daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Фозиноприл-Тева Таблеткалары 10 Мг №30 | Здравле А.Д.

Уральске қаласындағы Фозиноприл-Тева Таблеткалары 10 Мг №30 | Здравле А.Д.
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында «FL 10» (10 мг дозасы үшін) немесе «FL 20» (20 мг дозасы үшін) бедерлемесі бар, диаметрі шамамен 8.0 мм таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Фозиноприл

Өндіруші:

Здравле А.Д.

Өндіруші ел:

Сербия

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Дәрілік түрі:

10 мг және 20 мг таблеткалар

Қаптамадағы саны:

30 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

артериялық гипертензияда

созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде

Қарсы көрсеткіштер

- фозиноприлге, АӨФ басқа тежегіштеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну, оның ішінде анамнезінде, АӨФ басқа тежегіштерін қабылдағаннан кейін

- бүйрек артериясының стенозы (жалғыз бүйрегі бар пациенттерде екі жақты немесе бір жақты)

- сакубитрилмен/валсартанмен бір мезгілде қабылдау; фозиноприлді сакубитрилдің / валсартанның соңғы дозасынан кейін кемінде 36 сағаттан ерте бастауға болмайды

- алискиренмен және құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолданған кезде қант диабеті және/немесе бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерге (дене беткейінің ауданы 1,73 м2/ ШСЖ 60 мл/мин/-нен кем)

- кардиогенді шок

- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Өзара әрекеттесуі

Циклоспорин

циклоспоринді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда гиперкалиемияның пайда болу қаупі артады. Қандағы калий концентрациясын бақылау ұсынылады.

Диуретиктер

Натрий фозиноприлін қабылдайтын пациенттерге диуретиктерді тағайындаған кезде гипертензияға қарсы әсері күшейеді.

Диуретиктерді қабылдаған пациенттер, атап айтқанда диуретиктермен емдеу жақында басталған пациенттер натрий фозиноприлі қосылған кезде қан қысымының шамадан тыс төмендеуін сезінуі мүмкін. Натрий фозиноприлін қолдану нәтижесінде симптоматикалық гипотензияның даму мүмкіндігін біріктірілген ем және мұқият медициналық бақылау арқылы дозаны түзету жолымен азайтуға болады.

Калий қоспалары, калий жинақтаушы диуретиктер, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар немесе сарысуы бар калийді арттыратын басқа препараттар (мысалы, гепарин).

Сарысулық калий әдетте қалыпты шекте болса да, кейбір пациенттерде фозиноприлді қолдану аясында гиперкалиемия дамиды. Гиперкалиемияның пайда болу қауіп факторларына бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті және калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), калий қоспаларын, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды немесе сарысудағы калийді арттыратын басқа препараттарды (мысалы, гепарин) бір мезгілде қолдану жатады. Жоғарыда аталған препараттарды, атап айтқанда бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану сарысулық калий деңгейінің айтарлықтай жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қандағы калий концентрациясын бақылау ұсынылады.

Натрий фозиноприлін калийді сақтамайтын диуретиктермен қолданғанда диуретиктерді қолданудан туындаған гипокалиемия өршуі мүмкін.

Литий

Сарысудағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уыттылығы туралы литий мен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда хабарланды. Тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қолдану литий уыттылығы қаупін арттыруы және АӨФ тежегіштерін қолданған кезде бұрыннан бар литий уыттылығын арттыруы мүмкін. Натрий фозиноприлін қолдану ұсынылмайды, бірақ егер біріктірілген ем қажет болса, онда сарысулық литий деңгейін мұқият бақылау қажет.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), оның ішінде ацетилсалицил қышқылы күніне ≥3 г

ҚҚСП ұзақ қолдану АӨФ тежегішінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін. ҚҚСП және АӨФ тежегіштері сарысудағы калийдің жоғарылауына қосымша әсер етеді және бүйрек функциясының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл әсерлер әдетте қайтымды болады. Бүйрек функциясы бұзылған, мысалы, егде жастағы адамдар немесе сусыздануға шалдыққан пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін.

Гипертензияға қарсы басқа препараттар

Гипертензияға қарсы басқа препараттармен, мысалы, бета-блокаторлармен, кальций антагонистерімен және диуретиктермен бір мезгілде қолдану гипертензияға қарсы әсерді арттыруы мүмкін. Нитроглицеринмен және басқа нитраттармен немесе басқа вазодилататорлармен бір мезгілде қолдану қан қысымын төмендетуі мүмкін.

АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді бірлесіп қолданған кезде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы РААЖ бір агентін пайдаланумен салыстырғанда гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі) сияқты жағымсыз құбылыстардың анағұрлым жоғары жиілігімен байланысты.

Ангионевроздық ісінудің даму қаупін арттыратын дәрілік препараттар

АӨФ тежегіштерін сакубитрилмен / валсартанмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл ангионевроздық ісінудің даму қаупін арттырады.

mTOR тежегіштері (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус)

mTOR тежегіштерімен қатар ем алатын пациенттерде ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғары.

Ко-тримоксазол (триметоприм / сульфаметоксазол)

Ко-тримоксазолды (триметоприм/сульфаметоксазол) қабылдайтын пациенттер гиперкалиемияның жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін.

Трициклді антидепрессанттар / нейролептиктер / анестетиктер

Белгілі бір анестезияға арналған дәрілік препараттарды, трициклді антидепрессанттарды және нейролептиктерді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның кейіннен төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Симпатомиметиктер

Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.

Диабетке қарсы препараттар

АӨФ тежегіштері мен диабетке қарсы дәрілік препараттарды (инсулин, пероральді гипогликемиялық препараттар) бір мезгілде қолдану қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатуы мүмкін, осылайша препараттардың әсерін азайтып, гипогликемия туындау қаупін арттырады. Бұл құбылыс біріктірілген емнің алғашқы апталарында және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер жиі кездеседі.

Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер, бета-блокаторлар, нитраттар

Натрий фозиноприлін ацетилсалицил қышқылымен (кардиологиялық пациенттерге арналған дозада), тромболитиктермен, бета-блокаторлармен және/немесе нитраттармен бір мезгілде қолдануға болады.

Простагландиндердің эндогендік синтезінің тежегіштері

Индометацин, әсіресе ренин мөлшері төмен гипертония жағдайларында, АӨФ басқа тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін деп хабарланған. Қабынуға қарсы басқа стероидты емес дәрілер (мысалы, аспирин) ұқсас әсер етуі мүмкін.

Иммуносупрессанттар, цитостатикалық препараттар, жүйелі кортикостероидтар немесе прокаинамид, аллопуринол

Натрий фозиноприлін иммунодепрессанттармен немесе лейкопенияны туындатуы мүмкін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Алкоголь

Алкоголь натрий фозиноприлінің гипотензивті әсерін арттырады.

Антацидтер

Антацидтер (мысалы, алюминий гидрототығы, магний тотығы, симетикон) натрий фозиноприлінің сіңуін бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан екі препаратты да 2 сағат ең аз уақыт аралығымен бөлек қабылдау қажет.

Гипертензияға қарсы басқа препараттар

Бета-блокаторлар, метилдопа, кальций антагонистері және диуретиктер сияқты гипертензияға қарсы басқа дәрілермен біріктірілім гипертензияға қарсы әсерді күшейте алады. Глицерилтринитратпен және басқа нитраттармен немесе басқа вазодилататорлармен бір мезгілде қабылдау қан қысымын одан әрі төмендетуі мүмкін.

Иммуносупрессанттар

Натрий фозиноприлін иммуносупрессанттармен (мысалы, азатиоприн) бір мезгілде қабылдау лейкопенияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Зертханалық зерттеулер

Натрий фозиноприлі белсендірілген көмірмен сіңіру әдісімен талдау кезінде сарысудағы дигоксинді дұрыс емес өлшеуді тудыруы мүмкін (дигоксинге арналған Ria Digi-Tab® жиынтықталымы). Паратироидты тексеруден бұрын натрий фозиноприлімен емдеуді бірнеше күнге тоқтата тұру ұсынылады.

Шығарылу түрі

7 немесе 10 таблеткадан ішкі беті алюминий фольгамен жабылған поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

7 таблеткадан 4 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 10 таблеткадан 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФозиноприл-Тева таблеткалары 10 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube