Қолдану көрсеткіштері
Ересектер:
пероральді ем тиімсіз болған жағдайда, І типті биполярлық бұзылудың психосоматикалық бұзылулармен немесе маниакальді эпизодтармен байланысты ауыр жедел психомоторлық қозуды жылдам басу
фармакологиялық емес әдістер тиімсіз болған жағдайда делирияның шұғыл емі
басқа дәрілік заттар тиімсіз немесе жақпаса, ал пероральді ем жарамсыз болса, ауыр және орташа дәрежедегі гентингтон хорезін емдеу
операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы, монотерапия ретінде немесе басқа дәрілік заттар тиімсіз немесе жақпаған кезде біріктірілген ем құрамында орташа және жоғары қаупі бар пациенттерде
басқа дәрілік заттар тиімсіз немесе жақпаған кезде операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсудың біріктірілген емі.