daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы №96 Капсула Фосфогливі | Фармстандарт-Лексредства ОАО

Уральске қаласындағы №96 Капсула Фосфогливі | Фармстандарт-Лексредства ОАО
Сипаттама:

Қатты желатин капсулалар №0, капсуланың корпусы – қызғылт-сары түсті, қақпағы – қара түсті. Капсуланың ішінде – өзіне тән аздаған иісі бар сәл сарғыш реңді ақтан ашық-сары түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ.

Өндіруші:

Фармстандарт-Лексредства ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза – 141,2 мг, кальций карбонаты ‒ 204,7 мг, кальций стеараты – 0,9 мг, тальк – 7,7 мг, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) – 5,5 мг. Қатты желатинді капсулалар – 96,0 мг [Капсула құрамы: Корпусы: күн батар түстес сары бояғышы (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин. қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы бояғышы (Е 172), желатин]

Дәрілік түрі:

Капсулалар

Қаптамадағы саны:

96 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: Фосфолипидтер (липоид С80) (100% затқа шаққанда) (негізгі компонент фосфатидилхолин 73-79%) – 65,0 мг, глицирризин қышқылының тринатрий тұзы (натрий глицирризинаты) – 35,0 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза – 141,2 мг, кальций карбонаты ‒ 204,7 мг, кальций стеараты – 0,9 мг, тальк – 7,7 мг, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) – 5,5 мг.

Қатты желатинді капсулалар 96,0 мг

[Капсула құрамы:

Корпусы: күн батар түстес сары бояғышы (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы бояғышы (Е 172), желатин]

Қолдану көрсеткіштері

- бауырдың майлы дегенерациясында (гепатоз), бауырдың алкогольдік, уытты, оның ішінде дәрілік зақымдануында;

- вирустық гепатиттер, бауыр циррозы мен псориазды кешенді емдеу құрамында.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- антифосфолипидтік синдром

- жүктілік және бала емізу

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Сақтықпен

- портальді гипертензиясы бар науқастарда

- артериялық гипертензиясы бар науқастарда.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Фосфоглив® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Бала емізу кезеңі

Фосфоглив® препаратын бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Фертильділік

Фосфоглив® препаратының адам фертильділігіне ықпалы туралы деректер жоқ.

Жануарлардан алынған токсикологиялық деректер фертильділікке әсер етпейтінін растайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа жұмысты орындау қабілетіне қолайсыз әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер

2 капсуладан тәулігіне 3 рет.

Пациенттердің ерекше топтары

18 жасқа дейінгі балалар:

Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Қолдану тәсілі

Ішке қабылдауға арналған.

Тамақтану кезінде, шайнамай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен қабылданады.

Емдеу ұзақтығы

Қолдану ұзақтығы 6 айға дейін болуы мүмкін, орта есеппен – 3 ай.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Жанама әсерлері

Өте сирек

тері бөртпесі, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, конъюнктивит, жөтел, артериялық қысымның транзиторлық (өтпелі) жоғарылауы, шеткері ісіну, диспепсия (кекіру, жүрек айнуы, іш кебуі), іштегі жайсыздық.

Артериялық қысым көтерілген жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесуіңіз керек.

Шығарылу түрі

10 немесе 12 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

10 капсуладан 5 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 12 капсуладан 8 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Препаратты түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға болады№96 капсула Фосфогливі дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube