daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Flutel-F Мұрын Спрейі 27.5 Мкг / Доза 120 Доза | World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.

Уральске қаласындағы Flutel-F Мұрын Спрейі 27.5 Мкг / Доза 120 Доза | World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Сипаттама:

Раушанның әлсіз иісі бар ақ немесе ақшыл түсті біртекті суспензия.

Халықаралық атауы:

Флутиказон фуроаты

Өндіруші:

World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза және натрий кроскармеллозасы, сусыз глюкоза, фенилэтил спирті, динатрий эдетаты, полисорбат 80, бензалконий хлориді, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Раушанның әлсіз иісі бар ақ немесе ақшыл түсті біртекті суспензия.

Белсенді заттың дозасы:

27.5 мкг/доза

Дәрілік түрі:

Мұрынға арналған дозаланған спрей, 27.5 мкг/доза, 120 доза

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларда аллергиялық ринит симптомдарын емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

Белсенді затқа немесе препараттың құрамына кіретін қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A тежегіштерімен өзара әрекеттесуі

Флутиказон фуроаты Р450 3А4 цитохромымен байланысты экстенсивті жүйеалдылық метаболизм жолымен тез шығарылады.

CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа кортикостероидқа арналған (флутиказон пропионаты) деректердің негізінде флутиказон фуроатының жүйелік әсерінің күшею қаупіне байланысты ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Құрамында кобицистаты бар дәрілік заттарды қоса, CYP3A күшті тежегіштерімен флутиказон фуроатын бір мезгілде қолданған кезде жүйелі жағымсыз реакциялар қаупінің ықтимал артуына байланысты сақ болу ұсынылады. Емдеудің пайдасы кортикостероидтардың жүйелік жағымсыз реакцияларының жоғары қаупінен асатын жағдайларды қоспағанда, бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Бұл жағдайда кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз реакцияларының дамуына мониторинг жүргізу керек.

Арнайы ескертулер

Кортикостероидтардың жүйелік әсерлері

Мұрынға арналған кортикостероидтарды, әсіресе ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларда қолданғанда жүйелік әсерлері пайда болуы мүмкін. Бұл әсерлердің пайда болу ықтималдығы кортикостероидтарды пероральді қолданғанға қарағанда едәуір төмен және олар жекелеген пациенттерде, сондай-ақ әртүрлі кортикостероидты препараттарда ерекшеленуі мүмкін. Ықтимал жүйелік әсерлерге Кушинг синдромы, кушингоид белгілері, бүйрек үсті безі функциясының тежелуі, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуі, катаракта, глаукома және оның ішінде психомоторлы гипербелсенділік, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, депрессия немесе агрессияны (әсіресе балаларда) қоса, сирек кездесетін физиологиялық немесе мінез-құлық әсерлері кіруі мүмкін. Ұсынылған дозалардан асып кету бүйрек үсті безі функциясының клиникалық маңызды бәсеңдеуін тудыруы мүмкін. Ұсынылғанға қарағанда анағұрлым жоғары дозаларды қолданған кезде стресс кезеңінде немесе жоспарлы хирургиялық араласулар кезінде жүйелік кортикостероидтарды қосымша қолдануды қамтамасыз ету керек. Флутиказон фуроатын тәулігіне 1 рет 110 мкг дозада қолдану ересектерде, жасөспірімдерде немесе балаларда гипоталамус-гипофиздік-адреналдық жүйенің бәсеңдеуін тудырған жоқ. Дегенмен, интраназальді флутиказон фуроатының дозасы ринит симптомдарын тиімді бақылау қамтамасыз етілетін ең төменгі дозаға дейін төмендетілуі тиіс. Барлық интраназальді кортикостероидтар жағдайындағыдай, кортикостероидтарды басқа нысандарда бір мезгілде тағайындау кезінде кортикостероидтардың жалпы жүйелік жүктемесін ескеру қажет.

Бүйрек үсті безі функциясының бұзылуына күдік туындаған кезде пациенттерді стероидтармен жүйелі емдеуден флутиказон фуроатын қолдануға ауыстыру кезінде сақ болу қажет.

Көрудің бұзылуы

Кортикостероидтарды жергілікті және жүйелі қолданған кезде көрудің бұзылуы байқалады. Көрудің айқындылығы бұзылған кезде немесе көрудің басқа да бұзылулары кезінде катаракта, глаукома немесе мысалы,орталық сероздық хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек офтальмологиялық аурулардың дамуы туралы жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін хабарланған, пациент ықтимал себептерін анықтау үшін офтальмологқа жүгінуі керек.

Өсудің тежелуі

Ұсынылған дозалардағы кейбір мұрынға арналған кортикостероидтар балаларда өсудің тежелуіне әкелуі мүмкін екендігі анықталды. Өсу жылдамдығының төмендеуі 1 жыл ішінде тәулігіне 1 рет 110 мкг дозада флутиказон фуроатын алған балаларда байқалды. Осылайша, балаларға симптомдарды бақылауды қамтамасыз ететін ең аз тиімді дозаны қолдану керек. Ұзақ уақыт бойы мұрынға арналған кортикостероидтарды алатын балалардың өсуіне тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылады. Өсудің баяулауы кезінде симптомдарды тиімді бақылауды қамтамасыз ететін мұрынға арналған кортикостероидтардың дозасын ең төменгі дозаға дейін төмендету мақсатында емдеуді мүмкіндігінше қайта қарау керек. Сонымен қатар, баланың педиатр бақылауында болуы ұсынылады.

Ритонавир

Флутиказон фуроатының жүйелік әсерінің арту қаупіне байланысты ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Қосымша заттар

Бензалконий хлориді

Флутел-Ф препаратының құрамында бензалконий хлориді бар, ол әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, мұрын қуысының шырышты қабығының тітіркенуі мен ісінуін тудыруы мүмкін.

Натрий

Препарат құрамында 1 дозада 23 мг-нан аз натрий бар (1 рет бүрку), яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».

Жүктілік

Анасына пайдасы шаранаға немесе балаға төнетін ықтимал қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда, препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Лактация кезеңі

Анасына күтілетін пайдасы балаға төнетін ықтимал қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда, препаратты лактация кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флутел-Ф препараты автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе әсері аз болады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

12 жастағы және одан асқан ересектер мен жасөспірімдер

Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет әрбір танауға 2 рет бүркуді (бір бүркуде 27,5 мкг флутиказон фуроаты) құрайды (жалпы тәуліктік доза 110 мкг құрайды). Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші дозаны қолдануға болады - әрбір танауға 1 рет бүрку (жалпы тәуліктік доза 55 мкг құрайды).

Емдік әсерге қол жеткізу үшін жеткілікті ең аз дозаны қолдану керек.

6-11 жастағы балалар

Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет әрбір танауға 1 рет бүркуді (бір бүркуде 27,5 мкг флутиказон фуроаты) құрайды (жалпы тәуліктік доза 55 мкг құрайды). Қалаған әсер болмаған жағдайда дозаны әрбір танауға тәулігіне 1 рет 2 рет бүркуге дейін арттыруға болады (жалпы тәуліктік доза 110 мкг құрайды).

Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін дозаны әрбір танауға тәулігіне 1 рет бір бүркуге дейін төмендету ұсынылады (жалпы тәуліктік доза 55 мкг құрайды).

Толық емдік әсерге қол жеткізу үшін препаратты тұрақты түрде қолдану керек. Әсер ете бастауы бірінші қолданғаннан кейін 8 сағаттан соң байқалады, бірақ ең жоғары нәтижеге жету үшін бірнеше күн қажет болуы мүмкін. Пациентке үнемі тұрақты қолданған кезде симптомдардың жеңілдеуінің байқалатыны туралы хабарлау керек. Емдеу ұзақтығы аллергеннің әсер ету кезеңімен шектелуі керек.

6 жасқа дейінгі балалар

6 жасқа дейінгі балаларда флутиказон фуроатын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Қолдану тәсілі

Флутел-Ф препараты тек интраназальді қолдануға арналған.

Қолданар алдында құтыны шайқау қажет. Құрылғыны тік ұстап тұрып, аэрозольді шығару батырмасына кемінде 6 рет (ұсақ дисперсті аэрозоль пайда болғанға дейін) басу арқылы жұмысқа дайындайды. Егер қалпақшасы құрылғыдан 5 күннен астам уақыт ішінде алынып тасталса немесе құрылғы 30 күн немесе одан көп уақыт пайдаланылмаса, жұмысқа қайта дайындау (ұсақ дисперсті аэрозоль пайда болғанға дейін шамамен 6 рет бүрку) қажет.

Әрбір қолданғаннан кейін дозалаушы құрылғыны тазалап, қорғаныс қалпақшасын кигізу қажет.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Жедел артық дозаланған кезде бақылаудан басқа қандай да бір емді қолдану қажеттілігі аз.

Артық дозалану

Жедел артық дозаланған кезде бақылаудан басқа қандай да бір емді қолдану қажеттілігі аз.

Шығарылу түрі

Препаратты 120 дозадан дозалаушы құрылғысы және қорғаныс қалпақшасы бар күңгірт түсті шыны құтыға салады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейін - 60 күн ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыFlutel-F мұрын спрейі 27.5 мкг / доза 120 доза дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube