daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Гидазепам VIC Сублингвальды Таблеткалар 20 Мг №20 | Тоо Вива Фарм

Уральске қаласындағы Гидазепам VIC Сублингвальды Таблеткалар 20 Мг №20 | Тоо Вива Фарм
Сипаттама:

Ақ немесе крем реңді түсті, бір жағында ойығы, сызығы бар және екінші жағында логотипі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Өндіруші:

Тоо Вива Фарм

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: повидон, картоп крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты, маннитол (Е421), калий ацесульфамы, натрий цитраты, кросповидон, тальк, қауын хош иістендіргіші. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе крем реңді түсті, бір жағында ойығы, сызығы бар және екінші жағында логотипі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Дәрілік түрі:

Тіл астына салатын таблеткалар, 20 мг және 50 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Күндізгі транквилизатор ретінде:

невроздық, психопатиялық астенияда

үреймен, қорқынышпен қатар жүретін жағдайларда (соның ішінде хирургиялық араласулар және ауыртатын диагностикалық зерттеулердің алдында)

қатты ашушаңдықта

ұйқының бұзылуында

эмоциялық құбылмалылықта

сондай-ақ алкоголизм кезінде абстиненциялық синдромды басу үшін және созылмалы алкоголизмнің ремиссиясы кезінде, логоневроз, бас сақинасы кезінде қолданылады

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

айқындылығы ауыр миастения

бауыр функциясының бұзылуы (цирроз, Боткин ауруы)

бүйрек функциясының бұзылуы

тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

18 жасқа дейінгі балалар

жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Гидазепам VIC препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрі басқа психотропты, ұйықтататын және құрысуға қарсы препараттармен үйлесімді. Гидазепам фенаминнің, 5-окситриптофанның әсерін потенциалдайды, алкогольдің, ұйықтататын препараттардың, нейролептиктердің, есірткілік анальгетиктердің әсерін күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Ашық бұрышты глаукомасы, созылмалы бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың алкогольдік зақымдануы бар адамдарға гидазепамды қабылдауды шектеу керек.

Бензодиазепиндерді апиындармен және ОЖЖ функциясын бәсеңдететін басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда, тыныстың қатты тарылуын және өлімді қоса, күрделі жағымсыз реакциялардың даму қаупіне байланысты, аса сақтық таныту керек. Пациенттер, егер тыныс алудың қиындау симптомдары туындаса, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек.

Бензодиазепиндерді тағайындағанға дейін әрбір пациентте маман шамадан тыс пайдалану, дұрыс қолданбау және тәуелділік қаупіне баға беруі қажет.

Бензодиазепиндерді апиынға тәуелділіктің дәрілік препараттарымен біріктіріп пайдаланғанда сақтық шараларын сақтау қажет. Мұқият таңдап алынған дәрілік ем күрделі жағымсыз реакциялардың даму қаупінің жоғарылауын төмендетуі мүмкін.

Пациенттерге бензодиазепиндерді қолданған кезде шамадан тыс пайдаланудың, дұрыс қолданбаудың, аддикциялардың, физикалық тәуелділіктің, тоқтату реакцияларының қаупі туралы, олардың дамуының белгілері мен симптомдары туралы, сондай-ақ бензодиазепиндерді алкогольмен немесе апиындарды қоса басқа да заттармен бірге қолданғанда күрделі қауіптері туралы алдын ала ескерту керек.

Препаратты қолдануды біртіндеп тоқтатуды және дозасын төмендетуді пайдалану керек. Бензодиазепиндердің дозасын біртіндеп төмендетудің барлық пациенттер үшін қолайлы стандартты сызбасы жоқ. Препараттың дозасын, әрбір пациент үшін жекелей жоспарды пайдалана отырып, біртіндеп төмендету керек.

Бензодиазепиндердің көбісін бірнеше апта немесе ай бойы қолдану ұсынылады. Алайда дозасы, жиілігі, шығарылу түрі, емдеу ұзақтығы пациенттің жағдайына және тағайындалған дәрілік препаратқа байланысты.

Егер бензодиазепиндер қысқа мерзімдік қолдану (мысалы, 1 - 2 доза) үшін көрсетілген болса, оларды өте ұзақ кезең бойы тағайындау мақсатқа сай келмейді, өйткені күрт тоқтату немесе дозаны тезірек төмендету өмір үшін қауіпті болуы мүмкін тоқтату реакциясын өршітуі мүмкін.

Егер пациентте тоқтату симптомдары дамыса, біршама уақытқа дозаны төмендетуді немесе бензодиазепиннің дозасын мұның алдындағы дозаға дейін арттыруды тоқтата тұру қажет етілуі мүмкін. Пациенттің жағдайы тұрақтанғаннан кейін дозаны біртіндеп көбірек төмендетуге көшу керек.

Бензодиазепин препараттарын қабылдап жүрген пациенттерді жиі бақылау өте маңызды болып табылады. Пациенттерді ұдайы тексеру, олардың жағдайын бақылау, тоқтату симптомдарын анықтау қажет.

Өмір үшін ауыр немесе қауіпті реакциялар:

кататония

құрысулар

алкогольді делирий

депрессия

елестеулер

өлтіру туралы ойлар

мания

психоз

суицидтік ойлар және мінез-құлық.

Тоқтату синдромының созылуы бензодиазепиндерді тоқтатуды бастағаннан кейін 4-6 аптадан астамға сақталады. Симптомдары бірнеше аптадан 12 аптаға дейін созылуы мүмкін және мыналарды қамтиды:

үрей тудыратын бұзылыстар

когнитивтік бұзылулар

депрессия

ұйқысыздық

формикация (тұла бойдың шымырлауын сезіну)

қимыл-қозғалыс симптомдары (әлсіздік, тремор, бұлшықеттің құрысуы)

парестезия

құлақтың шуылдауы.

Пациенттің жағдайына сәйкес емдеудің барлық ықтимал нұсқаларын, сондай-ақ күйзелісті, үрейленуді, ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін дәрі-дәрмектік емес баламалы емдеу әдісін қарастыру қажет.

Бензодиазепиндерді шамадан тыс пайдалану – бұл препарат эйфория немесе дәрілік препараттың бекітілген жалпы сипаттамасына сәйкес емес басқа қалаған әсер алу мақсатында қолданылған кезде әдейі, тиісінше қолданбау.

Препарат дәрілік препараттың жалпы сипаттамасында жазылған нұсқауларға сәйкес қабылданбаған кезде (мысалы, ұсынылған дозасы, ұзақтығының арттырылуы немесе препараттың басқа пациентке тағайындалуы) дұрыс қолданылмау орын алады.

Физикалық тәуелділік – бұл дәрілік препараттың көп реттік әсеріне организмнің физиологиялық бейімделуі, ол препаратты қабылдауды күрт тоқтатқанда немесе дозаны едәуір төмендеткенде тоқтату реакциясының дамуына әкеледі. Тәуелділік тоқтату симптомдарының дамуына жол бермеу үшін кейбір пациенттің препаратты қолдануды жалғастыруына түрткі болады.

Лактоза

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге тағайындамаған жөн.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде пайдалануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Гидазепаммен емдеу кезеңінде жоғары зейінділікті және реакция жылдамдығын талап ететін қызметтен аулақ болған жөн.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тәулігіне 3 рет 20-50 мг, қажет болса емдік әсерге қол жеткізгенге дейін тәулігіне 50-ден 200 мг дейінгі дозаны біртіндеп арттыра отырып қабылдау керек.

Тәулігіне 100 мг курстық дозасы оңтайлы болып табылады.

Ең жоғарғы тәуліктік дозаны пайдалану (150-200 мг) күндізгі ұйқышылдықтың артуымен, бұлшықет әлсіздігі сезімімен бірге жүруі мүмкін.

Күндізгі транквилизатор ретінде Гидазепам VIC тәулігіне 60-120 мг дозада астениялық, депрессиялық, фобиялық және ипохондриялық бұзылыстары бар жағдайларды емдеу үшін ұсынылады.

Невроздық, неврозға ұқсас, психоздық, психоз тәрізді жағдайларды емдеу кезінде препараттың орташа тәуліктік дозасы 60-200 мг; бас сақинасында – 40-60 мг құрайды.

Алкогольдік абстиненцияны басу үшін бастапқы доза 50 мг, орташа тәуліктік доза – 150 мг құрайды. Мұндай жағдайлардағы ең жоғарғы тәулікті доза 500 мг құрайды.

Енгізу жолы және әдісі

Препаратты тіл астына қолданады.

Ем ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы – бірнеше күннен бастап 1-4 айға дейін және пациенттің жағдайы мен аурудың ағымына байланысты дәрігер жеке белгілейді.

Препаратты амбулаториялық тәжірибеде пайдалануға болады.

Артық дозалану кезінде қажетті қолдану шаралары

Симптомдары: бензодиазепин қатарының басқа транквилизаторларына тән жағымсыз әсерлердің – ұйқышылдық, сылбырлық, бас айналуы, жүрек айнуы, жеңіл атаксия, аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда препараттың дозасын төмендету немесе оны қабылдауды тоқтату керек.

Емі: симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша медициналық қызметкерден кеңес алуға ұсыныстар

Бұл препаратты қолдану бойынша сұрақтар бар болса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 (50 мг доза үшін) немесе 2 (20 мг доза үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГидазепам VIC сублингвальды таблеткалар 20 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube