daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Флунол Капсулалары 50 Мг №7 | АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Сипаттама:

№ 3 өлшемді, ақ түсті күңгірт корпусы және қою-көк түсті күңгірт қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті біркелкі ұнтақ, иісі жоқ.

Өндіруші:

АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), жүгері крахмалы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты; Капсула қабығының құрамы: капсула корпусы: титанның қостотығы (Е 171), желатин, капсуланың қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), жылтыр қара (Е 151), желатин.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 50 мг

Қаптамадағы саны:

7 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – флуконазол 50.00 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), жүгері крахмалы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты;

Капсула қабығының құрамы:

капсула корпусы: титанның қостотығы (Е 171), желатин,

капсуланың қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), жылтыр қара (Е 151), желатин.

Қолдану көрсеткіштері

Флунол® ересектерде келесілерді емдеуге арналған:

• Криптококтық менингит

• Кокцидиоидомикоз

• Инвазиялық кандидоз

• Ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозын, кандидурияны және тері-шырышты қабықтың созылмалы кандидозын қоса, шырышты қабықтардың кандидозы

• Ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда, ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (протездеу кезінде ауыз қуысының қабынуы)

• Жедел немесе қайталанған қынаптық кандидоз; жергілікті емдеу жарамсыз болғанда

• Кандидоздық баланит, жергілікті емдеу жарамсыз болғанда

Табан микозын, tinea corporis, tinea cruris, tinea versicolor және терінің кандидоздық инфекцияларын қоса, дерматомикоз, жүйелі ем қолдану көрсетілген кезде

• Тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеу қолайсыз болған кезде)

Қарсы көрсеткіштер

флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне немесе флуконазолға құрылымы ұқсас азолдық заттарға аса жоғары сезімталдық

флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан артық дозада көп рет қабылдау кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау

QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид және хинидин сияқты СҮР3А4 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

жүктілік және лактация кезеңі

6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бастың шашты бөлігінің дерматофитиясы

Флуконазолдың балалардағы бастың шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеуде қолданылуын зерттеулер, оның тиімділігі жағынан гризеофульвиннен асып түспейтіндігін көрсетті: емдеудің жалпы сәттілігі 20 %-дан азды құрады. Осылайша, Флунол® бастың шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін пайдаланбау керек.

Криптококкоз

Флуконазол басқа аумақтардың криптококкозын (мысалы, өкпе және тері криптококкозын) емдеудегі тиімділігі туралы расталған деректер жеткіліксіз, сондықтан препаратты дозалау жөнінде ұсынымдар беру мүмкін емес.

Терең  эндемиялық микоздар

Флуконазол эндемиялық микоздардың паракокцидиоидомикоз, тері - лимфа споротрихозы және гистоплазмоз сияқты басқа формаларын емдеудегі тиімділігі туралы дәлелденген деректер шектеулі, соның салдарынан, дозалауға қатысты қандай да бір ұсынымдар беру мүмкін емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Флунол® препаратын бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Бүйрекүсті безі функциясының бұзылуы

Кетоконазолдың бүйрекүсті безі функциясының жеткіліксіздігін  туғызатыны белгілі және бұл сирек жағдайларда флуконазолды қолданған кезде байқалуы мүмкін. Преднизонмен бір мезгілде емдеген кездегі бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігіне қатысты ақпаратты «Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға ықпалы» бөлімінен қараңыз. 

Бауыр және өт шығару жолдары функциясының бұзылуы

Флунол® препаратын бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану, негізінен күрделі қатарлас аурулары бар пациенттерде ауыр, соның ішінде өлімге соқтыратын гепатоуыттылықпен қатар жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен немесе жас шамасымен қандай-да бір өзара байланыстылығы байқалған жоқ. Флуконазолдың  гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеуді тоқтатқаннан кейін басылды.

Бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер флуконазолмен емдеу кезінде бауырдың барынша ауыр зақымданулары дамуының алдын алу мақсатында тұрақты қадағалауда болуы тиіс.

Емдеуші дәрігер пациенттерді бауыр үшін ауыр салдарлы симптомдар (астения, анорексия, тұрақты түрде жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы хабардар етуі тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтату, ал пациент дәрігерге қаралуы керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдарды, соның ішінде флуконазолды қолданғанда, электрокардиограммада QT аралығының ұзарған жағдайлары орын алған. Флуконазол иондар ағымын түзеткіш калий өзекшелері (Ikr) арқылы тежеу жолымен QT аралығын ұзартады. Басқа дәрілік препараттардан (амиодарон сияқты) туындайтын QT аралығының ұзаруы, P-450 CYP3A4 цитохромы тежелуінен күшеюі мүмкін. Тіркеуден кейінгі бақылау барысында Флунол® қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы мен полиморфты қарыншалық тахикардияның (пируэтті қарыншалық тахикардия) өте сирек жағдайлары тіркелген. Аталған жағдайлардың ішінен, осы жағдайға әсер етуі мүмкін жүректің құрылымдық аурулары, электролиттік бұзылулар және қатарлас препараттар сияқты көптеген қатарлас қауіп факторлары бар жағдайы ауыр пациенттер  туралы хабарламалар болды. Гипокалиемиясы және жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде өмірге қауіп төндіретін қарыншалық аритмиялар мен полиморфты қарыншалық тахикардияның туындау қаупі жоғары.

Флунол® препаратын проаритмиялық жағдайлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. QT аралығын ұзартатыны және P - 450 CYP3A4 цитохромының көмегімен метаболизденетіні белгілі басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылған емдік дозасында QTс аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Сирек жағдайларда флуконазолмен емдеу кезінде пациенттерде Стивенс -Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамиды. ЖИТС-ке шалдыққан пациенттер көптеген дәрілік препараттарға ауыр тері реакцияларының дамуына бейімірек келеді. Егер беткейлік зең инфекциясынан емделіп жүрген пациентте флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатындай бөртпе пайда  болса, аталған дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазивтік /жүйелі зең инфекциялары бар пациенттерде бөртпе туындаса, оларды мұқият қадағалау және буллезді зақымданулар немесе көп формалы эритема дамыған жағдайда, флуконазолды тоқтату керек.

Аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары тіркелді.

P - 450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Флунол® емдік ауқымы тар, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері арқылы метаболизденетін дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге қадағалау жүргізу керек.

Терфенадин

Тәулігіне 400 мг-ден аз дозада флуконазолды терфенадинмен бір мезгілде қолдану емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізілуі керек.

Кандидоз

Зерттеулер Candida штаммдары инфекцияларының C.albicans-тан басқалардан басым екенін көрсетті. Олар флуконазолға төзімділікті (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе төмен сезімталдықты (C. glabrata) жиі байқатады. Мұндай инфекциялар флуконазолмен емдеу тиімсіз болған кезде баламалы зеңге қарсы емді қажет етуі мүмкін. Дәрігерлерге Candida әр алуан түрлерінің флуконазолға резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады.

Қосымша заттар

Флунол® капсулаларының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар  пациенттер  бұл дәрілік препаратты қабылдамауы керек.

Флунол® әрбір капсуласында 1 ммольден аз натрий лаурилсульфаты (23 мг) бар, яғни іс жүзінде  құрамында натрий жоқ.

50 мг Флунол® капсулаларында жылтыр қара (E151) бояғышы бар - аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды

Цизаприд: флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар жағдайлары, соның ішінде көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия жағдайлары тіркелді.Тәулігіне бір рет 200 мг флуконазол мен күніне төрт рет 20 мг цизапридті бір мезгілде қолдану цизапридтің қан плазмасындағы деңгейлерінің елеулі артуына және QTс аралығының ұзаруына алып келеді. Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Терфенадин: зеңге қарсы азолдық препараттарды терфенадинмен бірге қабылдаған пациенттерде QTс аралығының ұзаруы салдарынан пайда болған күрделі жүрек аритмиясы анықталғаннан кейін осы препараттардың өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілді. Бір зерттеуде флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қолданғанда QTс аралығының ұзаруы байқалған жоқ. Басқа зерттеуде, флуконазолды тәулігіне  400 мг және одан көп (800 мг) дозаларда қабылдағанда, флуконазолды тәулігіне  400 мг және одан көп дозаларда қабылдау онымен қатар қабылданған терфенадиннің плазмалық деңгейлерінің елеулі артуына алып келетінін көрсетті. 400 мг және одан жоғары дозада флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануға болмайды Тәулігіне 400 мг-ден аз дозалардағы флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.

Астемизол: флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Астемизолдың плазмадағы жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның туындауына алып келуі мүмкін. Флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пимозид: in vitro немесе in vivo зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелісіне әкелуі мүмкін. Пимозидтің жоғары плазмалық концентрациялары QT аралығының ұзаруына, ал сирек жағдайларда көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияға әкелуі мүмкін. Флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Хинидин: in vitro немесе in vivo зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Хинидинді қолданғанда QT  аралығының ұзару жағдайлары және көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардияның  сирек жағдайлары байқалған. Флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың әлеуетті қаупін арттырады (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия) және осының салдарынан жүректің кенеттен өлуіне әкеледі. Флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Галофантрин: флуконазол  СҮР3А4 ферментіне тежегіш әсері салдарынан галофантриннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың әлеуетті қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия) және соның салдары ретінде, кенеттен жүректің тоқтап қалу қаупін арттырады. Препараттардың мұндай біріктірілімін болдырмау керек.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану  сақтықты қажет етеді

Амиодарон: флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану QT аралығының ұзаруына алып келуі мүмкін. Флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, әсіресе, флуконазолды жоғары дозаларда (800 мг) қолданған кезде сақтық таныту керек.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану  сақтықты және олардың дозасын түзетуді қажет етеді

Басқа дәрілік препараттардың  флуконазолға әсері

Рифампицин: флуконазол мен  рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың AUC мәндерінің 25 %-ға төмендеуіне және жартылай шығарылу кезеңінің 20 %-ға қысқаруына алып келеді. Рифампицинді бірге қабылдап жүрген пациенттерге флуконазолдың  дозасын арттыру керек.

Өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен немесе сүйек кемігін ауыстырып салғаннан  кейінгі организмнің жаппай сәулеленуімен бірге пероральді қабылдау флуконазолдың  сіңірілуінің клиникалық тұрғыдан елеулі нашарлауына алып келмейді.

Гидрохлортиазид: фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеу барысында флуконазол қабылдаған дені сау еріктілерде гидрохлоротиазидтің көп реттік дозаларын бір мезгілде қабылдау флуконазолдың плазмадағы концентрациясының 40 % жоғарылауын туғызды. Сонымен қатар, диуретиктерді бір мезгілде қолданған кезде флуконазолды қабылдау режимін өзгертудің қажеті жоқ.

Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға әсері

Флуконазол Р - 450 цитохромының CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол CYP2C19 изоферментінің  күшті тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген анықталған/құжатталған өзара әрекеттесумен қатар CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 ферменттерімен  метаболизденетін және  флуконазолмен бір мезгілде қолданылатын басқа құрамдастардың плазмалық концентрациясының арту қаупі бар. Сондықтан бұл препараттарды сақтықпен үйлестіру керек және пациенттер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Флуконазолдың ферменттерге тежегіштік әсері, оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты, аталған препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 4 - 5 күн бойы жалғасады.

Алфентанил: флуконазол (400 мг) мен венаішілік алфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолдану барысында  дені сау адамдарда  алфентанилдің AUC10 мәні 2 есе артады, бұл CYP3A4 изоферментінің тежелуінен болуы мүмкін. Алфентанилдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5 - нортриптилиннің және (немесе) S - амитриптилиннің концентрациясын қатарлас емдеуді бастар алдында және одан кейін бір аптадан соң өлшеуге болады. Қажет болған жағдайда, амитриптилиннің немесе нортриптилиннің дозасына түзету жүргізу керек.

Амфотерицин В:  флуконазол мен амфотерицин B бір мезгілде қолдану инфекция жұқтырған қалыпты тышқандарда және иммунитеті әлсіреген инфекция жұқтырған тышқандарда келесі нәтижелерді көрсетеді: C.  albicans туындаған  жүйелі инфекциялар кезіндегі зеңге қарсы әлсіз аддитивті әсері, Cryptococcus neoformans туындаған бассүйекішілік инфекция кезінде өзара әрекеттесудің болмауы, Aspergillus fumigatus туындаған жүйелі инфекция кезіндегі екі препараттың антагонизмі. Бұл зерттеу нәтижелерінің клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолдану барысында, басқа да зеңге қарсы азолды препараттар жағдайындағы сияқты, флуконазолды варфаринмен бірге қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытының ұзаруымен қатар жүретін қан кетулер (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) анықталды. Флуконазолмен және варфаринмен қатарлас емдеу кезінде протромбин уақыты 2 есе артады, бұл варфарин метаболизмінің CYP2C9 изоферменті арқылы тежелуіне байланысты болуы мүмкін. Кумариндік немесе индандиондық антикоагулянттарды флуконазолмен бірге қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытын бақылау керек. Антикоагулянттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бензодиазепиндер (әсері қысқа) (мысалы, мидазолам, триазолам): мидазоламды пероральді қабылдағаннан кейін флуконазол мидазолам концентрацияларының елеулі жоғарылауына және психомоторлық әсерлерге алып келеді. 200 мг флуканазол мен 7,5 мг мидазоламды бір мезгілде пероральді қабылдау мидазоламның AUC мәнінің артуына және жартылай шығарылу кезеңінің 3,7 және 2,2 есе ұзаруына алып келеді. 200 мг флуконазолды күн сайын 0,25 мг триазоламмен бірге пероральді қабылдау мидазоламның AUC мәнінің жоғарылауына және жартылай шығарылу кезеңінің 4,4 және 2,3 есе артуына алып келеді. Флуконазол мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда триазоламның әсерінің күшейгені мен ұзарғаны байқалады. Флуконазол қабылдап жүрген пациенттерді бензодиазепинмен қатарлас емдеу қажет болған жағдайда, бензодиазепиннің дозасын азайту және пациенттерге тиісінше қадағалау жүргізу керек.

Карбамазепин: флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының қан сарысуындағы концентрациясын 30 %-ға арттырады. Карбамазепиндік уыттылықтың даму қаупі бар. Карбамазепиннің дозасын концентрация көрсеткіштеріне немесе әсерге байланысты түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Жағымсыз әсерлерге жиі мониторинг ұсынылады.

Целекоксиб: флуконазолды (тәулігіне 200 мг) және целекоксибті (200 мг) бір мезгілде қолданғанда, Cmax және AUC целекоксиб тиісінше 68% және 134% - ға артты. Флуконазолмен бірге целекоксиб дозасының жартысы қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамидпен және флуконазолмен біріктіріп емдеу қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің артуына алып келеді. Біріктірілімді билирубин мен сарысулық креатинин мөлшерінің арту қаупі жоғарылайтынын ескере отырып пайдалануға болады.

Фентанил: өлімге соқтырған, фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен  туындауы мүмкін бір жағдай тіркелді. Бұдан өзге, дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеуде флуконазол фентанилдің элиминациясын едәуір кідіртетіні көрсетілді. Фентанилдің жоғары концентрациялары тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Пациенттерге тыныстың тарылу қаупінің болуы мүмкіндігіне байланысты мұқият қадағалау жүргізу керек. Фентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Гидроксиметилглутарил - кофермент A - редуктаза (ГМГ - КоA - редуктаза) тежегіштері: флуконазол аторвастатин және симвастатин сияқты CYP3A4 арқылы немесе флувастатин сияқты CYP2C9 арқылы метаболизденетін ГМГ - КоA - редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалғанда, миопатия мен қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады. Қатарлас емдеу қажет болған жағдайда, пациент миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына қатысты дәрігердің қадағалауында болуы тиіс, сондай-ақ организмдегі креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі керек. Егер креатинкиназа деңгейінің елеулі артуы немесе миопатия немесе рабдомиолиз диагнозы қойылса немесе дамуына күдік болса,  ГМГ - КоA - редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.

Ибрутиниб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері ибрутинибтің плазмадағы концентрациясын арттырады және уыттылық қаупін жоғарылатуы мүмкін. Егер препараттарды біріктіріп қолдануға тура келсе, тежегішті қолдану кезеңінде ибрутинибтің дозасын тәулігіне бір рет 280 мг (2 капсула) дейін азайту және мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету қажет.

Ивакафтор:  муковисцидоз кезінде трансжарғақшалық өткізгіштік реттегіші генінің стимуляторы (CFTR)  ивакафтормен бір мезгілде қолдану, ивакафтордың әсер ету деңгейін 3 есе, ал гидроксиметил - ивакафтордың (M1) әсер ету деңгейін - 1,9 есе арттырды. Ивакафтордың  дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету, флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге ұсынылады.

Олапариб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері олапарибтің қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатады; бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер аталған препараттарды біріктіру өте қажет болса, олапарибтің дозасын тәулігіне екі рет 200 мг дейін шектеу керек.

Иммунодепрессанттар (циклоспорин, еверолимус, сиролимус және такролимус)

Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің концентрациясы мен AUC мәнін едәуір арттырады. Флуконазол (тәулігіне 200 мг дозада) мен циклоспоринді (тәулігіне 2,7 мг/кг дозада) бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің AUC мәнінің 1,8 есе жоғарылағаны байқалды. Препараттардың бұл біріктірілімін циклоспориннің дозасын концентрациясына байланысты төмендете отырып пайдалануға болады.

Эверолимус: in vitro немесе in vivo зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, CYP3A4 ферментінің тежеуіне байланысты, флуконазол  эверолимустың қан сарысуындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: флуконазол сиролимустың плазмалық концентрациясын, шамасы, сиролимус метаболизмін CYP3A4 және Р – гликопротеин арқылы тежеумен арттырады. Бұл біріктірілімді сиролимустың дозасын әсері мен концентрациясының көрсеткіштеріне байланысты түзеткен кезде пайдалануға болады.

Такролимус: флуконазол  пероральді қолданғанда такролимустың қан сарысуындағы концентрациясын ішекте CYP3A4 ферментінің тежелуі салдарынан такролимус метаболизмінің тежелуі себепті 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты вена ішіне қолданғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерістер байқалған жоқ.  Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттылықтың дамуына алып келді. Пероральді қолданған кезде такролимустың дозасын оның концентрациясына байланысты азайту керек.

Лозартан: флуконазол лозартанның өзінің, лозартанмен емдеу кезінде орын алатын ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің көп бөлігіне жауап беретін белсенді метаболитіне (Е 3174) метаболизмін тежейді. Пациенттерде артериялық қысымды үнемі бақылап отыру керек.

Метадон: флуконазол қан сарысуындағы метадон концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда флуконазолмен бір мезгілде тағайындағанда флурбипрофеннің Cmax және AUC тиісінше 23% және 81% ұлғаяды. Осы сияқты, флуконазол ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен бір мезгілде тағайындалғанда (400 мг), соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомерінің (S - (+) - ибупрофен) Cmax және AUC 15 % және 82 %-ға артады.

Арнайы зерттеулер жүргізілмесе де, флуконазол CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерін арттыруы мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсері мен уыттылығына жиі мониторинг жүргізу ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: флуконазол фенитоиннің бауырлық метаболизмін тежейді. Флуконазолды 200 мг дозада ішке және фенитоинді 250 мг дозада вена ішіне бір мезгілде бірнеше рет қолдану фенитоиннің AUC24 мәнінің 75 %-ға және Cmin мәнінің 128 %-ға жоғарылауына алып келді. Бір мезгілде қолданғанда фенитоиннің уыттылық көріністерін болдырмау үшін, фенитоин концентрациясының қан сарысуындағы деңгейлері тексерілуі керек.

Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін преднизонмен ем қабылдаған пациентте, флуконазолмен үш айлық емді тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай анықталды. Флуконазолды тоқтату CYP3A4 ферменті белсенділігінің жоғарылауына алып келді, бұл өз кезегінде преднизон метаболизмінің күшеюін туғызды деп болжанады. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ уақыт ем қабылдаған пациенттерді флуконазолды тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігінің дамуына қатысты қадағалау керек.

Рифабутин: флуконазолмен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы рифабутиннің AUC шамасының 80 %-ға дейін артуына алып келеді. Флуконазол мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған пациенттерде увеит дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Рифабутин мен флуконазолды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын, рифабутин уыттылығының біліну симптомдарына қатысты мұқият қадағалау қажет.

Саквинавир: CYP3A4 ферментінің қатысуымен саквинавирдің бауырлық метаболизмін тежеуіне, сондай-ақ P-гликопротеинді тежеуіне байланысты, флуконазол ферменттердің қатысуымен саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін сәйкесінше 50 % және 55 %-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ және анағұрлым айқын болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: флуконазол сульфонилмочевина препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде пероральді қабылдағанда қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қандағы глюкозаны жиі бақылау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайту ұсынылады.

Теофиллин: өзара әрекеттесуін плацебо-бақыланатын зерттеуде 14 күн бойы 200 мг-ден флуконазол қабылдау  теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18%-ға төмендеуіне әкеледі.  Флуконазол мен теофиллинді жоғары дозада қабылдайтын пациенттерді немесе  теофиллиннің артық дозалану симптомдарын уақытында анықтау мақсатында теофиллиннің уыттылық әсерінің қаупі жоғары пациенттерді мұқият бақылап отыру қажет; олар пайда болғанда терапияны тиісінше өзгерту керек.

Тофацитиниб: тофацитинибтің экспозициясы CYP3A4 орташа тежелуіне және CYP2C19 күшті тежелуіне әкелетін препараттармен (мысалы, флуконазол) бір мезгілде тағайындаған кезде ұлғаяды. Осылайша, аталған препараттармен бірге тағайындаған кезде тофацитинибтің дозасын күніне бір рет 5 мг дейін азайту ұсынылады.

Қабыршөп алкалоиды: тиісті зерттеулер жүргізілмесе де, флуконазол қабыршөп алкалоидының плазмалық деңгейлерін арттыруы (мысалы, винкристин және винбластин) және CYP3A4-ке тежеуші әсеріне байланысты болуы әбден ықтимал нейроуыттылыққа алып келуі мүмкін.

А дәрумені: толықтай транс - ретиной қышқылымен (A дәруменінің  қышқыл түрі) және флуконазолмен біріктірілген емдеуден өткен пациенттің бір клиникалық жағдайының сипаттамасында ОЖЖ тарапынан флуконазол  қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылған идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия түріндегі жағымсыз әсерлердің дамығаны тіркелді. Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында пациенттерді қадағалау керек.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): пероральді вориконазол (1-күні әр 12 сағат сайын 400 мг, содан соң 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг) мен пероральді флуконазолды (1-күні 400 мг, содан соң 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану вориконазолдың  концентрациясы мен AUC орташа алғанда сәйкесінше 57 %  (90 %-дық СА: 20 %, 107 %) және 79 %-ға (90 %-дық СА: 40 %, 128 %) артуына алып келді. Вориконазол мен флуконазолды кез келген дозада бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Вориконазолды флуконазолдан кейін бірден қолданған жағдайда, вориконазолды қолданумен байланысты жағымсыз құбылыстарға мониторинг жүргізу ұсынылады.

Зидовудин: Пероральді қабылдағанда зидовудин клиренсінің шамамен 45 %-ға төмендейтіндігіне байланысты, флуконазол зидовудиннің Cmax және AUC на 84 % және 74 %-ға арттырады. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен біріктіріп емдеу кезінде шамамен 128 %-ға ұзарады. Бұл біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер зидовудинді қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында қадағалауда болуы тиіс. Зидовудиннің дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: 1200 мг азитромициннің бір реттік пероральді дозасының флуконазолдың 800 мг бір реттік пероральді дозасының фармакокинетикасына әсерін, сондай-ақ флуконазолдың азитромициннің фармакокинетикасына әсерін анықтау мақсатымен дені сау 18  пациентке ашық, рандомизацияланған, үшжақты айқаспалы зерттеу жүргізілді. Флуконазол мен азитромициннің арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Пероральді контрацептивтер: флуконазолдың көп реттік дозаларымен бірге біріктірілген пероральді контрацептивті қабылдауға екі фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Флуконазол 50 мг дозасының гормондардың деңгейіне ешқандай елеулі әсері байқалған жоқ, ал тәуліктік 200 мг дозасы кезінде, этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC (концентрация - уақыт қисығы астындағы ауданы) 40 % және 24 %-ға артты. Осылайша, флуконазол жоғарыда көрсетілген дозаларда бірнеше рет қолдану жүкті болуға қарсы ішілетін біріктірілген препараттардың тиімділігіне әсер етпейді.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Обсервациялық зерттеу нәтижелері жүктіліктің бірінші триместрі кезінде флуконазол қабылдаған әйелдерде өздігінен түсік түсудің жоғары қаупін көрсеткен.

Кокцидиоидомикозды емдеу үшін анасы флуконазолдың жоғары дозаларын (күніне 400-800 мг) үш және одан көп ай бойы қабылдаған жаңа туған нәрестелерде дамудың көптеген ақауларының (брахицефалияны, құлақ қалқанының дисплазиясын, алдыңғы еңбектің шамадан тыс ұлғаюын, ортан жіліктің қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса) жағдайлары сипатталған. Осы жағдайлардың флуконазолды қабылдаумен себеп-салдарлық өзара байланысы анық емес. Зерттеулер дәрілік заттың репродуктивтік уыттылығын көрсеткен.

Жүктілік кезінде, күтілетін пайдасы қаупінен едәуір басым жағдайларды қоспағанда, флуконазол стандартты дозаларда және қысқа мерзімдік емдеу үшін қолданылмауы керек.  

Жүктілік кезінде, өмірге әлеуетті түрде қауіп төндіретін инфекцияларды қоспағанда, флуконазолды жоғары дозаларда және/немесе ұзақ ем жүргізу үшін қолданбаған жөн.

Бала емізу кезінде қолдану

Флуконазол емшек сүтінде плазмадағыға ұқсас концентрацияларда анықталды, осылайша, бала емізетін аналарға қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттерді көлік құралдарын басқарумен, механикалық құрылғыларға қызмет көрсету және басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысумен байланысты қауіп барынан хабардар ету керек.  

Қолдану бойынша ұсыныстар

Препаратты үнемі дәрігер ұсынғандай қабылдаңыз. Егер Сізде препаратты қабылдау бойынша күмән туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

Дозалау режимі

Емді сеппенің және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін бастауға болады. Алайда осы зерттеулердің нәтижелері белгілі болған кезде инфекцияға қарсы емді өзгерту қажет.

Флуконазолдың тәуліктік дозасы зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына байланысты. Пациентті препаратты вена ішіне енгізуден ішке қабылдауға немесе керісінше ауыстырған кезде тәуліктік дозаны өзгерту қажет емес.

Ересектер

Криптококкоз

Криптококтық менингит. Екпінді доза ретінде алғашқы күні 400 мг, келесі доза – күн сайын 200 мг-ден 400 мг дейін. Емдеу ұзақтығы 6 – 8 аптадан кем емес. Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларда тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады.

Оның даму қаупі жоғары пациенттерде криптококтық менингиттің қайталануының алдын алу үшін демеуші ем.

Ұсынылатын дозасы күн сайын 200 мг, емдеу ұзақтығы емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде тәулігіне 200 мг.

Кокцидиодомикоз

Дозалануы 200 мг-ден 400 мг дейін құрайды, пациенттің жай-күйіне байланысты 11 – 24 ай немесе одан ұзағырақ. Кейбір инфекция түрлерін емдеу үшін, әсіресе менингитті емдеу үшін дозалануы күн сайын 800 мг құрауы мүмкін.

Инвазиялық кандидоздар

Екпінді доза алғашқы күні 800 мг, келесі доза күн сайын 400 мг. Әдетте кандидемияны емдеудің ұсынылатын ұзақтығы қан өсіріндісінің алғашқы теріс нәтижелерінен және кандидемия белгілері мен симптомдары жоғалғаннан кейін 2 аптаны құрайды.

Шырыштардың кандидозы

Ауызжұтқыншақ кандидозы. Екпінді доза алғашқы күні 200 мг-ден 400 мг дейін, келесі доза – күн сайын 100 мг-ден 400 мг дейін құрайды. Емдеу ұзақтығы 7 – 21 күн (ремиссияға жеткенше). Иммун тапшылығы бар пациенттерде қолдану кезеңі ұзағырақ.

Өңеш кандидозы. Екпінді доза алғашқы күні 200 мг-ден 400 мг дейін, келесі доза – күн сайын 100 мг-ден 200 мг дейін құрайды. Емдеу ұзақтығы 14 – 30 күн (ремиссияға жеткенше). Ауыр иммун тапшылығы бар пациенттерде қолдану кезеңі ұзағырақ.

Кандидурия. Дозалануы күн сайын 200 мг-ден 400 мг дейін, емдеу ұзақтығы 7 – 21 күн. Ауыр иммун тапшылығы бар пациенттерде қолдану кезеңі ұзағырақ.

Созылмалы атрофиялық кандидоз. Дозалануы күн сайын 50 мг, 14 күн бойы.

Терінің және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы. Дозалануы күн сайын 50 мг-ден 100 мг дейін 28 күнге дейін. Ұзағырақ мерзімдер инфекцияның ауырлығы мен түріне немесе иммунитеттің төмендеуіне байланысты болады.

Шырыштар кандидозының даму қаупі жоғары АИТВ бар пациенттерде оның қайталануының алдын алу

Ауызжұтқыншақ кандидозы. Дозалануы күн сайын 100 мг-ден 200 мг дейін немесе аптасына 3 рет 200 мг, созылмалы иммуносупрессиясы бар пациенттерде емдеу ұзақтығы емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде.

Өңеш кандидозы. Дозалануы күн сайын 100 мг-ден 200 мг дейін немесе аптасына 3 рет 200 мг, созылмалы иммуносупрессиясы бар пациенттерде емдеу ұзақтығы емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде.

Генитальді кандидоз

Жедел қынаптық кандидоз. Кандидоздық баланит. Бір реттік дозалануы 150 мг.

Созылмалы қайталанатын вульва-қынаптық кандидозда (қайталанулар жиілігі жылына 4 рет немесе одан көп). Дозалануы әрбір үшінші күні 150 мг-ден, барлығы 3 доза (1, 4 және 7 күні). Содан соң демеуші доза ретінде аптасына бір рет 150 мг, 6 ай бойы.

Дерматомикоз

Табанның белдемелі теміреткісі, тегіс терінің микозы, шап дерматомикозы, кандидоздық инфекциялар. Дозалануы аптаына бір рет 150 мг-ден немесе күніне бір рет 50 мг, 2 – 4 апта бойы, табанның белдемелі теміреткісінде 6 аптаға дейін емдеу қажет болуы мүмкін.

Кебек тәрізді теміреткі. Дозалануы аурудың ауырлық дәрежесіне қарай өзгешеленуі мүмкін және 1 – 3 апта бойы апта сайын 300 мг-ден 400 мг дейін, немесе 2 – 4 апта бойы күніне бір рет 50 мг құрауы мүмкін. 150 мг дозалануы аптасына бір рет қолданылады.

Ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялардың профилактикасы. Дозалануы күн сайын 200 мг-ден 400 мг дейін. Емдеуді күтілген нейтропенияның дамуынан бірнеше күн бұрын бастау және нейтрофилдер саны 1000/мм3 артық жоғарылағаннан кейін 7 күн бойы жалғастыру керек.

Жанама әсерлері

Барлық жанама әсерлер пайда болу жиілігіне сәйкес берілген: жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1000-ға дейін). Ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар - бас ауыруы, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу, бөртпе, аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) және қанның сілтілі фосфатазасы деңгейінің жоғарылауы.

Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)

- бас ауыруы

- іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу

- аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, қанның сілтілі фосфатазасының жоғарылауы

- бөртпелер

Жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін)

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- құрысулар, парестезиялар, дәмнің бұзылуы

- іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы

- вертиго

- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- миалгия

- қышыну, дәрі-дәрмектік дерматит, есекжем, қатты терлеу

- қатты қажу, дімкәстік, астения, қызба

Сирек ( ≥1/10 000-нан < 1/1 000-ға дейін)

- агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилаксия

- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

- тремор

- пируэт тахикардиясы, QT аралығының ұзаруы

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық некроз, гепатиттер, гепатоцеллюлярлық зақымдану

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативтік дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция

Белгісіз

Эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдром)

Жоғарыда аталған симптомдар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Шығарылу түрі

7 капсуладан поливинилхлоридті мөлдір үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФлунол капсулалары 50 мг №7 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube