daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Уральске қаласындағы Флуцинар N Жақпа 15 Г | Фармзавод Jelfa A.O.

Уральске қаласындағы Флуцинар N Жақпа 15 Г | Фармзавод Jelfa A.O.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Біртекті, майлы жұмсақ, ашық-сары түсті мөлдірлеу масса

Производитель:

Фармзавод Jelfa A.O.

Страна производитель:

Республика Польша

Действующее вещество:

қосымша заттар: пропиленгликоль, сұйық парафин, сусыз ланолин, ақ вазелин 1.0 г дейін

Количество в упаковке:

1 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

- құрғақ экземамен қатар жүретін, бактериялық инфекциялармен асқынған терінің аллергиялық аурулары

- себореялы дерматит

- атопиялық дерматит

- папулезді есекжем

- аллергиялық жанаспалы экзема

- полиморфты эритема

- қызыл жегі

- псориаздың асқынған түрі

- қызыл жалпақ теміреткі

Противопоказания

- флуоцинолон ацетонидіне, басқа стероидтарға, неомицин сульфатына немесе басқа аминогликозидтерге немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық кезінде.

- вирустық (желшешек, герпес) және зеңдік тері инфекциялары

- неомицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған бактериялық дерматоз

- периоральді дерматит

- тұрпайы және қызғылт безеулер

- варикоздық қабыну немесе терінің ойық жарасы

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тері туберкулезі, обыр алдындағы жай-күй және терінің жаңа түзілімдері

- 2 жасқа дейінгі балалар

- жаялықтық дерматит

- терінің кең аумақты және ылғалданатын бөліктеріне, мысалы, күйіктерде қолдануға болмайды

- жүктіліктің бірінші триместрі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Егер препаратты жағу терінің тітіркенуі немесе аллергиялық реакциялармен қатар жүрсе (қышыну, күйдіру немесе қызару), оны пайдалануды дереу тоқтату керек.

2 аптадан астам уақыт бойы үздіксіз қолдану ұсынылмайды. Кортикостероидтардың тері арқылы сіңуі мүмкін болғандықтан балаларда да терінің үлкен бөліктеріне ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек.

Терінің үлкен бөліктеріне ұзақ уақыт қолданған кезде жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі артады және ісіну, гипертензия, гипергликемия және иммунитеттің әлсіреу қаупі бар, неомицин сульфатына бактериялық төзімділік дамуы мүмкін.

Флуоцинолон ацетонидін жергілікті қолдану әсерінен бүйрекүсті безі-адреналды жүйенің тежелуі арқылы гипофиздің АКТГ секрециясы төмендеуі мүмкін, бұл қандағы кортизол концентрациясы төмендеуіне және емді тоқтатқанда қарқындылығы азаятын ятрогендік гиперадренокортицизм синдромы туындауына әкеледі. Қандағы кортизол концентрациясын мезгіл-мезгіл тексеріп отыру ұсынылады.

Пайдаланудың кез келген түрінде инфекция өршіген жағдайда қосымша бактерияларға немесе зеңге қарсы ем қолданылады. Егер инфекция симптомдары қалса, инфекция жазылып кеткенге дейін жақпамайды пайдалануды тоқтату керек.

Көрудің бұзылуы.

Көрудің бұзылуы кортикостероидтарды жүйелік және жергілікті қолданудың нәтижесінде туындауы мүмкін. Көрудің бұлыңғырлануы, өткірлігінің төмендеуі сияқты симптомдар туындаған кезде офтальмологқа жүгіну керек. Препаратты көзге және қабақ маңайындағы теріге тигізіп алудан сақ болу керек. Жабық бұрышты және ашық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде, сондай-ақ катарактасы бар пациенттерде препаратты қабақ терісіне жаққанда ауру симптомдары күшеюі мүмкін.

Бет терісі мен шап аймағында, аса қажет болған жағдайда ғана қолданылады, күшті сіңірілуі және жағымсыз әсерлер дамуының (телеангиэктазия, dermatitis perioralis) қаупін ескере отырып, препараттың шырышты қабықтарға түсуіне жол бермеу керек.

Псориазы бар науқастарда глюкокортикостероидтарды сыртқа қолдану аурудың қайталану ықтималдығына байланысты қауіпті болуы мүмкін болғандықтан псориазы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, сондай-ақ бұрыннан тері асты шелінің атрофиясы болған жағдайда, әсіресе жасы ұлғайған адамдарда сақтықпен қолдану керек.

Құрамында аминогликозидті антибиотик барын ескере отырып, неомициндердің бүйректе жинақталуы мүмкін болғандықтан, препаратты әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында сақтықпен қолданады. Аминогликозидті антибиотиктерге айқаспалы аллергия болуы мүмкін. Неомициннің отоуытты және нефроуытты әсеріне байланысты, Флуцинар N терінің үлкен бөліктерінде, зақымданған теріге немесе ұзақ уақыт бойы пайдалану есту қабілетінің бұзылуына, оның ішінде естімей қалуға және бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін. Флуцинар N бүйрек функциясы бұзылған және есту қабілеті нашар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бүйрек дисфункциясы бар пациенттерде нефроуытты және отоуытты әсер ету қаупі жоғары. Флуцинар N басқа отоуытты және нефроуытты препараттармен бірге қолданған кезде олардың әсері күшеюі мүмкін.

Флуцинар N ұзақ уақыт қолдану бактериялардың неомицинге төзімді штаммдарының пайда болуына және аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін.

Препараттың құрамында 1 граммға 50 мг пропиленгликоль және 100 мг ланолин бар, бұл жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) немесе тітіркенуді тудыруы мүмкін.

Балаларда қолдану

2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

2 жастан бастап және үлкен балаларда аса сақ қолданыңыз, тек қажет болған жағдайда – күніне бір рет, терінің азғантай бөлігінде.

Балаларда ересектерге қарағанда жергілікті глюкокортикостероидтарды қолданғанда гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі басылуының және Кушинг синдромы белгілері туындауының жиілігі көп болуы мүмкін. Бұл терінің беткейі мен дене салмағының аумақтық арақатынасына байланысты препараттың көбірек сіңуімен байланысты. Кортикостероидты ем балалардың өсуі мен дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жергілікті кортикостероидтарды қолдану балаларға препараттың ең аз тиімді мөлшерімен шектелуі керек. Емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Кортикостероидтар мен басқа дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі белгісіз. Флуцинар N иммунодепрессанттардың әсерін күшейтуі және иммуностимуляторлардың әсерін әлсіретуі мүмкін. Дәрілік препаратты фуросемид немесе этакрин қышқылы сияқты нефроуытты және отоуытты препараттармен бір мезгілде пайдалануға болмайды, өйткені бұл препараттар қандағы аминогликозидті антибиотиктердің концентрациясын арттырады, бұл есту қабілетінің бұзылу қаупін арттырады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Флуцинар N жүкті әйелдерде анасы үшін пайда шарана үшін потенциалды қауіптен асатын болса ана пайдалануға болады.

Флуцинар N 12 аптаға дейінгі мерзімде қолдануға тыйым салынады.

Жануарларға жүргізілген зерттеуде глюкокортикостероидтарды аз дозаларда сыртқа қолдану кезінде тератогенді әсер анықталды, адамдарда мұндай зерттеулер жүргізілген жоқ. Жүкті әйелдердің терісіне жергілікті қолдану нәтижесінде флуоцинолон ацетонидінің тератогенді әсеріне зерттеулер жүргізілген жоқ. Неомицин шаранаға енуі мүмкін.

Жүктілік кезіндегі қауіпсіздік дәлелдері адамда жеткіліксіз. Буаз жануарларға стероидтерді жергілікті қолдану ұрықтың дамуында ауытқулар тудыруы мүмкін. Оның ішінде таңдайдың жырығы және құрсақішілік дамудың кешігуі.

Лактация

Жақпамайдағы флуоцинолон ацетониді мен неомициннің теріге жергілікті жаққаннан кейін бала емізетін әйелдердің емшек сүтіне қандай дәрежеде енетіні белгісіз.

Флуцинар N бала емізу кезінде егер анасы үшін пайдасы бала үшін қауіптен асқан жағдайда ғана пайдаланылуы керек.

Фертильділік

Флуоцинолон ацетонидінің фертильділікке әсері зерттелмеген, бірақ басқа глюкокортикостероидтардың фертильділікке әсері туралы хабарланған.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флуцинар N көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Емнің әдеттегі ұзақтығы 1-2 аптаны құрайды. Бет терісіне 1 аптадан артық қолдануға болмайды. Аптасына бір сықпадан артық пайдаланбау керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

2 жастағы және одан асқан балаларға, тек аса қажет жағдайда – күніне 1 рет, терінің шағын бөлігіне ерекше сақтықпен қолдану керек. Баланың бет терісіне қолдануға болмайды

Енгізу әдісі мен жолы

Жақпамайды терінің зақымданған бөліктеріне тәулік бойы 1-2 рет жұқалап жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды.

Артық дозалануда қабылдануы қажет шаралар

Артық дозалану туралы өте сирек хабарланады.

Симптомдары: флуоциналон ацетонидін терінің кең аумақты беткейіне ұзақ немесе шамадан тыс қолданған кезде ісіну, гипертензия, гипергликемия, иммунитеттің төмендеуі және ауыр жағдайларда гиперадренокортицизм сияқты жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.

Емі: дәрілік препаратты қабылдауды біртіндеп тоқтату керек немесе азырақ күшті кортикостероидтарды қолдану керек.

Неомициннің бар болуына байланысты дәрілік препаратты шамадан тыс немесе ұзақ уақыт жергілікті қолдану тұрақты бактериялық штамдардың дамуына, есту қабілетінің жоғалуына және бүйректің зақымдануына әкелуі мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар.

Взаимодействие

Форма выпуска

15 г препараттан ішкі беткейі лакталған литографиялық алюминий сықпаға салынады.

Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Алғашқы ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 30 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Вес

15 г

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаФлуцинар N жақпа 15 г онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
1125

от

Ваша выгода до: 163

i

Выгода за счет лучшего поиска:

Средняя цена в Уральске:

При заказе на Daribar от:

Ваша выгода до:

1288

1125

163

В корзину

Содержание

Кратко о товареИнструкцияДетали покупки

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube