daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Гликлазид Таблеткалары 80 Мг №60 | Абди Ибрахим Глобал Фарм

Сипаттама:

Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, ойықтары және бір жағында крест тәрізді сызығы бар, ақ түсті таблеткалар

Халықаралық атауы:

Гликлазид

Өндіруші:

Абди Ибрахим Глобал Фарм

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар - лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, натрий крахмалы гликоляты, гидроксипропилцеллюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.

Белсенді заттың дозасы:

80 мг

Қаптамадағы саны:

60 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ересектердегі 2-типті қант диабетінде, диета сақтау, дене жүктемесі және салмақ тастау қандағы глюкоза деңгейін талапқа сай бақылау үшін жеткіліксіз болған кезде

Қарсы көрсеткіштер

гликлазидке немесе препараттың қосымша компоненттерінің біріне, сондай-ақ сульфонилмочевина тобының басқа препараттарына немесе сульфонамидтерге белгілі жоғары сезімталдық

1 типтегі қант диабеті

диабеттік кетоацидоз, прекоматозды жағдай және диабеттік кома

бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

миконазолмен қатарлас емдеу

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Гипогликемия. Ем тек кепілді тұрақты тамақтанатын (таңертеңгі асты қоса) пациенттерге ғана тағайындалуы мүмкін. Көмірсуларды ұдайы қабылдаудың маңыздылығы ас ішу кешіккен жағдайда, тағам рационында көмірсулар мөлшері жеткіліксіз болғанда немесе құрамы аз болғанда гипогликемия болу қаупінің жоғарылауымен байланысты. Гипогликемияның болу ықтималдығы төмен калориялы диетада, ұзақ уақыт немесе шамадан тыс дене жүктемесінде, алкогольді қабылдауда немесе бірнеше гипогликемиялық препараттарды біріктіріп қабылдаған жағдайда жоғарылайды.

Гипогликемия сульфонилмочевина препараттарын қабылдаудан кейін басталуы мүмкін. Кейде ол ауыр және созылмалы сипатта болады. Осындай жағдайда науқасты ауруханаға жатқызу және бірнеше күн бойы оған глюкоза енгізу керек.

Гипогликемиялық ұстамалар қаупін төмендету үшін, пациенттерді мұқият анықтау, препарат дозасын дұрыс таңдау және оны қабылдауға қатысты пациенттерге нақты нұсқаулар керек.

Гипогликемияның туындау қаупін жоғарылататын факторлар:

дәрігердің нұсқауларын орындаудан бас тарту немесе (егде жастағы пациенттерде) орындай алмау;

жеткіліксіз тамақтану немесе дұрыс тамақтанбау, мезгілінде тамақтанбау немесе тамақ ішу уақытын өткізіп алу, ашығу немесе диетадағы өзгерістер кезеңі;

дене жүктемелері және көмірсу қабылдау теңгерімсіздігі;

бүйрек функциясының жеткіліксіздігі;

бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі;

Гликлазидпен артық дозалану

эндокриндік бұзылулар: қалқанша без функциясының бұзылуы, гипопитуитаризм және бүйрекүстібез жеткіліксіздігі;

бір мезгілде кейбір басқа дәрілік препараттарды қабылдау.

Бүйрек және бауыр функцияларының жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Гликлазидтің фармакокинетикалық және/немесе фармакодинамикалық параметрлері айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Осындай пациенттерде гипогликемия эпизодтары ұзағырақ болуы мүмкін, бұл оларды емдеудің талапқа сай шараларын қолдануды талап етеді.

Пациенттерді ақпараттандыру. Пациенттерге және олардың отбасы мүшелеріне гипогликемия қаупін түсіндіру, оның симптомдары, емдеу тәсілі және осы асқынудың дамуына бейімдейтін факторлары туралы айту керек.

Пациенттерге диета сақтау, ұдайы дене жаттығуларын жасау және қандағы глюкоза деңгейін мониторингілеуді ұдайы жүргізудің маңызы туралы ақпарат беру керек.

Қандағы глюкоза деңгейін бақылау тиімділігінің жеткіліксіздігі келесі факторларға байланысты болуы мүмкін: дене температурасының жоғарылауы, жарақат, инфекция немесе хирургиялық араласым, құрамында шілтерлі шайқурай шөбінің экстрактісі бар препараттар. Осы жағдайларда инсулинді қосымша енгізу қажет болуы мүмкін.

Көптеген пациенттерде кез келген диабетке қарсы пероральді дәрілердің, оның ішінде Гликлазидтің гипогликемиялық тиімділігі ұзақ уақыттан кейін төмендейді. Бұл аурудың өршуімен немесе препаратқа жауаптың әлсіреуімен өзара байланысты болуы мүмкін. Бұл құбылыс препаратты алғашқы тағайындауда күткен нәтижені бермейтін біріншіліктен ерекше салдарлық дәрілік төзімділік ретінде белгілі. Пациентте дәрілік емнің салдарлық жеткіліксіздігін диагностикалау үшін, алдымен дозаны таңдаудың және науқастың тағайындалған диетаны сақтауының талапқа сай екенін бағалау керек.

Дисгликемия. Фторхинолондармен қатарлас ем қабылдаған қант диабеті бар пациенттерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде гипогликемияны және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза деңгейінің бұзылулары туралы хабарланды. Сондықтан да Гликлазид пен фторхинолондарды бір мезгілде қабылдайтын барлық пациенттерге қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.

Зертханалық талдаулар. Қанда глюкоза деңгейінің бақылану сапасын бағалау үшін гликирленген гемоглобин деңгейін анықтау ұсынылады. Қандағы глюкоза деңгейін өз бетінше бақылау да ақпарат беруі мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттарын глюкоза-6-фосфатадегидрогеназа (G6PD) тапшылығы бар пациенттерге тағайындау гемолиздік анемияға әкелуі мүмкін. Гликлазид сульфонилмочевина препараттары класына жататын болғандықтан, оны G6PD тапшылығы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық шараларын сақтау және басқа кластағы препараттармен емдеудің баламалы мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Порфириямен ауыратын пациенттер

Жедел порфирия жағдайлары порфириямен ауыратын пациенттерде сульфонилмочевинаның кейбір басқа препараттарын қолдану кезінде сипатталған.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі препараттарды қолдану гипогликемияның даму қаупінің жоғарылауына әкеледі

Қолдануға болмайтын біріктірілімдер

Миконазол (жүйелі енгізу, ауыз қуысына қолдануға арналған гель): тіпті команың дамуына дейін гипогликемиялық симптомдардың ықтимал көрінуімен байқалатын гипогликемиялық әсерді арттырады

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Фенилбутазон (жүйелі енгізу): сульфонилмочевина препараттарының гипогликемиялық әсерінің күшеюі (плазма ақуыздарымен байланысты алмастыру және/немесе олардың элиминациясын азайтады). Қабынуға қарсы басқа препаратты қолдану, сондай-ақ пациентті ескерту және симптомдарды өздігінен бақылаудың маңыздылығын баса айту ұсынылады. Қажет болған жағдайда, қабынуға қарсы препаратпен емдеу кезінде және одан кейін тиісті дозасын таңдау керек.

Алкоголь: гипогликемиялық кома симптомдарының дамуына әкелуі мүмкін гипогликемиялық әсердің күшеюі (компенсаторлық реакциялар арқылы). Алкогольмен және құрамында алкоголь бар препараттармен бірге қолданудан аулақ болу керек.

Қолдану кезінде сақтықты талап ететін біріктірілімдер

Кейбір препараттарды қабылдаған кезде қантты төмендететін әсердің потенциялануы дамуы мүмкін және кейбір жағдайларда гипогликемия дамуы мүмкін: диабетке қарсы басқа препараттар (инсулиндер, акарбоза, метформин, тиазолидиндиондар, дипептидил пептидаза-4 тежегіштері, GLP-1 рецепторларының агонистері), бета-блокаторлар, флуконазол, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (каптоприл, эналаприл), Н2-рецепторлардың антагонистері, МАО тежегіштері, сульфонамидтер, кларитромицин және қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.

Келесі препараттармен қолдану қан глюкозасының жоғарылауына әкелуі мүмкін

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Даназол: диабетогендік әсер

Егер бірге қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, пациентті ескерту керек және қандағы және несептегі глюкоза деңгейін бақылаудың маңыздылығын баса айту керек. Қажет болған жағдайда, даназолмен емдеу кезінде және одан кейін диабетке қарсы препараттың дозасын түзету керек.

Хлопромазин (нейролептик): жоғары дозаларда (тәулігіне ˃100 мг хлорпромазин) қабылдаған кезде қан глюкозасының деңгейі жоғарылайды (инсулиннің шығарылуын төмендетеді). Пациентті ескерту керек және глюкоза деңгейін бақылаудың маңыздылығын баса айту керек. Қажет болған жағдайда, нейролептикпен емдеу кезінде және одан кейін диабетке қарсы препараттың дозасын түзету керек.

Глюкокортикостероидтар (жүйелі және жергілікті қолдану: буын ішіне, теріге және тікішекке қолдану) және тетракозактрин: кетоздың ықтимал дамуымен байқалатын глюкозасы деңгейінің жоғарылауы (глюкокортикостероидтардың әсерінен көмірсуларға төзімділіктің төмендеуі). Пациентті ескерту керек және глюкоза деңгейін бақылаудың маңыздылығын баса айту керек. Қажет болған жағдайда, глюкокортикостероидтармен емдеу кезінде және одан кейін диабетке қарсы препараттың дозасын түзету керек.

Ритодрин, салбутамол, тербуталин: (в/і)

β2-агонистердің әсері салдарынан қан глюкозасы деңгейінің жоғарылауы. Пациентті ескерту керек және глюкоза деңгейін бақылаудың маңыздылығын баса айту керек. Қажет болған жағдайда, инсулинге ауысуға болады.

Шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum)

Гликлазидтің экспозициясы шілтерлі шайқурай әсерінен төмендейді. Пациентті ескерту керек және глюкоза деңгейін бақылаудың маңыздылығын баса айту керек.

Келесі препараттарды қолдану дисгликемияның даму қаупінің жоғарылауына әкеледі

Фторхинолондар: Гликлазид препаратын және фторхинолондарды қатар қолданған жағдайда пациентті дисгликемияның даму мүмкіндігі туралы ескерту және қан глюкозасы деңгейін мониторингтеудің маңыздылығын баса айту керек.

Антикоагулянттық ем (мысалы, варфарин): сульфонилмочевина препараттары бірге қолданған кезде антикоагулянттық әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін. Қажет болған жағдайда, антикоагулянттық ем сызбасын өзгертуге болады.

Арнайы сақтандырулар

Балалар

Балалар мен жасөспірімдерде гликлазид препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)

Препарат 65 жастан кіші пациенттердегідей дозада тағайындалады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерге препарат әдеттегі дозаларда тағайындалады.

Гипогликемияның даму қаупі жоғары пациенттерге:

- жеткіліксіз немесе дұрыс тамақтанбау кезінде,

ауыр немесе аздап компенсацияланған эндокриндік бұзылыстарда (гипопитуитаризм, гипотиреоз, адренокортикотроптық гормон жеткіліксіздігі),

- ұзақ және/немесе жоғары дозалы кортикостероидты емнен кейін,

- ауыр жүрек-қантамырлық ауруларда (коронарлық артериялардың ауыр аурулары, каротидті аймақтың патологиялары, диффузиялы васкулярлық аурулар)

Емді ең төменгі тәуліктік 40-80 мг дозадан бастау ұсынылады.

Қосымша заттар туралы ақпарат

Галактозаның сирек тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге Гликлазид препаратын қабылдауға болмайды.

Натрий

Гликлазид препаратының құрамында үлбірлі қабықпен қапталған бір таблеткасында 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде натрийсіз.

Жүктілік және лактация кезеңі

1 типтегі немесе 2 типтегі қант диабеті екендігіне байланыссыз  (жүктілікпен байланысты немесе байланыссыз), тек инсулинмен емдеу ғана жүргізілуі керек. Барлық жағдайларда пероральді гипогликемиялық препараттарды  қабылдауды инсулинді енгізумен алмастыру ұсынылады – жоспарланған жүктілік жағдайында да, жүктілік препаратты қабылдау кезінде анықталған жағдайда да. Соңғы жағдайда жүктілікті үзуге белгілі бір негіздер болмағандықтан, емді сақтықпен жүргізу және әсіресе ерекше сақтықпен перинатальдық бақылау қажет болады. Сондай-ақ қандағы глюкоза мөлшеріне неонатальдық мониторинг жүргізу  ұсынылады.

Гликлазидтің емшек сүтіне өтетіні туралы  деректер жоқ, бірақ, неонатальдық гипогликемияның пайда болу мүмкіндігін ескеріп, гликлазидті қолдану кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Гликлазид көлік құралдарын жүргізу қабілетіне әсер етпейді. Әйтсе де, пациентке, әсіресе Гликлазид препаратымен емнің басында гипогликемия эпизодтары салдарынан, болуы мүмкін есі ауыулар туралы ескертілуі және  көлік құралдарын басқарғанда сақтық шараларын сақтау керек.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Препараттың жалпы тәуліктік дозасы 40-320 мг құрайды (гликемия деңгейіне байланысты). Дозаны пациенттің емдеуге жеке реакциясына байланысты, 40-80 мг-ден (1/2 – 1 таблеткадан) бастап түзету керек, және гликемияны талапқа сай бақылауға жеткенге дейін бірте-бірте арттыруға болады.

Бір реттік дозасы 160 мг-ден (2 таблеткадан) аспауы тиіс.

Жоғарырақ дозаларын тағайындаған кезде таблеткаларды негізгі тамақ ішу уақыттарына сәйкес күніне екі рет қабылдау керек.

Семіздігі бар пациенттерде немесе Гликлазидке талапқа сай жауап болмағанда қосымша ем қажет болуы мүмкін.

Енгізу әдісі мен жолдары

Ішке, тамақ ішу кезінде.

Басқа диабетке қарсы пероральді  препараттан Гликлазидке ауысу

Гликлазидті басқа диабетке қарсы пероральді дәрілерді ауыстыру үшін қолдануға болады. Ауыстырған кезде бұрын қабылданған диабетке қарсы дәрілердің дозасы мен жартылай шығарылу кезеңін  ескеру керек. Әдетте ауыстыру үшін уақыт кезеңі қажет етілмейді. Қабылдауды 40-80 мг (½ таблеткадан 1  таблеткаға дейін) дозасынан бастау керек, ал содан кейін, пациенттің қанындағы глюкоза деңгейінің өзгеруіне байланысты,  дозаны жоғарыда сипатталғандай түзету керек. Егер науқас осыған дейін ұзақ жартылай шығарылу кезеңімен сульфонилмочевина туындыларымен ем қабылдаса, гипогликемияның дамуына әкелуі мүмкін екі препараттың әсерінің күшеюінен сақ болу үшін емді бірнеше күнге тоқтату қажет болуы мүмкін.

Басқа гипогликемиялық дәрілермен біріктіріп емдеу

Гликлазид бигуанидиндермен, α-глюкозидаза тежегіштерімен немесе инсулинмен біріктіріп қолданылуы мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейі Гликлазид қабылдаумен жеткіліксіз бақыланатын пациенттерге медициналық бақылаумен  инсулинмен ем тағайындалуы мүмкін.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: ауырлығы орташадан ауыр дәрежеге дейінгі гипогликемия.

Емі: естен танусыз немесе неврологиялық бұзылыс белгілерінсіз ауырлығы орташа гипогликемия симптомдарын көмірсулар қабылдаумен, дозаны түзетумен және/немесе тамақтануды өзгертумен қайтарады. Комамен, құрысулармен және басқа да неврологиялық бұзылыстармен қатар жүретін гипогликемияның ауыр эпизодтары шұғыл көмекті және жедел ауруханаға жатқызуды талап етеді. Гипогликемиялық комаға ұшырағанда немесе соған күдік туындағанда дереу глюкагон және 50 мл концентрацияланған глюкоза ерітіндісін (20-30% вена ішіне) енгізу керек, сосын глюкоза ерітіндісінің 10% инфузиясын қандағы глюкоза концентрациясын 1 г/л артық деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз ететін жылдамдықпен енгізу керек. Гемодиализ тиімсіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан немесе қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 °С -ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГликлазид таблеткалары 80 мг №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube