рет қабылдауға бөлу керек, бұл арада қабылданатын 2 доза бірдей болмаса, үлкен дозаны ұйықтар алдында қабылдау керек.

Флувоксамин қабылдауды тоқтатқан кездегі тоқтату белгілері

Феварин® препаратымен емдеуді күрт тоқтатудан аулақ болу керек. Тоқтату қажет болғанда Феварин® препаратының дозасы препаратты тоқтату реакциясының қаупін төмендету үшін 1-2 апта бойы біртіндеп азайтылуы тиіс. Егер дозаны азайту кезінде немесе емдеу тоқтатылғаннан кейін қолайсыз белгілер пайда болса, бұрынғы емдік дозасына оралу керек. Кейіннен, емдеуші дәрігер препарат дозасын азайтуды жалғастыра алады, бірақ мейлінше баяу сипатта.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі.

Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерді емдеу қатаң дәрігерлік бақылаумен ең аз дозалардан басталу керек.

Енгізу жолы және тәсілі

Ішке қабылдау үшін. Феварин® препаратының таблеткаларын шайнамай, сумен ішіп жұту керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтауы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: асқазан-ішек бұзылыстарын (жүрек айнуы, құсу және диарея), ұйқышылдық және бас айналуы кіреді. Одан өзге, жүрек қызметінің (тахикардия, брадикардия, артериялық гипотензия) бұзылуы, бауыр функциясының бұзылуы, құрысу және кома туралы хабарламалар бар.

Емі: Спецификалық антидоты жоқ. Артық дозаланғанда препаратты қабылдағаннан кейін барынша тезірек асқазанды шаю ұсынылады, сондай-ақ симптоматикалық ем жүргізу керек. Одан өзге, белсендірілген көмірді көп қабылдау және қажет болса, осмостық іш жүргізгіштерді тағайындау керек.

Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау

Флувоксамин қабылдауды тоқтату (әсіресе бірден) тоқтату симптомдарын жиі тудырады. Препаратты тоқтату қажет болғанда Феварин® препаратының дозасын біртіндеп төмендету ұсынылады.

Шығарылу түрі

15 таблеткадан ПВХ/ПВДХ/Алюминий композициялық материалынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФеварин таблеткалары 100 мг №15 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube