daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Ганвир Бөтелкесі 500 Мг | Gland Pharma Limited

Уральске қаласындағы Ганвир Бөтелкесі 500 Мг | Gland Pharma Limited
Сипаттама:

Лиофилизацияланған ұнтақ немесе ақ түсті масса. Қалпына келтірілген ерітінді – көзге көрінетін бөлшектері жоқ мөлдір түсссіз ерітінді.

Халықаралық атауы:

Ганцикловир

Өндіруші:

Gland Pharma Limited

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий гидроксиді, азот. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Лиофилизацияланған ұнтақ немесе ақ түсті масса. Қалпына келтірілген ерітінді – көзге көрінетін бөлшектері жоқ мөлдір түсссіз ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 500 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат– ганцикловир 500.0 мг,

қосымша заттар: натрий гидроксиді, азот.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Лиофилизацияланған ұнтақ немесе ақ түсті масса.

Қалпына келтірілген ерітінді – көзге көрінетін бөлшектері жоқ мөлдір түсссіз ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

Ганвир ересектерде және ≥ 12 жастағы балаларда мыналарға қолданылады:

- иммунитеті әлсіреген адамдарда цитомегаловирустық инфекцияны (ЦМВ) емдеуге

- дәрі-дәрмектік иммуносупрессиясы бар (мысалы, ағзалардың трансплантациясынан немесе обырдың химиотерапиясынан кейін) пациенттерде алдын алу емін пайдалану арқылы ЦМВ инфекциясының профилактикасында.

Ганвир ересектерде және туғаннан бастап балаларда мыналарға қолданылады:

- дәрі-дәрмектік иммуносупрессиясы бар (мысалы, ағзалардың трансплантациясынан немесе обырдың химиотерапиясынан кейін) пациенттерде әмбебап профилактиканы пайдалану арқылы ЦМВ инфекциясының профилактикасында.

Вирусқа қарсы дәрілерді тиісті түрде қолдану жөніндегі ресми нұсқаулық туралы мәселені қарастыру керек.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе «Құрамы» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

лактация кезеңі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер

Пробенецид

Ганцикловирмен пероральді тағайындалған пробенецид ганцикловирдің бүйректік клиренсінің статистикалық маңызды төмендеуіне және экспозицияның клиникалық маңызды ұлғаюына әкелді. Мұндай әсер ганцикловирді вена ішіне және пробенецидті бір мезгілде енгізген кезде де күтіледі. Сондықтан, пробенецид пен Ганвирді қабылдайтын пациенттер ганцикловирдің уыттылығына қатысты мұқият бақылануға тиіс.

Диданозин

Плазмадағы диданозин концентрациясы ганцикловирмен бір мезгілде қолданған кезде үнемі жоғарылайтыны анықталды. Тәулігіне 5 және 10 мг/кг дозаларда вена ішіне енгізген кезде диданозиннің AUC 38%-дан 67% дейінгі диапазонда ұлғайғаны байқалды. Ганцикловирдің концентрациясына клиникалық мәні бар ықпалы байқалған жоқ. Пациенттер диданозиннің уыттылығына қатысты мұқият бақылауда болуға тиіс.

Басқа антиретровирустық препараттар

P450 цитохромының изоферменттері ганцикловирдің фармакокинетикасында ешқандай рөл атқармайды. Демек, протеаза тежегіштерімен және кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерімен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Имипенем-циластатин

Ганцикловир мен имипенем-циластатинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде құрысулар туралы хабарланды. Егер әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіптерінен аспаса, осы препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Зидовудин

Зидовудин сияқты, ганцикловир де нейтропения мен анемияны туғызуы мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану кезінде фармакодинамикалық өзара әрекеттесу орын алуы мүмкін. Кейбір пациенттер қатарлас толық дозада қатар жүретін емді көтере алмауы мүмкін.

Басқа да әлеуетті дәрілік өзара әрекеттесулер

Ганцикловирді миелосупрессиялы екені немесе бүйрек функциясының бұзылуымен байланыстылығы белгілі басқа препараттармен бір мезгілде қолданған кезде уыттылық күшеюі мүмкін. Бұл инфекцияға қарсы агенттерді (дапсон, пентамидин, флуцитозин, амфотерицин В, триметоприм/ сульфаметоксазол сияқтылар), иммунодепрессанттарды (мысалы, циклоспорин, такролимус, микофенолат мофетил), ісікке қарсы агенттерді (мысалы, винкристин, винбластин, доксорубицин және гидроксимочевина), сондай-ақ нуклеозидтерді (зидовудинді, ставудин мен диданозинді қоса) және нуклеотидтердің аналогтарын (оның ішінде тенофовир, адефовир) қамтиды. Сондықтан бұл препараттарды ганцикловирмен бір мезгілде қолдануды, егер әлеуетті пайдасы әлеуетті қаупінен асып түскен жағдайда ғана қарастыру керек.

Балалар

Өзара әрекеттесуін зерттеулер ересектерде ғана жүргізілген.

Арнайы сақтандырулар

Айқаспалы аса жоғары сезімталдық

Ганцикловирдің және ацикловир мен пенцикловирдің химиялық құрылымы ұқсас болғандықтан, бұл препараттардың арасында айқаспалы аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы мүмкін. Сондықтан Ганвирді ацикловирге немесе пенцикловирге (немесе олардың ізашар дәрілеріне, сәйкесінше валацикловирге немесе фамцикловирге) белгілі аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге тағайындаған кезде сақтық таныту керек.

Мутагенділік, тератогенділік, канцерогенділік, фертильділік және контрацепция

Ганцикловирмен емдеуді бастағанға дейін пациенттер шарана үшін әлеуетті қаупі жөнінде жөнінде хабардар болуға тиіс. Жануарлардағы зерттеулерде ганцикловир мутагенді, тератогенді, канцерогенді болып табылатыны және фертильділікті нашарлататыны анықталды. Клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулер негізінде ганцикловир сперматогенездің уақытша немесе тұрақты тежелуін туғызуы ықтимал деп саналады.

Сондықтан ганцикловирді адамдарда туа біткен ақауларды және обырды туғызуға қабілетті әлеуетті тератоген және канцероген ретінде қарастыру керек. Сондықтан бала туу әлеуеті бар әйелдерге емдеу кезінде және одан кейін кемінде 30 күн бойы контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануды ұсыну керек. Еркектерге емделу кезінде және одан кейін кемінде 90 күн бойы контрацепцияның кедергілік әдісін қолдануды ұсыну керек, егер серіктес әйел жүктілік қаупіне ұшырамайтынына сенімділік болмаса.

Ганцикловирді қолдану әлеуетті ұзақ мерзімдік канцерогенділігіне және ұрпақ өрбітуге уыттылығына байланысты әсіресе педиатриялық популяцияда ерекше сақтықты талап етеді. Емдеудің артықшылықтары әрбір нақты жағдайда мұқият қарастырылуы тиіс және қауіптерден айқын басымдылықта болуға тиіс. Емдеу жөніндегі нұсқаулықтарға жүгініңіз.

Миелосупрессия

Ганвирді дәрілік препараттарға байланысты гематологиялық цитопениясы бар немесе гематологиялық цитопения анамнезінде болған пациенттерде, сондай-ақ сәулелік ем қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Ауыр лейкопения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения және сүйек кемігінің жеткіліксіздігі ганцикловирді қабылдаған пациенттерде байқалды. Егер нейтрофилдердің абсолюттік саны 500 жасуша/мкл-ден аз болса немесе тромбоциттер саны 25 000 жасуша/мкл-ден аз болса, немесе гемоглобин 8 г/дл аз болса, емді бастамау керек.

Ем кезінде тромбоциттер санын қоса, қанның толық талдауын бақылау ұсынылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ жаңа туған нәрестелер мен сәбилерде жоғары гематологиялық мониторинг орынды болуы мүмкін. Енгізудің алғашқы 14 күні ішінде әрбір екінші тәулікте лейкоциттер санын есептеу (дифференциалдық тест ретінде болғаны дұрыс) жүргізу ұсынылады; нейтрофилдердің бастапқы деңгейі төмен (< 1000 нейтрофил/мкл), басқа миелоуытты заттармен алдыңғы ем кезінде лейкопения дамыған пациенттерде, сондай-ақ бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бұл мониторингті күн сайын жүгізген жөн.

Ауыр лейкопениясы, нейтропениясы, анемиясы және/немесе тромбоцитопениясы бар пациенттерге гемопоэтиндік өсу факторларымен емдеуді қолдану мүмкіндігін және/немесе ганцикловирмен емді тоқтата тұруды қарастыру ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер уыттылықтың (әсіресе гематологиялық уыттылықтың) жоғары қаупіне ұшырайды. Дозаны азайту талап етіледі.

Басқа дәрілік заттармен бірге қолдану

Имипенем-циластатинді және ганцикловирді қабылдаған пациенттерде құрысулар туралы хабарланды. Әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіптерінен басым түспейтін болса, ганцикловирді имипенем-циластатинмен бір мезгілде қабылдамау керек.

Ганцикловир мен диданозинді, миелосупрессиялы екені белгілі немесе бүйрек функциясына ықпал ететін препараттарды, қабылдап жүрген пациенттер қосымша уыттылық белгілеріне қатысты мұқият бақылануға тиіс.

Қосымша заттар

Бұл дәрілік препарат құрамында құтысында 73.5 мг натрий бар, ол ересек адам үшін ДДҰ ұсынған 2 г натрийдің тәуліктік дозасының 3.7% жуығына баламалы.

Еркектер мен әйелдердегі контрацепция

Ганцикловирдің ұрпақ өрбітуге әлеуетті уыттылығына және тератогенділігіне байланысты бала туу әлеуеті бар әйелдерге емдеу кезінде және емдеуден кейін кемінде 30 күн бойы тиімді контрацепцияны пайдалану ұсынылады. Еркек жынысты пациенттерге, егер серіктес әйелдің жүкті болу қаупіне ұшырамайтынына сенімділігі болмаса, ганцикловирмен емдеу кезінде және емдеуден кейін кемінде 90 күн бойы бөгеттік контрацепцияны қолдану ұсынылады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Ганцикловирді жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Алайда ганцикловир адам плацентасы арқылы оңай диффузияланады. Клиникаға дейінгі зерттеулерде ганцикловир ұрпақ өрбітуге уыттылықпен және тератогенділікпен байланысты болды. Сондықтан ганцикловирді әйелді емдеудегі клиникалық қажеттілігі шарана үшін әлеуетті тератогенділік қаупінен басым түспесе, жүкті әйелдерге қолданбау керек.

Ганцикловир ананың емшек сүтімен бөліне ме, жоқ па, белгісіз, бірақ ганцикловирдің емшек сүтімен бөлінуі және емшек еметін балада күрделі жағымсыз реакцияларды туғызуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Жануарлардағы деректер ганцикловирдің лактациядағы еегуқұйрықтардың сүтімен бөлінетінін айғақтайды. Сондықтан ганцикловирмен емдеу кезінде емшек емізу тоқтатылуға тиіс.

Фертильділік

Клиникалық және клиникалық емес деректердің негізінде, ганцикловир адам сперматогенезінің уақытша немесе тұрақты тежелуін туғызуы ықтимал деп саналады.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

ЦМВ емдеу

Бүйрек функциясы қалыпты ересектер мен ≥ 12 жастағы балалар

Бастапқы ем:  дене салмағына 5 мг/кг дозада 1 сағат ішінде в/і инфузия әрбір 12 сағат сайын 14-21 күн бойы.

Демеуші ем: иммунитеті әлсіреген және қайталану қаупі бар пациенттерге аптасына 7 күн бойы 5 мг/кг-ден 1 сағат ішінде вена ішіне инфузия арқылы немесе күн сайын 6 мг/кг-ден аптасына 5 күн бойы демеуші ем тағайындауға болады.

Аурудың үдеуін емдеу: ЦМВ инфекциясы үдеген кез келген пациент, демеуші ем кезінде, не болмаса ганцикловирмен емдеудің тоқтатылуына байланысты, бастапқы ем сызбасын пайдаланып қайтадан емделуі мүмкін. < 12 жастағы балалар

Қолда бар деректерге сәйкес оларды қолдану жөнінде ешқандай нұсқау беру мүмкін емес.

Алдын алу емін пайдалану арқылы ЦМВ профилактикасы

Бүйрек функциясы қалыпты ересектер мен ≥ 12 жастағы балалар Бастапқы ем: дене салмағына 5 мг/кг дозада 1 сағат ішінде в/і инфузия әрбір 12 сағат сайын 7-14 күн бойы.

Демеуші ем: аптасына 7 күн бойы 5 мг/кг-ден 1 сағат ішінде вена ішіне инфузия арқылы немесе күн сайын 6 мг/кг-ден аптасына 5 күн бойы. Демеуші емнің ұзақтығы ЦМВ ауруының қаупіне байланысты, емдеу жөніндегі жергілікті ұсынымдарға жүгіну керек.

< 12 жастағы балалар

Қолда бар деректерге сәйкес оларды қолдану жөнінде ешқандай нұсқау беру мүмкін емес.

Әмбебап профилактиканы пайдалану арқылы ЦМВ инфекциясының профилактикасы

Ересектер мен > 16 жастағы балалар

Аптасына 7 күн бойы 5 мг/кг-ден 1 сағат ішінде вена ішіне инфузия арқылы немесе күн сайын 6 мг/кг-ден аптасына 5 күн бойы. Емнің ұзақтығы ЦМВ ауруының қаупіне байланысты, емдеу жөніндегі жергілікті ұсынымдарға жүгіну керек.

0-16 жастағы балалар

Вена ішіне инфузия түрінде бір сағат ішінде енгізілетін ганцикловирдің ұсынылған тәуліктік дозасы Мостеллердің ДБА формуласын пайдаланып дене беткейінің ауданына (ДБА) және Шварц формуласынан (КК) алынған креатинин клиренсіне негізделген, және төменде келтірілген теңдеулерді пайдаланып есептеледі. Әмбебап профилактиканың ұзақтығы ЦМВ ауруының қаупіне байланысты және әркімге жеке анықталуы тиіс. Балаларға арналған доза (мг) = 3 x ДБАx КК (Мостеллердің және Шварцтың формуласын қараңыз). Егер Шварцтың есептік креатинин клиренсі 150 мл/мин/1,73 м2 мәнінен асып кетсе, онда теңдеуде 150 мл/мин/1,73 м2 ең жоғары мәнін пайдалану керек.

Артық дозалану

Симптомдары: клиникалық сынақтар мен постмаркетингтік тәжірибе барысында вена ішіне енгізілген ганцикловирдің артық дозалануы туралы хабарламалар алынды, кейбіреулері өліммен аяқталған. Хабарламалардың көпшілігі қандай да бір жағымсыз реакциялармен байланысты болған жоқ, немесе төменде атап көрсетілген жағымсыз реакциялардың біреуін немесе бірнешеуін қамтыды:

– гематологиялық уыттылық: панцитопенияны қоса, миелосупрессия, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, лейкопения, нейтропения, гранулоцитопения;

– гепатоуыттылық: гепатит, бауыр функциясының бұзылуы;

– бүйрекке уыттылық: бүйрек жеткіліксіздігі бар, бүйректің жедел зақымдануы бар, креатинині жоғарылаған пациенттегі гематурияның нашарлауы;

– асқазан-ішектік уыттылық: іштің ауыруы, диарея, құсу;

– нейроуыттылық: жайылған тремор, құрысулар.

Емі: ганцикловир гемодиализдің көмегімен шығарылады, сондықтан ганцикловирдің артық дозалануына ұшыраған пациенттерде препараттың әсерін төмендету үшін гемодиализ пайдалы болуы мүмкін.

Тұрғындардың ерекше топтары туралы қосымша ақпарат

Бүйрек жеткіліксіздігі: ганцикловирдің артық дозалануы бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бүйрекке уыттылықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін деп күтіледі.

Балалар: қандай да бір нақты ақпарат жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Жанама әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

Валганцикловир ганцикловирдің ізашары болып табылады, және валганцикловирмен байланысты жағымсыз реакциялар ганцикловирді қолдану кезінде де туындауы мүмкін деп күтуге болады. Пероральді ганцикловир енді қолжетімді емес, бірақ оны қолдану кезінде хабарланған жағымсыз реакциялар ганцикловирді вена ішіне алып жүрген пациенттерде де туындауы мүмкін. Сондықтан ганцикловирді немесе валганцикловирді вена ішіне немесе пероральді қолдану кезінде хабарланған жағымсыз дәрілік реакциялар жағымсыз реакциялар кестесіне енгізілген.

Ганцикловир/валганцикловир қабылдаған пациенттерде барынша күрделі және жиі жағымсыз дәрілік реакциялар гематологиялық реакциялар болып табылады, олар нейтропенияны, анемияны және тромбоцитопенияны қамтиды. Дәрілік заттарға басқа жағымсыз реакциялар төмендегі кестеде келтірілген.

Кестеде берілген жағымсыз реакциялардың жиілігі ганцикловирмен немесе валганцикловирмен демеуші ем алып жүрген АИТВ-инфекцияланған пациенттердің (n = 1704) біріккен популяциясынан алынған. Агранулоцитоз, гранулоцитопения және анафилаксиялық реакция бұларға жатпайды, олардың жиілігі постмаркетингтік тәжірибемен анықталады. Жағымсыз реакциялар MedDRA жүйесінің ағзалар класына сәйкес тізбеленген. Жиілік санаттары мынадай келісімді пайдаланып анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1 000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 - < 1/1 000 дейін) және өте сирек (< 1/10 000).

Ганцикловир/валганцикловирдің жалпы қауіпсіздік бейіні торлы қабықтың ажырауы ЦМВ-ретинитпен АИТВ-пациенттерде ғана тіркелгенін қоспағанда, АИТВ және трансплантаттар популяцияларында өзара үйлеседі. Алайда белгілі бір реакциялардың жиілігінде кейбір айырмашылықтар бар. Ганцикловирді вена ішіне енгізу валганцикловирді пероральді қабылдаумен салыстырғанда диарея дамуының төменірек қаупімен байланысты. Пирексия, кандидоздық инфекциялар, депрессия, ауыр нейтропения (НАС < 500/мкл) және тері реакциялары АИТВ бар пациенттерде жиірек тіркеледі. Бүйрек және бауыр дисфункциясы ағзалар трансплантациясының реципиенттерінде жиірек тіркеледі.

Жағымсыз реакциялардың жиынтық тізімі

Өте жиі

- кандидоздық инфекциялар, ауыз қуысының кандидозын қоса

-жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары

- нейтропения

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- бас ауыруы

- инсомния

- жөтел, ентігу

- диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы

- дерматиттер

- пирексия

- шаршау

Жиі

- сепсис

- тұмау

- несеп шығару жолдарының инфекциялары

- целлюлит

- тромбоцитопения

- лейкопения

- панцитопения

- аса жоғары сезімталдық

- дене салмағының төмендеуі

- депрессия

- сананың шатасуы

- үрейлену

- шеткері нейропатия

- бас айналу

- парестезиялар

- гипоэстезия

- құрысулар

- дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)

- көрудің бұзылуы, торлы қабықтың ажырауы, шыны тәрізді дене деструкциясы, көз алмасының ауыруы, конъюктивиттер

- макулярлық ісіну

- құлақ ішінің ауыруы

- гипотензия

- диспепсия, метеоризм, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іш қату, ауыз қуысындағы ойық жаралар, дисфагия, іштің кебуі, панкреатиттер

- сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылулары, АСТ белсенділігінің жоғарылауы, АЛТ белсенділігінің жоғарылауы

- түнгі тершеңдік, қышыну, бөртпе

- алопеция

- арқаның ауыруы, миалгия, артралгия, бұлшықеттердің түйілуі

- бүйрек функциясының бұзылулары, бүйректің КК төмендеуі, қандағы креатининнің жоғарылауы

- енгізген жердегі реакциялар, ауыру, қалтырау, дімкәстік, астения

Жиі емес

- сүйек кемігінің жеткіліксіздігі

- ажитация, психоздық бұзылыс, қалыптан тыс ойлау, елестеулер

- тремор

- кереңдік

- аритмия

- терінің құрғауы, есекжем

- бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия

- ерлердегі белсіздік

- кеуденің ауыруы

Сирек

- апластикалық анемия, агранулоцитоз*, гранулоцитопения*

- анафилаксиялық реакциялар*

* Бұл жағымсыз реакциялардың жиілігі постмаркетингтік тәжірибеден анықталады; қалған жиілік санаттарының барлығы клиникалық сынақтарда тіркелген жиілікке негізделген.

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Нейтропения

Нейтропенияның даму қаупін емдеу басталғанға дейін нейтрофилдер санының негізінде болжау мүмкін емес. Нейтропения әдетте индукциялық емнің бірінші немесе екінші аптасында және ≤ 200 мг/кг жинақтаушы дозаны енгізгеннен кейін пайда болады. Жасушалар саны әдетте препаратты тоқтатқаннан немесе дозаны төмендеткеннен кейін 2-5 күн ішінде қалпына келеді.

Нейтропенияның ауыр түрі

Нейтропенияның ауыр түрі ағзалар трансплантациясы бар, валганцикловирді немесе пероральді ганцикловирді қабылдаған пациенттерге қарағанда валганцикловирмен, пероральді немесе вена ішіне ганцикловирмен демеуші ем қабылдаған (n = 1704) АИТВ бар пациенттерде жиірек байқалды (14%). Валганцикловирді немесе пероральді ганцикловирді трансплантациядан кейін 100-ші күнге дейін қабылдаған пациенттерде ауыр нейтропения жиілігі сәйкесінше 5% және 3% құрады, ал валганцикловирді трансплантациядан кейін 200-ші күнге дейін қабылдаған пациенттерде ауыр нейтропения жиілігі 10% құрады.

Тромбоцитопения

Тромбоциттердің бастапқы деңгейі төмен пациенттерде (<100 000/мкл) тромбоцитопенияның даму қаупі жоғары болады. Иммуносупрессивті препараттармен емдеуден туындаған ятрогендік иммуносупрессиясы бар пациенттер ЖИТС-пен ауыратын пациенттерге қарағанда тромбоцитопения қаупіне көбірек ұшырайды. Ауыр тромбоцитопения өмірге қауіптілігі зор қан кетумен байланысты болуы мүмкін.

Құрысулар

Имипенем-циластатинді және ганцикловирді қабылдаған пациенттерде құрысулар туралы хабарланған.

Торлы қабықтың ажырауы

Бұл жағымсыз реакция была ЦМВ-ретинитті емдеу үшін ганцикловир қабылдаған АИТВ бар пациенттердегі зерттеулерде ғана тіркелді.

Инъекция орнындағы реакциялар

Инъекция орнындағы реакциялар әдетте ганцикловирді қабылдаған пациенттерде пайда болады. Тіндердің жергілікті тітіркену қаупін азайту үшін, Ганвирді «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөліміндегі ұсынымдарға сәйкес енгізу керек.

Балалар

12 жасқа дейінгі балаларда ганцикловирдің қауіпсіздігінің ресми зерттеулері жүргізілген жоқ, бірақ, ганцикловирдің ізашары валганцикловирді қолдану тәжірибесінің негізінде, белсенді препараттың қауіпсіздігінің жалпы бейіні балаларда және ересек пациенттерде ұқсас.

Нейтропения балаларда жиірек кездеседі, бірақ балалар популяциясында нейтропения мен инфекциялық жағымсыз реакциялардың арасында өзара байланыс жоқ. Жаңа туған нәрестелер мен сәбилердегі цитопенияның жоғарырақ қаупі осы жас топтарында қан көрсеткіштеріне мұқият мониторингті қажет етеді.

АИТВ/ЖИТС немесе симптоматикалық туа біткен ЦМВ-инфекциясы бар, валганцикловир немесе ганцикловир қабылдаған жаңа туған нәрестелер мен сәбилер туралы шектеулі деректер ғана бар, алайда, қауіпсіздік бейіні валганцикловирдің/ганцикловирдің белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес келетін сияқты.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

Шығарылу түрі

Препарат I типті шыныдан жасалған, бромбутил резеңке тығынмен тығындалған, алюминий қалпақшамен қаусырылған және «flip-off» типті полипропиленді қалпақшамен жапсырылған мөлдір түссіз құтыға салынады

Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

25 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жеке картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГанвир бөтелкесі 500 мг дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube