daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Фторокорт Жақпа 15 Г | Гедеон Рихтер ОАО

Уральске қаласындағы Фторокорт Жақпа 15 Г | Гедеон Рихтер ОАО
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті, иіссіз дерлік біртекті жақпамай.

Халықаралық атауы:

Триамцинолон

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар - метилпарагидроксибензоат, стеарин қышқылы, полисорбат 60, цетил спирті, сұйық парафин, глицерин (85%), тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,1%

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кортикостероидтарға сезімтал тері ауруларын жергілікті емдеуде (экзема, тұрпайы псориаз, аллергиялық дерматит).

Қарсы көрсеткіштер

Әсер етуші заттарға және кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық.

Препараттың көзге және көз аумағына жанасуынан аулақ болу керек.

Қатарлас тиісінше бактерияға қарсы емі болмаған терінің зеңдік немесе бактериялық инфекциялары.

Туберкулездік және терінің көбіне вирустық зақымданулары, әсіресе қарапайым герпесте және желшешекте.

Терінің паразиттерінен туындаған (мысалы, қотыр) инфекциялары.

Аяқтағы ойық жараны, беттегі қызғылт безеулерді, акне, периоральді дерматитте немесе жаялық дерматитінде, терінің құрғақ қабыршықтануын емдеу үшін.

Жүктіліктің бірінші триместрі және бала емізу кезеңі

1 жасқа дейінгі балалар.

Өзара әрекеттесуі

Фторокорт жақпамайының өзара әрекеттесулеріне зерттеу жүргізілген жоқ. Стероидтерді жергілікті қолданғанда өзара әрекеттесулері белгісіз.

Жағымсыз әсерлер қаупінің жоғары болуына байланысты басқа жергілікті кортикостероидтармен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Арнайы ескертулер

Терінің тітіркену құбылыстары пайда болған кезде Фторокорт жақпамайын қолдануды тоқтатқан және басқа препаратпен тиісінше емдеуді жалғастырған жөн.

Окклюзиялық таңғыштарды қолданған кезде және дененің ауқымды беткейлерін емдеген кезде препарат жүйелі әсер етуі мүмкін, мұндай жағдайларда, әсіресе балаларды емдегенде ерекше сақтық қажет.

Мүйізгекті қабаттың жұмсаруымен терінің терең қабатына микроорганизмдердің, әсіресе әрі қарай әртүрлі пиодермиялар дамитын пиогендік микроорганизмдердің кедергісіз өтіп кету қаупі артады, бұлар дезинфекциялық шаятын заттармен жақсы емделеді. Зеңдік инфекциялар болуы мүмкін, кейде таңғыш астында қанталаулар пайда болады. Препарат ұзақ жапсырылған жерде, әсіресе жас адамдарда, тері атрофиялануы болуы мүмкін.

Псориаз

Псориазды стероидтармен жергілікті емдеу бірқатар қауіп факторларымен (мысалы, кері әсер, стероидттарға тәуелділік, жайылған пустулезді псориаздың даму қаупі және терінің бөгеу функциясының зақымдануынан болатын жергілікті немесе жүйелі уыттылық) қатар жүруі мүмкін. Осылайша, псориаз кезінде топикалық стероидтармен емдеуді қатаң медициналық бақылаумен жүргізу керек.

Көрудің бұзылуы

Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде көрудің бұзылуы мүмкін. Пациенттерде көру қабылдауының анық еместігі немесе көрудің басқа да бұзылуы сияқты симптомдар туындаған кезде катаракта, глаукома немесе кортикостероидтарды жүйелі немесе жергілікті қолданғаннан кейін хабарланған орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек аурулар себептерін болдырмау үшін офтальмологтан кеңес алу мүмкіндігін қарастыру керек.

Қосымша заттар

Препарат құрамында аллергиялық реакциялар (баяу типті болуы мүмкін) туындатуы мүмкін метилпарагидробензоат және жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін цетил спирті бар.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат балаларға тек ерекше жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Курстар 5 күннен аспауы тиіс және окклюзиялық таңғыштар пайдаланылмауы тиіс. Балаларда стероидты гормондармен ұзақ мерзімді үздіксіз топикалық емнен аулақ болу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Фторокорт жақпамайын жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға болмайды, әрі қарай ол күтілетін артықшылықтар мен ықтимал қауіптерін мұқият бағалағаннан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.

Клиникаға дейінгі зерттеулерде фетоуыттылық әсерлер (тератогендігі, эмбриоуыттылығы) байқалды. Адамағы жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі туралы дәлелдер жеткіліксіз.

Буаз жануарларда кортикостероидтарды жергілікті қолдану, оның ішінде таңдай жарылуы мен құрсақішілік даму іркілісін қоса алғанда, шарананың даму патологиясын тудыруы мүмкін. Демек, адам шаранасының ағзасында осындай әсерлердің өте аз қаупі бар.

Жүктілік кезінде глюкокортикоидтардың жартылай шығарылу кезеңі артады және жаңа туған нәрестелерде плазма клиренсі балалар мен ересектерге қарағанда аз.

Бала емізу кезеңінде

Жүйелі кортикостероидтар емшек сүтіне экскрецияланады және жаңа туған нәрестелерде бүйрек үсті қыртысының функциясына теріс әсер етуі және өсудің бәсеңдеуі сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.

Емшек емізу кезеңінде триамцинолонды жергілікті қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фторокорт жақпамайы автомобильді басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе әсері елеусіз.

Қолдану жөніндегі ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектер: жақпамайдың жұқа қабаты терінің зақымдалған бөлігіне күніне екі немесе үш рет (күніне ең көп дегенде 15 г жақпамай) немесе окклюзиялық таңғышқа (күніне ең көп дегенде 10 г жақпамай) жағылады.

Балалар: Фторокортты 1 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолдануға болмайды. Бір жастан асқан балалар үшін жақпамайдың жағымсыз әсерлерін азайту үшін зақымдалған аумаққа күніне ең көп дегенде екі рет қолданылуы мүмкін. Емдеу 5 күннен аспайтын уақыт болуы мүмкін. Окклюзиялық таңғышқа жағу ұсынылмайды.

Егде жастағы тұлғалар: кортикостероидтарды сақтықпен және қысқа уақыт кезеңінде қолданған жөн, себебі егде адамдардың терісі табиғи жұқара бастайды.

Жанама әсерлері

Жағымсыз әсерлердің даму жиілігі туралы деректер жоқ, сондықтан олардың жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес).

Стероидтармен жергілікті емдеу жергілікті жағымсыз реакциялардың дамуымен ықтимал байланыста. Сондай-ақ, тері арқылы өтетін стероидтардың мөлшеріне байланысты жүйелік әсерлері болуы мүмкін. Инфекциялық және паразиттік аурулар: инфекция, бүркемеленген инфекциялар, оппортунистік инфекциялар.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: аса жоғары сезімталдық реакциялары.

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар: бүйрек үсті безі қыртысының салдарлы жеткіліксіздігі (бүйрек үсті безі қыртысының функциясы бәсеңдеуі).

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипокалиемиялық алкалоз, сұйықтықтың іркілуі, гипокалиемия, натрий іркілуі.

Психиканың бұзылуы: ұйқысыздық, психикалық бұзылыстар.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: құрысу, бас айналу, бас ауруы, бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауы.

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: катаракта, субкапсулярлы катаракта, экзофтальм, глаукома, папиллярлы ісіну, ойық жаралы кератит, хореоретинопатия, анық көрмеу.

Жүрек тарапынан бұзылулар: жүрек жеткіліксіздігі.

Қан тамырлары тарапынан бұзылулар: артериялық гипертензия.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: асқазаннан қан кету, асқазан-ішек қан кетуі, асқазан-ішек тесілуі, эзофагит, панкреатит, ойық жара ауруы.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: дерматит, терінің күйдіруін сезіну, жағу орнында фолликулит, безеу дерматиті, жанаспалы дерматит, құрғақ, жұқа тері, эритема, гирсутизм, гипергидроз, баздану, қышыну, терінің атрофиясы, терінің гипопигментациясы, терінің тітіркенуі, терідегі стрийлер, телеангиоэктазия.

Тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: стероидты миопатия, остеонекроз, остеопороз.

Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен бұзылулар: жаралардың жазылуының баяулауы.

Зертханалық және аспаптық деректер: көзішілік қысымның жоғарылауы, теріс азотты теңгерім, терінің теріс тесті.

Балалар

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: педиатриялық пациенттерде катарактаның пайда болу ықтималдығы жоғары.

Тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тін тарапынан бұзылулар: бой өсуінің тежелуі.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

Тесетін ұшы бар, полиэтилен қақпақшамен тығындалған, лакталған алюминий сықпада 15 г-дан.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

15 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФторокорт жақпа 15 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube