Құрамы
Бір 75 мг капсула құрамында
белсенді зат – 75.00 мг прегабалин, құрғақ затқа шаққанда;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинденген крахмал, тальк;
капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171);
150 мг бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 150.00 мг прегабалин, құрғақ затқа шаққанда;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген крахмал, тальк;
капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), понсо 4R (Е 124), патенттелген көк V (Е 131), бриллиантты қара PN (Е 151).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір емес ақ корпусы және ақ қақпағы (75 мг доза үшін) немесе көк қақпағы (150 мг доза үшін) бар қатты желатин капсулалар.
Капсула ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.